Азақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күшін жоғалтқан бұйрықтар тізімі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қарашада № 7306 тіркелді
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы С. Мусинов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 4 қарашадағы
N 786 бұйрығына 1 қосымша
Ескертпе. Тізбеге өзгерістер енгізу көзделген - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 № 403 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 2012.05.18 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.02.2013 № 76 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2013 № 726 (01.01.2014 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.
№ | Аурулар | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны) |
1. Жергілікті бюджеттің есебінен диагностика және емдеу | ||||
Жаңа туған нәрестелер кезеңіндегі аурулар | 2 айға дейінгі жаңа туған нәрестелер | Профилактика және емдеу* | Ана мен бала дәрі қобдишасы | |
Медициналық айғақтары бойынша ерте жасанды немесе аралас қоректендіру | 1 жасқа дейінгі балалар | **, *** | Емшек сүтін бейімделген ауысты | |
Жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит | 0-5 жасқа дейінгі балалар | орта ауырлық дәрежесі кезінде | Амоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған; Парацетамол, суппозиторилер; Ибупрофен, суспензия; Амоксициллин + клавуландық қышқыл, таблетка, ауызға қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ; | |
Мешел | 1 жасқа дейінгі балалар | Күзгі-қысқы кезеңдегі профилактика, емдеу | Эргокальциферол, ауыз арқылы қолданылатын ерітінді, ішуге арналған майлы ерітінді; Колекальциферол, сулы ерітінді; | |
Темір тапшылығы анемиясы | 0-18 жастағы балалар, диспансерлік есепте тұрған ұрпақты болу жасындағы әйелдер | II, III сатыдағы темір тапшылығы анемиясының верификацияланған диагнозы (сарысу темірі 10мкмоль/л-ден төмен) | Темір сульфаты, аскорбин қышқылымен бір компонентті немесе аралас, таблетка, капсула, драже; Фоли қышқылы, таблетка; | |
Темір сульфаты препараттары, сироптар, ерітінділер, ішуге арналған тамшылар (тек 12 жасқа дейінгі балаларға); | ||||
Аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Варфарин, таблетка; Ацетилсалицил қышқыл, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка; | |
Клопидогрельді қолдану тиімсіз болған кезде | Тикагрелор, таблетка; | |||
Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; | Стенокардия ауыр, варианттық стенокардия, инфаркттан кейінгі кардиосклероз | Базалық терапия: Метопролол, таблетка, соның ішінде баяу бөлінетін, созылмалы әсердегі, ретард; Бисопролол, таблетка; Изосорбид динитраты, қысқа және ұзақ әсерлі | |
қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** | таблетка, спрей, ұнтақ; Ацетилсалицил қышқылы, таблетка; Қосымша терапия: Амлодипин, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Изосорбида мононитрат, таблетка, ретард капсулалары, ұзақ әсерлі капсула; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка; | |||
Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; қосымша терапия –әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** | II-III-IV дәреже; созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия (аралас препаратарды тағайындау кезінде монопрепарттарды тағайындауға рұқсат етілмейді) | Базалық терапия: Эналаприл, таблетка Амлодипин, таблетка; Индапамид, таблетка, капсула; Кандесартан, таблетка; Қосымша терапия: Бисопролол, таблетка; Моксонидин, таблетка; Валсартан + Амлодипин, таблетка; Телмисартан + Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл + Нитрендипин, таблетка; Лизиноприл + Амлодипин, таблетка; Фозиноприл, таблетка (қосалқы жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі ар пациенттер үшін); Периндоприл, таблетка; Нифедипин, таблетка, оның ішінде баяу және бақыланатын босатумен; Периндоприл + Индапамид, таблетка, оның ішінде пленкалық қабықпен қапталған; | |
Созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Базалық терапия: Небиволол, таблетка; Бисопролол, таблетка Фозиноприл, таблетка; Спиронолактон, таблетка, капсула; Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Қосымша терапия: Кандесартан, таблетка; Рамиприл, таблетка, капсула; Дигоксин, таблетка; Фуросемид, таблетка; Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл, таблетка; | |
Аритмия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Пароксизмалдық қарыншаүстілік тахикардия, суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолия, фибрилляция мен жүрекалды трепетанияның пароксизмалдық және созылмалы нысандары, ырғақтың қарыншалық бұзылуы | Амиодарон, таблетка; Пропафенон, таблетка; Варфарин, таблетка; Бисопролол, таблетка; Метопролол, таблетка, оның ішінде ақырын босатылу ұзартылған, ретард; Верапамила таблетка, капсула ұзартылған іс-әрекет; Дигоксин, таблетка; | |
Пневмония | 18 жасқа дейінгі балалар | Ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесі | Амоксициллин, таблетка, капсула, дисперсияланған таблетка; ауызға қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ пен түйіршіктер; Азитромицин, таблетка, капсула, ішуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ; Амоксициллин + Сульбактам, таблетка, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ; Амоксициллин + Клавулан қышқылы, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ; | |
Бронхдемікпесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; Фенотерол, аэрозоль; Флутиказон, аэрозоль, назалдық спрей; Беклометазон, дозаланған белсенді демалумен ингаляциялауға арналған аэрозоль, интраназальды қолдануға арналған мөлшерленген спрей; Будесонид, ұнтақ, ингаляцияға арналған суспензия; Будесонид+Формотерол фумарат дигидрат, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказон пропионат, аэрозоль, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Циклезонид, ингаляцияға арналған мөлшерленген аэрозоль Преднизолон, таблетка; Фенотерола гидробромид + Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; | |
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-18 жас аралығындағы балалар | Монтелукаст натрия, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер; | |||
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Асқыну мен күшею сатысында | Фенотерол гидробромид + Ипратропия гидробромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; Тиотропия бромид, ингаляцияға арналған ұнтағы бар капсула; Рофлумиласт, таблетка; Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ; Будесонид + Формотерола фумарата дигидрат, ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказона пропионат, ингалятор-дискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ; | |
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы | әлеуметтік қорғалмаған топтарға ****** | Асқыну кезеңінде | Омепразол, капсула; Висмута трикалия дицитрат, таблетка; Амоксициллин, таблетка, капсула, ауызға арналған суспензия; Фуразолидон, таблетка; Кларитромицин, таблетка; | |
Крон ауруы және тән емес колит | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Месалазин, таблетка, суппозитории; Преднизолон, таблетка; Метотрексат таблетка; | |
Миастения | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде | Пиридостигмин бромиді, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Неостигмин, инъекция үшін ерітінді, таблетка; | |
Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде | Вальпроев қышқылы, соның ішінде таблетка, пролангированғы, капсула, түйір, сироп, ішуге арналған тамышалар; Карбамазепин, соның ішінде таблетка, ұзақ мерзімді; Бензобарбитал, таблетка; Ламотриджин, таблетка, оның ішінде шайналатын дисперленген таблетка; Топирамат, капсула, таблетка; | |
Психикалық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде | Диазепам, инъекция үшін ерітінді, таблетка; Оланзапин таблетка; Рисперидон, бұлшықетке салу үшін ерітінді (суспензия) дайындауға арналған ұнтақ, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Галоперидол, таблетка; майлы инъекция үшін ерітінді; Хлорпромазин, инъекция үшін ерітінді, драже, таблетка; Левомепромазин, таблетка; Амитриптилин, таблетка, инъекция үшін ерітінді, драже; Трифлуоперазин, таблетка; Клозапин, таблетка; Тригексифенидил, таблетка; Флуфеназин, инъекция үшін ерітінді; Милнаципрана, капсула; Венлафаксин, капсула, соның ішінде ұзақ әсерлі, таблетка, соның ішінде ұзақ әсерлі; Палиперидон, ұзақ әсерлі таблетка; Дулоксетин, капсула; Амисульприд, таблетка, оның ішінде қабықпен жабылған; | |
Балалар церебралды сал ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Спастикалық нысан кезінде | Баклофен, таблетка; Тольперизон, таблетка; | |
Гиперкинетикалық нысандар | Тригексифенидил, таблетка; | |||
Эпилептинысандық естен танулар мен сәйкес «Эпилепсия» диагнозы болған жағдайда | Топирамат, капсула, таблетка; Вальпроев қышқылы, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, түйірдер, сироп, ішуге арналған тамшылар. | |||
Паркинсон ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тригексифенидил, таблетка; Леводопа + Карбидопа, таблетка; | |
Қант диабеті | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі | Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; Гликлазид, таблетка, оның ішінде модификацияланған босатумен; Глимепирид, таблетка; Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Репаглинид, таблетка; Пиоглитазон, таблетка; Акарбоза, таблетка; Метформин/Глибенкламид таблетка; Глюкагон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Метформин/Глимепирид таблетка; Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ертінді; | |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі | Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер | |||
Қантсыз диабет | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Десмопрессин, ауыз арқылы қабылданатын лиофилизат; | |
Онкология | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Қатерлі ісіктердің барлық сатысы | Капецитабин, таблетка; Темозоломид, капсула; Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Тамоксифен, таблетка; Фулвестрант, бұлшық ет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Гозерелин, шприц-аппликатордағы тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі депо-капсула (имплантат); Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Летрозол, таблетка; Анастрозол, таблетка; Бикалутамид, таблетка; Торемифен, таблетка; Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат; Клодрон қышқылы, капсула, таблетка; Интерферон альфа 2а, 2 b, шприц-сықпада; Тегафур, капсула; Филграстим, шприц-сықпа; БЦЖ вакцинасы, порошок для приготовления суспензий для интравизикального введения в комплекте с растворителем; Тиогуанин****, таблетка; Меркаптопурин, таблетка; Лейпрорелин, инъекция үшін суспензия/ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ/инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; | |
