Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 13 страница
Осы науқасты емдеуге БАРЫНША тиімді дәрілік топты таңдаңыз?
*Нитраттар
*Диуретиктер
*+Бета – блокаторлар
*ААФ ингибиторлары
*Жүрек гликозидтері
#472
*!76 жастағы ер адамға жедел кардиологияға түскенде жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды. Коронароангиографиялық зерттеуде сол жақ коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының аздаған гемодинамикалық стенозы анықталды.
Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?
*Бақылау
*Стенттеу
*+Консервативті терапия
*Аорто-коронарлы шунттау
*Маммарлы-коронарлы шунттау
#473
*!61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л.
Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады?
*Триглицеридтердің төмендеуін
*Хиломикрондардың жоғарылауын
*Жалпы холестерин деңгейінің төмендеуін
*+Төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын
*Жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын
#474
*!67 жастағы ер адам төс артында біртіндеп күшеетін ұстамалы қысып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 80 рет мин. АД 110/70 мм с.б. ЭКГда: депрессиясы.
Қандай дәрілік топты тағайындаған БАРЫНША тиімді?
*+Нитраттарды
*Метаболиктерді
*Дезагреганттарды
*Тромболитиктерді
*Кальций антагонистерін
#475
*!48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін?
*+Вегетациялар
*Аортаның атеросклерозы
*Қуыстардың кеңеюі
*Жүрек қақпақшаларының тығыздануы
*Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы
#476
*!59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб.
Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?
*Но-шпаны
*Дофаминді
*Папаверинді
*Преднизолонды
*+Нитропруссидті
#477
*!Сол қарыншаның жедел миокард инфарктысымен 62 жастағы ер адамда кенеттен жүрек қағу сезімі, суық тер пайда болды. Артериялық қысым анықталмайды. Шұғыл ЭКГ түсірілді:
Науқасқа қандай шұғыл көмек шараларын көрсету керек?
*Амиодаронды көктамырға енгізу
*Лидокаинді көктамырға енгізу
*Қолқа ішілік баллонды контрпульсация
*Электрлік кардиостимуляция
*+Электрлік кардиоверсия
#478
*!Ер адам 60 жаста. Қабылдау бөліміне бір сағаттан артық төс артында интенсивті басып ауырсынуға шағымданып келді. Анальгин, валидол таблеткаларын қолданғанмен нәтиже жоқ. ЭКГ түсірілді:
Дәрігердің тактикасы қандай?
*Наркотикалық анальгетиктер, гепарин, нитраттар
*Тромболитиктер, гепарин, бета-блокаторлар
*+Наркотикалық анальгетиктер, тромболитиктер, шұғыл коронарография
*Қолқа ішілік баллонды контрпульсация
*Электрлік кардиоверсия
#479
*!48 жастағы әйел вирусты миокардит диагнозымен клиникалық ауруханада ем алып жатыр. Кенеттен жүрек қағу сезімі, әлсіздік, суық тер пайда болды. Қарағанда: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 160. АҚ 70/40 мм с. б. ЭКГ: P тісшесі жоқ, QRS кешені кеңейген, RR арақашықтығы бірдей. Шұғыл көмектің дұрыс тактикасы қандай?
*Амиодаронды көктамырға енгізу
*Лидокаинді көктамырға енгізу
*Верапамилді көктамырға енгізу
*Электрлік кардиостимуляция жүргізу
*+Электрлік кардиоверсия жүргізу
#480
*!Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел мазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80, АЌ 130/65 мм с. б. ЭКГ: қарыншалық кешендер вольтажы төмендеген және ST сегментінің шықпаларында жоғарлауы, кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с. б. Емдеу тактикасы қандай?
*Глюкокортикоидтар қолдану
*Антикоагулянттар қолдану
*Симпатомиметиктер қолдану
*Электроимпульсті терапия қолдану
*+Перикард пункциясы
#481
*!52 жастағы ер адам таңертең ерте болатын ангинозды ұстамаларға, олардың сол жақ иыққа берілуіне шағымданады. Ұстама аралық кезеңдерде жағдайы қанағаттанарлық, физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ-да I, II, III тіркемелерінде ST жоғарлағаны анықталды. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін ЭКГ көріністер қалпына келді. Бұл жағдайда қай топ препараттарын тағайындаған жөн?
