Азіргі уақыттағы сепсис ағымының өту ерекшеліктері

1. Септицемиялық формалар мен бактериалды шоктың басым болуы

2. Ену қақпасының орнында анық клиникалық зақымданудың болмауы

3. Жиі грамм теріс флора себіледі

4. Кіндіктік сепсис кезінде кіндік артериясы емес, кіндік венасы жиі зақымданады

5. Candida тұқымының саңырауқұлақтармен шақырылған остеомиелиттер, менингоэнцефалиттердің жоғары жиілікте кездесуі.

Сепсистің емінде негізгі орын алатындар:

1. Микробтың сезімталдығы ескерілген антибактериалды терапия, максималды жасына байланысты доза, сондай ақ, әр түрлі жолдармен көк тамырға, бұлшықетке, ауыз арқылы енгізетін 2 антибиотиктен кем болмайтын терапия.

2. Дезинтоксикациялық терапия

3. Иммунотерапия – алғашында пассивті иммунитетті, содан кейін иммуномодулятордың және адоптогендердің көмегімен иммуностимуляциялау

Тест тапсырмалары

1.Нәрестеде өмірінің 8-ші күні кіндік, шап қатпарлары аймағында қызару, сулану, сызаттану түрінде эритемалар пайда болып, ол ары қарай іш, кеуде терісіне таралды. Солғын көпіршіктер пайда болды, Никольский симптомы оң, аумақты эрозиялар бар. Қайнаған суға күйгендей. Мейілінше жуық диагнозды көрсетіңіз:

А. везикулопустулез

Б. пемфигус

В. Риттердің эксфолиативті дерматиті

Г. тілме (рожа)

Д. нәрестелер флегмонасы

2.Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы нәрестелердегі іріңді омфалитке тән:

А. кіндік сақинасы өзгеріссіз

Б. кіндіктен серозды бөлініс

В. кіндік пиореясы

Г. кіндік жарасынан геморрагиялық бөлініс

Д. терінің кіндік қабықшасына өтуі

3.Нәрестелердің іріңді омфалитін емдеуде төмендегілердің қайсысы ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:

А. кіндікті 1-2% бриллиант көгінің ерітіндісімен өңдеу

Б. кіндікті сутегінің асқын тотығымен өңдеу

В. антибактериалды ем

Г. бұлшық етке преднизолон тағайындау

Д. физиоем

4.Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы сәбилердегі сепсистің септицемиялық түрінің клиникасына ТӘН ЕМЕС?

А. интоксикация

Б. дистрофия

В. ошақтардың болуы

Г. сарғыштық синдромы

Д. геморрагиялық синдром

5.Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы септикалық процесстер кезінде пассивті иммунотерапия мақсатында қолданылады:

А. антибиотиктер

Б. стафилококкты анатоксин

В. пентоксил

Г. натрий нуклеинаты

Д. Т-активин

6.Нәрестенің везикулопустулезі мына төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысымен шақырылады?

А. вируспен

Б. стрептококкпен

В. ішек таяқшасымен

Г. стафилококкпен

Д. кандидамен

7.Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы сәбилердегі сепсистің септицемиялық түрінің клиникасына ТӘН ЕМЕС?

А.интоксикация

Б.дистрофия

В.ошақтардың болуы

Г.сарғыштық синдромы

Д.геморрагиялық синдром

8.Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы септикалық процесстер кезінде пассивті иммунотерапия мақсатында қолданылады:

А.антибиотиктер

Б.стафилококкты анатоксин

В.пентоксил

Г.натрий нуклеинаты

Д.Т-активин

9.Нәрестенің везикулопустулезі мына төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысымен шақырылады?

А.вируспен

Б.стрептококкпен

В.ішек таяқшасымен

Г.стафилококкпен

Д.кандидамен

10.Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы неонаталді сепсис дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:

А. реанимациялық шараларды жүргізу

Б. нәрестеде фенилкетонурия болуы

В. 12 сағат бойына сусыз кезең

Г. анасында инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы

Д. өмірінің алғашқы аптасында жергілікті іріңді инфекция болуы

Рсақішілік инфекция

Соңғы жылдары бір жағынан жаңадан шығарылған және енгізілген неғұрлым ақпаратты диагностикалық тәсілдерге, екіншіден, ересектердің инфицирленуінің абсолютты өсуіне байланысты құрсақішілік инфекцияның көбею тенденциясы байқалуда.

Бұл инфекция ерекшелігі таралу жиілігі мен ағымының , жүктіліктің өтуіне әсері мен салдарының алуан түрлілігінде. Құрсақішілік инфекцияның гестациялық кезеңдегі, нәрестелік кезеңдегі патологиялық жағдайлардың, балалық және адам өмірінің кейінгі шақтарындағы аурулар патогенезіндегі маңызы зор. Құрсақішілік инфицирлену жас балалар мен жаңа туылған нәрестелердің аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

Ұрық пен жаңа туылған нәрестенің қазіргі кездегі басты инфекция қоздырғышы ТОRCН – комплекс инфекциялары (токсоплазмоз, кызылша, герпес, цитомегалия, хламидиоз), микоплазмалар, саңырауқұлақтар мен вирустар.О (OTHER) топқа сифилис , хламидиоз және т.б инфекциялармен қатар листериоз да жатады.

