Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 1 страница

Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Курс студенттеріне арналған «Ішкі аурулар» пәні

бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар

*Гастроэнтерология*1*24*1*

#1 *!38 жастағы әйел созылмалы ішек ауруымен, тоқ ішектің барлық бөлігіндегі қабыну үрдісімен, биопсияда шырышты эпители десквамациясы, бездің дисплазиясы анықталды. АНЦА – оң. Сертралин (антидепрессант) қабылдауына байланысты депрессия анық түрде. Науқас темекі шегеді, күніне 1 қораптан. ИМТ- 18. Оральды контрацептивті қабылдайды. Мына науқасқа қандай кеңес беру керек, аурудың рецидивті қаупін төмендету үшін?

*Ішек инфекциясынан сақтану керек

*+Оральді контрацептивті заттарды қолданбау

*Салмақ қосу ИМТ 22-25–ке дейін

*Антидепрессант қолданбау

*Темекі шекпеу

#2

*!Арнайы емес жаралы колиті бар науқасты тексеру кезінде полип сияқты түзіліс анықталады. Қандай тактика ең дұрыс?

Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 1 страница - student2.ru

*колонэктомия

*динамикалық бақылау

*полиптің резекциясы және биопсиясы

*+полиптің резекциясы және айналасындағы тіндердің биосиясы

*полип бар ішектің резекциясы 15 см емес

#3

*!Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруын емдеуге мына препараттарды тағайындаған Барынша тиімді?

*маалокс, фамотидинді

*омепразол, трихополды

*+итоприд, рабепразолды

*омепразол, амоксициллинді

*омепразол, висмут субциттратын

#4

*!Созылмалы гастриттердің ерекше түрлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:

*атрофиялық емес

*+эозинофильді

*атрофиялық аутоиммунды

*атрофиялық мультифокальды

*ассоциирленген Нelicobacter pylori

#5

*!Ішектегі эндогенді инфекцияның негізгі көзі болуы барынша мүмкін:

*сальмонеллалар, эшерихиялар

*+клебсиеллалар, энтеробактериялар

*бифидобактериялар, стафилококтар

*бифидобактериялар, лактобактериялар

*лактобактериялар, ашытқы тәрізді Candida саңырауқұлақтар

#6

*!Шектен тыс микробты контаминация синдромының барынша мүмкін себептерін көрсетіңіз:

*АІЖ қышқылға тәуелді аурулары

*ферментативті препараттармен емдеу

*+антибактериальды препараттармен емдеу

*он екі елі ішектің ойық жара ауруы

*Helicobacter pylory мен қосарласқан созылмалы атрофиялық емес гастрит

#7

*!Тамақтан соң басылмайтын, іштің жоғарғы бөлігіндегі айқын, көбінесе белдемелі сипатты ауыру сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША тән:

*асқазанның ойық жара ауруының өршуіне

*созылмалы панкреатиттің ауыру сезімді түріне

*созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға

*+созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне

*созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

#8

*!Бауырдың пункциондық биопсиясы кезінде портальды жолдардың кеңеюі мен аздаған гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы, купфер жасушаларының пролиферациясы, гепатоциттердің дистрофиялық өзгеруі (дәнді, баллонды, майлы) мынаған барынша тән:

*гепатозға

*Жильбер ауруына

*+созылмалы гепатитке

*Вильсон-Коновалов ауруына

*некроздан кейінгі бауыр циррозына

#9

*!Қандай препарат бауырдың циррозымен ауыратын науқаста аурудың өршуін баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы барынша мүмкін?

*адеметионин

*силимарин

*+урсодезоксихолды қышқыл

*эссенциале

*холестирамин

#10

*!Интоксикация, тремор, гипотония, гипогликемия, гипоксемия, гипоксия, электролитті баланстың бұзылуы, ТШҚҰ-синдромы, протеолитикалық ферменттердің активациясы мынаған барынша тән:

*цитолитикалық синдромға

*холестатикалық синдромға

*+жедел бауыр энцефалопатиясына

*дисциркуляторлы энцефалопатияға

*резорбциялық-некротикалық синдромға

#11

*!Осмостық диареяның дамуымен жүретін мальабсорбция мынаған барынша тән:

*дисбактериозға

*+Крон ауруына

*жаралы колитке

*жедел дизентерияға

*ішек туберкулезіне

#12

*!Өңештің қатерлі ісігі кезінде төменде келтірілген екіншілік симптомдардың қайсысының анықталуы БАРЫНША мүмкін?