*ААФ ингибиторлары
*Антикоагулянттар
*+Кальций антагонисттері
*Антиагреганттар
*β-адреноблокаторлар
#482
*!55 жастағы әйелде миокардитті өткергеннен кейін жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, тоқтап қалу сезімі, шамалы бас айналу пайда болды. Холтерлік мониторлау жүргізілді. Мониторға түсіру барысында кенет есінен танып қалды, тамыр соғысы және АҚ анықталмады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижелі болды. Мониторлауды оқу барысында синкопальді жағдай кезінде Р тісшелері тіркелгенмен, QRS кешені жоқ болып шықты. Науқасты негізгі жүргізу тактикасы қандай?
*Дәрілік терапия
*Дефибриллятор кардиовертерін құру
*Өңеш арқылы электрокардиостимуляция құру
*Уақытша кардиостимуляция
*+Тұрақты кардиостимуляция
#483
*!65 жастағы әйел адам стационарға «ЖИА, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел трансмуралды миокард инфарктысы» диагнозымен түсті. Қабылдау бөлімінде науқаста минутына 30 рет ентігу пайда болды, тері жамылғысы бозғылт-цианозды, суық. Аускультацияда: өкпесінде – әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, жүрек тондары әлсіреген, ЖСЖ минутына 90, АҚ 70/40 мм с. б. Емді қандай шаралардан бастау керек?
*Нитратттар енгізу
*Ілмектік диуретиктер енгізу
*Инфузиялық терапия жүргізу (реоплиглюкин)
*+Симпатомиметиктер енгізу (допамин)
*Глюкокортикоидтар енгізу
#484
*!67 жастағы әйел 40 минут бойы кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, жүрек қағуға, жүрек жұмысында ырғақ бұзылыстарына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек үндерінің бәсеңдеуі, ырғақ жиі экстрасистолалармен үзіледі. АҚ-180/100 мм сб.б. ЭКГда – элевациясы.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын емдеу жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді?
*Верапамил т/і
*Дигоксин т/і
*бисопролол ішке
*+Метопролол т/і
*Амиодарон ішке
#485
*!54 жастағы әйел ұзақтығы 30 минуттан көп, нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы қысып ауыратын ауру сезіміне, жүрек тұсындағы ырғақ бұзылыстарына шағымданады. АД – 200/110 мм сб.б. ЭКГда: синусты тахикардия, жиі политопты экстрасистолалар, 4 мм элевациясы.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау бұл патологияда барынша тиімді?
*+β-бөгемелерді
*Жүрек гликозидтерін
*Антиаритмиктерді IС класс
*Дифенилалкиламин құрылымын
*Қысқа әсерлі дигидропиридиндерді
#486
*!84 жастағы ер адам кеуде артындағы және жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, бас айналуға, синкопе эпизодтардың қайталануына, әлсізідікке шағымданады. ЭКГда бірінші пайда болған атриовентрикулярлы бөгеме II дәрежесі Венкебах-Самойлов кезеңдер фонында 4 мм элевациясы тіркелді.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
*+Уақытша электрокардиостимуляция
*Тұрақты электрокардиостимуляция
*Дәрі-дәрмектік кардиоверсия
*Электрлік кардиоверсия
*Аритмогенді аймақтың абляциясы
#487
*!67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды.
Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Викасолды
*Дицинонды
*Тромбомассаны
*+Коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес
#488
*!69 жастағы әйел ентігуге, түнгі жүрек астма ұстамаларына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде: ТЖ-24 рет мин., өкпесінде ылғалды сырылдар, жүрек үндерінің бәсеңдеуі, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГда: депрессиясы. Эхокардиографияда: СҚ КДР– 6,8 см, лақтырыс фракциясы - 32%, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының акинезиясы.
