Балаға хирургтың кеңесі қажет пе?

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

білім алушылардың білімін бағалау үшін

БӨҚ ЭТАЛОНЫ

(ағымдық бақылау үшін тесттер, жағдайлық есептер)

Мамандығы: Жалпы дәрігерлік тәжірибе

Мамандығының коды: 5В130100

Пән: Балалар аурулар (ЖДТ) № 1 - №10 тақырыптар бойынша тесттер

Пәннің коды: BА - 7312

Кафедра: ЖТД интернатурасы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу сағаттарының/кредиттерінің көлемі: - 360//8

Курс: 7

Семестр: 13-14

Құрастырған:доц.м.а.,м.ғ.к. ______________Н.З. Ибрагимова

(қолы)

Ақтөбе, 2015

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді:

Хаттама № _____

«__» ___________ 2015ж.

Кафедра жетекшісі м.ғ.к., доцент_____________________ Жакиева Г.Р.

№ 1. Тақырыбы: Ұрықты және жаңа туған нәрестелерді антенатальды қорғау. Босануға дейінгі патронаж. Нәрестені патронаж жасау. Клиникалық хаттама бойынша нәрестені жүргізудің негізгі принциптері.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі:

A. Жүктіліктің бірінші триместрінде;

B. Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін;

C. Жүктіліктің екінші триместрінде;

D. Босанғанға дейінгі кез келген уақытта;

E. Жүктіліктің соңғы триместрінде;

2. Амбулаторлы жағдайда іріңді-қабыну аурулары дамуының қауіп-қатер тобының жаңа туылған балаларды бақылауда жетекші бақыланатын белгілерді таңдаңыз (2 дұрыс жауап):

A. Жоғары тершеңдік;

B. Жаңа туған сәбидің дене қызуы;

C. Кіндік жарасы мен тері жамылғыларының жағдайы;

D. Ұлы дәретінің кідіруі;

E. Бой ұзындығын қосу;

F. Анасының денсаулығының жағдайы;

G. Гипогалактия қаупі;

H. Дене салмағын физиологиялық жоғалту.

3. Нәрестеге біріншілік дәрігерлік патронаж жүргізіледі:

А. ата анасының шақыртуы бойынша

В. босану үйінен шыққан соң кез келген күні

С. Босану үйінен шыққан соң үш күн ішінде

D. Босану үйінен шыққан соң 5 –ші күні

Е. Босану үйінен шыққан соң бір жеті ішінде

4. Нәрестелерде физиологиялық салмақ жоғалту қанша пайызды құрайды:

А. 1-2 %

В. 3-5 %

С. 7-10 %

D. 15-20 %

Е. 25-30 %

5. Нәрестеде физиологиялық сарғаю ұзақтығы қанша:

А. бір апта

В. екі апта

С. үш апта

D. бір ай

Е. үш ай

6. Қауіп факторының неше саны, әлеуметтік анамнездің ауырлығын білдіреді (әлеуметтік анамнезі бойынша кауіп тобы – диспансерлік топ)

А. 1 фактор;

В. 2-3 фактор;

С. 3-5 фактор;

D. 5-7 фактор;

Е. 7 фактордан жоғары

7. Амбулаторлы жағдайда ЖТД өткізетін жаңа туған сәбидің біріншілік қарауында денсаулық жағдайын бағалаудың өлшемдерін анықтаңыз (3 дұрыс жауап):

A. Физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалау;

B. Генетик кеңесі;

C. Функциональды жағдайын бағалау;

D. Денсаулық тобын бағалау және № 112 формасына эпикризді жазу;

E. Тамақтандыру және бала күтімі жөнінде ұсыныстар;

F. Неврологтың кеңесі;

G. Гипогалактия қаупі;

H. Anamnez morbi жинау.

8. Жүкті әйелге босанғанға дейінгі екінші патронаж қай уақытта жүргізіледі:

А. жүктіліктің 16-18 –ші аптасында

В. Жүктіліктің 20-22 -аптасында

С. Жүктіліктің 24-25 –ші аптасында,

D Жүктіліктің 26-28 –ші аптасында

Е. Жүктіліктің 30-32 ші аптасында

9. Жаңа туған сәбидің анасы 16 жаста. Жүктілігі анемия фонында өткен. Босану қызметінің, босанудың қозуының әлсіз болуы. Жаңа туған сәбидің Апгар шкаласы бойынша бағалауы 7-8 балл. Өмірінің 3-нші күні шығарылды. Жаңа туған сәбиде «ОЖЖ» зақымдалуының қауіп факторын бөліп қарастырыңыз (2 дұрыс жауап):

A. Анасының жасы, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл;

B. Анасының жасы, жүктінің анемиясы;

C. Босану қызметінің, босану қозуының әлсіздігі;

D. Жүкті анемиясы, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл;

E. Босану қызметінің әлсіздігі, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл;

F. Жүкті анемиясы, өмірінің 3-нші күні шығарылуы;

G. Босану қызметінің әлсіздігі, өмірінің 3-нші күні шығарылуы;

H. Босанудың қозуы, өмірінің 3-нші күні шығарылуы;

10. Кіші даму аномалиялары қалыпты жағдайда қанша болу керек (МАР, дисэмбриогенез стигмалары):

A. 3- тен көп емес;

B. 5 -тен көп емес;

C. 7 -ден көп емес;

D. 9 -дан көп емес;

E. 10 -нан көп емес

№ 1. Тақырыбы: Ұрықты және жаңа туған нәрестелерді антенатальды қорғау. Босануға дейінгі патронаж. Нәрестені патронаж жасау. Клиникалық хаттама бойынша нәрестені жүргізудің негізгі принциптері.

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

7 күндік жаңа туған қыз бала аймақтық дәрігердің бақылауымен келіп түсті. Бала II жүктіліктен (біріншісі түсікпен аяқталған). Анасы 22 жаста, студент, тыныс демікпесімен ауырады. Жүктілік кезінде үнемі тайлед, вентолин қолданған. 2 рет ЖРВИ мен ауырған. Жүктілік кезінде үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілген, осы уақытта жүкті әйел үйде болған. Туыстарынан әкесі және анасы атопиялық аурулармен ауырған. Босануы жедел, кесір тілігімен, Апгар шкаласы бойынша - 6/8 балл. Бірден айқайламаған. Дене салмағы 2750,0 г, ұзындығы - 50 см. Кеудесіне 30 минуттан кейін салған, емуі әлсіз 3 минут сайын, жиі құсады.

Қарағанда: бала табиғи қоректенеді. Емуі әлсіз, үзіліспен, аздаған құсу. Ему аралығындағы интервалды сақтайды. Қыз бала белсенді, физиологиялық рефлекстері тірі, бұлшықеттік гипертонус. Терісі және кілегей қабаты таза. Кіндік жарасы таза, құрғақ. Үлкен еңбегі 3,0x3,0 см, ісінбеген. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шу жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +1 см, талағы пальпацияланбайды.. Стул күніне 5 рет, сары, ботқа тәрізді.

№1 Есепке тапсырма:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Баланы қандай денсаулық тобында бақылауға болады?

3. Қауіп қатердің болуын және оған бағытталуын бағалау.

4. Вентолин ұрыққа қандай әсер тигізеді?

5. Аймақтық ЖТД-дің диспансерлік бақылау жоспарын құрыңыз.

6. Кесір тілігімен босану кезінде анестезия және аналгезия жаңа туған нәрестеге қалай әсер етеді?

7. Жаңа туған нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалаудың қандай физиологиялық параметрлері бар және олар нені анықтауға мүмкіндік береді?

8. Осы балада туылған кездегі салмақ- бой коэффициенттін бағалаңыз.

9. Мерзімі жетіп туылған балада пренатальды тамақтанудың бұзылысын диагностикалауда қандай критерийлер қолданылады?

10. Баланың анасына тамақтану бойынша қандай кеңес беру керек?

11. Босану үйінде БЦЖ вакцинациясына қарсы көрсеткіштер болды ма?

№2 есеп:

Аймақтық дәрігер 8 күндік жаңа туған қыз балаға I патронажға келді. Бала II жүктіліктен, I триместрінде ЖРВИ мен , II триместрінде гестозбен (құсық, анорексия, артериальды қан қысымның жоғарылауы 140/90 мм с.б.) өткендіктен ауруханаға жатқызылған. Алдынғы жүктілігі түсікпен аяқталған. Босану уақытында, дене салмағы 3200 г, ұзындығы - 50 см. Бірден жылаған, Апгар шкаласы бойынша - 7/8 балл. Кеудесіне 30 минуттан кейін салған, белсенді емеді. Жағдайы қанағаттанарлық. Босану үйінен 3-і тәулікте шығарылған.

Әкесі несеп тас ауруымен ауырады, анасы, апасы - пиело­нефрит, нефроптоз, әжесінде әкесі жағынан - подагра. Қолайсыз генеалогиялық анамнез индексі- 1,0.

Қарағанда: бала жақсы тамақтанады. дизэмбриогенез стигмаларына көңіл аударғанда: қабақтың птоз, гипертелоризм, құлақ қалқанының деформациясы, II және III аяқ бармақтарының толық емес синдактилиясы, кіндік жарығы. Терісі және кілегей қабаты таза. Кіндік жарасы таза, эпителизденген. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шу жоқ. ЖСЖ- 120 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2 см, талағы пальпацияланбайды. Стул күніне 3 рет, ботқа тәрізді.