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия | Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; Тримепиридина гидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді; Трамадол, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді; Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе; Кетопрофен, капсула, таблетка, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді; Диазепам, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Біркомпонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш қорғаныш пастасымен жинақта; | |||
Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі*****; | Циклоспорин, капсула; ерітінді****; Микофенол қышқылы/Микофенолат мофетил капсула, таблетка; Преднизолон, таблетка; Метилпреднизолон, таблетка, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ; Такролимус, капсула, оның ішінде ұзақ әсерлі; Валганцикловир, таблетка; | |
Күшейген гломерулярлық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Гломерулонефриттің морфологиялық верификацияланған нұсқасы | Циклоспорин, капсула; Преднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил, капсула, таблетка; Циклофосфамид, драже, сауыттағы инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ; | |
Ревматоидтық артрит | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Метотрексат, инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; Голимумаб, инъекцияға арналған ертінді | |
Ювенильдық артрит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Метотрексат, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; | |
Жүйелі қызыл жегі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Метилпреднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил капсула, таблетка; | |
Остеоартроз | әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** | Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы | Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (қатаң түрде емшара кабинетінде); | |
Гипофизарлық нанизм, Шерешевский-Тернер синдромы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз | Соматропин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ, инъекция үшін ерітінді; | |
Орталық генездің ерте жыныстық дамуы (мерзімінен бұрын, жылдамдатылған) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз | Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған суспензия үшін лиофилизат; | |
Гипотиреоз, гипопаратиреоз, тиреотоксикоз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз | Левотироксин, таблетка; Дигидротахистерол, қабылдауға арналған ерітінді; Тиамазол, таблетка; | |
Гормондық белсенді гипофиз ісіктері | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз | Бромокриптин, таблетка; Каберголин, таблетка; | |
Акромегалия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | ядролық магниттік резонанстық томографияда расталған, жоғары өсу гормонымен, верификацияланған диагноз | Бромокриптин, таблетка; Каберголин таблетка; Октреотид, инъекция үшін ерітінді, инъекция үшін суспензиялар дайындауға арналған микросфералар; Ланреотид, дайындау үшін лиофилизат, ұзақ босатылатын инъекция үшін ерітінді; | |
Гепато–церебралдық дистрофия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауыр ағымы | Пеницилламин****, таблетка; | |
Фенилкетонурия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Барлық нысандары, өмірлік терапия | Комида мед ФКУ – А формула+LCP (11,8 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ – (31,1 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С - 45 (45 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-3 (69 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С - 75 (75 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-0 (13 г ақуыз 100 гр-да); ФКУ-1 (20 г ақуыз 100 гр-да); РАМ-1 и РАМ-2 (75 г ақуыз 100 гр-да); Изифен (16,8 гр. ақуыз 1 қаптамада); емдік ақуызы төмен өнімдер және құрамында фенилаланин аз өнімдер; | |
2. Республикалық бюджет қаражатының есебінен | ||||
1. | Гемофилия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Химиотерапия схемасына сәйкес ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Октоког альфа (рекомбинанттық антигемофилдік фактор), к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және құрамында альбумин бар гистидинсіз енгізуге арналған жиынтық; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және альбумин мен полиэтиленгликолсыз енгізуге арналған жиынтық; IX фактор концентрат, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат ұнтақ; Эптаког альфа (активирленген) рекомбинанттық коагуляциялық VII а фактор; Көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақтың антиингибиторлық антикоагулянттық кешені; VIII ұюдың адами факторы / Виллебранд адами факторы; |
2. | АИТВ-инфекция/ЖИТС | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Антиретровирустық терапия схмеасына сәйкес, оның ішінде жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды профилактикалау үшін барлық дәреже мен сатысы | Зидовудин+Ламивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған; Ламивудин, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Невирапин, таблетка, ауыз арқылы суспензия; Эфавиренз таблетка; Лопиновир+Ритонавир капсула, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Ставудин, капсула; Абакавир, таблетка, қабықпен жабылған; Зидовудин, капсула, мөлшерлеген қондырғысымен сауыттағы ішуге арналған ерітінді; Тенофовир таблетка, қабықпен жабылған; Эмтрицитабин тенофовира, пленкалық қабықпен жабылған таблетка; Диданозин, таблетка; |
