Бронх демікпесінің ұстамасы

Бронх демікпесінің ұстамасының негізінде жатады: бронхтың біріңғай салалы бұлшық еттерінің спазмы, олардың шырышты қабаттарының ісінуі және сілекейдің бөлінуінің жоғарлауы.

Белгілері:

Ø кенеттен басталу

Ø тыныстың күрт қиындауы, көбінесе тыныс шығару

Ø қашықтықтан ысқырықты сырылдар естіледі

Ø ұстаманың соңында «шыны тәрізді» аз мөлшердегі жабысқақ қақырық. Қақырықты Шарко Лейден және Куршман спиралдарының анықталуы.

Ø Тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы (иық белдеуінің, іштің)

Ø Аускультация кезінде өкпенің барлық бөліктерінен құрғақ ысқырықты, ызыңды сырылдар естіледі.

Егер науқас аллергиялық реакциялар немесе өкпенің ауруларымен ауыратын болса, тұншығудың ұстамалары туралы ойлауға болады.

Шұғыл ем:

Ø β-2-адренорецепторларының стимуляторларының 1-2 мөлшерінде ингаляция (Беротек, Новодрин, Астмопент, Сальбутамол, және т.б.)

Ø немесе келесі препараттардың бірін қабылдаймыз: Теофедрин немесе Антастман (1/2-1 таблетка, алдын ала ұсату), немесе Солутан (60 тамшы), немесе Изадрин (Алупент) (1 таблетка тіл астына), немесе Эуфиллинмен бірге Эфидрин (1 таблеткадан ішке)

Ø немесе Адреналин т/а (0,3 мл 0,1%науқастың 60 кг салмағына, 0,4 мл 60-80 кг салмақта, 0,5 мл 80 кг артық салмақта). Нәтижесі жеткіліксіз болған кезде және басқа препараттар болмаған жағдайларда 15-20 минуттан кейін адреналинді қайтадан енгізуге болады, 3 реттен артық емес.

Ø Немесе Эфедриннің 0,5 мл 5% ертіндсін т/а.

Ø Немесе Алупенттің 0,5-1мл 0,05% ертіндісін (жүрек аурулары мен артериялды гипертензия кезінде қолдануға болмайды).

Нәтижесі болмаған кезде 15-30 мин. кейін енгізу керек:

Ø Эуфиллиннің 2,4% ертіндісінің 5-10 мл к/т баяу 10-20 мл изотоникалық ертіндісімен, (3 мг/кг – 1 мл 24 мг), содан кейін 5 мл-ді 300 мл изотониялық ертіндімен к/т тамшылатып минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгіземіз. Максималды тәуліктік доза Эуфиллин 60-80 мл 2,4% ертіндісін құрайды.

Ø Немесе Баралгин 5 мл к/т баяу (АҚ бақылауымен)

Ø Кеуде клеткасының вибрациялық массажы, оттегімен ингаляция

Нәтижесінің болмауы демікпелік статустың дамығанын көрсетеді және стационарлық жағдайда емді қажет етеді.

Демікпелік статус

Демікпелік статус – бұл Эуфиллин және симпатомиметикалық емге резистентті бронх демікпесі бар науқастардағы тыныс жетіспеушілігінің синдромы.

Белгілері:

I кезеңі (салыстырмалы компенсация):

Ø Экспираторлы тұншығу ұстамасының ұзақ уақыт қайтпауы

Ø Ұстама тәрізді аз мөлшердегі жөтел

Ø Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен тыныстың жиілеуі (минутына 40 рет)

Ø цианоз, терлеу

Ø перкуссия кезінде өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультация кезінде құрғақ «әуенді» сырылдар, кей жерлерде тыныс естілмеуі мүмкін

Ø тахикардия минутына 110-120 рет

Ø ЭКГ-оң жақ әкетулерінде күш түсу белгілері

II кезең (декомпенсация, «мылқау өкпе»):

Ø Айқын көрінетін ентігу

Ø Терісі бозғылт-сұр ылғалды

Ø Аускультация кезінде бір өкпеден немесе екі өкпенің үлкен аймақтарында тыныс естілмейді («мылқау өкпе»)

Ø тахикардия 140-150 соққы минутына, аритмия, АҚ төмендеуі

Ø ЭКГ- Т тісшесінің амплитудасының төмендеуі, жүректің оң жақ бөліктеріне күш түсу белгілері (ІІ, ІІІ, a VF әкетулерінде жоғары Р тісшесі, V5-6 әкетулерінде терең S тісшесі).

III кезең (гиперкапниялық кома):

Ø Науқастың есі жоқ. Етен тану дезориентацияға, сандырақтауға, тежегіштікке әкеледі.

