Артериялық гипертензия. Гипертензивтік криздер.

#1

!АҚҚ үнемі жоғары, 165/95мм.с.б.б., артериальды гипертензияның қайсы дәрежесіне тән:

A. 0

B. I

C. II

D. III

E. IV

#2

!Асқынбаған гипертониялық криз кезіне ЕҢ тән шағымдар:

A. ентігу, тат тәрізді қақырықпен жөтел

B. әлсіздік, құрсақтағы ауру сезімі, суық тер

C. бас айналу, ауыздың құрғауы, сөйлеудің бұзылуы

D. бас ауру, құлақтағы шуыл, көз алдында шіркейлердің болуы

E. бас ауру, белдің ауруы, дизуриялық белгілер

#3

!Гипертониялық криздің II типіне ЕҢ тән белгілер:

A. қалтырау

B. ісіну

C. қозу

D. бірден басталу

E.жүрек ырғағының бұзылысы

#4

!Гипертониялық кризде нитроглицеринмен басылмайтын төс артындағы күйдіріп ауру сезімінің ЕҢ ЖИІ себебі:

A. истерия

B. стенокардия

C. жүрек демікпесі

D. миокард инфаркты

E. қабырғааралық невралгия

#5

!Алғашқы артериалдық гипертензияда зақымданатын нысана ағзалар?

A. бауыр, көкбауыр, бүйрек

B. өкпе-бронх жүйесі

C. сүйек-буын жүйесі

D. жүрек, бас-ми, бүйрек

E. қантамырлар, перифериялық жүйке жүйесі

#6

!Асқынған гипертензиялық кризде гипотензивті дәрілік препараттарды тиімді енгізу жолы:

A. теріастына

B. пероральды

C. көктамыр ішіне

D. тері ішіне

E. бұлшықетке

#7

!Асқынбаған гипертензивті кризде гипотензивті дәрілік препараттарды енгізу жолы:

A. теріастына

B. тері ішіне

C. пероральды

D. бұлшықетке

E. көктамыр ішіне

#8

!Екіншілік артериалды гипертензияға алып келетін ЕҢ жиі себептер:

A. феохромоцитома

B. аорта коарктациясы

C. созылмалы пиелонефрит

D. Бүйрек артериаларының гипоплазиясы

E. біріншілік гиперальдостеронизм

#9

!Науқас 58 жаста. Бір аптадан бері бас ауыруына, бас айналуына, құлақ түбіндегі шуылға, сол жақ шеткі мүшелердің әлсіздігіне шағымданды. Бүгін таңертең төсегінен құлаған. Қарап тексергенде: есі анық, мұрын-ауыз қыртыстары тегістелген, оң жақ жоғарғы кірпігінде птоз байқалады. Сол жақ шеткі мүшелердің бұлшық еті әлсіреген. Жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті байқалады. АҚҚ 190/100 мм.сн.б. Өкпеде қатты тыныс, сырыл жоқ.ТАЖ минутына 22 рет.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?

A. бет нервісінің невриті

B. артериалдық гипертензия, криз

C. артериалдық гипертензия, өкпе ісінуі

D. артериалдық гипертензия, криз, геморрагиялық инсульт

E. артериалдық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия

#10

!Науқаста артериялдық гипертензияның 1 дәрежесі, аяқ астынан жағдайы нашарлаған. Басының ауруы, бас айналу, көз алдының торшалануы, жүрек тұсының ауруы. Ысыну сезімі және денесінде қызыл дақтар байқалады. АҚҚ 210/110 мм.сн.б.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?

A. есекжем

B. стенокардия

C. инфаркт миокардасы

D. гипертоникалық криз

E. гипогликемиялық кома

#11

!Науқас әйел 36 жаста. Басының қатты ауруына, жүрегінің соғуына, төс артындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздігіне шағымданды. Қарап тексергенде: қозғыштығы байқалды. Пульс 115 соқ/мин, АҚҚ 190/110 мм.с.с.б. Жүрек тондары анық, қатты, аортада 2 -ші тонның акценті.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?

A. өкпе ісінуі

B. кардиогенді шок

C. гипертониялық криз

D. жіті коронарлы синдром

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#12

!НауқасК. 45 жаста. Басауруына, тітіркенгіштігіне, шаршағыштығынашағымданады. Анамнезінде: 6 жылданберіАҚҚ 190/110 мм.с.б. болыпкелген. Эналаприл, нифекардқабылдайды. Қараптексергенде: жүрекшекарасыбұғана ортаңғысызығынадейінұлғайған. Пульс 76 соқ/мин. қатты, ұзақ. АҚҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ: жүректіңэлектрлікосісолғаығысқан. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. феохромоцитомо,гипертониялық криз

B. артериальды гипертензия Iсатысы гипертониялық криз

C. артериалды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз

E. тиреотоксикоз орташа дәреже ауырлықта, гипертониялық криз

#13

!Ер кісі 59 жаста. Бастың шүйде бөлімінің ауру сезіміне, басының айналуына, құлақ тұсындағы шуылға және жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде:7 жылдан бері АҚҚ жоғарылауы, жағдайының соңғы бір аптада нашарлауын айтады. Қарап тексергенде: есі анық, тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты бөлімдері таза. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 21 мин, жүрек шекарасы 1 см. солға ығысқан. Жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті. Пульс 90рет/мин.,АҚҚ 195/100 мм.сн.б.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. ЖИА. Үдемелі стенокардия

B. феохромоцитома. Гипертониялық криз

C. артериальды гипертензия Iсатысы. гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

E. артериальды гипертензия III сатысы гипертониялық криз

#14

! Науқас К. 45 жаста. Басының ауруына шағымданды. 2 жылдан бері өзін аурумын деп санайды. Өзінің жағдайын психоэмоционалдылық күйімен байланыстырады. Қарап тексергенде: жүрек тондары бәсеңдеген, дұрыс ритмді. Пульс 90 соқ/мин., АҚҚ 180/100 мм.с.б.. ЭКГ: жүректің электрлік осінің солға жылжуы байқалады.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. миокардит

B. артериальды гипертензия

C. НҚД гипертониялық типте

D. ЖИА. Үдемелі стенокардия

E. созылмалы пиелонефрит, симптоматикалық гипертония

#15

! НауқасБ. 62 жаста. Басыныңауруына, айналуына, жүрекайнуынажәнежүректұсындағыжайсыздыққашағымданады. Өзін 2 күнненберіжайсызсезінеді. 2 жылбұрынинфарктмиокардаалған. Қараптексергенде: теріжамылғысыбозарған, құрғақ. Жүрекшекарасы 1,5 см. солғаұлғайған. Жүректонытөмендеген. Жүрекұшындасистолалықшужәнеаортада 2 тонныңакценті, дұрысритмді. Пульс 120 соқ/мин., АҚҚ 260/120 мм.сн.б. ЭКГ: горизонтальдіжағдайдаЖЭӨ. RV4≺RV6, ST сегменті V4-V6 бойында 1ммизоэлектрліклинияда.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. ЖИА. Үдемелі стенокардия

B. феохромоцитома. Гипертониялық криз

C. артериальды гипертензия Iсатысы гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

E. артериальды гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз

Жауап эталондары

 
C
D
B
D
D
C
C
C
D
D
C
C
D
B
E

Наши рекомендации