Жаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
4) _______________________________;
5) _______________________________;
6) ....
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(Орталық қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә.
Телефон
Алдым: /көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы
20__ жылғы «__» _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 11-қосымша
Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қөрсетілітін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін алу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күн;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
8. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспенсағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылу сыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге өтінім;
2) 3 данада медициналық-биологиялық тәжірибе материалдары және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер;
3) клиникалық зерттеулер хаттамалары (3 дана);
4) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның оң нәтижесі (3 дана).
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бұл тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаудың күні мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгендігі туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым жазбаша түрде пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылықолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (шағымның қаралу барысы, сондай-ақ жауап алу мерзімі мен орны туралы ақпарат алу үшін лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып) көрсетілген талонды бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуіне құқығы бар.