Қант диабеті | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі | Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді; Екі фазалы инсулин аспарт, орта әсерлі құрамдас (қысқа және орта ұзақтықтағы әсерлі инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия; Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді; Инсулин глулизин, картридждердегі ерітінді; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, сауыттардағы суспензия; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, картридждердегі суспензия; Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, картридждердегі суспензия; Инсулин лизпро, картридждердегі ерітінді; Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (қысқа және орташа ұзақтықтағы әсерімен инсулин ұқсастарының қоспасы), картридждердегі суспезия; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, сауыттардағы ерітінді; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, картридждердегі ерітінді; Шприц-қаламға инелер; Кетондық денелер үшін тест-жолақтар; Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар; Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар; | |
1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар | Жиынтығында шығыс материалдары бар инсулинді помпа; | |||
Туберкулез | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Емдеудің қолдау сатысы | DOTS-терапия схемасы бойынша препараттар | |
В және С вирусты гепатиті | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | ХГВ - репликация сатысы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме ХГС - халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы | Пегинтерферон - альфа 2b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ; Пегинтерферон - альфа 2а, шприц – сықпадағы инъекция үшін ерітінді; Пегинтерферон альфа 2b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ; Рибавирин, капсула, таблетка; | |
Диспансерлік есепте тұрған балалар | ХГВ - репликация сатысы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме ХГС - халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы | Интерферон - альфа 2 b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ;/ шприц – сықпа/шприц-қалам; Пегинтерферон - альфа 2 b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ/шприц-қаламдағы; Рибавирин капсула, таблетка, ішуге арналған ерітінді; | ||
Кистозды фиброз (Муковисцидоз) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі | Дорназа альфа****, ингаляция үшін ерітінді; Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула; Тиамфеникола глицинат ацетилцистеинат, инъекция және ингаляция үшін ұнтақ; | |
Мукополисахаридоз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | 1-түр (Гурлер синдромы) | Ларонидаза****, концентрат инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған | |
Мукополисахаридоз 1-3 типа, | Идурсульфаза****, инъекция үшін ерітінді; | |||
Мукополисахаридоз 6-түр | Галсульфаза****, инъекция үшін ерітінді; | |||
Гоше ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | 1 және 3-түрі, ауырлық дәрежесінен тыс | Имиглуцераза****, инфузия үшін ерітінді; | |
Реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | III-IV-V сатысы, күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық диализ алатын 18 жастан жоғары пациенттерді қоспағанда | Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Эпоэтин бета, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Темір сульфаты, капсула, таблетка; Парентералды қолданатын темір препараттары; | |
Ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Жіті кезеңдегі Гийене-Барре синдромы, аурулар дебютіндегі мультифокалдық моторлық полинейропатия, адамның алғашқы туабіткен иммунды жетіспеушілігі, миастенияның генерализацияланған түрі, миастениялық криз, созылмалы қабынулы демиелинизирленген полинейропатия | G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді; | |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Интерферон альфа 2b, лиофнемесезирленген ұнтақ шприц - сықпа; Флударабин фосфат, таблетка; Клодрон қышқылы, таблетка, капсула; Иматиниб, таблетка, капсула; Нилотиниб, капсула; Гидроксикарбамид, капсула; Метотрексат, таблетка; Циклоспорин, капсула; Имиглюцераза****, инъекция үшін ерітінді; | |
11-1 | Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Барлық сатысы мен ауырлық дәрежелері | Винбластин, лиофилденген ұнтақ; Метотрексат, таблеткалар; Филграстим, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Цитарабин, лиофилденген ұнтақ; Циклоспорин, капсулалар; |
Шашыраңқы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ремиссиялы ағын және клиникалық оқшауланған синдром | Интерон бета 1 а, инъекция үшін ерітінді; | |
Ремиссиялы және қайталанған прогредиенттелген ағын | Интерферон бета 1 b, инъекциялық ерітінді дайындау үшін лиофнемесезирленген ұнтақ; | |||
Ремиссиялы ағын | Ацетат глатирамера, инъекция үшін ерітінді; | |||
Онкология | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік | Сорафениб, таблетка; Эрлотиниб, таблетка; Гефитиниб, таблетка; Лапатиниб, таблетка; Сунитиниб, капсула; Иматиниб, капсула, таблетка. |
* Бағдарламалар әкімшісінің рұқсаты бойынша және жеткізуші мен перзентхананың арасындағы шарт бойынша перзентханадан шығару кезінде жаңа туған нәрестелерге дәрі қобдишаларын беруге рұқсат етіледі.