*дисфагия, диареяның

*птоз, миоз, энофтальмнің

*жұтынған кездегі ауыру сезімі, қыжылдаудың

*+көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, ықылықтың

*төс артындағы толып тұру сезімі, метеоризмнің

#13

*!Созылмалы аутоиммунды гастритте көрсетілген асқазан бөліктерінің қайсысы зақымдалуы БАРЫНША мүмкін?

*антральды

*+фундальды

*кардиальды

*препилорикалық

*пилорикалық өзекше

#14

*!Ирригоскопиялық зерттеуде спецификалық емес жаралы колиттің бастапқы рентгенологиялық белгілеріне мынаның жатуы БАРЫНША мүмкін:

*псевдополипоздың

*гаустрациялардың жоқтығы

*тоқ ішектің ригидтілігі

*+«дақылды» кілегейлі қабықшасы

*тоқ ішектің қысқаруы және жуандауы

#15

*!Ащы ішек ауруларында ауыру сезімі орналасуы:

*Оң мықын аймағында

*Сол мықын аймағында

*Іштің төменгі ортасында

*+Кіндік аймағында

*Эпигастрий аймағында

#16

*!γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады?

*Мезенхималды-қабынулық синдром

*+Холестаз синдромы

*Цитолиз синдромы

*Портокавальды шунттау синдромы

*Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

#17

*!28 жастағы коагулограммасында бұзылыстары бар әйелде өт тас ауруы анықталды. Урсодезоксихолий қышқылымен пероралды литолитикалық терапиямен бірге дистанциялық соққы-толқындық литотрипсия жүргізу ұсынылды.

Препараттың ЕҢ ТИІМДІ тәуліктік мөлшері:

*5 мг/(кг.сут)

*+12,5 мг/(кг.сут)

*15 мг/(кг.сут)

*20 мг/(кг.сут)

*25 мг/(кг.сут)

#18

*!Асқазанның жара ауруымен ауыратын науқас эрадикационды терапия курсын алды. Емнен кейін науқасқа алдағы уақытта қандай зерттеуді жүргізу маңызды?

*Париетальды жасушаларға антиденелерді анықтау тесті

*Асқазан шырышты қабатына тікелей биопсия жасау

*+H.pylory анықтау

*Асқазанды фракционды зондтау

*Эндоскопиялық pH-метрия

#19

*!Төмендегі келтірілгендердің ішінде қайсысы жедел панкреатиттің дамуына себеп болады?

*+Алкоголь

*Вирусты инфекциялар

*Өттас ауруы

*Аутоиммунды патология

*Паразитарлы инфекциялар

*Дәрілік препараттарды қабылдау

#20

*!Казахстанда бауыр циррозының дамуының жиі себебі?

*Гепатотоксикалық заттардың әсері

*Бауырдың аутоиммунды аурулары

*Тұқымқуалаушылық ферментопатиялар

*Алкоголь қолдану

*+HBV және HCV вирустары

#21

*!Бауыр циррозы бар науқасқа, этиологиясын анықтау үшін HBsAg, суммарлық anti-HCV антиденелері анықталған. Тексеру нәтижелері – теріс.

Ары қарай қандай диагностикалық тактика жүргізген жөн?