Инфекцияның ұрыққа енуінің бірнеше жолы белгілі: 1) гематогенді немесе трансплацентарлы – плацентарлы тосқауыл арқылы ұрыққа ену ; 2) өрлемелі – жатыр мойны мен ұрықтанған жұмыртқажасушасының кабығы арқылы ену; 3) төмендеген – жатыр түтігі арқылы; 4) трансмуральді (контакт арқылы) – инфицирленген эндометрия арқылы.

Инфекцияның трансплацентарлы жолы плацентаның бүраралық кеңістігінен ұрықтың қантамырлар жүйесіне еніп, ары карай оның ағзаларында дессеминацияланатын инфекциялық агенттің бар болуында пайда болады. Әйелдің жүктілік кезіндегі біріншілік инфицирленуі немесе ағзадағы латентты инфекцияның белсенуі вирустың ұрыққа трансплацентарлы берілу қауіпін жоғарылатады. Өрлемелі инфекция себебі жүкті әйел жатыр мойнының каналындағы инфекциялық агент болуы, сонымен қатар оның ұрық қабығы арқылы қағанақ суына енуі мүмкін. жатыр мойнындағы патологиялық өзгерістер , цервикальды сұйықтықтың қорғаныш реакциясының төмендеуі және акушерлік араласулар мен манипуляциялар инфицирлену қауіпін жоғарылатады. Инфекция ананың инфицирленген босану жолдары арқылы да жұғуы мүмкін.

Антенаталды құрсақішілік инфекция сипатына плацентарлы жетіспеушілікке, гипоксияға, құрсақішілік дамудың кідіруіне алып келетін плацентаның зақымдануы, жүктілікті көтере алмаушылыққа , төмен салмақты баланың туылуы жатады. Құрсақішілік инфекцияның ұрықтағы клиникалық көріністері қоздырғыштың ену жолынан басқа инфекцияның жұғуы жүрген жүктілік мерзіміне де байланысты.

Эмбрио- және плацентогенез кезеңінде қоздырғыштың әсерінен эмбрионның өлуі , ақаулықтардың пайда болуы, біріншілік плацентарлық жетіспеушілік дамиды. Эмбриондағы қабыну реакциясының ерекшелігіне оның альтернативті компоненттерінің ғана бар болып, фибробласттар реакциясының болмауы жатады. Сондықтан эмбриопатия эмбрионның өлуі немесе туа пайда болған ақаулықтардың түзілуімен аяқталады. Фетопатия жүктіліктің 11-аптасынан босанғанға дейін дамиды. Бұл кезеңде ағзалардың даму ақаулықтары сирек түзіледі. Фетопатияның өзіндік ерекшелігіне екі типті зақымданудың үйлесуі тән: тіндік морфогенездің өзгеруі және канайналудың бұзылысы, дистрофия, некроз, қабыну, иммундық реакциямен көрінетін реактивті өзгерістер. Жиі құрсақішілік дамудың қідіруі, цирроздық және склероздық өзгерістер, ішкі ағзалар гипоплазиясы дамиды. Бұл кезеңде жалған делінетін ақаулықтар дамиды. Осылай зәршығару жолдарының инфекциясы гидронефрозға, ал өткізілген менингоэнцефалит гидроцефалияға алып келуі мүмкін.

Кеш фетальды кезеңде( жүктіліктің 28 аптасынан кейін) ұрықта қабынудың барлық 3 компоненті де атсалысады( альтернативті, пролиферативті, кантамырлық) . Сондықтан генерализацияланған инфекциялық процесстер дамуы мүмкін. Барлық ішкі ағзалар, бірінші кезекте орталық жүйке жуйесі (энцефалит, менингит, менингоэнцефалит), бауыр (гепатит, цирроз),

өкпе (құрсақішілік пневмония, тынысалу жетіспеушілік синдромы ), журек (миокардит) зақымданады. Бұдан басқа геморрагиялық синдром, гемолитикалық анемия да дамиды. Ұрықтың инфицирленуіне әкелетін жүкті әйелдердің ауруларының ішінде ең көп көңіл бөлуді талап ететін

урогениталды инфекция (кольпит, цервицит, цистит, симптомсыз бактерурия, созылмалы және гестационды пиелонефрит), сонымен қатар созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары (созылмалы бронхит, бронхиальды астма). Қауіп факторына әйел ағзасындағы созылмалы инфекция ошақтары, олардығ жүктілік кезіндегі өршулері, ауыр акушерлік анамнез (созылмалы эндометрит, жатыр мойнының эрозиясы, сальпингоофорит) жатады.

Құрсақішілік инфекцияларды диагностикалау мәселесі өте маңызды.

Бір жағынан акушер –гинекологтар практикасында ауруды кеш анықтау орын алса, баска жағынан гипердиагностика және кажет емес антибактериялды және вируска карсы терапияның жүргізілуі жағдайды ауырлатуда.

Спицификалық клиникалық көріністерінің жоқтығы ,жиі инфекцияның субклиникалық ағымда өтуі, вирус-вирустық, вирусты-бактериалық и вирусты-бактериалы-саңырауқұлақтық ассоциациялардың пайда болуы қоздырғышты анықтау мен емдеуге ерекше қарауды талап етеді. Сондықтан қазыргі заманғы жоғары сезімтал спецификалық лабораториялық диагностика әдістері ерекше мәнге ие болып келуде.

Наши рекомендации