Ферезолмен химиодеструкция

***

8 жастағы баласымен анасы стоматологқа жоғарғы тісінің тамақтанғанда ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде 3,6 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентині бар терең тісжегі қуысы анықталды, шұқыцп тексергенде түбі ауырады. Осы абалаға одонтометрия жүргізгенде төменде аталған тістің қандай ерекшеліктерін ескеру қажет://

+Түбір қалыптасуының дәрежесін//

Тістің топқа жатуын//

Периодонт саңылауының енін//

Тісжегі қуысының тереңдігін//

Кіреукенің жетілу дәрежесін

***

8 жасар бала ауыз бұрышы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндер құрғақ. Жарылулар бар. Ауыз бұрышы аймағында ақ түсті қабыршақпен жабылған жаралар бар, ылғалды, жара жиегі «білік» тәрізді көтеріңкі. Нақтама қойыңыз://

Экзематозды хейлит//

Эксфолиативті хейлит//

Метеорологиялық хейлит//

+Саңырауқұлақ тектес инфекциялық хейлит//

Пиоген тектес инфекциялық хейлит

***

Бала жиі ернін жалайды, кей жағдайда жырылулар, қабыршақтар пайда болатынын айтады. Метеорологиялық хейлит нақтамасы қойылды. Қандай ем шаралары қажет://

+Жағымсыз әдетті жою, кератопластикалық заттарды қолдану//

Миогимнастика, кортикостероидты жақпаларды, десенсибилизациялаушы заттарды пайдалану//

Антисептикалық өңдеу, ата-анасымен, баламен психологиялық әнгімелесу//

Ортодонттың кеңесі, миогимнастика, гормональды заттарды пайдалану//

Миогимнастика, физиотерапиялық шараларды қолдану

***

Бала 7 жаста. Даун ауруымен ауырғандықтан дәрігер невропатологтың тіркеуінде тұр. Қарап тексергенде: тілі ұлғайған, ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған. Тілдің артқы бөлігінде майда жүлгесі бар, ортаңғы бөлігінде терең қатпар байқалады. Сипап тексеру кезінде ауру сезімсіз. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы нашар. Сіздің ақыл кеңесіңіз://

Аппликациялық жансыздандыру, қабынуға қарсы терапия//

Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар//

+Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық препараттар//

Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы препараттар//

Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар

***

Жедел герпетикалық стогматиттің ауырлылығының орта сатысына қандай клиникалық белгілер тін://

Дене температурасы 38°С, тошнота. Қызыл иек изъязвлена, өлі еттенген//

Дене температурасы 39°С, катаральды гингивит, жалғыз эрозя, ас қабылдағанда ауру сезім//

Дене температурасы 38°С, зева аймағында, алдыңғы дужек, ретромолярлы аймақ ісінген, сұр түсті қиын алынатын қабық//

Дене температурасы 39°С, лимфаденит, жүрек айну, құсу ,ойық жаралы -некроздық гингивостоматит, жайылған эрозия, ерін аймағының терісінде ұсақ көпіршік//

+Дене температурасы 38°С, тағамнан бас тарту, бала мазасыз, лимфаденит, ауызда катаральды гингивиттің байқалуы, жалғыз немесе қосылған эрозия. Еріні құрғақ, ерін аймағының терісінде ұсақ көпіршікті сеппе

***

Анасы 5 жасар баласын қаратуға келді. Бала төменгі оң жағындағы тісіндегі ыңғайсыз сезімдерге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 8.4 тісінің түсі өзгерген, тісжегі қуысында тағам қалдықтары бар, ашылған тіс қуысын шұқып тексергенде жағымсыз иісті сұр масса анықталды, түбір өзектерінің сағасында ауыру сезімі бар. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында сүйек тінінің деструкция ошағы анықталды. Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы дұрыс://

Ұлпаның жедел іріңді қабынуы//

+Ұлпаның жедел серозды қабынуы//

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы//

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы//

Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы

***

11 жастағы бала 1.1 тісі сауытының түсі өзгеруіне шағымданып келді. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тісі сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиек шырышты қабаты өзгермеген. Төменде аталған қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

Витальді бояу//

Денситометрлік//

+Одонтометрлік//

Термометрлік//

Люминесценттік

***

Бала 5 жаста. Тамағындағы ауру сезімге, сілекейдің көп бөлінуіне, ауыздан жағымсыз иістің шыуына, дем алудың қиындауына шағымданды.. Объективті : Бадамша ,шырышының ісінуі,қызаруы,өрмекші торы тәрізді сары қақпен жамылған.. Дәрігер –стоматологпен нақталған диагноз: Дифтерия. Мына қосымша тексеру арқылы диагнозды анықталды://

