Практикалық сабақтардың, соӨж, сӨж тақырыптық жоспары

Силлабус

Дінтану пәні бойынша

Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер) – 45 сағат, 1 кредит

Курс – 1

Семестр –1

Бақылау формасы: емтихан

Алматы 2015

Доцент Бисембаева З.У., аға оқытушы Абдразакова Н.А. жұмыс бағдарламасына сәйкес жасаған силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.

« __ » ______________ 2015 ж., хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к.,

доцент__________________________________________ Бисембаева З.У.

1. Жалпы мағлұмат:

  • ЖОО атауы: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
  • Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
  • Пән, пән коды: «Дінтану»

· Мамандық:5В130100 «Жалпы медицина»

  • Оқу сағатының көлемі (кредитпен) – 45 сағат, 1 кредит
  • Курс және оқу семестрі– 1 курс, 1 семестр

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

  Оқытушылардың аты-жөні Қызметі Дәрежесі
Бисембаева Зинакуль Убайдаевна доцент Ф.ғ.к.
Абдразакова Нургуль Асановна Аға оқытушы Дінтану магистрі
Сембаева Макпал Маликовна Оқытушы Дінтану магистрі

1.7 Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны

Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі 179

Телефон: 8(327) 292-69-86

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

«Дінтанудың» зерттеу нысаны негізгі діни конфессиялардың қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайы, олардың әлеуметтік институттармен және бір-бірімен өзара байланысын зерттеу.

Дінтанудың пәні діннің пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары, оның көпқырлы феномені, қоғам тарихындағы көрінісі, діннің өзара байланысы және мәдениеттің басқа салаларына өзара әсері болып табылады. Бағдарламада сонымен қатар діни тұрғыдағы кикілжіңдердің әлеуметтік-тарихи себептеріне сараптама жасау қарастырылады.

Дінтану қазіргі әлеуметтік білімнің маңызды бөлігін қамтиды, оның ЖОО оқыту бәрінен бұрын қазіргі Қазақстандық әлеуметтік тәжірибеде діни институттардың ролі мен маңызының өзгеруі мен қалыптасуына байланысты.

Маңызды мақсаттардың бірі еліміздің жастарын қазіргі уақытта көрініс беріп отырған діни процесс және тенденциялар, әлеуметтік феномен ретінде дін туралы ақпараттандыру арқылы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау

«Дінтану» курсын меңгеру болашақ маманның кәсіби мәдениетін қалыптастыруға, жалпы таным деңгейін кеңейтуге, дін, діни қатынас және конфессияаралық қайшылықтарға ғылыми тұрғыда қарауға ықпал етеді, сонымен қатар, ғылыми білімін күнделікті өмір мен кәсіби қызметте қолдана білу дағдысын қалыптастырады.

2.2 Пәннің мақсаты:«Дінтану» ғылымы шеңберінде жүйелі білім алу. Студенттерді әлемдік және қазіргі діни феномендердегі ұлттық діндердің идеялары мен дәстүрлерінің сабақтастығының талдауы, тарихи ретроспективадағы негізгі діни феномендердің пайда болуы мен қалыптасу тарихымен таныстыру. Дін туралы ғылыми ақпарат беру.

Тұлғаның қалыптасуы, өмірді, табиғатты, мәдениетті, адамгершілік пен құқықтық нормаларды сақтаудағы оның еркіндігі мен жауапкершілігі мәселелерінде өзіндік ойлауды дамыту.

2.3 Міндеттері:

  • Дін туралы білімді мораль, саясат, құқықты дұрыс түсіну үшін қолдану дағдысын қалыптастыру;
  • Дін туралы білімді қоғамның этикалық құндылықтарын меңгеру үшін қолдану;
  • Дүниетанымдық бейтараптық қағидасын сақтау;
  • Діннің басқа рухани құбылыстармен араласуын ажырата алу білімін қалыптастыру;
  • Конфессияаралық қарама-қарсылықтардың табиғаты, олардың тікелей себептері мен түрткілері, олардың тиімді шешімінің әдістері туралы түсінікті кеңейту және қалыптастыру;
  • Қоғамның діни мәселелермен өзара байланысынан туындаған сұрақтарды жан-жақты түсіне білу дағдысын қалыптастыру, ұлттық-діни және конфессияаралық қатынастарға саналы түрдегі толеранттылық;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім/ когнитивті дағдысын қалыптастыру: гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдары шеңберінде базалық білімді игеру, оның әдістерін түрлі кәсіптік және әлеуметтік қызметте қолдану, алынған білімді қолдана отырып, өз мамандығында мақсат қоя білу және оны қолдана білу.

Операционалды /дағдысын қалыптастыру:өз қызметін ақпараттандыру білу, жоспар құру, оның нәтижелерін алдын-ала көре білу, орындалған қызметті түсіну және негіздей білу, алынған білідерін жаңа жағдайға бейімдей білу, білімді тәжірибеде қолдана білу.

Коммуникативтік дағдысын қалыптастыру:ақпаратты үлгілей білу, нақты пәндік шеңбердегі түйінді ақпаратты жалпылау және жекелей білу

Құқықтық дағдысын қалыптастыру:адамдардың жүріс-тұрысының мемлекет тарапынан бектілген және тағайындалған құқықтар мен міндеттеріне сәйкес әлеуметтік нормаларыны және ережелерін білу және орындау.

Өзін-өзі дамыту құзіреттілігі бойынша:өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, мәселелерді шешу, ғылым дамуы барысы мен өзгермелі әлеуметтік тәжірибеде зерттеу дағдысы, заманауи ақпараттық технологияны меңгере отырып, жаңа білімді игеру дағдысын қалыптастыру

Меңгеру :

— Дінтанудың ұғымдық аппаратын, негізгі терминдерін еркін меңгеру, күрделі категорияларын түсіндірмелеу дағдысын қалыптастыру;

— Қоғамның рухани құндылықтарын бағалау дағдысын кақыптастыру;

— Салыстырмалы талдау жасауда студенттердің аналитикалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру.

Дағдысын қалыптастыру:

· Діннің адам өміріне әсерінен туындаған мәселелерді сараптау, діни қызметпен байланысты ұйымдар мен азаматтардың іс-әрекетіне баға бере білу;

· Дін және діни қатынастар жөнінде ҚР ішкі және сыртқы әлеуметтік-саяси үдерістерді талдау;

· Дінтану мәселелеріне байланысты қойылған сұрақтарды талдай білу.

2.5 Пререквизиттер:: Қазақстан тарихы, Саясаттану

2.6 Постреквизиттер: Философия, Медициналық құқық, Әлеуметтану.

Практикалық сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспары

Наши рекомендации