Кеуде қуысында пайда болатын қосымша тыныс шулары.

Қосымша тыныс шулары:

1. сырыл

2. сықыр немесе шытыр (крепитация - crepitatio-треск, скрип)

3. плевра үйкелісінің шуы

СЫРЫЛ.(RONСНІ)

Сырыл бронхыларда, бронхылардың саңылауы қабыну процесінен ісініп немесе түйілуінен немесе саңылауларына жиналған қоймалжың қақырықтың,жалқаяқтың салдарынан бронхылар саңылауы тарылып, тыныс алған кезде саңылауы тарылған бронхтар арқылы өтетін ауаның тербелісінен пайда болады.

Сырылдардың екі түрі бар: қүрғақ жэне ылғалды.

Құрғақ сырылдар.

Құрғақ сырылдардың пайда болу себептері:

1.кеңірдек пен бронхылардың кілегей қабығының қабынып, ісінуі мысалы: бронхитте.

2.бронх іргелерінің бұлшық еті жиырылып және олардың қоймалжың қақырықтан тарылуы (астма - демікпе ауруында).

3.қоймалжың қақырық бронх іргелеріне жабысып олардың саңлауын тарылтуы.

4. бронхыларды өкпедегі немесе кеуде куысы ортасындағы ісік
қысып, тарылтуы.

5. созылмалы кабыну процесінен бронх іргелерін дәнекер ұлпа
жайлап саңылауын тарылтуы; олардың төңірегіндегі өкпе ұлпасына
дәнекер ұлпаның өсуі

(пневмосклероз) немесе аталған процесс салдарынан керісінше бронхылардың қалталана кеңеюі (бронхоэктаздар) Сырылдар күшіне, жоғары- төмендігі мен реңіне (тембрі) қарай әр түрлі. Сырылдың күші бронхылардың зақымдалған көлеміне, олардың жайғасқан тереңдігіне және тыныс алу сипатына байланысты. Ұсақ бронхылар тарылса сырылдың жоғары, ысқырық (ronchi sibilantes ) түрі, ірі бронхылар тарылса сырылдың төмен, гүрілдеген немесе ызыңды (ronchi sonori) түрі естіледі.

Құрғақ сырылдардың бронхит ауруынын, диагностикасында маңызы үлкен. Бронхылар зақымдалса немесе демікпе кезінде бронхылар тарылғанда (бронхоспазм) құрғақ сырылдар кеуденің шалғай түкпірлерінен де естілуі мүмкін. Кеуденің белгілі бір аймағынан әсіресе өкпенің жоғарғы бөліктерінен естілетін құрғақ сырыл, туберкулез ауруының белгісі болуы мүмкін екеңдігін ескерген жөн.

Ылғалды сырылдар.

Ылғалды сырыл бронхыларға, кеңірдекке, өкпедегі куыстарға жиналған сұйықтық арқылы ауа өткен кезде түзілген көлемі әр түрлі көпіршіктердің, броихылардың бос саңылауына шығып, ерекшетырсыл шығарып жарылуынан пайда болады. Жіңішке түтік арқылы ыдыстағы суға үрлегенде тап осындай дыбыс естіледі. Ерекше тырсыл шығарып жарылған көпіршіктердің көлемі мен қалыптасқан бронхылардың көлеміне қарай ылғалды сырылдар ұсақ, орташа және ірі көпіршікті түрлерге жіктеледі. Ірі көпіршікті ылғалды сырылдар ірі бронхыларда немесе кеңірдекте қалыптасады мысалы: бронхитте; гүрілдеген, сырылдаған сырылдар (клокочущие хрипы) жағдайы өте ауыр жүрек демікпесі ұстамасымен, өкпе ісінуі басталған науқастарда алыстан естіледі.

Орта калибрлі ылғалды сырылдар орта калибрлі бронхыларда қалыптасады мысалы: бронхиттерде.

Ұсақ көпіршікті ылғалды сырыдар ұсақ бронхыларда,

бронхиолаларда қалыптасады.

Ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдардың шектелген аймақта естілуі
қабыну процесінің бронхиолдардан алвеолаға өтіп, бронхопневмонияның дамығандығын білдіреді.

Ылғалды сырылдар дыбыстың күшіне қарай, олардың әрқайсысы ашық және ақырын дыбысты болады. Бронхиттерде естілетін ылғалды сырыл ақырын, себебі бронх төңірегіндегі ұлпа қабынбаған ауалы ұлпа.

Ашық дыбысты ылғалды сыры бронхының төңірегіндегі өкпе
ұлпасы қабынып, қатайғанда, (мысалы; крупозды пневмонияның 2-3
сатысы) немесе өкпеде қуыстың пайда болуына әкелетін

патологияларда естіледі.

Сырылға тән ерекшеліктер:

1.Сырыл дем алып, дем шығарғанда да, кеуде қуысының көптеген аймақтарынан басқа шуларға қосарланып естіледі.

2.Науқас аузын жапқызып, кеңсерігін қысқызып барып, кеуде іш көкетін ғана қимылдатқызып дем алғызса, сырыл жойылады.

3.Сырылдың естілуі тұрақсыз, құбылмалы болады, егер науқас демді қатты алса немесе жөтелсе жойылуы мүмкін.

С Ы Қ Ы Р немесе Ш Ы Т Ы Р (крепитация -crepitatio-треск,скрип.)Сықыр альвеолаларда қалыптасады. Сықырдың пайда болуының негізгі шарты - альвеолаларда шамалы ғана сұйықтықтың болуы. Осы жағдайда ғана дем шығарған кезде, бір бірімен жабысып қалған альвеолалардың іргелері дем алу ұшандаған кезде қайтадан жазылып, сықырлайды яғни крепитация деп аталатын дыбыс пайда болады.

Сықырға тән ерекшеліктер:

1 . Крепитация өкпе ұлпасында ғана пайда болатын құбылыс.

2. Крепитация тыныс алудың (вдох) соңғы фазасында естіледі.

3. Сықыр жөтелгенде өзгермейді, әрі кеуденің сықыр естілген
жерлерінде өкпенің дыбыс дірілін өткізгіштігі бәсендеп, дыбыс
тұйықтау естіледі.

Өкпе, жүрек ауруларының салдарынан өкпеде қан іркілсе сықыр кеуденің екі жақтағы бірдей бөліктерінен естіледі, ал өкпе қабынғанда әсіресе крупозды пневмонияның 1-3 сатыларында, өкпе туберкулезі мен өкпе инфарктынде, компрессия ателектазында сықыр өкпенің белгілі бір аймақтарында ғана естіледі.

Наши рекомендации