Клиникалық есебі бойынша жауаптарының эталоны
Клиникалық жағдай: «Геморрагиялық васкулит».
Ситуациялық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 6 жастағы қыз келіп түсті.
Аурудың негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтаңыз
Ø Науқастың объетивті жағдайын бағалаңыз
Ø Болжам диагнозды негіздеңіз
Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз
Ø Лабораторлы зерттеу нәтижелердің интерпретациялаңыз
Ø Диагнозын қойыңыз
Ø Диета тағайындаңыз
Ø Науқастың емдеу тактикасын анқтаңыз
Соңғы қорытынды(outcomes):
- Қан жүйесі ауырулары бойынша науқастардың шағымдарын жинау, ауыру анамнезі және физикалық зертеу.
- Геморрагиялық васкулиттің клиникалық диагностикасы
- ЖҚС, ЖЗС, коагулограмма интерпретация нәтижесі
- Геморрагиялық васкулитпен науқасты жүргізу тактикасы
Клиникалық тапсырма тексті:
Қыз бала Дина, 6 жаста
Шағымдарытізе буынындагы ауру сезім, аяқ және қолдарындағы бөртпелер.
Ауру анамнезі: Осыған дейін 10 күн бұрын ЖРВИ мен ауырған, амбулаторлы емделген, 11- күні жағдайы нашарлаған, аяқтарында бөртпелер, сосын тізе буындарының ісінуі және іште ауру сезім пайда болған.
Өмір анамнезінен:жиі суық тиіп ауыратыны белгілі, тұқым қуалайтын аурулары жоқ.
Қарап тексергенде: терідегі геморрагиялық петехиалді - папулезді бөртпе көп молшері жамбас аймағында және аяқтың төменгі бөлігінде. Тізе буынындағы айқын ауру сезім және қызаруы, ісінуі байқалады. Пальпацияда іш қуысының барлық бөлігіндегі ауру сезім, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.
Жалпы қан анализі Эритроцит – 4,5х1012/л, Гемоглобин - 120 г/л МСН – 28 Тромбоцит - 286х109/л Лейкоцит – 8,6х109/л Таяқша ядролы–3% Сегментті ядролы–62% лимфоцит– 29% эозинофил– % моноцит – 6% ЭТЖ - 18 мм/сағ. Коагулограмма: Қан ұю уақыты ( Ли-Уайта) Шыны ыдыста 2 мин БПТУ-Белсендірілген парциалдық тромбопластиндік уақыт 24с ПИ-протромбиндік индекс 110% Спонтанды эуглобулинді фибринолиз 360 мин ЕФМК – еритін фибрин мономерлі кешендер - жоғарылаған | Жалпы зәр анализі Түсі: ақшыл - сары Салыст. тығыздығы – 1005 Белок – жоқ Лейкоцит – 0 – 1 к/а Жалпақ. эпит. 0-2 к/а |
Бағалау беті (check-list)
Клиникалық жағдайға байланысты:
«Геморрагиялық васкулит».
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындалмады | Ескертулермен орындалды | Орындалмады | ||
1. | Шағымдарын,анамнез жинады | 1,0 | 0,5 | |
2. | Клиникалық тапсырмада берілген симптомдардың дұрыс интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | |
3. | Негізгі симптоммен мен синдромын тапты | 1,0 | 0,5 | |
4. | Болжам диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
5. | Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
6. | ЖҚА, ЖЗА интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
7. | Коагулограмма интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | |
8. | Диета тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
9. | Қортынды диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
10. | Емдеу жоспарын негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
Қорытынды балл | 10,0 | 5,0 |
Максимальды балл - 10
Клиникалық есебі бойынша жауаптарының эталоны
«Геморрагиялық васкулит».
