Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
Өкпеқап:
Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық , өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.
------Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп , өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.
--------Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан , , тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып , өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген
Өкпеқап қуысы:
Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады.. Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып , еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп , өкпенің ұшымен беттесіп , өкпеқап күмбезін КАПУЛЯПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай : Қабырғалық ПЛЕУРАКОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРАМЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.
Өкпеқаптың шекарасы.
Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда , оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы , артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.
---- Екі өкпеқаптың жиегі , қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп , өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.
----- Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей , өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИОСТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.
------Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі , төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан , алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді . Одан әрі , төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУСХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп , оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады
Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты , төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.
------Оң өкпеқаптың төменгі жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп , емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны , ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп , одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
------Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда , жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып , оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:
------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУСКОСТАДИАФРАГМАТИКУС
Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС , ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.
Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.
Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен , артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар , кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі , кеуде түтігінің сәйкес бөлігі , оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.
Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы , ортаңғы, артқы.:
--------Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары , төс мңындағы , алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.
-------Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап , басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.
-------Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген . Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың , ішкі мүшелік нервтердің , кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері , артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.
Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.
------Алдыңы кк-қажүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ , жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус , көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік , көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.
-----Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС , сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк , алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.