*+Өткізілген тексеру скринингтік, толық ИФА маркерлерін анықтау қажет

*Церулоплазмин деңгейін анықтау қажет

*Бауырдың аутоиммундық ауруларының маркерлерін анықтау қажет

*Цирроз алкогольдік, ары қарай тексеру қажет емес

*Криптогендік цирроз, ары қарай тексеру қажет емес

#22

*!Науқаста «Бауыр циррозы, декомпенсирленген, портальді гипертензия, асцит» диагнозымен перифериялық ісіктер анықталған. Қандағы натридің көлемі – 112 ммоль/л. Бойы – 176 см, салмағы – 82 кг. Тағаындалған терапия: Сұйықтық пен тұзды шектеу, верошпирон. Егер ем дұрыс жүргізілсе, науқас тәулігіне қандай салмақ көлемін жоғалту керек?

*400-500 г

*+900-1000 г

*1200-1300 г

*1500-1600 г

*1700-1800 г

#23

*!Әйел 34 жаста, өт жолдарының дискинезиясының аралас түрімен ауыратын науқас 5 капсула урсодезоксихолен қышқылын (15 мкг/кг салмағына) қабылдаған.келесі күні таңертең іші өтке, бірінші жартылай қорытылған тамақ сосын су тәрізді болған. Науқаста диарияның қай түрі дамыды?

*Аралас

*+Секреторлы

*Осмотикалық

*Экссудативті

*Гиперкинетикалық

#24

*!Өт қабында көбіне қандай тастар түзіледі?

*+Холестеринді

*Билирубинді

*Аралас

*Кальцилы

*Оксалатты

*Гастроэнтерология*2*105*2*

#25

*!52 жастағы ер адам, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Жоғарыда айтылған симптомдар 20 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы 70 кг, бойы 164 см.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*+кардия ахалазиясының

*өңеш дискенезиясының

*өңеш дивертикулысының

*өңештің пептикалық жарасының

*гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

#26

*!37 жастағы әйел тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*өңештің қатерлі ісігінің

*кардия ахалазиясының

*өңеш дивертикулысының

*өңештің пептикалық жарасының

*+өңештің диафрагмалық саңылауының жарығының

#27

*!47 жастағы ер адам, бір жыл бойы алкоголь, кофе және цитрус тағамдарын қабылдағанда пайда болатын кеуде артындағы ауырсыну және қыжылдауға шағымданады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*висмут сульфаты

*алюминий сульфаты

*омепразол

*+итоприд

*рамепрозол

#28

*!45 жастағы әйел қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Жұтынуын жеңілдету үшін тамақтану кезінде кеудесін артқа шалқайтады. Бұл симптомдар 10 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

*карведилола

*лактулозы

*фозинприла

*+нифедипинді

*кандесартан

#29

*!Асқазанның жарасы бар ер адам тамақ қабылдаудан кейін пайда болатын айқын қайталамалы ауыру сезімінің антацидтер мен тағам қабылдауға тәуелділігі жоғалып, ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, күшейген, тұрақтыланған және кейде өткір болатыны байқалған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

*перфорацияның

*қан кетудің

*+перивисцериттің

*12-елі ішекке кіре берістің стенозының

*реактивті панкреатиттің

#30

*!45 жастағы әйел, 3 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан, сонан кейін іш кебулер мен іш өтулер байқалған. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*креонды

*дротаверинді

*+урсодезоксихолды қышқылды

*смектитаны

*активирленген көмірді

#31

*!28 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстамаға; өт аралас құсыққа шағымданып түсті. 12 елі ішекке зонд салу кезінде барлық үш порцияда – шырыш, лейкоциттер, IV порцияда – лямблиялар анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*созылмалы холангиттің, өршу сатысы

*созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

*калькулезды холециститтің, өршу сатысы

*+созылмалы лямблиозды холециститтің, өршу сатысы

*өт қабының гипертониялық типінің, дискенезиясы

#32

*!38 жастағы ер адам, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауыру сезімі (Мейо-Робсон симптомы).