Сол қарыншаның дисфункциясының үдеуін алдын алуға көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*+Периндоприл
*Амиодарон
*Изосорбид динитрат
*Ацетилсалицил қышқылы
*Бисопролол
#489
*!Артериальді гипертензиямен ауыратын 53 жастағы әйелде, гипертониялық криз фонында кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімі, тұншығу, көпіршікті қақырыққа шағымданады. Об-ті: тыныштықта ентігу, өкпесінде әркалиберлі ылғалды сырылдар, үндерінің бәсеңдеуі, тахикардия, АҚ 220/100 мм сб.б. ЭКГда: 5 мм көтерілуі.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Изокет
*Лазикс
*Морфин
*Эналаприл
*+Натрий нитропруссиді
#490
*!74 жастағы әйел изокет-спреймен басылмайтын, ұзақтығы бір сағаттан көп кеуде артындағы ауыру сезіміне, жүректе ырғақ бұзылысына, жүрек қағуға, ентігуге шағымданады. ЭКГда: жүрекше фибрилляциясы ЖСЖ 140 рет мин., депрессиясы.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын аритмия пароксизмін басуға қолдану БАРЫНША тиімді?
*Верапамил
*Дигоксин
*Лидокаин
*+Амиодарон
*Метопролол
.
#491
*!48 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін ырғақтың бұзылу эпизодтары байқалып, ентігу, оң қабырға астындағы ауырлық сезім, ісіну күшейді. Қарап тексергенде: екі еселенген ұштық түрткі, ЭКГда QS және элевациясы. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде систолалық және диастолалық сол қарыншаның ішкі контурының деформациясы, тромб анықталды.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
*Жүрек қызметінің компенсациясы
*Ишемияға қарсы
*Антикоагулянтты
*Дезагрегантты
*+Хирургиялық
#492
*!Ангинозды ұстамамен 57 жастағы әйел госпитализацияланды. 3 тәулікте науқас жағдайы кенет нашарлады. Жүрек тұсында ауыру сезімі, тұншығу, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: тері жабындылары айқын боз, мұздай тер, мойын тамырларының ісінуі, өкпесінде көптеген ылғалды әр калиберлі сырылдар, прекардиальді аймақта дөрекі пансистолалық шу, тахикардия, АҚ 70/30 мм сб.б ДопплерЭхоКГ: оң қарынша дилатациясы, сол қарыншадан оңға систолалық ағыс.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
*Аорто-коронарлы шунттау
*Митральді қақпашаны протезирлеу
*Ішкі аортальді баллоннды контрпульсация
*Тері асты транслюминальді ангиопластика
*+Қарынша аралық перденің деффектін тігу
#493
*!75 жастағы ер адам ентігуге, жүрек тұсында қарқынды қысып ауыратын ауыру сезіміне, бас ауыруға шағымданады. Қарап тексергенде: ЖСЖ – 26 рет мин., өкпесінде майда көпіршікті ылғалды сырылдар; аорта үстінде II үннің акценті; АҚ 220/120 мм сб.б. ЭКГда: депрессиясы.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындау тиімді?
*Эналаприлді
*Диазепамды
*Эсмололды
*Лазиксті
*+Изокетті
#494
*!Глаукомамен ауыратын 73 жастағы әйел бас ауыру, көз алдындағы шыбын-шіркей, ентігу, жүрек тұсындағы қысып ауырытын ауыру сезіміне шағымданады. АҚ – 170/100 мм сб.б.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Диуретиктерді
*+β-бөгемелерді
*ААФ ингибиторларын
*Кальций антагонистерін
*Альфа-адренобөгемелерін
#495
*!Қасақана шылымшы 66 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II үн акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, тобық ісінуі. ЭхоКГда миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды.
Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Диуретиктерді
*β-бөгемелерді
*+ААФ ингибиторларын
*Кальций антагонистерін
*Альфа-адренобөгемелерді
#496
*!Созылмалы гломерулонефритпен ауратын 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Кенет пайда болған ентігуге, көпіршікті қызғылт қақырығы бар жөтелге, қорқыныш сезімге шағымданады. Қарағанда: ортопноэ, шулы тыныс, (клокочущее), барлық өкпе алаңында әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар анықталынады, ТЖ 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия - 120 рет мин. АҚ - 240/140 мм с.б.
Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты енгізу ең тиімді болып табылады:
*Эналаприлді
*Bерапамилді
*+Фуросемидті
*Пропранололды
*Магний сульфатын
#497
*!ЖИА мен АГ-ң 3 дәрежесімен ауратын 75 жастағы әйелде қан анализінде эритр.-2,9 млн., Нв - 95 г/л; креатинин-130 мкмоль/л. Жалпы зәр анализінде: белок-0,33‰. Бүйректің УДЗ-де біріншілік семіген бүйрек анықталды.
Бұл жағдайда аталған дәрілердің қайсысын тағайындау ең тиімді:
*Нифедипин
*Каптоприл
*Натрий нитропруссиді
*+Лизиноприл
*Клонидин
#498
*!64 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін іркілісті жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамыды. Тексергенде: холестерин – 4,2 ммоль/л. ЭКГ: қарыншалардың жиырылу жиілігі 110 рет минутына болатын жүрекшелердің фибрилляциясы. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы - 35%.
Аритмияны емдеуде қандай препараттарды тағайындаған ең тиімді болады:
*Нитраттар
*Статиндер
*Диуретиктер
*ААФ Ингибиторларын
*+В-адреноблокаторларды
#499
*!62 жастағы ер адам жақында өткерген қайталамалы миокард инфарктісінен кейін пайда болған жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен госпитализацияланған. Об-ті: өкпеде ылғалды дауыссыз сырылдар; өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия, асцит; аяқтарында айқын ісіну. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйірлі қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: сол қарыншаның алдыңғы, перде, ұшы, бүйір қабырғаларында гипокинезия аймақтары, лақтырыс фракциясы - 36%.
Препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындаған тиімді:
*Допамин
*+Фуросемид
*Индапамид
*Фозиноприл
*Дилтиазем
#500
*!73 жастағы әйелде болған ангинозды ауру синдромын жедел жәрдем дәрігерлері басты. Қарағанда: ессіз, тері жабындылары бозғылт, салқын жабысқақ тер. Өкпеде – ылғалды іркілісті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, АҚ – 50/0 мм с.б. ЭКГ-да: Q тісшесі I, II, AVL, , ST сегментінің 2-3 мм жоғары элевациясы.
Жедел көмек көрсету мақсатында бірінші кезекте қандай препаратты тағайындау керек:
*Фуросемид
*Изокет
*+Допамин
*Промедол
*Морфин
#501
*!Бас ауруы, мұрыннан қан кету, қабақтарының ісінуі және бел аймағындағы ауру сезімі шағымдары бар 35 жастағы әйелде кенет жағдайы нашарлаған. Об-ті: тынысы шулы, (клокочущее), ТЖ 26 рет минутына, өкпеде көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар; жүрек тондары қатты, «аттың шабуылы» ырғағы, АҚ – 180/130 мм с.б. Тексергенде зәр анализінде: белок-3,1 г/л, эритроциттер барлық к\а. УДЗ: екі бүйректің паренхимасының жіңішкерленуі.
Қандай препаратты тағайындау ең тиімді болып табылады:
*Урегит
*Индапамид
*Гипотиазид
*+Фуросемид
*Верошпирон
#502
*!55 жастағы әйел балалық шағынан бастап аздаған физикалық күш түсіргенде пайда болатын ентігуге, кейде дем шығаруы ұзарған тежелген тынысқа; оң қабырға астындағы аймақта сыздайтын ауру сезіміне, балтырының аздап ісінуіне шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәріздес; жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия, семсер тәрізді өскінінің тұсында систоликалық шуыл. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: ӨСОА, екіншілік өкпелі гипертензия.
