Баланың өкпесін жасанды желдету және жүрегіне тікелей емес массажы

ОРЫНДАЛУ АЛГОРИТМІ

Нәрестенің кіндік көктамырының катетеризациясы

Станция атауы

Қадамдар Орындалу критериі
Сәбидің кіндік көктамырының катетеризациясына жағдай жасау Қолғапты киіп кіндік айналасын және кіндік қалдығын спирт ерітіндісімен антисептикалық өндеу жүргізу, кіндік айналасын стерильді салфеткамен жабу.  
Сәбидің кіндік көктамырының катетиризациясы үшін катетр дайындау Шприцке физ. ерітінді алып, катетердін ұшын қорабтан шығарып,шприці қосып, физ. ерітінді толтыру, және катетірмен шприцті біріккен күйінде қалдыру.  
Кіндік катетрін енгізу тереңдігін анықтау Ол үшін семсер тәрізді өсіндіден кіндікке дейін өлшепшыққан нәтижеге 0,5-1,0 см қосу, катетерге белгі қою.  
Кіндік катетірін сәбидің кіндік көктамырына енгізу Керекті белгіге (кіндік катетеріндегі белгі) дейін құрсақ қабырғасына бірінші перпендикулярлы кейін параллельді айналма қимылмен енгіземіз.  
Кіндік көктамырына катетірдің дұрыс орналасқанын тексеру Шприцке қанды тарту. Катетерді лейкопластырменен бекіту және кіндік қалдығын спиртті ерітіндіге батырылған стерильді салфеткамен жабу.  

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Баланың асқазанын шаю

станция атауы

Қадамдар Орындалу критериі
Асқазан шаюға жағдай жасау Қолға қолғап киіп,балаға ынғайлы жағдай тудыру, оң жақ бүйірінен, немесе шалқасынан жатқызып, басын оңға және алға қарай еңкейту.  
Назогастралды зондты енгізу тереңдігін анықтау Мұрынның қырынан бастапқұлақ сырғалығына және төс өсіндісіне дейін қашықтықты өлшеу.  
Назогастралды зонды енгізу Назогастралды зондты гелмен өңдеп және сол жақ мұрын қуысымен зондты қажетті тереңдікте ақырындап енгізу, зондтағы сәйкес белгі бойынша.  
Назогастралды зондты бекіту Зондты мұрынеріндік үшбұрыш терісіне медициналық бекіткішпен бекітіп,бала асқазанында дұрыс орныққанын тексеріп,зондты 10-20 мл.шприцпен жалғап асқазан сөлін сору.  
Бала асқазанын шаю Асқазанды шаю үшін қажетті мөлшерде щприцке суды жинап және зонд арқылы асқазанға енгізу,кейін қайта сорып асқазаннан таза су шыққанша бірнеше рет қайталау керек.  

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Баланың қуығын катетеризациялау

станция атауы

Қадамдар Орындау критериі
Қуық жолдарын катеризациялау үшін дайындық шаралары Қолғап кию, баланы арқасымен жатқызып, аяқ жаңына қарай шалбарын шешу .  
Баланың жыныс мүшесінің басын өңдеп алу Сол жақ саусақпен жыныс мүшесінің басын ұстау, жыныс мүшесін жоғары қарай көтеру. Оң қолмен жыныс мүшесінің басын сыртқы жағын және айналасын, айландыра антисептикалық сұйықтықпен өңдеу.  
Несеп катетрын дайындау Несеп катетрын қабшықшасын сыртына қарау, бүтіндігіне, тазалығына және вазелин майымен немесе глицеринді жағу.  
Баланың несеп жолдарына катетрді қою Оң қол саусақтарымен катетерді алып, зәр шығару каналы бойымен катетерді тереңге итере отырып, ал жыныс мүшесін жоғары көтере отырып сыртқы зәр шығару тесігіне енгізу.  
Катетердің дұрыс орналасуын тексеру Ол үшін катетердің сыртқы ұшын зәрқабылдағышқа түсіріп, зәрді шығару немесе катетерге 10-20 мл шприцті қосып, тарту арқылы зәрді шығару.  

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Баланың өкпесін жасанды желдету және жүрегіне тікелей емес массажы

станция атауы

Қадамдар Орындау критериі
Баланың өкпесін жасанды желдету және жүрегіне тікелей емес массажын орындауға көрсеткіштерің анықтау Баланың тыныс алу жүйесін (өкпе аускультациясы) және жүрек жұмысын объективті қарау (жүрек аускультациясы, ұйқы артериясынан пульсты өлшеу) немесе манитордан бағалау
Баланың өкпесін жасанды желдетуге және жүрегіне тікелей емес массажына қолайлы жағдай жасау Баланы қатты беткейге арқасымен жатқызу, иығының астына валик қою және жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсарту үшін Сафардың үштік белгісін жүргізу: басын мойын омыртқасы деңгейінде артқа бүгу, төменгі жақ сүйегін алға қарай тарту және аузын ашу.
Баланың өкпесін жасанды желдетуде «ауыздан ауызға үрлеу» әдісін жүргізу Баланың бетіне ауызды жақындатып, ерінмен баланың аузын жабу. Бір мезгілде баланың мұрынын үлкен саусақтармен жабу, бала аузына терең тыныс беру (5-7 рет). Тыныс алу және тыныс шығару арақатынасы 1:2.
Баланың жүрегіне тікелей емес массаж жүргізу   Белгілі нүктеге (бала кеудесінің төменгі үштен бір бөлігі) екі қолдың ішкі жағындағы бармақтармен ритмді және интенсивті күш түсіру арқылы басу -15 рет. Сол мезетте денеден күш түсіріп және қолдың білезік бөлігі бүгілген күйде болуы қажет. Басу тереңдігі 2,5-3,0 см.
Баланың өкпесіне желдету және жүрегіне тікелей емес массажын жасаған эффектілігін бағалау Қайта баланың тыныс алу жүйесін және жүрек жұмысын объективті бағалау (аускультация), ұйқы артериясында пульсацияның пайда болуы немесе манитордағы көрсеткіштер бойынша.

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Наши рекомендации