БеттіҢ жҮмсаҚ тіндерініҢ жараҚаттануы
Бет-жақ аймағының механикалық жарақаты бар науқастарда бет тіндерінің зақымдануы кездеседі. Олардың себептері: тұрмыста, транспортта, өндірісте және спортта алған жарақаттар болып табылады. Жұмсақ тіндердің жарақатты зақымдануын екі негізгі топқа бөледі (Агроскино А. П. 1986). 1. Беттің жұмсақ тіңдерінің жекелеген зақымдануы.
2. Беттің жұмсақ тіндерінің және бет қаңқасы сүйектерінің бірлескен зақымдануы.
Жұмсақ тіндердің зақымдануы жарақаттану орнына, жарақаттаушы заттың әсер ету күші мен түріне байланысты әр қилы келеді. Бетке тиген жұмыр заттың әлсіз соққысынан бұлшықет пен теріасты май клетчаткасы зақымданады. Жұмсақ тіндер ісініп, қанталаумен ұштасады. Қанталап ісінген жер 12— 14 күндерге таман біртіндеп жоғалып, жасылданып кейін сары түске айналады. Жарақат алған жерге 2 күнге дейін салқын, кейін жылы басқан жөн.
Иек, бет доғасы аймағында, мұрын, маңдай, терілері жиі жараланады, тері бүтіндігі бұзылады, бірақ тігіс салуды қажет етпейді. Теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеп жарға бриллиант көгі немесе 5% йод тұнбасын жақса жеткілікті. Жаралы жердің жазылуы қабықша астында жүреді. Қабықша тез түзілу үшін жарақаттың бетіне калий перманганатын әр 5—7 мин. сайын 1:10 ерітіндісін жағуға болады.
Өткір құралмен ұрғанда жүмсақ тіндер жарақаттануы мүмкін. Жарақат беткей немесе терең болуы, кейде бұлшықеттер, тамырлар мен нервтер зақымдануы мүмкін. Бет жарақаты кейде ауыз қуысын, мүрынды, ЛОР-мүшелерді, көзді, бассүйекмиды қамтуы мүмкін. Жарақаттың кесілген, шаншылған, шабылған, жыртылған, соғылған, жыртылып-соғылған және т. б. түрлерін ажыратады. Мұрын, құлақ, ерін аймақтарында жануарлар немесе адамның тістеуінен де жарақаттар кездеседі. Соғылған, жыртылған жа-рақаттар маңындағы тіндер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың пішіні алуан түрлі келеді (28, 29, 30, 31-суреттер).
28-сурет. Беттің тілінген жарасы. (жарақаты). | 29-сурет. Тілдің тістелген жарасы. |
31-сурет. Бас құйқасының 32-сурет. Мұрын қанатының тістелген жарасы сыдырлаған жарасы |
Кесілген, шаншылған, шабылған жарақаттарда тіндер ақаусыз, жиектерінде қан аққан тегіс саңылау болады. Шабылған жарақатта сүйек те зақымданады. Клиникалық көрінісі көбінесе жарақаттың орналасуына байланысты. Жоғарғы немесе төменгі еріннің зақымдануына жарақат шеттерінің ақаулануы тән. Ауыз айналасындағы бұлшықеттердің зақымдануынан ауыз қуысының толық жабылуы бұзылып, сілекей ағып тұрады. Жарақат ласта-нып, тістермен зақымданғандықтан еріннің шырышты қабығы жыртылады. Ас қабылдауы қиындап, сөйлеуі бұзылады.
Құлақмаңы шайнау аймағы тіндерінің жарақаттануы сілекей безінің зақымданып, сілекей жыланкөздерінің түзілуімен не бет нервісі бұтақтарының, беттің ымдау бұлшықеттерінің зақымдануына әкелуі мүмкін
Меншікті шайнау бұлшықеттерінің жыртылуынан болатын тыртықты өзгерістер тыртықты контрактураның дамуына әкеліп, ауызды ашу бұзылады.
Төменгі жақасты аймағының тіндері жарақаттанғанда бет артериясы мен венасы, төменгі жақасты сілекей бездері, көмекей мен кеңірдек, ауыз қуысының түбі мен тіл зақымдануы мүмкін.
Мұрынның зақымдануы қан кетіп, тіндердің ісінуімен жалғасады. Мұрын ақауы пайда болса, оны күрделі реконструктивті операциялар жасау арқылы жоюға болады. Кей жағдайларда бор мен сепарациялық дискілер ауыз қуысын зақымдайды. Тіс емдейтін бор терең жыртылған жарақат тузеді, ол инфекциямен асқынады. Одан кеткен қанды тіндерді тігу арқылы тоқтатуға болады. Одан кейін абсцеске қарсы препараттар қолданған жөн.
Сепарациялық диск ауыз қуысын әртүрлі тереңдікте жарақаттайды. Дискімен немесе таспен тіласты аймағын, тіл венасы, артериясын кесіп кету өте қауіпті. Ол қатты қан кетумен жалғасса, оны емхана жағдайында тоқтату өте қиын. Тілдің көлемі тез ұлғайып, тұншығуға әкелуі мүмкін. Қан тамырлардан басқа төменгі жақасты сілекей бездері, тіл нервісі зақымдануы мүмкін, ол аурухана жағдайында емдеуді талап етеді. Тілдің жарақаттануы қатты қан кетумен көрінеді. Оны жарақатты тігу арқылы тоқтатуға болады (егер тіл артериясы зақымданбаса).
Жарақатты біріншілік хирургиялық өңдеу. Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды. Кейін жарақатты антисептикалық ерітінділермен жуып механикалық жолмен бөгде денелер мен ластанудан тазартады. Егер жарақатты өңдеу жергілікті анестезиямен жүргізілсе анестетик ерітіндісіне антибиотиктер қосады. Ал наркоздан соң жүргізсе, жарақат маңына антибиотик ерітіндісін жібереді. Егер өңдеуді мықты тігіс салумен аяқтаса, онда жарақатты қабат-қабатымен тігеді. Бұлшықетке міндетті түрде тігіс салады. Ауызға енген жарақат кезінде бірінші шырышты қабықты, кейін бұлшықетпен фасцияны, одан соң теріасты майлы клетчат-касымен теріні тігеді. Ерін жарақаттанғанда 1-ші бұлшықетті, кейін қызыл жиегін біріктіріп келтіріп, оның терімен біріккен шекарасынан тігеді, содан кейін теріасты майлы қабатпен теріні, содан кейін барып еріннің шырышты қабатын тігеді. Егер хирургиялық өңдеу 48 сағат ішінде жүргізілсе (беттің кез келген аймағының жарақатында), тінді мұқият тігіп резина түтік салуға болады.
Егер өңдеу 48 сағаттан соң жүргізілсе, тіндерден қабыну белгілері болса да ерін, қабақ, мұрын қанаты, қүлақ қалқаны, ауыз қуысының шырышты қабатына мұқият тігіс салуға болады. Беттің қалған бөліктеріне сирек түйінді тігістер салған жөн. Тіндер ақауланса, біріншілік хирургиялық өңдеумен бірге жергілікті тіндермен 1 -шілік пластикалық ем жүргізу керек, бұл кейін болатын деформациялардың алдын алу мақсатымен жасалады.
Беттің жүмсақ тіндерінің үлкен тесілген ақауында, хирургиялық өңдеуді, теріні ауыз қуысының шырышты қабатымен көмкере тігумен аяқтайды. Бұл кейін ақауды пластикалық жабуға қолайлы жағдай жасап осы аймақтағы дөрекі тыртықтар мен өрескел деформациялардың түзілуінің алдын алады.
Құлақмаңы сілекей безі зақымданғанда, без паренхимасын, кейін оның капсуласын, фасциясын, теріасты майлы клетчаткасын және теріні мүқият тіккен жөн. Ал шығаратын өзегі зақымданса, оның ортаңғы кесіндісіне түтікше енгізіп, ауыз қуысына шығарады. Бұл ауыз қуысында толық сілекей жыланкөзінің түзілуіне мүмкіндік жасайды. Түтікті 15—20 күннен кейін алып тастайды.
Кейде зақымданған түтіктің ұшын тефлонды түтікте тігуге болатынын ескерген жөн.
Науқас 7 2 сағаттан соң келсе, жарақатта іріңді қабыну дамиды, бұл кезде біріншілік (кеш) хирургиялық өңдеу жүргізеді және іріңді процесті тоқтататын ем жасайды: іріңдікті тіліп, дренаждайды, жарақатты антибактериалды препараттармен жуып -шаяды. Қабынған процесті жойған соң, ерте екіншілік тігіс салады. Жарақатқа міндетті түрде түтікше салады. Барлық жағдайда схема бойынша сіреспеге қарсы сарысу енгізу көрсетілген.
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАРЬІНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ
Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттар мен зақымдануларды зерттей отырып Д. А. Энтин және Б. Д. Кабаков 1951 жылы олардың жіктелуін ұсынды. Бірақ, осы уақыт аралығында көптеген терминдер, этиологиясы, сипаттамасы, бейбіт уақытта болатын жарақаттардың құрамы өзгерді. Осыған байланысты С. М. Киров атындағы соғыс-медициналық академиясының жақ-бет хирургия кафедрасының ұжымы, жоғарыдағы жіктелу мен Ю. И. Бернадский, П. 3. Аржанцев, Т. Л. Лурье, Ж. Б. Оразалин т. б. ғалымдардың үсыныстарын негізге ала отырып, 1984 жылы жаңа жіктелуін ұсынды.
Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:
I. Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:
1. Орналасуы бойынша;
А. Жүмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г) қан тамырларының.
Б. Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет ( сүйегі) мұрын сүйектері; д) екі және онан көп сүйектер.
2. Жарақаттар түрі бойынша: тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.
3. Зақымданудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.
II. Аралас зақым.
III. Күйіктер.
IV. Ісіктер.
Ескерту. Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке, жеке көптеген, жеке қосымша (бастысы және қатар жүретін), қосымша көптеген (қатар жүретін және бастысы).
Халықаралық статистикалық жіктелуі.
Себебі бойынша:
I. Өндірістік:
А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
II. Өндірістен тыс: а) түрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда
Егер зақым өндірістен болса, онда жүмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-І/У формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094- /У формасын береді.
Сынық түрі бойынша:
а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп жерден;
б) сынық бағытына байланысты: қисық, үзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т. б.;
в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;
г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;
д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.
Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына, бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақтылы білу қиын. Өйткені күштің тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші, белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.
Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бүлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып, аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.
Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.
ж) Жарқыншақтар ауытқуы мен қозғалуына байланысты (С. С. Тигерштед): қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, салынбайтын болып бөлінеді.
е) Ашық және жабық сынықтар.
Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, ал жабық — қатынасы болмаған жағдайда болады.
Сынық — сүйек бүтіңдігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндер де жарақаттанады.
Барлық адам қаңқасының ішінде бет-жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-тен 8%-ке дейін кездеседі.
Оның ішінде орташа есеппен 80% төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері: 1) Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек. 2) Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отырып ең осал жерінде сынады. 3) Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді. Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады. Себебі: 1) Жоғарғы жақ сүйегі ми-бассүйек тереңінде (артында) және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.
Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артқа қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет (балтаның шүйдесімен т. б.)
Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр. Мысалы Ж. Б. Оразалиннің (1981) ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5 мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павлодар қалалары бөліседі.