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

*асқазанның ойық жара ауруы

*созылмалы пиелонефрит

*зәр тас ауруы, бүйректік ұстама

*+созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі

*он екі елі ішектің ойық жара ауруы

#33

*!56 жастағы механик ер адам, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауыру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, аздаған анемия (Нв - 100 г/л), жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы – 5 бірл., АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

*созылмалы гепатит

*+Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі

*ұйқы безінің қатерлі ісігі

*созылмалы тасты холецистит

*созылмалы псевдотуморозды панкреатит

#34

*!66 жастағы ер адам, соңғы екі ай бойы ентігу, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы ауыртпалық, ішінің кебуі, зәрінің бөлінуінің азаюына шағымданады. Бір жыл бойы терісінің қышуы мазалаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см төмен, тығыз, ұшы үшкір. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: Нв - 108 г/л, тромбоциттер – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Бұл дерттің БАРЫНША ерте белгісіне жатады:

*асцит

*+терінің қышуы

*спленомегалия

*дене салмағының төмендеуі

*диспепсиялық көріністер

#35

*!56 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Гемоглобин - 110 г/л.

Емдік шаралардың қайсы жоспары барынша тиімді?

*вазопрессинді енгізу

*плазмаферез жасау гептрал

*өңештің баллонды тампонадасы

*эритроцитарлы массаны құю

*+акрилатпен склерозирлеу

#36

*!59 жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрийдегі ауырлық сезім, айқын терінің қышуына шағымданады. Соңғы 1,5 жыл бойы терінің қышуы мазалайды. Тері және склералары сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, ұшы үшкір. Спленомегалия.

Терінің қышуын емдеу үшін қолдану барынша тиімді:

*аллохолды

*хофитолды

*холензимді

*хологогумды

*+холестираминді

#37

*!Созылмалы вирусты гепатиті бар 39 жастағы әйелдің қанында билирубин - 148 ммоль/л, тікелей билирубин – 102 ммоль/л, АСТ - 64 Б./л, АЛТ - 78 Б./л, сілтілі фосфатаза - 210 Б., холестерин - 5,2 мкмоль/л.

Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

*ЛИВ-52

*силимарин

*адеметионин

*+урсодеоксихолий қышқыл

*эссенциале

#38

*!Айқын интоксикациялық синдромы бар созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын ер адамның емдік шараларының жоспарына қосу барынша тиімді:

*+5% глюкоза, лактулозаны

*2,5% глюкоза, Рингер ерітіндісі

*0,9% NаCL ерітіндісі, К витамині

*10% глюкоза, фолий қышқылы

*Рингер ерітіндісі, А тобының витаминдері

#39

*!72 жастағы ер адам, 10 күн үлкен дәреттің болмауына, барлық іш аймағындағы жағымсыз сезіміне, іштің кебуіне шағымданады. Қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі астеникалық. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кіндік және сол жақ мықын аймағы сезімтал. Құрсақ қуысының тартылу симптомы күмәнді.

Келесі көрсетілген жүргізу тәсілдерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

*амбулаторлы емге жіберу

*+хирургиялық бөлімге шұғыл жатқызу

*хирургиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу

*гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл жатқызу

*гастроэнтерологиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу

#40

*!34 жастағы ер адам, тамақтанғаннан 1,5 - 2 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырсыну, түнгі ауырсыну сезіміне, іш қатуға бейімділікке шағымданады. Бір жыл бұрын асқазанның ойық жарасы перфорациясымен асқынған.

Асқазанның ойық жарасы төмендегі келтірілген бөлімдерінің қайсысында орналасу БАРЫНША мүмкін?

*асқазанның кіші иінінде

*асқазанның антральды бөлігінде

*асқазанның үлкен иінінде

*+12 елі ішектің пиязшығында

*асқазанның пилорикалық өзекшесінде

#41

*!21 жастағы әйел психоэмоциональды жағдайда ауамен кекіру, қысылу сезіміне, тамақтан кейін эпигастрийде керу сезіміне, кекіруден кейін басылатын жүрек қағуына, ауаның жетіспеуіне шағымдары. Қарап тексергенде: іші кебулі. Рентгенде диафрагманың жоғары тұруы, асқазанда үлкен газдың болуы, тоқ ішектің сол жақ бұрышында көп мөлшердегі газдың жиналуы, ЭКГ-да, ЭФГДС, УДЗ-де құрсақ қуысында патология анықталынбады.

Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*+аэрофагия

*пилороспазм

*ішектің тітіркену синдромы

*созылмалы беткейлік гастрит

*функциональды жарасыз диспепсия

#42

*!29 жастағы әйел үлкен дәреттен кейінгі басылатын іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, іш қатуға шағымданады. Об-ті: тоқ ішек бойының ауырсынуы. Копрологияда көптеп шырыш анықталды, рентгенологияда – ішектің түйіліп, жиырылған және кеңейген аймақтарының кезектесуі, колоноскопияда – түюілуге бейімділік.

Тағам рационына қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?

*+жарманы

*балық сорпасын

*құнарлы сүтті

*ет сорпасын

*сүт өнімдерін

#43

*!63 жастағы әйелді, іштің ауыру сезімімен қосарласатын іштің өтуі, газ шыққасытын басылатын ауыру сезімі мазалайды. Ауруын 1 жыл бұрын ішектің қатерсіз ісігіне жасалған операциямен (анастомозымен) байланыстырады. Іші кепкен. Сутектік сынама (лактулозамен жүктегеннен кейін) оң. Ащы ішекті аспирациясын егу бактериалардың көп мөлшерде өсуін көрсетеді.

Пациентте дамыған синдромболуы БАРЫНША мүмкін?

*ілмекке алып келетін синдром

*жарасыз диспепсиялық синдром

*ішектің тітіркендіргіштік синдромы

*дисахаридазотапшылық энтеропатия

*+ашщы ішектің микробты контаминациясы синдромы

#44

*!51 жастағы ер адам, жиі іш өтуі, іштің ауыру сезімі, әлсіздік, 6 кг-ға дейін арықтауына шағымданады. Қарап тексергенде терісі құрғақ, іші кепкен, сутектік сынама оң. Рентгенологиялық зерттеуде дуодено-еюнальды дивертикул анықталған.

Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

*ферменттер мен витаминдер

*абсорбенттер мен ферменттер

*+антибиотиктер мен витаминдер

*витаминдер мен нитрофурандар

*5-амино-салицил қышқылының туындылары

#45

*!65 жастағы ер адамды спазмоликтер және ауырсыздандыратын дәрілік заттармен иньекциядан кейін басылмайтын, эпигастрий және сол қабырға астындағы өте күшті, жылдам өршитін қатты ауыу сезімі, дене қызуының көтерілуі, тек ет тағамдарына емес, барлық тағам түрлеріне тәбетінің төмендеуі, сарғаю және тері қышуы мазалайды.

Сынықтардың себебі немен байланысты болуы БАРЫНША мүмкін?

*Ұйқы безінің ісігімен

*Сүйек тініндегі калий құрамының төмендеуімен

*Сүйек тініндегі кальций құрамының төмендеуімен

*Сүйек тініндегі фосфор құрамының төмендеуімен

*+Ұйқы безі ісігінің сүйектерге метастаз беруімен

#46

*!47 жастағы ер адамды майлы тағамдармен тамақтанғаннан кейін эпигастрий, сол және оң қабырға астындағы белбеу тәрізді ауыратын ауыру сезімі, нәжістің тұрақсыздығы мазалайды.

Көрсетілген қандай дәрілер тобын ферменттермен орынбасушы терапияға қосу БАРЫНША тиімді:

*Антацидтерді

*Прокинетиктерді

*+Протонды помпа ингибиторлары

*Антихолинергиялық дәрілер

*Гистаминді рецепторлардың Н2 - ­бөгемелері

#47

*!50 жасар әйел әлсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектің қанағыштығы, дененің қышуына шағымданады. 2 жыл бұрын гепатиттің сарғаю түрімен ауырған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, құрғақ. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен шығып тұр, сипағанда сезімтал. Қанда шамалы анемия, түзу фракцияднан гипербилирубинемия, В және С вирусты гепатиттеріне ПЦР теріс, альфа-фетопротеин деңгейі 20Е/л.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты:

*+Гистологиялық

*Иммунологиялық

*Морфометриялық

*Морфофункциональді

Наши рекомендации