Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
Мезгілдес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бүгін түнде жоғары қан қысымымен келіп түскен науқас емханаға қабылданды да, жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Ә) Балалар ауруларын зерттеуші ғалым өз еңбектерінің жиынтығын кітап етіп шығарды.
Б) Орыс буламасы, фин саунасы, жапон офуросы ағзаға өте пайдалы.
В) Микробтар әсерінен терінің беттеріндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді.
Г) Шылым шегу денсаулыққа өте зиян
Сөйлемнің баяндауышын табыңыз.
Асқазанның ойық жарасы маусымға байланысты өршіп отырады.
А) ойық жарасы Ә) маусымға
Б)отырады В) өршіп отырады Г)маусымға байланысты
Тамақтану кезінде» қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр?
Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабылеті, көңіл-күйіне баса назар аударғаны дұрыс.
А) бастауыш Ә) пысықтауыш
Б)толықтауыш В) анықтауыш Г)баяндауыш
4.Зат есім+көптік жалғауы+тәуелдік жалғауы+септік жалғауы формасында жасалған сөздің есім сөз тіркесін құрауын табыңыз.
А) науқастарыңыздың жағдайы Ә) өздерің жәрдемдеспедіңдер
Б) дәрігерлеріңмен таныстық В) таңа алмағандықтан Г)көмектесе алмадық
Ай сөз тіркесі дұрыс емес?
А) ұйқы безі Ә) Ұйқының бұзылуы
Б) ұйқының уақыты В) ұйқының салмағы Г)ұйқы уақыты
Сөйлемге аударма жасаңыз.
Первая медицинская помощь при пожарах должна быть направлена на прекращение воздействия высокой температуры на пострадавшего.
А) Өрт кезіндегі медициналық көмек зақымданушыны жоғары температураның әсерінен қорғап қалуға бағытталады.
Ә) Өртенгеннен кейін алғашқы медициналық көмек науқасты жоғары температураның әсерінен қорғап қалуға бағытталуы тиіс.
Б) Өрт кезіндегі алғашқы медициналық көмек зақымданушыны жоғары температураның әсерінен қорғап қалуға бағытталуы тиіс.
В) Алғашқы медициналық көмек адамды өртеніп жатқанда жоғары температураның әсерінен қорғап қалуға бағытталуы тиіс.
Г)Жоғары температураның әсерінен алғашқы медициналық көмек көрсетілді
Сөйлем ішінен артық сөзді табыңыз.
Үшінші дәрежелі күйік шалған науқасқа жүктілік алғашқы медициналық көмек көрсетуде жараны тазалауға, денеге жабысқан киімді тартуға тыйым салынады.
А) жараны Ә) киімді Б) салынады В) жүктілік Г)тазалауға
Мына сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
Тәбет дегеніміз аштыққа қарсы тұратын құбылыс
А) , . Ә) – «» . Б) - . В) : , . Г)-.,
9. Сөз тіркесін дұрыс аударыңыз. «Обмен веществ»
А) зат алмасу Ә) қан ауыстыру
Б) зат сапасы В) зат айырбастау Г)қан айналымы
10. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз:
А) Сөйлем ішінде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Ә) Бірнеше сөз сөйлем ішінде кім? деген сұраққа жауап береді.
Б) Құрмалас сөйлемдерде болады.
В) Жай сөйлемдерде кездесетін сөйлем мүшесінің түрі.
Г)Екі немесе бірнеше сөйлемдердің қосылуы
Ас қорыту мүшелерінің қазақша атауларын табыңыз.
А) асқазан, он екі елі ішек, омыртқа Ә) асқазан, тік ішек, өкпе
Б) асқазан, бауыр, тоқ ішек В) Бүйрек, бауыр, жүрек Г)жүрек,бауыр,өкпе
Арсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жол апатына түскен жолаушыларға тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, екі адам оқиға орнында көз жұмды.
Ә) Жол апатына түскен жолаушылар автобусынан барлық жолаушылар шығарылып алынды, бірақ бір ересек адам мен 5 жасар бала ауруханаға жетпей көз жұмды.
Б) Жол апаты болғаны туралы хабар түсті, сол себептен де жедел жәрдем көлігі жолға шықты.
В) Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресуде.
Г)Медбике ауыр халдегі науқасқа қарады
13. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз:
А) күрделі ойды білдіреді, екі сөйлемнен құралады, шылаулар арқылы байланысады;
Ә) екі сөйлемнен құралады, бір бастауыш, екі баяндауышы болады;
Б) кем дегенде екі сөйлемнен болады, алғашқы баяндауыштары тиянақсыз болады, күрделі ойды білдіреді.
В) –ып, -іп жұрнақтарына аяқталған баяндауыштары болады,
Г)күрделі,екі сөйлемнен құралады
Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Диагнозы уақытылы қойылды, бірақ науқас емделуден өз еркімен бас тартты.
Ә) Баланың іші өтіп, қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді.
Б) Тыныс алу жолдары жұмысының бұзылуы, адамның сөйлеу қабылетіне де әсерін тигізеді.
В) Аллергологтар аллергиядан зардап шегіп жүрген адамдарға күнделікті тұтынатын тағамдардың тізімін жазып отыруға кеңес береді, алайда ол алергиядан жазылып кетеді деген сөз емес.
Г)Науқастың қан қысымы көтеріліп,басы айналды
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, ағзасы әлсіреп, буыны сырқырайды.
А) біріңғай мүшелі жай сөйлем Ә) салалалас құрмалас сөйлем
Б) сабақтас құрмалас сөйлем В) аралас құрмалас сөйлем Г)құрмалас сөйлем
16. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бастауыштарын табыңыз.
Дәрімен уланған адамға дәрігер көмек көрсетеді: алдымен дәрінің ағзаға өту жолдары анықталып, соған байланысты жедел шаралар қолданады.
А) дәрігер, көмек Ә) дәрігер, ағзаға өту жолдары, шаралар
Б ) адамға В) өту жолдары Г)көмек,адамға