Бұл патологияға көрсетілген ЭКГ белгісінің қайсысы барынша тән:
*
* –дан кіші
* –тен кіші
* –тен кіші
*+ , , -терең
#503
*!Фтизиатрдың есебінде тұратын 19 жастағы жігіт ентігуге, аяқтарының тұрақты ісінуіне шағымданады. Тексергенде: төмен тамақтанулы, акроцианоз. Өкпеде тынысы қатаң, сол жоғарғы бөлігінде крепитация естілінеді. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 95 рет минутына, АҚ – 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, аздаған гепатомегалия; балтырының аздап ісінуі. ЭКГ-да: Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы. ЭХОКГ-да: констриктивті перикардит, 2 дәрежелі өкпелі гипертензия.
Көрсетілген емнің қайсысы барынша тиімді:
*Санаторлы-курортты
*Медикаментозды
*Традиционды емес
*Арнайы (спецификалық)
+Оперативті
#504
*!57 жастағы әйелді бас ауру, бас айналу мазалайды. Анамнезінде: АҚ 180/100 мм с.б. жоғарлауы. Эналаприл қабылдағанда жөтелі пайда болды. Қарағанда: ісіну жоқ, жүректің салыстырмалы шекарасының солға ығысуы, АҚ 170/100 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына. ЭХОКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясы, 1 дәрежелі сол қарыншаның диастоликалық дисфункциясы.
Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді:
*+Лозартан
*Фуросемид
*Верапамил
*Пропранолол
*Фозиноприл
#505
*!Оң өкпенің жарақаты бойынша лобэктомияны өткерген 37 жастағы ер адам ентігуге, жөтелге, кейде болатын қан түкіруге, ішінің ұлғаюына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Спирографияда: ӨӨС (ЖЕЛ)-ң айқын азаюы, тыныс қызметінің аралас типі бойынша 2 дәрежелі бұзылысы. ЭКГ S – типті. ЭХОКГ-да қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?
*Сол қарынша гипертрофиясы
*+Оң карынша гипертрофиясы
*Митралдық регургитация
*Аорталық регургитация
*Өкпе артериясының стенозы
#506
*!Бронх демікпесімен ауратын 42 жастағы әйел тұншығу ұстамасына, жүрек соғуына, аяқтарындағы ісінуіне шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, кеуде клеткасы эмфизематозды, өкпеде көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ЭКГ-да: жүрекшелер фибрилляциясы, қарыншалардың жиырылу жиілігі 124 рет минутына, жүректің электрлік осінің оңға ығысуы. ЭХОКГ-да: екі жүрекше мен оң қарыншаның дилатациясы, лақтырыс фракциясы 42%, 2 дәрежелі өкпелі гипертензия.
Бұл науқаста аритмия ұстамасын басу мақсатында көрсетілген препараттың қайсысын тағайындаған тиімді:
*Этацизин
*Лидокаин
*+Амиодарон
*Пропранолол
*Новокаинамид
#507
*!Бір жыл бұрын жайылған трансмуральді миокард инфарктісін өткерген, артериальді гипертензия мен қант диабетімен ұзақ уақыт ауратын 72 жастағы әйел созылмалы коронарлы жетіспеушіліктің асқынуы мен үдемелі созылмалы жүрек жетіспеушілігі бойынша стационарлы ем қабылдауда.
Бұл науқастың емінде дәлелді медицина тұрғысынан көрсетілген препараттың қайсысын тағайындау ең тиімді:
*Кардура
*Изосорбид динитрат
*Нифедипин
*Корглюкон
*+Карведилол
#508
*!Атеросклероз және қант диабеті бойынша тұқым құалаушылығы тежелген 53 жастағы ер адам ангинозды ауру сезімге, аритмияға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: тамақтануы жоғары (дене салмағының индексі - 32). ЭКГ-да: қарынша үстілік экстрасистолиясы. ЭХОКГ: сол қарыншаның қуысының кеңеюі, лақтырыс фракциясы - 52%.