Серологиялық тексеру//

Вирусологиялық тексеру//

Рентгенологиялық тексеру//

Қан анализінің биохимиясы//

+Леффлер ортасына бактериологиялық тексеру

***

Бала 3 жаста. Ата –анасы: баласының мазасыздығына, тағамнан бас тартуына, нашар ұйықтайтынына шағымданады. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, көптеген жаралар, күлбіреуіктер, көпіршіктер бар. Бет терісінде дақтар. Білек, шынтақ аймақтарында ақшыл-қызыл түсті дақтар байқалады. Никольский симптомы теріс. Нақтамасы : көптүрлі жалқықты қызарма. Ем тағайындаңыз://

+Жансыздандыру, жалпы сауықтандыратын ем, кортикостероидтар//

Сілтілермен шаю, саңырауқұлақтарға қарсы ем//

Шөптермен шаю, вирустарға қарсы препараттар//

Антисептикалық шайқау//

Жансыздандыру, шөптермен шаю

***

Ауыз қуысының санациясы мақсатында емханаға 4 жасар баланы әкелді, дәрігердің айтқанын тыңдамайды, белсенді қарсыласады, жылайды. Қарап тексергенде тісжегінің ІІІ дәрежелі белсенділігі (декомпенсирленген): 5 тісін консервативті емдеу керек, баладан сонымен қатар қысқа тіл үзеңгісі анықталды. Ауыз қуысының санациясы бойынша қандай тактика неғұрлым дұрыс://

Тістің емін кейінге қалдырып, уақытша тістердің физиологиялық алмасуына дейін пассивті бақылау қажет//

Педиатрға тексерілуді тағайындау, зертханалық зерттеу жүргізу, кейін жергілікті жансыздандырумен тістерді емдеу//

+Клиникалық және зертханалық тексеру әдістерін жүргізгеннен соң, жалпы жансыздандырумен ауыз қуысын санациялау және тіл үзеңгісін коррекциялау//

Тістерін жергілікті жансыздандырумен емдеуді тағайындау//

Зертханалық тексеру және невропатолог кеңесі жүргізілгеннен соң, ауыз қуысының санациясын тағайындау

***

Емханаға ата-анасымен бірге 9 жасар бала ауыз қуысының санациясы мақсатында келді. Бала Даун ауруымен ауырады, дәрігер әрекетіне қарсыласады, байланысқа қиын түседі. Қарап тексергенде тісжегінің декомпенсирленген түрі: 9 тісін емдеу қажет. Баланы наркозбен ауыз қуысын толық санациялауға шешім қабылданды.

Осы балаға жалпы жансыздандырудың қандай әдіс көрсетілген://

Бұлшықеттік//

+Назетрахеальды//

Эндотрахеальды//

Герцтрахеостома//

Көктамырға

***

12жасар бала тез ұлғаятын оң жақ төменгі жақсүйегіндегі деформацияға шағымданады, тұрақты сыздап ауырады, сау 4.4, 4.5, 4.6 тістердің ІІІ дәрежедегі қозғалғыштығы байқалады. Алғаш рет бұл симптомдар 3 ай бұрын пайда болды. Объективті:оң жақ ұрт және жақасты аймағының ісінуіне байланысты бет асимметриясы, сипап тексергенде төменгі жақсүйектің тоқыма жіп тәрізді қалыңдауы байқалады, шырышты қабат жұқарған, қантамыр суреті айқындалған. Төменгі жақ R-граммасында шекарасы анық емес деструкция ошақтары бар, периостальды реакция аймақтары «инелі периостит» түрінде.

Науқасқа байланысты тактиканың қайсысы неғұрлым дұрыс://

Физиоем тағайындау//

Антибактериальды ем жүргізу//

Педиатрға тексерілуге жіберу//

+Баланы онкологқа тексерілуге жіберу//

Шұғыл түрде хирургиялық әрекет

***

12 жасар бала жақсүегінің алдыңғы бөлігінің ісінуіне шағымданып келді. Екі жыл бұрын жоғарғы алдыңғы тістерін жарақаттаған. Жергілікті: 2.1 тістің сауыты интактті, түсі өзгерген, В) 1 тістің түбір ұшы аймағында вестибулярлы жағынан ісінген, ауырмайды, шырышты қабатыныңтүсі өзгермеген. R-граммада 2.1 тісінің түбір аймағында шекарасы анық, дөңгелек пішінді сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы нeғұрлым дұрыс://

Жоғарғы жақ амелобластомасы//

Жоғарғы жақ фиброзды дисплазиясы//

Остеобластокластоманың кистозды түрі//

2.1, 2.2 тістерінің созылмалы периодонтиті//

+Жоғарғы жақтың одонтогенді қабыну кистасы

***

12 жасар бала емханаға оң жақ жоғарғы жақсүйектегі радикулярлы киста бойынша госпитализацияланды. Анамнезінен алдыңғы тістерін жарақаттағаны анықталды. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістері сау, сауыт бөлігі сұр түсті, тұрақты, перкуссияда аздап ауырады. Рентгенограммада: 1.1, 1.2 тістерінің түбір ұшы аймағында шекарасы анық, дөңгелек пішінді сүйек тінінің ыдырау ошақтары бар. Науқасқа байланысты тактиканың қайсысы неғұрлым дұрыс://

Цистотомия//

Периостотомия//

1.1, 2.1 тістерін жұлу//

Калий йодидімен электрофорез тағайындау//

+1.1, 2.1тістерін эндодонттық емдеу, цистэктомия

***

Емханаға бет деформациясы және төменгі жақ аймағындағы ауыру сезіміне 10 жасар баланы әкелді. Клиникалық және рентгенологиялық тексеруден кейін төменгі жақ остеобластокластомасы деген нақтам қойды. и.

Осы ауруда төменде аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы неғұрлым тиімді://

+Сау тіндерге дейін экскохлеациялау, диспансерлік бақылау//

Ісікті кесіп алып тастау, кейін сәулелі ем жүргізу //

Химиотерапия, кейін ісікті кесіп алып тастау//

Сәулелі ем, ортодонттық ем//

Төменгі жақ резекциясы, остеосинтез

***

Көмек алуға 3 ай бұрын пайда болған төменгі еріндегі жаңа түзіліс бойынша 7 жасар қыз келді. Баяу өсі келеді. Объективті: оң жақ төменгі еріннің шырышты қабатында диаметрі 1,0х1,0 см, дөңгелек пішінді түзіліс анықталды, шырышты қабаттан көтерілген, беті тегіс, ішіндегі мөлдір-көкшілдеу сұйықтығы көрінеді. Нақтама: төменгі еріннің ретенционды кистасы.

Қандай ем тактикасы неғұрлым тиімді://

Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау//

Түзілісті склероздау//

Ісікті кесіп алу//

+Цистэктомия//

Цистотомия

***

4 жастағы баланың мойнының жоғарғы 1/3 бөлігінде, төс-бұғана-емізікті бұлшықеттің алдында, мягкоэластикалық консистенциялы түзіліс анықталды, диаметрі 3,0х2,5 см, қозғалысы шектелген. Пальпацияда ауырмайды. Флюктуация симптомы оң.

Болжам нақтама: мойынның бүйір кистасы. Қантай тактика неғұрлым тиімді://

Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау//

Түзілісті склероздау//

Ісікті тігу//

+Цистэктомия//

Цистотомия

***

10 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісінің болмауын көрсетеді. Анамнезінен 7 жасында уақытша тісін жұлдыртқаны анықталды. Қарап тексергенде 2.1 тісінің болмауына байланысты тіс қатарының ақауы, шырышты қабатында патологиялық өзгерістер жоқ, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің альвеола өсіндісінде, жоқ 2.1 тісінің аймағында деформация байқалады. Қандай қосымша тексеру әдісі неғұрлым дұрыс://

УЗИ, компьютерлік томография//

Компьютерлік томография, термография//

+Ауыз ішілік жанаспалы рентгенография//

Ортопантомография, рентгенография//

Бассүйек рентгенографиясы, ауыз ішілік рентгенография

***

ҚАРАҒАНДЫ

«Crown down»әдісімен түбір өзектерін өңдеу дегеніміз://

+Түбір өзегін өзек сағасынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту//

Түбір өзегін түбір өзегі ұшынан өзек сағасына қарай кеңейту//

Сағат тілі бағытымен предентинді алу//

Сағат тілі бағытына қарсы предентинді алу//

Түбір өзегін түбір ұшынан жоғары қарай кеңейту

***

Түбір өзегі сағасын кеңейтуге арналған аспаптар://

Плаггер//

+Гейтс-глидден//

Спредер//

Ример//

Верификатор

***

Eр адам 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт-қызыл түсті, қатты ауыратын, шеттерінде көпіршіктің қалдықтары сақталған эрозиялар. Шынтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://

Созылмалы қайталамалы стоматит//

Көптүрлі экссудативті эритема//

+Вульгарлы күлдіреуік//

Қызыл жалпақ теміреткі//

Жүйелі қызыл жегі

***

45 жастағы ер адам еріндегі әсіресе оны жапқан кездегі ауыру мен күйдіру сезімдеріне, тағам қабылдау мен сөйлеудің қиындауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарағанда: еріннің қызыл жиегі сұр-сары түсті қабыршықпен жабылған,бұл кезде тек еріннің Клейна сызығынан ортасына дейінгі бөлігі ғана зақымданады. Кейбір жерлерде қабыршық алжапқыш тәрізді еріннен түсіп тұрады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://

Аконтолитикалық күлдіреуік//

+Эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі//

Қызыл жегі//

Гландулярлы хейлит//

Қызыл жалпақ теміреткі

***

25 жастағы ер адам тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылатын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда ауырады. ЭОД-80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз://

+Созылмалы гангренозды пульпит//

Созылмалы фиброзды периодонтит//

Созылмалы фиброзды пульпит//

Созылмалы гранулденген периодонтит//

Наши рекомендации