Кеуде қуысы ауруы кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$037

Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфарктінің диагностикасын қиындатуы мүмкін?

A) WPW синдромы

B) Жүрекше жыпылықтауы

C) Қарыншалық экстрасистолия

D) Гис шоғыры сол аяқшасының толық бөгеті

E) Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

$$$038

48 жасар ер адам, тегіс жермен 600 метр жүргенде және 3-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық, тоқтағанда басылатын төс артындағы басып ауыруына шағымданады. Ауру сезімі 3 аптадан бері. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75, артериалды қан қысымы 120/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

A) Алғаш пайда болған стенокардия

B) Жедел миокард инфаркті

C) Күш түсу стенокардиясы ФК III

D) Вазоспастикалық стенокардия

E) Үдемелі стенокардия

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$039

Ер адам 55 жаста, 300 метр жүргенде және екінші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-10 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. 6 айдан бері ауырады, кейде нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі 80 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 130/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

A) Алғаш пайда болған стенокардия

B) Күш түсу стенокардиясы ФК I

C) Күш түсу стенокардиясы ФК II

D) Күш түсу стенокардиясы ФК III

E) Күш түсу стенокардиясы ФК IV

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс} =7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$040

Ер адам, 45жаста. Таңға жақын төс артында қатты басып ауыру, жүрек қағысы, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: акроцианоз, суық жабысқақ тер, жүректің соғу жиілігі 90 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі минутына 85 рет. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Күш түсу стенокардиясы

B) Вазоспастикалық стенокардия

C) Үдемелі стенокардия

D) Алғаш пайда болған стенокардия

E) Жедел коронарлы жетіспеушілік

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$041

Ер адам 60 жаста, төс артындағы, төменгі жаққа берілетін қатты ауру сезімінен кенеттен оянды, 2 рет изокет қабылдады, ауру сезімі басылмады. Айқын әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синустық тахикардия минутына 95 ретке дейін. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы, I, aVL, V2-V4 әкетпелерінде ST сегментінің депрессиясы.

Көрсетілген тексерулер ішінде бірінші орындағы ЕҢ спецификалысы қайсысы?

А) Миоглобин деңгейі

B) Лактатдегидрогеназа деңгейі

C) Тропонин Т ферментінің деңгейі

D) Тропонина I ферментінің деңгейі

E) Кератинфосфокиназы деңгейі

Е) МВ-кретининфосфокиназа деңгейі

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} =(Руководство для врачей скорой помощи. В.А Михайлович,

-С.П.б: Невский диалект -2005

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= РА

$$$042

55 жасар әйелде, физикалық күшпен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин ішкенде басылатын жүрек тұсында қысып ауыру пайда болады. Анамнезінде Аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюі. Қарап тексергенде: Артериалдық қан қысымы 160/90 мм.с.б.б. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

A) Велоэргометрия

В) Обзиданмен сынама

C) Эхокардиография

D) Коронароангиография

E) Тәуліктік мониторлау

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

Наши рекомендации