Ø Айқын цианоз, суық тер

Ø Тынысы беткейлік, аритмиялық

Ø Аускультативті өкпенің үстінен тыныс шулары естілмейді

Ø Жіп тәрізді, аритмиялық пульс, АҚ күрт төмендеген

Шұғыл көмек:

I кеөең:

Ø Преднизолон 60-90 мг (2-3 мл), немесе Дексаметазон 8-16 мг (2-4 мл) к/т ағыммен, немесе Гидрокортизон 125-250 мг (1-2 флакона) к/т жи3 тамшылармен 100 мл изотоникалық ертіндімен

Ø Бір уақытта к/т жиі тамшылармен 5% - 800-1200 мл Глюкоза ертіндісін, 800-1200 мл Натрий хлорының изотоникалық ертіндісін, ертіндіге қосымша 60-90 мг Преднизолон немесе Гидрокортизон 250 мг. Инфузионды емнің көлемі бірінші тәулкте 3-3,5л, келесі тәуліктерде статусы сақталынатын болса, 2,5-3л. Әр 500 мл ертіндісіне 2 500 бірлік Гепарин қосылады. ЦВД кезінде 150 мм. су. бағ. 20-40 мг Лазиксті енгіземіз.

Ø Эуфиллин 2,4% - 10-15 мл ертіндісін к/т баяулатады ( 10-15 мин), содан кейін к/т тамшылатып 2,5-3 мл/сағ науқастың жағдайы жақсарғанға дейін. Ол үшін 10 мл эуфиллинді 500 мл изотоникалық ертіндіге қосып, минутына 40 тамшы жылдамдықпененгізу керек.

Ø 1,5-2 л сұйықтықты енгізгеннен кейін жеке системамен 4% р-ра 150-200 мл Натрий бикарбанатының инфузиясын жасау керек(рН - 7,2 аз болу керек)

Ø тәулігіне 10% р-ра 10-30 мл Натрий йодитын к/т енгізу, ішке 1 ас қасықтан әр 2 сағат сайын 3% -тік ертіндісін. Лосольван 2-3 ампуладан 2-3 рет тәулігіне, ішке 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет.

Ø Ішке 1л ыстық Боржома, кеуде клеткасының вибрациялық массажы, паракислородтты ингаляция.

Ø Қозу кезінде – к/т 2 мл Реланиум

Ø Димедрол (Пипольфен, супрастин) 2 мл к/т

Ø Қабыну кезінде – оларды көтере алу мүмкіндіктеріне байланысты антибиотиктер.

Қажет болған жағдайларда глюкокортикоидтармен инфузияны әр 3 сағат сайын қайталау керек, глюкокортикоидтардың әр түрлерімен алмастыра отырып. Фторотанды наркоз;

Ø Оттегілік – ауалық қоспамен ылғалдандырылған ингаляция(құрамында 35-40% оттегі бар) мұрын катеторы немесе гелио-қышқылдық қоспамен (75% Гелий және 25% Оттегі) 40-60 мин 2-3 рет тәулігіне

II кезеңі:

Ø Осы шаралар, глюкокортикоидтың мөлшері жоғарлайды. Сонымен қатар, біруақытта әртүрлі глюкокортикоидтарды енгізуге болады.

Ø Егер әр 1,5-2 сағат ішінде «мылқау өкпе» суретін қайтара алмаса, бронхтардың лаважын жүргізу керек:

1. Виадрилмен (5% ерт.10-12 мг/кг) сулы наркоз, Листенонмен миорелаксация, Фторотан Азот қышқылы және Оттегі мен негізгі наркоз (1:2)

2. 30-35оС жылытылған, Рингер ертіндісі және Натрий гидрокарбонатының 1,4% ертіндісімен бронхоскоп арқылы бронхтарды шаю, ӨЖВ, бронхтардан аққан сұйықтықтарды сорып алу.

3. лаваждан кейін бронхтың ішіне 1 мл преднизолонды, 2 мл 2,4% ерт Эуфиллин, 2 мл 0,5% Новокаин ерт енгіземіз.

4. Коргликонның 0,06% ертіндісінің 0,5-1 мл немесе Строфантиннің 0,05% ертіндісінің 0,3-0,5 мл к/т

5. Лидокаинның 2% ертіндісін перидуралды енгізу (Тримекаин 2,5% ерт) Д3-4 деңгейінде әр 2-3.с 2-8 мл ұзақ уақыт бойы 6 тәулік.

Демікпелік статусты қайтару үшін паратрахеалды новокаиндық блокаданы қолдануға болады: трахеяның үстінен ортаңғы сызықтан екі көлденең сауақ мойылдырық ойығынан жоғары жергілікті анестезия иненің трахеяның бір сақинасына тірелгенге дейін енгіземіз. Сақинаның жиегінен ине трахеяның бүйірімен өтеді, оның ортаңғы сызығына дейін. 0,25% Новокаинның 60-80 мл ертіндісі енгізіледі. Инені дұрыс орналастырғанда ерітінді бос түседі.

Ø өкпе вентиляциясы, бронхтардың лаважы, Лидокаинды перидуралды енгізу. (Тримекаин)

Ø препараттарды инфузиялық енгізу, ІІ және ІІ кезеңдердегі енгізу. Преднизолонның 150-180 мг бастапқы дозасы.

Ескеру!АҚ төмендеген Норадреналин және Мезатонды қолдануға болмайды (бронхоспазмды шақырады). Дофамин немесе Добутрекс қолдану (баяу), глюклокортикоидтар.

Наши рекомендации