Дезинфекцияның химиялық заттары.

Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru

Сурет.

Дезинфекцияның физикалық әдісі (кварц, УФО).

Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru

Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru

2-сурет.

Биологиялық фильтрлер.

Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru

3-сурет.

Мед.инструменттердің дезинфекциясы.

Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru Дезинфекцияның химиялық заттары. - student2.ru

Стерилизация

Стерилизацияның негізігі мақсаты- медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтар мен спораларды толығымен жою.

Қолданылатын медицина бұйымдары әрбір мекемеде стерилизациядан өтеді; бір рет қолданылатын бұйымдар өндіріс орындарында стерилизациядан өтеді.

Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.

Стерилизацияның түрлі әдістері мен тәсілдері хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, стоматологиялық және т.б емдеу-сауықтыру мекемелерінде хирургиялық құралдарды, аппараттарды, таңатын, тігетін материалдарды залалсыздандыру үшін қолданылады.

Қан құю, микробиологиялық, клиникалық зертханаларда қолданатын ыдыстар, құралдар, қоректі орталар залалсыздандырылады.

Асептика–теріде, шырышты қабықшаларда, жаралар мен қуыстарда ауру қоздырғыштарының қоныстануы мен көбеюінің алдын алу әдістерінің жиынтығы;

Асептика-хирургиялық емдеу, таңу және түрлі манипуляция жасау кезінде науқас адамның жарасына түрлі микроорганизмдерді түсірмеуге бағытталған алдын алу шаралар.

Антисептика-емдеуді қамтамасыз ету және жұқпалы процестің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы. Антисептика -түрлі химиялық және антисептикалық заттарды қолдану арқылы операция алдында қолды, теріні, жараны залалсыздау.

Антисептика мен асептика бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтырып тұрады. Антисептика мен асептика іріңді-септикалық ауруларды алдын алу үшін, хирургиялық, гинекологиялық, стоматологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Антисептиктердің микробтарға қарсы әсері өте күшті болуы керек. Ауруханаішілік жұқпаларды алдын алуда стерилизация өте маңызды, өйткені ауруханада ауа, кір қол, төсек заттары, таңу материалдары, медициналық құралдар, медицина қызметкерлері арқылы түрлі жұқпалар таралуы мүмкін. Дұрыс залалсызданбаған медициналық аспаптар арқылы вирусты В,С,Д гепатит, АИВ жұқпасы, безгек аурулары таралуы мүмкін.

Стерилизация 2010 ж. ДСМ № 533 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жүргізіледі.

Бір рет қолдануға арналған медициналық аспаптар (шприц, система, скарификатор) кем дегенде 6000 температурада арнайы немесе муфель пештерінде өртеу арқылы жойылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен қатынаста болмайтын медициналық аспаптарды дезинфекцияланады, кейіннен 2 рет шайылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен, шырышты қабаттармен қатынаста болатын медициналық аспаптар алдымен дезинфекцияланады, кейіннен стерилизация жасау шарт.

Стерилизация 3 кезеңде жасалады:

1 кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.

2 кезең – Стерилизация жасау алдында тазалау.

3 кезең – Стерилизациялау.

Наши рекомендации