Балалар эндокринологиясы» блогы 4 курс жм
1. Төменде көрсетілген ішкі секреция бездердің бірі инсулин өндіреді:
А) сілекей бездері
Б) ұйқы безі
В) айырша безі
Г) қалқанша безі
Д) қалқанша маңы безі
2. Балалардағы 1 типті қант диабет кезіндегі Диабетикалық триада белгілерін көрсетіңіз:
А) шөлдеу, полиурия, арықтау
Б) ауыздың кебуі, полиурия, семіру
В) шөлдеу, полиурия, жайсыздану
Г) арықтау, полифагия, штің ауру сезімі
Д) іш өту, іш кебу, арықтау
3. Инсулин тапшылық кезіндегі клиникалық белгілерге жатпайды:
А) сусыздану
Б) бауырдың ұлғаюы
В) тахикардия
Г) ентігу
Д) тершеңдік
4. Инсулинді артық мөлшерде енгізгендегі клиникалық белгісіне жатпайды:
А) Гиперфагия
Б) Әлсіздік
В) Тершеңдік
Г) Бас ауру
Д) Гипертермия
5. Төменде көрсетілгендердің ішінде гипогликемияның бір белгісін көрсетіңіз:
А) тартылулар
Б) гипотония
В) гипорефлексия
Г) гипотермия
Д) терінің құрғауы
6. Қант диабетінің асқынуларына жатпайды:
А) диабетикалық нефропатия
Б) перифериялық нейропатия
В) микроангиопатия
Г) диабетикалық ретинопатия
Д) іркілісті кардиомиопатия
7. Әлемде қант диабетімен сырқаттанады:
А) тұрғындардың 0,5-0,6 %
Б) тұрғындардың 5-6 %
В) тұрғындардың 15-16 %
Г) тұрғындардың 25-26 %
Д) тұрғындардың 35-36 %
8. Төменде көрсетілген заттардың бірі инсулин секрециясының негізгі стимуляторы болып табылады:
А) кальций
Б) ацетон
В) натрий
Г) калий
Д) глюкоза
9. Инсулиннің негізгі физиологиялық әсеріне қанда төменде көрсетілген заттардың бірін төмендету қабілеті жатады:
А) холестерин
Б) ацетон
В) натрий
Г) калий
Д) глюкоза
10. Инсулиннің физиологиялық антагонисті болып табылады:
А) лептин
Б) кортизол
В) глюкагон
Г) соматостатин
Д) паратгормон
11. Алғашқы зәрден глюкозурия пайда болуы үшін глюкозаның реабсорбия межесі болып төменде көрсетілген гликемия деңгейлерінің бірі болады (ммоль/л):
А) 2-3
Б) 5-6
В) 9-10
Г) 15-16
Д) 19-20
12. Қантты диабеттің емінде мынаның алдын алудың қажеті жоқ:
А) глюкозурияның
Б) ацетонурияның
В) гипергликемияның
Г) микроальбуминурияның
Д) изогипостенурияның
13. қантты диабеттің компенсация критерийлеріне жатпайды:
А) гликогемоглобин 7 % төмен
Б) гликемия ашқарынға 5,0-7,2 ммоль/л
В) астан кейін 2 сағаттан кейінгі гликемия 10 ммоль/л төмен
Г) артериалды қан қысымы 130/80 мм с.б.б.төмен
Д) төмен тығыздықты липопротеиндер 2,6 ммоль/л аса
14.Инсулин тағайындаудың абсолютті көрсеткіші болып табылады:
А) Предиабет
Б) 1 типті қантты диабет
В) 2 типті қантты диабет
Г) Гестациалы қантты диабет
Д) Басқа типті қантты диабет
15. Ультрақысқа инсулин әсерінің ұзақтығы (сағатпен):
А) 0,5-1
Б) 3-4
В) 6-8
Г) 10-12
Д) 18-20
16. Қысқа инсулин әсерінің ұзақтығы (сағатпен):
А) 0,5-1
Б) 3-4
В) 6-8
Г) 10-12
Д) 18-20
17. Ұзақ әсерлі инсулин (гларгин, детемир) әсерінің ұзақтығы (сағатпен):
А) 10
Б) 12
В) 16
Г) 20
Д) 24
18. Ұзақ әсерлі пиксіз (шыңсыз) инсулин (гларгин, детемир) тағайындалады:
