Марат оспанов атындаҒы батыс ҚазаҚстан
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»
Пәні: неврология
Кафедра: Неврология, психиатрия және наркология
Курсы:5
Тақырып, блок 3. ОНЖ қабыну аурулары. Менингиттер: біріншілік және екіншілік, ірінді және серозды (ЕСНО және Коксаки энтеровирусты, лимфоцитарлы хориоменингит, менингококты менингит, туберкулезды, сифилистік; екіншілік ірінді). Энцефалиттер: кенелік энцефалит. Экономоның эпидемиялық энцефалиті. Полиомиелит. Миелит. Нейро-ЖИТС.
Аударушы: Ермағамбетова А.П.
қызметі: доцент м.а.
ғылыми дәрежесі: м.ғ.к.
_________________________
(қол қою үшін)
Ақтөбе 2014 ж.
1.Тақырып:ОНЖ қабыну аурулары. Менингиттер: біріншілік және екіншілік, ірінді және серозды (ЕСНО және Коксаки энтеровирусты, лимфоцитарлы хориоменингит, менингококты менингит, туберкулезды, сифилистік; екіншілік ірінді). Энцефалиттер: кенелік энцефалит. Экономоның эпидемиялық энцефалиті. Полиомиелит. Миелит. Нейро-ЖИТС.
2.Мақсаты: тақырыпты игерген соң студент организмнің жүйесін және ішкі мүшелердің морфофункциональдық өзара байланыстылығынан барлық мамандықтарға дәрігерлерге қажет неврологияның негізінен түсінік ала алады. Нерв аурулары маңызды медициналық пәннің бірі, себебі жүйке патологиясы организмнің функциясын бұзады, аурудың нәтижесін анықтайды. Нерв жүйесінің жедел инфекциялық ауруларының арасында ең жиі менингиттер мен менингоэнцефалиттер кездеседі. Аралас және атипикалық түрлері жиіленіп кетті. Инфекциялық процеске нерв жүйесінің бүкіл бөлімдері қатысуы мүмкін. Практикада осы аурулардың диагностикалық принциптерін және емдеуін игеру қажет.
3. Оқытудың міндеттері:
- бас ми мен жұлын қабықшаларының құрылымы туралы жалпы түсініктеме;
- мидың қарыншалық жүйесі, бүйір қарыншалары және III пен IV қарыншаларының құрылымы, ликвордың циркуляциясы;
- қалыпты жағдайдағы және патологиялық жағдай кезіндегі ликвордың құрамы, менингеальдық симптомдар;
- менингиттердің жалпы даму механизмдерін талқылау;
- менингиттердің жіктемесін, этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын және емінің жалпы қағидаттарын оқыту;
- энцефалиттердің жіктемесін, этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын және емінің жалпы қағидаттарын оқыту;
- люмбальдық пункция – көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, орындау техникасы;
- жұлындық сұйықтығы анализінің қорытындыларын интерпретациялау;
- іріңді және серозды менингиттердің ажырату диагностикасы.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі ликвордің құрамы;
- менингеальдық симптомдар;
- люмбальдық пункция – көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, орындау техникасы;
- менингиттердің жіктемесі;
- менингиттердің жалпы симптоматикасы;
- менингококктық менингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- пневмококктық менингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- стафилококктық менингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- энтеровирустық ЕСНО мен Коксаки менингиттердің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- Армстронгтың лимфоцитарлық хориоменингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- туберкулездық менингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- герпестік менингитің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- сифилистік менингиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- энцефалиттердің жіктемесі;
- кенелік энцефалиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- Экономоның эпидемиялық энцефалиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- полиомиелиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;
- миелиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- НейроСПИД: этиологиясы, патогенезі, орталық және шеткі нерв жүйелеріері бұзылыстарының клиникалық белгілері, диагностикасы, ажырату диагностикасы, емі, профилактикасы, болжамы.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орынаду, ситуациялық есептерді шешу, ауруларды жалпы қарауға қатысу, тақырыптық науқасты талқылау, шағын топтармен жұмыс, тәжірибелік дағдылар орындауын үйрену.
6.Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. КайшибаевС.К.. Неврология. 1, 2 часть, (каз) - Алматы, 2009.
Қосымша:
1. Жумабаев У.Ж., Мусагалиева Г.М. «Ми нервтерінің функциональдык анатомиясы». - Алматы, 1992.
2. Надирова К.Г., Дарибаев Ж.Р. Клиникалык невропатология. - Караганды, 1995.
3. Надирова К.Г. Нерв жүйесінің анатомиясы, физиологиясы, тексеру методикасы және зақымдану семиотикасы. - Караганды, 1993.
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Кайшибаев С.К. Неврология. Учебник. I, II часть, Алматы, 2009.
2. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: учебник + СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.
3. Петрухин А.С. Неврология детского возраста. - М., Медицина, 2008.
Қосымша:
1. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. - М.: Медпрессинформ, 2007.
2. Бадалян Л.О. Детская неврология. Учебник. - М., 2007.
3. Баркер Р.И. и др. Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Под ред. В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.
4. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.
5. Неврология для врачей общей практики под. редакцией проф. А.М. Вейна. - М. «Эйдос Медиа», 2001.
6. Кайшибаев С. Словарь – справочник неврологических терминов. - Алматы, 2005.
7.Бақылау:тесттер, сұрақтар, тапсырмалар.