№2 Есепке тапсырма:

1. Патронаж кезіндегі баланың жағдайын бағалаңыз.

2. Осы баланы қандай денсаулық тобында бақлауға болады? Оған дамуы бойынша қандай патологияға қауіп бар?

3. Қауіп факторларын атап көрсетіңіз.

4. Қолайсыз генеалогиялық анамнез индексін қалай анықтайды? Қалыпты жағдайда қандай болу керек?

5. Дизэмбриогенез стигмалары нені көрсетеді?

6. Жаңа туған нәрестеде қандай стигматизация ақаулары бар?

7. Сіз қандай синдактилия формаларын білесіз?

8. Кіндік сақинасы кеңеюінде қандай шаралар жүргізіледі?

9. Баланы қаншалықты жиі қарауға болады? Оған қандай маман кеңестері қажет?

10. Қосымша тексерулер қажет пе және қандай мерзімде?

11. Профилактикалық шаралардың жоспары. Баланың анасына қандай ұсыныс бересіз?

№2 Тақырып: Нәрестелік кезеңнің патологиясы. ДДҰ нұсқауына сәйкес және клиникалық хаттама бойынша нәрестелік кезеңнің ауруларын жүргізу.

принциптері.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз:

А. 44-40

В. 49-45

С. 54-50

D. 59-56

Е. 60-57

2. Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай:

A. пренаталды гипотрофия

B. Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

C. АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы.

D. физиологиялық сарғаю

E. асфиксия кезіндегі сарғаю.

3. 7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін, серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз:

A. Туа біткен буллезді эпидермолиз

B. Туа біткен сифилис

C. Синдром Лайела

D. Эксфолиативті Риттер дерматиті

E. Пемфигус (нәресте көпіршігі)

4.БМСК жағдайында жаңа туған сәбидің ажырату диагнозында физиологиялық сарғаюға қандай тұжырым тән екенін бағалаңыз (2 дұрыс жауап):

A. Физиологиялық сарғаюы бар жаңа туған нәрестеге фототерапия қажет;

B. Зәрде өт пигменттері жоқ;

C. Толқын тәрізді ағымды;

D. Баланың жалпы жағдайы нашарлайды;

E. Сарғаю өмірінің 5-нші күні пайда болады және 30 күнге дейін созылады;

F. Сарғаюы бар жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылады;

G. Нәжіс массалары қалыпты түсті боялған;

H. Нәрестені жасанды қоректендіруге көшіру.

5. TORCH- синдром, термині қай кезде қолданылады:

А белгілі бір генетикалық патологияда;

В. құрсақішілік инфекцияда;

С. белгілі бір жұқпалы емес эмбриопатияда;

D. белгілі бір жұқпалы емес фетопатияда;

Е. ерте неонатальді кезеңдегі жұқпалы ауруда

6.Клиникалық хаттама бойынша амбулаторлы жағдайда жаңа туған нәрестені қарау кезінде, жаңа туған нәрестеде бактериальды сепсис дамығанда дәрігер арнамалы емес клиникалық көріністерге назар аударуы керек (үш «Н» ережесі) (3 дұрыс жауап):

A. «нашар өседі»;

B. перинатальды энцефалопатия;

C. интоксикация белгілері;

D. «нашар тыныс алады»

E. жаңа туған нәрестеде перитонит;

F. «нашар тамақтанады»;

G. «нашар ұйықтайды»;

H. «нашар көрінеді».

7.Табиғи тамақтандырудағы, лактазды жетіспеушіліктің толық формасымен ауыратын баланы, жүргізудің тиімді тактикасы:

A. лактаза ферментінің дозасын таңдап алу және табиғи тамақтандыруды сақтау

B. ана сүтінің көлемін азайту және антибактериалды ем тағайындау.

C. бейімделген сүт қоспасымен жасанды тамақтандыруға көшіру және биопрепараттар тағайындау.

D. ана сүтімен тамақтандыруды тоқтату және лактозсыз сүт қоспаларына көшіру

E. ана сүтімен тамақтандыруды тоқтату, бейімделген сүт қоспасына көшу.

8.Нәрестенің өмірінің алғашқы үш күнінде, диспепсиялық синдром байқалса, клиникасына қарай қандай диагноз қоюға болады:

A. фенилкетонурия

B. Тея-Сакс синдромы

C. мекониальды илеус

D. глицинурия

E. галактоземия

9.Өмірінің 4-нші күніндегі жаңа туған нәрестені қарағанда дәрігер Моро рефлексінің жоқтығын байқайды, нәресте шынтағына дейін тартылады, тіреу және қадамдау рефлексін жасамайды, жұлын рефлекстері кенет ауырсынады және төмендеген. Анасы дұрыс ембейтініне, жеткіліксіз зәр шығаруына шағымданады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз және тактикаңыз (2 дұрыс жауап):