А) Үш күнде 1 рет
Б) Екі күнде 1 рет
В) Күніне 1 рет
Г) Күніне 2 рет
Д) Күніне 3 рет
19.Балалардағы 1 типті қантты диабеттің симптомдар кешеніне жатпайды:
А) полидипсия
Б) полиурия
В) терінің қышуы
Г) арықтау
Д) тырысулар
20. Қант диабетімен ауыратын баладағы таңертеңгі гипергликемияның себебі инсулин мөлшерінің мына уақытта жеткіліксіздігі нәтижесінде болуы мүмкін:
А) ұйқы алдындағы пролонгирленген инсулин
Б) таңғы ас алдындағы қысқа инсулин
В) түскі ас алдындағы қысқа инсулин
Г) кешкі ас алдындағы қысқа инсулин
Д) ұйықтар алдында қысқа инсулинді шаншу
21. қант диабетінің 1 типімен ауыратын баланың рационындағы 65 % тәуліктік калоражды құрайтын өнімдерге төмендегі көрсетілген компоненттердің біреуі сәйкес келуі керек:
А) өсімдік және жануарлар майы
Б) өсімдік текті ақуыздар
В) жануар текті ақуыздар
Г) жеңіл сіңірілетін көмірсулар
Д) баяу сіңірілетін көмірсулар
22. қант диабетінің 2 типінің негізгі патогенезін көрсетіңіз:
А) ішекте глюкоза сіңірілуінің жоғарлауы
Б) абсолютті инсулинді жеткіліксіздік
В) инсулиндірезистенттілік
Г) контринсулярлы гормонның жоғарлауы
Д) глюкозаулылығы
23. 2 типті қантты диабеттің қауіп-қатер факторына жатпайды:
А) висцералді семіру
Б) жақын туысқандардағы қант диабеті
В) аз қозғалыс
Г) рафинирлі көмірсуларды көп қолдану
Д) Емдәмде клетчатканың аз болуы
24.Төменде көрсетілгендердің бірінде гипогликемиялық әсер басым:
А) жұқпалы инфекция
Б) физикалық жүктеме
В) интеркуррентті ауру
Г) психикалық стресс
Д) артық тамақтану
25.1 типті қант диабет кезінде «бал айы» кезеңіндегі инсулин дозасын (бірл/кг/тәу) көрсетіңіз:
А) 0,3-0,4
Б) 0,5 – 0,6
В) 0,7-0,8
Г) 0,9-1,0
Д) 1,0 артық
26. 1 типті қант диабетті жасөспірімдегі инсулин дозасын (бірл/кг/тәу) көрсетіңіз:
А) 0,3-0,4
Б) 0,5-0,6
В) 0,7-0,8
Г) 1,0-1,1
Д) 1,1 артық
27. Гликолизденген гемоглобиннің көрсеткіші төменде көрсетілген уақыт аралығындағы диабеттің метаболикалық бақылау деңгейін көрсетеді:
А) апта
Б) бір ай
В) үш ай
Г) алты ай
Д) бір жыл
Ант диабеттімен ауыратын науқастың аяқ басын қарағанда пульсацияның төмендеуі, терінің құрғауы мен бозаруы, іріңді некротикалық өзгерістері бар трофикалық жаралар анықталды. Табандағы өзгерістер нені көрсетеді?
А) табанбуындарының созылмалы қабынуын
Б) диабетикалық табан синдромының болуын
В) табанның дәнекер тіндерінің зақымдалуы
Г) иммунокомплексті дамудың қабынуы
Д) репаративті мүмкіншіліктердің бұзылысы
29. Науқаста ацетонурия анықталса, алдымен зерттеу қажет:
А) ашқарынға гликемияны
Б) глюкозотолерантты тестті
В) қандағы калийді
Г) гликозилирлі гемоглобинді
Д) базалды инсулин деңгейін
30. Балада қант диабетінің 1типі кезінде кетоацидотикалық кома жағдайында натрий бикарбонатын енгізудің көрсеткіші төменде көрсетілген қандағы рН болады:
А) 7,0 кем
Б) 7,1-7,3
В) 7,4-7,6
Г) 7,7-7,9
Д) 7,9 артық