Несеп құрамының өзгеруі.

Гематурия деп несепке қанның араласуы немесеэритроциттердің несеппен бірге бөлінуін айтады (эритроцитурия).

Эритроцитурияның айқындалуына қарай гематурияның екі түрі болады.

Макрогематурия - несеп түсі жас еттің шайындысына ұқсас немесе қоңыр түсті болады.

Микрогематурия - бұл микроскоппен қарап тексергенде несепте қанның қалыпты мөлшерден жоғары болуы. Микрогематурия бұл несепті жалпы клиникалық зерттеуге алғанда эритроциттің 5 -тен көп болуы немесе, Нечипоренко әдісімен 1 мл несепте 100-н артық эритроциттің болуы, немесе Каковский-Аддис әдісімен 1 тәулік ішіндегі несепте 1 млн-н көп эритроциттің анықталуы.

Гематурияның клиникалық ерекшелігіне қарай түрлері:

1 .Тұрақты гематурия

2.Симптомсыз гематурия

3.Ауырсынумен байқалатын гематурия

4. Жиі қайталайтын гематурия.

Гематурия бүйректің органикалық зақымдануына байланысты төмендегі патологияларда кездеседі.

1.Урологиялық ауруларда (уролитиазда, қуық ауруында.)

2.Өткір гломерулонефритте.

3.Тұқым қуалайтын нефропатияларда.

4.Инфекциялық эндокардитте.

5.Бүйрек ісігі мен туберкулезінде.

6.Бүйрек инфарктында.

7.Бүйрек паренхимасы зақымданғанда.

Бүйректің органикалық зақымдануына байланыссыз дамитын гематурия - геморрагиялық диатез ауруларында, бауыр ауыр зақымданғанда, антикоагулянттар мөлшерден артық тағайындалғанда байқалады. Бүйрек шаншуының соңында пайда болатын макрогематурия несеп тасы ауруының симптомы.

Гематурия ошағын анықтауда Ядоссон сынағы қолданылады. Науқас өзіне берілген 3 ыдысқа несеп бөледі.Егер:

1-ші ыдыстағы несепке қан араласса, қанның несеп каналынан бөлінгені.

2- ші ыдыстағы несепте қан болса - қанның қуықтан бөлінгені.

3-ші ыдыстағы несепте қан болса - қанның жоғарғы несеп
жолдарынан бөлінгені.

Протеинурия - несепте белоктың пайда болуы.

Бүйрек ауруларының салдарынан пайда болатын протеинурия органикалық, дені сау адамдарда физикалық жұмыстан кейін пайда болатын протеинурия - физиологиялық протеинурия деп аталады.

Протеинурияда несептің тынықтығы немесе мөлдірлігі бұзылады. Цилиндрурия - несепте цилиндрдің қалыпты мөлшерден көп болуы. Гиалинді цилиндрурия: өткір гломерулонефритте, бүйрек амилоидозында кездеседі.

Несепте түйіршікті цилиндрлердің анықталуы бүйрек

каналшаларындағы дистрофиялық процесстің дамуының белгісі.

Лейкоцитурия - несепте лейкоциттердің қалыпты мөлшерден көп болуы; ол жиі - пиелонефритте, простатитте, уретитте, циститте кездеседі.

Қалыпты жағдайда сау адамда несеп құрамында нейтрофильді лейкоциттер 1-2 болады. Лейкоцитурияның ошағын анықтау үшін стаканды Томисон сынағы қолданылады.

Науқасқа берілген 3 стаканның біріншісіне несептің алғашқы бөлігін, екіншісі стаканға несептің негізгі бөлігін, үшінші стаканға несептің соңғы бөлігін бөледі.

- Уретритте, простатитте лейкоцитурия бірінші порцияда,

- Қуық қабынғанда лейкоцитурия үшінші порцияда,

- Бүйрек зақымданғанда лейкоцитурия үш порцияның барлығында анықталады.

Пиурия - несепте лейкоциттер мен бактериялардың көбеюі. Пиурия бүйрек, несеп жолдарының қабыну процесстерінде байқалады.

Холестеринурия бүйрек амилоидозынды, нефротикалық синдромда байқалады.

Несепте бүйрек эпителийі жасушаларының пайда болуы, өткір және созылмалы бүйрек ауруларында, инфекциялық ауруларда, иңтоксикацияларда кездеседі.

Несеп түсінің өзгеруі.

Гематурияда несеп қызыл түсті болады.

Билирубинурияда несеп түсі сырадай қоңыр болады.

Уробилинурияда несеп қызғылт түсті болады.

Пиурияда несеп түсі жуындыға ұқсас болады.

Несепте ураттар көбейгенде несеп кірпіш реңді, қанық сарғыш қызғылт түсті болады.

Ісіктер.

Ісік олигуриямен қатар келеді. Бүйрек ауруында ісік кенеттен, көбінесе таңертеңгісін пайда болып, бетте орналады, ісік жүмсақ, қозғалғыш, ісінген тері ақшыл бозғылт болады.

Ауыр жағдайда ісік бүкіл денеге жайылады - бұл анасарка деп аталады, кейін ісіктер біртіндеп қуыстарға жинала бастайды, (гидроперикард, гидроторакс, асцит.)

Ісіктер өткір жэне созылмалы нефритте, анурияда нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында, ал пиелонефритте ісік анықталмайды.

Ісіктің бар жоқтығын пальпация көмегімен анықтап, нақтылау үшін күлдіреу сынағы қолданылады.

Ол үшін иықтың ішкі жағына 0,2 мл изотоникалық натрий хлор ерітіндісін салады. Салынған жерде күлдіреу пайда болады.Сау адамда 1 сағат ішінде күлдіреу сіңіп кетеді. Ісіктің даму барысында динамикасын бақылау үшін диурезді, аяқ қолдарының енін сантиметрлік лентамен өлшеу, науқастың күнделікті салмағын өлшеу, плевра және құрсақ қуысындағы сұйықтықтың биіктік деңгейін анықтау керек.

7. Артериалық гипертензия немесе бүйректік гипертензия.
Бүйректік гипертензияда науқастың басы ауырып, айналыпжүрегінің тұсы ауырады, ентігеді, жүрегінің соғуы жиілейді. Бүйректік гипертензия өткір жэне созылмалы гломерулонефритте, нефросклерозда амилоидозда, гломерулосклерозда, пиелонефритге, бүйрек аномалиясьшда, бүйрек ісігі мен туберкулезында байқалады. Бүйректік гипертензия диастоликалық қысымның жоғарылауымен және көздің түбіндегі артериялардың тарылып, вена қан тамырларының кеңеюімен сипатталады. Бүйректің гипертензияда систоликалық қысым 200 мм.с.б, диастоликалық қысым 120 мм.с.б. дейін көтеріледі. Егер бүйрек аурулары салдарынан бүйрек жетіспеушілігі дамыса, науқастың тәбеті төмендейді, лоқсиды, құсады, іші жиі өтеді, ұйқысы бұзылады, есте сақтау қабілеті төмендейді, ауызы құрғап, ауыз қуысында жағымсыз дәм пайда болады, көзінің көруі нашарлап, терісі қышынады.

Наши рекомендации