Кпе ісінуі. Себептері емдеу жолдары
Өкпеде газдардың алмасуы қатты бұзылыстарына әкелетін өкпе ұяшықтарында және тінаралық кеңістіктерде тез арада сұйықтықтың жиналып қалуын өкпе ісінуі дейді. Даму жолына қарай өкпе ісінуі келесідей болып жіктеледі: Гидростатикалық Мембраналық – деп екіге ажыратады Гидростатикалық өкпе ісінуі өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуімен сипатталатын ауру кезінде байқалады.Өкпе қылтамырларының ішінде гидростатикалық қысым с.б.б. 7-10 мм-ге дейін көтерілгенде қан сұйығының тамыр сыртына сүзілуі оның лимфалық тамырлармен ағып кетуінен артып кетеді.
Өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуі мына себептерден пайда болады:
сол жақ жүрекшенің қызметінің жеткіліксіздігі,митралды қақпақша тесігінің тарылуы, жүрек аритмиялары кездерінде;
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т.б.кездерінде айналымдағы қан көлемі тым артып кеткуінен;
өкпе көктамырлары тарылып қалғанда; өкпе эмболиясы кезінде;
бронхиалық демікпе т.б. себептерден тыныс алу жолдары бітелгенде;
пневмоторакс, өкпе өспесі кездерінде өкпе лимфалық тамырлардың тарылуынан.
Мембраналық өкпе ісінуі өкпе қылтамырлары қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуден дамиды. Ол мына синдромдар:
жіті (жедел) тыныстық дисстрес-синдромы;
аспирациялық синдром (тыныс алу жолдарына тағам, су түсуінен); ингаляциялық синдром(уытты газдармен, сынап парларымен, түтінмен т.б.б. демалғанда);
уыттылық синдром (бактериялық эндотоксиндер,бүйрек қызметі жеткіліксіздігі (т.с.с.)- кездерінде байқалады.
Пайда болу сесебіне қарамай өкпе ісінуі жасушалардың ішінде, тіндерде және өкпе ұяшықтарында сұйық жиналуымен көрінеді. Оның даму жолдарында өкпе қылтамырларында гидростатикалық қысымның көтерілуі, қан нәруыздарына, әсіресе албуминге, май тамырлар қабырғаларының өткізгіштігі артуы және өкпе тінінде лимфа айналымның бұзылуы маңызды орын алады. Бұл бұзылыстар көптеген биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер мен лейкотриендер, тронбин т.б.) және марофагтар мен тромбоциттердің өкпе тамырларына әсерлерінен дамиды. Тамыр сыртына шыққан әлбуминдер тінаралық кеністіктерге жиналып өкпе ісінуі дамиды. Өкпе тамырларында қан өтуінің кезкелген бұзылыстары тамыр ішінде қан түйіршіктерінің (лейкоциттердің, тромбоциттердің) әсерленуіне әкеліп, тромбоксан А2, жүйкелік медиаторлар, простогландиндер т.б. Тамыр қабырғаларының өткізгіштігін арттыратын заттардың бөлініп шығарылуын арттырады. Өкпе ұяшықтары сұйыққа толып қалуынан ұяшықтардың желдетілуі бұзылады, ауыр гипоксемия және гиперкапния дамиды.
Кіші шеңбердегі іркілістерге байланысты:
Қан қақыру;
Жүрек астмасы;
Өкпе ісінуі;
Іркілістік пневмония, бронхит;
Өкпе артериясының аневризмасы;
Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері:
Ентікпе,жүректік асманың, өкпе ісінуінің ұстамалары,өкпедегі сырылдар мен крепитация,қуқылдану.
Қан-қақыру, өкпеден қан кету.
Өкпе артериясы діңгегінің кеңуінен сол жақ II қабырға аралық пульсация.
Өкпе артериясындағы II тонның акценті, Грехем-стилдің протодиастолалық шуы. Өкпе артериясының аневризмасы.
Іркілістік бронхит пен пневмония.
Емдеу принциптері: Негізгі ауруды-ревматизмді және симптомдық ем; Митральді комиссуротомия.
Іштегі ауырсыну сезімі - асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерін қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшыраганда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтілігі, сипаты, орны, таралуының бар-жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойынша бағаланылады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек(миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді.Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.
Қыжылдау – төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу
Кекіру- асқазанның тегіс салалы бұлшықеттерінің периодты жиырылуына жэне аяқ астынан ауыз қуысына ауа немесе кейде асқазанның қышқыл заттарының аз мөлшерде түсуіне негізделген.
Асқазанны эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде
асқазанның газдың түзілуі жоғарлауынан кекіру пайда болады.
Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін
Іш қату - нәжістің кідіріп калуы.
Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.
Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін