Аса қатерлі, карантинді инфекция. Аса қатерлі инфекция анықталған кездегі дәрігердің тактикасы.

#1*!Обаның өкпелік түріне ЕҢ ТӘН белгілер:

А. көпіршікті қанды қақырықты жөтел

В. кеудеде бұрап ауыратын ауыру сезімі, ентігу

С.өкпе-тамырлық жеткіліксіздігінің үдеюі

Д. қақырықпен бірге бөлінетін көп мөлшерлі оба таяқшалары

Е. физикалды тексеру кезіндегі ауыр интоксикация белгілері айқын емес көрінісі

#2*!Сібір жараның терілік формасын КӨБІНЕСЕ дифференцирлейді:

А. күйдіргімен

В.стрептодермиямен

С. обаның терілік формасымен

Д. банальді карбункулмен

Е. туляримияның жаралы - бубонды формасымен

#3*!Түбі қою қоңыр түстес, шеттері көтеріңкі және серозды-геморрагиялық бөлінділері бар ауырсынусыз жара қай инфекцияға тән?

А. оба

В. тырысқақ

С. туляремия

Д. сібір жарасы

Е. Эбола қызбасы

#4*!Обаның қай түрінде адам қоршаған ортаға көбінесе қауіпті болады?

А.терілік

В. өкпелік

С. бубонды

Д. ішектік

Е. септикалық

#5*!Науқас С 30 жаста, сұйық нәжіске және сулы бөліністері бар құсуға, әлсіздікке, бас айналуына шағымданады. Түнде ауырған. Объективті: жағдай ауыр, терінің жалпы көгеруі, шырышты қабаттарының құрғауы, көз алмалары шүңірейген, бет әлпеті кескінделген, тері тургораы айқын төмендеген, «тігінші қолы», тері қатпарлары баяу жазылады. Аяқ-қолдары суық, дене температурасы 35,8°С, пульс жіп тәрізді, пульс 130 минутына, АҚ 60/30 мм.с.б.Іші ауру сезімінсіз.Нәжісі сұйық, су тәрізді «күріш қайнатпасы» тәрізді, кіші дәретке бармаған.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. Оба

В.тырысқақ

С. дизентерия

Д. сальмонеллез

Е. тағамдық токсикоинфекция


#6*! Науқас 53 жаста, малшы, ЖШМК ауруының 4 күні бетінің ісінуімен шағымданып келді. Оң бетінде «безеу» болған,оның көлемі ұлғайған, беті ісінген. Сол бетінің астыңғы жақтың төменгі бұрышында ортасында майда геморрагиялық құрамды көпіршіктермен шектелген пустула. Беті мен мойны бұғанаға дейін ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері тығыздалған, ауру сезімінсіз.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. сібір жарасы

В. мойын бұлшық еттерінің флегмонасы

С. сол жақты тонзилярлы абсцесс

Д. ауызжұтқыншақ дифтериясы, токсикалық формасы

Е. Беттің біріншілік тілмесі, эритематозды-буллезды форма

#7*!Бала 14 жаста, 4-ші тәулік ауырып жатыр. Ауруы жедел, дене темперасурасы 400С дейін жоғарлаған, әлсіздіктен, тежелуден, сандырақтаудан, қайталамалы құсудан басталды.Кейін оң жақ санның алдыңғы беткейінде дақ пайда болды, артынан папула, везикула, қызыл тәж сияқты қоршалған. Оң шап лимфа түйіні улкейіп, айқын ауыра бастады. Аурудан 3 күн бұрын сарышұнақты тауып, үйге әкелген.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А.Оба

В.тырысқақ

С.туляремия

Д.сальмонеллез

Е.тағамдық токсикоинфекция

#8*!Науқас 13 жаста, әкесімен аңға шыққан, су қоймаларынан су ішкен. 4 күннен кейін жедел ауырған: тамағының ауруы, дене температурасының 38,90Скөтерілуіне, мойыннын оң жағының ауруы мазалайды. Қараған кезде: жағдайы орташа ауырлықта. Бадамшалары, таңдай доғалары, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты гиперимияланған. Оң жақ бадамша 2-ші өлшемге дейін ұлғайған. Бадамшаларда сұр тығыз жабынды, қиын алынады. Мойын лимфа түйіндер пальпацияланады, сол жақта 0,5 см-ге дейін, оң жақта 3 см-ге дейін диаметрде, ауру сезімді,қозғалмалы.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А.Оба

В.тырысқақ

С.туляремия

Д.сальмонеллез

Е.тағамдық токсикоинфекция

#9*!Ер адам 20 жаста, ауруының 2 күні бас ауруына, қалтырауға шағымданып, 103 шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, температурасы 40,2С. Адинамия, бозару, еріннің шырышты қабаты цианозы. Жамбас пен аяқ терілерінде көп мөлшерде әр түрлі формалы геморрагиялық бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 130 мин, толуы мен кернеулігі әлсіз. АҚ 60/20 мм.с.б. Олигоурия.

Қай дәрілік препаратты қолдану ең ҚОЛАЙЛЫ?

А.гепарин

В.рефортан

С.допамин

Д.эпинефрин

Е.фуросемид

#10*!Ұл бала 17 жаста. Қатты бас ауруына, құсуға шағымданады, жақында ауырған. Объективті: жағдайы ауыр, температурасы 40С. Тежелген, сұрақтарға біртекті жауап береді. Басы артқа шалқайған және тізесі ішіне қарай бүгілген бір қырында жатыр. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 80 рет мин. АҚ 140/90 мм.с.б. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтлігі, Керниг симптомы айқын.

Жедел көмек көрсетуде төменгі аталғандардан ең ҚОЛАЙЛЫСЫ?

А.левомицетин

В.ампициллин

С.пенициллин

Д.эпинефрин

Е.кофеин

#11*!Ер адам 20 жаста. Кеше таңертеңнен бері науқас: температура 39,8С дейін жоғарылаған, қатты бас ауруы, тағам қабылдауына байланыссыз құсу. Объективті: жағдай өте ауыр. Ессіз. Температура 40С. Бөртпелер жоқ. Қимылдық қозу, аяқ-қолдарында тырысулар. Гиперестезия. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі айқын, Керниг және Брудзинский симптомдары айқын оң.

Ең ҚОЛАЙЛЫ тактиканы көрсетіңіз:

А.учаскелік дәрігерге актив

В.поликлиникаға жіберу

С.инфекциялық стационарға госпитализация

Д.реанимация бөлімшесіне госпитализациялау

Е.емдеу бойынша ұсыныстар беру және үйінде қалдыру

#12*!Ер адам 25 жаста. Медициналық пунктке келгенде басының ауруына,жүрек айнуға,құсуға,жарыққа,дыбысқа жоғары сезімталдыққа шағымданған.Жуырда жедел ауырған.Қарап тексергенде: жағдайы ауыр.Дене қызуы 40,8˚С .Әлсіз,тежелген.Кеудесінде көптеген геморрагиялық бөртпелер.Пульс104 рет минутына,ырғақты.АҚҚ 110/60мм.с.б.Жүрек үндері әлсіз ,ТЖ-26 минутына.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырыл жоқ.Шүйде бұлшықеттің айқын регидттілігі,Керниг симптомы оң.

Ең ҚОЛАЙЛЫ тактика:

А. учаскелік дәрігерге актив

В. поликлиникаға жіберу

С. инфекциялық стационарға госпитализация

Д.реанимация бөлімшесіне госпитализациялау

Е.емдеу бойынша ұсыныстар беру және үйінде қалдыру

#13*!ТЫРЫСҚАҚ СИМПТОМЫ

А.ісіну

В.сарғаю

С.түбі қошқылданған жара

Д.қан және шырыш аралас улкен дәрет

Е.су тәрізді улкен дәрет

F.жылдам дамитын сусыздану

#14*! ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫ АНЫҚТАЛҒАНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР

А.үйде қалдыру

В.науқасты оқшаулау

С.бөлмені желдету

Д.емханаға актив беру

Е.ем туралы ұсыныс беру

F.науқас туралы аға дәрігерге хабарлау

#15*!АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ОБА АУРУЫНА ТӘН

А.тасымалдаушылар бүргелер

В.тасымалдаушылары масалар

С.ауруды су ішкенде жұқтырады

Д.жұқтырудың парентералды жолы бар

Е.клиникасында дегидратация белгілері басым

F.жұқтыру кеміргештермен және олардың мәйттерімен жанасқанда болады

Жауап эталондары

Наши рекомендации