"Ана мен бала" дәрі қобдишасының құрамына мынадай жадынаманы салу керек:
БЦЖ вакцинациясы туралы;
емшек сүтімен қоректендіру бойынша;
контрацепция бойынша;
жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;
қажет болған жағдайда аз салмақты жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;
алаңдатарлық симптомдар кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы (емшекті әлсіз емеді, аурушаң, дене қызу 38 градустан асады, қиын немесе жиі демалу, тырысу, нәжісіндегі қанның болуы, құсу, кіндігінің қызааруы немесе іріңді бөліну);
** Абсолюттік медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды қоректендіруге ауыстыру
№ | Факторлар мен аурулар | Жасанды қоректендіру |
Әлеуметтік факторлар | ||
Балаларды асырап алу | + | |
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы | ||
АИТВ-инфекция | + | |
Туберкулездің белсенді нысаны | + (иммунитетті қалыптастыру кезеңінде анадан баланы оқшаулау) | |
Бала денсаулығы жағдайы | ||
Расталған туа біткен ақуыз жетіспеушілігінің болуы | + | |
Галактоземия | + | |
Фенилкетонурия | + | |
"үйеңкі шырыны" ауруы | + |
*** Салыстырмалы медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды/аралас қоректендіруге ауыстыру
№ | Факторлар мен аурулар | аралас қоректендіру | жасанды қоректендіру |
Әлеуметтік факторлар | |||
Көп ұрықты жүктіліктен туған балалар | + | + | |
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент болып табылатын аналардың балалары | + | + | |
Аналарды стационарлық емдеу | + | + | |
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы | |||
Қан өндіру аппараты ауруының ауыр нысандары | + | + | |
Қатерлі онкологиялық аурулар 1 | + | + | |
Жіті психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі күйзеліс) 1 | + | ||
Бүйрек функциясы жетіспушілігі бар бүйрек ауруларының ауыр нысандары1 | + | + | |
Туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қан тамырлық жүйе декомпенсациясымен ілесе жүретін жүрек ақауы1 | + | ||
Ананың іріңді-септикалық аурулары1 | + | + | |
Эндокриндік ауруларының ауыр нысандары1 | + | ||
Аллергиялық аурулар ауыр нысандары1 | + | ||
Гипогалактиканың бастапқы нысандары2 | + | + |
1 кардиолог, аллерголог, психиатр, онколог, нефролог және т.б. бейінді маманнан қорытынды болған кезде дәрілік препарттарды (цитостатиктерді, радиоактивтік, тиреоидтік немесе есірткілік) қабылдаумен байланысты емшекпен қоректендіретін ананың ауруы немесе жағдайы
2 комиссияның бастапқы гипогалактика диагнозын белгілеуі алгоритмнің көмегі анықталады.
**** Орфандық препараттар. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бір реттік әкелумен қамтамасыз етіледі.
***** - ауыстырып салынған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупін болдырмау үшін науқастар өмір бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды;
******- әлеуметтік осал топ: 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 4 қарашадағы
N 786 бұйрығына 2 қосымша
азақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күшін жоғалтқан бұйрықтар тізімі
1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5799 тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 16 қазанындағы № 158 (1755) басылымында шыққан).
2. «Амбулаториялық деңгейде тегін Медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6150 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2010 жылғы 07 шілдесіндегі № 1207 басылымында жарық көрген).
3. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6291 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 246-247(26307-26308) басылымында шыққан).
4. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 853 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6641 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2011 жылғы 25 наурызындағы № 1 басылымында жарық көрген).
5. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7185 тіркелген).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК