Байланыс мәліметтері: кафедраның орналасқан орны

Силлабус

Патологиялық анатомия бойынша – РА 12209

Жалпы медицина» - мамандығы бойынша

Патологиялық анатомия кафедрасы

Курс - екінші Семестр – 4

Барлығы_______108_______ сағат

Дәрістер ______18_______ (сағат)

Практикалық (семинарлық) сабақтар

_____________54________ (сағат)

Барлық аудиториялық_72_ (сағат)

Студенттердің аудиториядан тыс жұмысы

(СӨЖ)

_____________ 36_______ (сағат)

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2016

Силлабус қайта қарастырып өңдеген: кафедра доценті м.ғ.к. Шумкова Э.Н., аға.оқытушы м.ғ.к. Серикбай М.К. 051301- Жалпы медицина мамандығы бойынша (Ғылыми Кеңестің отырысында қаралып бекітілді хаттама №8 27.03.2012ж.) Бакалавриат білімді жетілдіру бағдарламаларының негізінде жасалды. Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған патологиялық анатомия 1 жұмыс жоспарының толықтырулары мен өзгерістері патологиялық анатомия кафедрасының отырысында қаралып бекітілді. Хаттама №1. 29. 08.2016ж

1. Жалпы мәліметтер:

Жоғарғы оқу орнының аты С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

Патологиялық анатомия кафедрасы

Пән «Патологиялық анатомия», Ра 1208

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Оқу сағатарының көлемі (кредиттер) – 108 сағат

Курсы және оқу семестрі -2 курс,4 семестр

Оқытушылар жайындағы мәліметтер:

ФИО Должность Степень
1. Исмаилова Юлия Сиязбековна Профессор М.ғ.д.
2. Сапаргалиева Айгуль Дюсекешовна Профессор М.ғ.д.
3. Шумкова Эльмира Николаевна Доцент, завуч М.ғ.к.
4. Ахметов Жаугашты Байназарович Доцент М.ғ.к.
5. Серикбай Мерейли Кармантайқызы Аға.оқытушы М.ғ.к.
6. Алшериева Улдана Алшериевна Аға.оқытушы М.ғ.к.
7. Анаятова Бағдагуль Жамалиевна Аға.оқытушы  
8. Бастимиева Бахжамаш Ертаевна Ассистент  
9. Шингенеева Жанна Турсуновна Ассистент  
10. Кузатбекова Елигай Балатбековна Ассистент  
11. Ауесханова Аида Дауренбаевна Ассистент  
12. Садыкова Динара Ержановна Ассистент  

Байланыс мәліметтері: кафедраның орналасқан орны

мекен жайы:Төле би, 94 анатомиялық корпус, 2 қабат

телефон: 8 (3272) 921796 (7417, 7418, 7419, 7420)

Пәннің саясаты:оқу үрдісінкезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Мұғалімдердің студенттерден талап етуі медициналық жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаппен сәйкес:

1. Практикалық сабақтарға және СМӨЖ-ге, дәрістерге міндетті қатысуы.

2. СӨЖ-ді міндетті түрде орындау.

3. Практикалық сабақтарға, оқу үрдісінде белсенді қатысуға келесі жұмыс түрлері енгізіледі. Теориялық материалды толық біліп игеру үшін (когнитивті компетенция) сабақ тақырыбына сәйкес тестер мен ситуациялық есептерді шешу. Практикалық дағдыларды өздігімен орындау (операциональды компетенциялар) микропрепараттарды суреттеп альбомға сипаттау түрінде жазу және макропрепораттарды сипаттап альбомға жазу оқытушының бақылауымен сабақ соңында екі компетенция (когнитивті, операциональды компетенция) бойынша орындалуын ескере отырып студентке балл қойылады. Студент практикалық сабақтың жұмысын немесе СМӨЖ толық орындалмаса минимальді балл қойылады. Студент практикалық сабақты немесе СМӨЖ-ді жіберсе, онда студентке балл қойылмайды.

4. Аралық бақылау әрбір модульдің соңында ауызша билеттер бойынша тапсырылады, билетке екі сұрақ когнитивті компетенция бойынша, операциональды компетенция бойынша бір сұрақ, коммуникативті дағды бойынша бір сұрақ, құқықтық дағды бойынша бір сұрақ енгізіледі.

5. СӨЖ тақырыбын қорғау, белгіленген уақытта тақырып бойынша тапсырылады.

6. Өтілген курсы бойынша студенттің өзіндік практикалық сабақта тақырыптарды орындауға арналған жеке альбомы болу керек онда (практикалық дағды) бойынша екінші этаптағы емтиханға жіберілген мұғалімнің қойылған қолы болу қажет.

7. Бірінші этаптағы емтихан - компьютерлік тестілеу когнитивті (білім) және құқықтық компетенция бойынша бағаланады.

8. Екінші этаптағы емтихан - операциональды компетенция бойынша және коммуникативті компетенция бойынша бағаланады. Практикалық дағды иллюстративті материалдарды макро- немесе микропрепараттарды қадам бойынша сипаттаумен жүргізіледі. Бұл кезде студент чек-парақты толтырып. Бағалану - 100 баллдық жүйе бойынша, оперативті дағды бес қадаммен жүргізіледі, оның әрқайсысы максимальді 20-балл бойынша бағаланады. Бір сұрағы коммуникативті компетенция бойынша.

9. Студент сабаққа кешікпеуі керек.

10. Таза, үтіктелген ақ халат болуы тиіс.

11. Студенттерге, ПОҚ-қа құрметпен қарау.

12. Топта келіспеушілік жағдай болғанда кафедра меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісін шақырып ашық талқылау жасау.

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді, ол теориялық медицинаға да, клиникалық практикағада қызмет жасайды, сондықтан ғылыми-қолданбалы пән болып есептелінеді. Зерттеу материалдарына аутопсиялық және операциялық-биопсиялық материалдар кіреді. Пәннің теориялық және ғылыми мағынасы жалпы патологиялық үдерістерді, жасуша патологиясын, онкологиялық патологияны зерттегенде анық байқалады, бұлар жалпы патологиялық курсттың негізі болып саналады Пәннің клиникалық маңызы әр бір ауруға тән құрылымдық өзгерістерді зерттегенде анықталады. Бұл жеке патологияның негізін құрайды. Патологиялық анатомияның клиникалық-анатомиялық бағыты құрылым мен функцияның бірлігі принципіне негізделген, пәннің прогрессі қазіргі жағдайда инновациялық технологиялардың гистохимия, биохимия, қалыпты физиология, гистология, адам анатомиясы саласындағы жетістіктеріне байланысты. Патологиялық анатомия клиникалық пәндерді зерттеу негізі болып табылады, себебі жалпы патологиялық үрдерістерді білместен ауруды, оның көріністерін, нәтижелерін, оның организм өміріндегі маңызын білу қиын. Жалпы патологиялық үрдістердің негізін, сырқаттар кезіндегі құрылымдық өзгерістерді және аурудың аяқталуын білу мамандар үшін денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық және аурудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қажет.

2.2. Пәннің мақсаты:ағзалар аурулары мен жалпыпатологиялық үрдістердің морфология негізінде пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары жайында түсінік беру.

2.3. Оқыту міндеттері:

· ағзалар мен тіндердегі патологиялық құрылымдық өзгерістердің макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерін анықтаудыды тәжірибелік дағдыға қалыптастыру;

· жалпы патологиялық үрдістердің негізгі құрылымдық дамуын анықтау;

· адам ағзаларындағы аурулардың морфологиялық көріністерін анықтауды және өзара

байланыстары туралы білім қалыптастыру

· жалпы патологиялық үрдістердің адам организміндегі әртүрлі ауруларының даму тетіктері, олардың өзара байланыстары туралы ауруларды үлгілеуді тәжірибелік дағдыға айналдыру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері. Студент жасай алу керек:

1. Когнитивті білім: Жалпы патологиялық үрдістердегі құрылымдық өзгерістердің себебі, пато- морфогенезінің құрылымдық өзгерістері. Жалпы патологиялық үрдістердің даму динамикасын (морфогенезі), асқынуы, нәтижесі. Әр-түрлі қабыну үрдістерінен туындаған аурулар кезіндегі негізгі морфологиялық белгілерін ажырата білу.

2. Операционды орындаулар, келешек дәрігерлік жұмыста алған білімдерін пайдалы қолдана алу.

· Жасай алу: - ағзалар мен тіндердегі өзгерістердің макрокөріністеріне қарап, патологиялық үрдісті және оның сатылары мен түрлерін анықтай алу.

· Жалпы патологиялық үрдістер кезіндегі ағза мен тіндердің микроскопиялық көріністерін дұрыс бағалай білу.

· Ағза мен тіндерде дамыған патоморфологиялық өзгерістер жиынтығын, мүмкін асқынулары мен нәтижесін анықтау.

3. Аксиологиялық коммуникативтідағдылар дегеніміз, белгілі бір жағдайларда басқа адамдармен қарымқатынас жасай алу (моральді, психологиялық, адаптациялық, әріптестермен коммуникация дағдылары).

4. Құқықтық компанент дегеніміз,Қазақстан Республикасындағы мәйітті морфологиялық ашудың құқықтық нормалық ережелерді білу.

5. Реквизитке дейінгі пәндер:қалыпты анатомия, қалыпты физиология, гистология,цитология және эмбриология

2.5. Реквизитке дейінгі пәндер:қалыпты анатомия, қалыпты физиология, гистология.

2.5. Реквизиттен кейінгі пәндер: патанатомия модулі, ішкі аурулар пропедевтикасы -2.

Ысқаша мағынасы

Патологиялық анатомия клиникалық пәндерді оқып үйренудегі негізгі фундаменталды пән болып табылады. Себебі, жалпы патологиялық үрдістер кезіндегі өзгерістерді білмей ағзада болатын патологиялық жағдайларды білу мүмкін емес. Дәрігердің практикалық жұмысында бұл білім аса қажеттігін білген жөн. Операциялық биопсииялық материалдардын қорытындысын алған кезде, дәрігер клиникада дұрыс диагноз қоюға дұрыс талдай алуды білу керек.

Наши рекомендации