A. перинатальды энцефалопатия;

B. церебральды ишемия;

C. туу жарақаты;

D. жана ғана туылған сәби симптомы;

E. бас миына қан құйылу;

F. невролог кеңесі;

G. арнамалы бөлімге шұғыл госпитализациялау;

H. соматикалық бөлімге шұғыл госпитализациялау;

10. 15 күндік бала кейде бірден, кейде тамақтандырғаннан кейін біраз уақыттан кейін құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспалары жоқ, диурез қалыпты. Анамнезінен: босануы тез, Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл. Өмірінің алғашқы күнінен құсады. Болжам диагноз:

A. Пилороспазм

B. Пилоростеноз

C. Перинатальды энцефалопатия

D. Ішек дисбактериозы

E. Лактазды жетіспеушілік

№2 Тақырып: Нәрестелік кезеңнің патологиясы. ДДҰ нұсқауына сәйкес және клиникалық хаттама бойынша нәрестелік кезеңнің ауруларын жүргізу.

принциптері.

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Қыз бала Л. 6 күндік нәресте, ЖТД дәрігеріне қаралды.

Анамнезінен: нәресте 26-жастағы әйелден екені белгілі, бірінші жүктілік, бірінші триместрі токсикозбен, нефропатиямен өткен. Мерзімінде босану, босану қызметі әлсіз, окситацинмен ынталандырған.1-ші кезең-12 сағ, 2-ші кезең-25 минут, сусыз аралық-10сағат, босану барысында иықтарының шығуы киындағаны байқалған.Туылған кездегі салмағы-4200гр, дене ұзындығы- 54см. Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл. Туылғаннан кейін нәресте тынымсыз, гиперқозғыштық, бұлшықеттік дистония, сол қолында қозғалыс белсенділігінің көлемінің төмендігі байқалады. Перзентханада нәрестеге қышқылды магнезия 25% - 0,5 мл в/і, фенобарбитал 0,005x2 рет, викасолмен 0,3 мл в/мі № 2 ем өткізілді. 6- тәулікте нәресте уйіне шығарылды.

Қараған кезде баланың жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы ал-қызыл, мраморлы түстес. Кіндік жарасы құрғақ. Өкпесінде пуэрильді тыныс. Жүрек тондары ритмді. Іші жұмсақ, бауыры қабырғы доғасынын 1,5 см шығыңқы, көк бауыр пальпацияланбайды. Дәреті сарғыш, ботқа тәрізді. Бас айналымы -37см, үлкен еңбегі - 2,0×2,0 см. Бас-милық иннервациясы ерекшеліксіз. Нәресте рефлекстері: оральдық автоматизмі+, ұстау және Моро рефлексі сол жағынан төмендеген. Бұлшықеттік тонус сол қолында төмендеген, кеудесіне қолы келтілірген, барлық буындары ашылған, иығы ішке қараған, білезігі алақанында бүгілген. Шынтық және иық буындарының белсенді қозғалысы шектелген. Саусақ қозғалыстары сақталған. Екі басты бұлшықет сіңір рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Сүйеніп отырады, жүріс-тұрысы автоматты шақырылады. Рефлекстері: еңбектеу+, қорғаныш+, жұлындық+.

№1 есеп балалар аурулары бойынша қосымша зерттеу әдістері:

Жалпы қан талдауы:НЬ - 221 г/л, Эр - 6,5х1012/л, Т.К - 0,97, Лейк - 8,2х 109/л, п/я - 6%, с - 56%, э - 1%, б - 1:, л - 30%, ЭТЖ- 2 мм/сағ.

Биохимиялық қан талдауы:жалпы ақуыз - 55,0 г/л, билирубин: тікелей емес- 98 мкмоль/л, тікелей - нет, несепнәр - 4,0 ммоль/л, калий -6,0 м'моль/л, натрий - 136 ммоль/л, кальций - 1,05 ммоль/л.

Нейросонограмма:ганглийдің қыртыс асты қосылуларында аздаған тығызданулар, перивентрикулярды аймақтың эхогенділігі жоғарылаған, үлкен шүйде сұйықтығы тереңдеген 8 мм (норма - 6 мм).

№1 Есепке тапсырма:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Ажырату диагнозын қандай аурулармен міндетті түрде жүргізу керек?

3. Балаға рентгенологиялық зерттеу көрсетілген бе? Қандай өзгеріс күтесіз?

4. Диагнозды нақтылау үшін міндетті түрде қандай қосымша зерттеулер керек?

Балаға хирургтың кеңесі қажет пе?

Ем тағайындаңыз.

Наши рекомендации