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Жауап эталоны |
1. | Аурудың шағымдарын анықтау. Ауру анамнезін жинау. | Шағымдары: Тізе буынындағы ауру сезім,қол және аяктағы бөртпелердін пайда болуы . Ауру анамнезін жинады - Осыған дейін 10 күн бұрын ЖРВИ мен ауырған, амбулаторлы емделген, 11- күні жағдайы нашарлаған, аяқтарында бөртпелер, сосын тізе буындарының ісінуі және іште ауру сезім пайда болған. et vitae (бала жиі суық тиіп ауыратыны белгілі, тұқым қуалайтын аурулары жоқ). |
2. | Клиникаалық симуляция жағдайында келтірілген симптомдарды дұрыс талдау | Науқастың жағдайын дұрыс бағалады: ауыр; геморрагиялық синдромнан симптомның болуы (терідегі жоғарғы және төменгі қол-аяқтардағы, жамбас аймағында геморрагиялық петехиальді-папулезді бөртпелер); сүйек-буын жүйесі бөлігіндегі объективті өзгерістерді белгіледі (тізе буынындағы айқын ауру сезім және қызаруы, ісінуі байқалады), абдоминальді синдром (пальпацияда іш қуысының барлық бөлігіндегі ауру сезім, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған). |
3. | Геморрагиялық васкулиттегі басты симптомдарды, синдромдарды анықтады. | Терідегі геморрагиялық петехиальді - папулезді көп мөлшерде жамбас аймағында, төменгі аяқтардағы бөртпелер. Тізе буынындағы айқын ауру сезім және қызаруы, ісінуі байқалады. Пальпацияда іш қуысының барлық бөлігіндегі ауру сезім, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Синдромдар: геморрагиялық, абдоминальды, буындық. |
4. | Болжам диагнозды негіздеу. | Шағымдары: – тізе буынындағы ауру сезім, терідегі бөртпелер, анамнез деректері: ЖРВИ ауырганан кейінгі байланыстылыгы, айқын басталуы; объективті қарау нәтижесі: симметриялы геморрагиялық папулезді-петехиальді бөртпелердің болуы; буындық және абдоминальді синдромдары; ескере отырып, балаға қойылатын болжам диагноз: «Геморрагиялық васкулит». |
5. | Жоспарлы тексеру тағайындау | - ЖҚА, ЖЗА - коагулограмма |
6. | ЖҚА, ЖЗА интерпретациясы | 1. ЖҚА – шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы . 2. Зәр анализі - патологиялық өзгеріссіз. |
7. | Коагулограмма интерпретациясы | Коагулограмма (қалыпты көрсеткіштер): Қан ұю уақыты ( Ли-Уайта) Шыны ыдыста 5-7мин БПТУ- Белсендірілген парциалдық тромбопластиндік уақыт 32±5с Бұл балада - Гиперкоагуляция |
8. | Диета тағайындау | Гипоаллергенді диета. Облигатты аллергенді шектейміз (жұмыртқа, шоколад, тауық еті, цитрустар, құлпынай, қызыл алма, жаңғақ, икра), консерві, тұздалған. Абдоминальді синдромда модифицирленген 1 үстел. |
9. | Қортынды диагнозды негіздеу | Шағымдары: Тізе буынындағы ауру сезім, терідегі бөртпелер; анамнез деректері: ЖРВИ ауырғанан кейінгі байланыстылығы, айқын басталуы; объективті қарау нәтижесі: симметриялы геморрагиялық папулезді-петехиальді бөртпелердің болуы; буындық және абдоминальді синдромдары; зертханалық деректерінде: гиперкоагуляция, шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауын ескеріп балаға қойылатын диагноз: «Геморрагиялық васкулит, тері-буындық, абдоминальдық түрі, белсенділігі 2 дәреже». |
10. | Емдеу жоспарын негіздеу | Емнің сызбасы негізгі патогенитикалық механизмге және антикоагулянты, дезагреганты қосқандағы емнің әсері - гепарин 400 ХБ/кг/тәу, трентал 4мг/кг/тәу, курантил 5мг/кг/тәу. |
Симуляцияны жабдықтау:
1. Тапсырмамен парақ, қадамдарды бағалау критерийлері
2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, фонендоскоп
Жихаз-саймандар:оқу бөлмесі – дәрігер бөлмесі.
Жастықты тақтай төсек (кушетка) – 1
Құралдарға арналған үстел – 1
Құрастырған: №1 Бала аурулары курсының мең. м.ғ.д. Орынбасарова К.К., мемлекеттік тілге аударған асс. Кукембай У.К.
Рецензент:№1 Бала аурулары кафедрасының профессоры Имамбаева Т.М.
Балалар аурулары кафедрасы отырысында талқыланып бекітілген, (****** 2016.,хаттама №**)