Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *3*70*1
#156
*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ - 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Балаға бірден антибактериалды ем тағайындалды. Антибактериалды емнің ұзақтығы?
*1-3
*5-7
*7-10
*+10-14
*10-20
#157
*!3 жастағы балада дизурия эпизодтары қайталануда, анамнезінде несептегі өзгерістер. Жоғары температура, интоксикация болған жоқ. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура 37оС, жиі ауру-сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру-сезімі. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да:белок 0,066 г/л, лейк. 12-15 к/а., эритр. 3-4к/а, бактериялар+++. Мейілінше қай препаратты тағайындаған дұрыс?
*сифлокс
*имепинем
*+аугментин
*фурагин
*левофлоксацин
#158
*!9 жастағы ұл бала, клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Несеп талдауларында өзгерістер анықталды: зәрі лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Эмпирикалық ем үшін ұсынылған антибактериалдық препараттар:
*+жартылай синтетикалық пенициллиндер
*сульфаниламидтер
*нитрофурандар
*тетрациклиндер
*макролидтер
#159
*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Несеп жүйесінің инфекциясының «эмпирикалық» антибиотикотерапиясы қандай препаратпен жүргізіледі?
*ровамицин
*+уназин
*пенициллин
*азитромицин
*фурагин
#160
*!9 жастағы қыз, клиникаға жоғары Т, белдегі ауру-сезімі, бас ауруы, шаршағыштыққа шағымданумен түсті. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. тексергенде несеп талдауларында өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Жүргізілген антибактериалды ем фонында жағдайы жақсарып, зәрі тазаланды. Мейілінше қандай препаратпен алдын алу емін жүргізген дұрыс?
*гентамицин
*амоксиклав
*офлоксацин
*ко-тримоксазол
*+нитрофурантоин
#161
*!9 жастағы қыз, жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Әлсіздікке, бас ауруына, оң жақтан белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 38,5оС-қа жоғарылауына, қалтырауға шағымданады. Жедел ауырды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсі 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, несепағар бойымен ауырады. Несеп шығару ауру сезімінсіз. Несеп талдауы: зәрі лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер және бактериялар көру аймағында жаппай, оксалаттар. Көрсетілген антибактериалды емнің қайсысы мейілінше дұрыс болып табылады?
*монурал 3 г/тәул. p/os
*гентамицин 80 мг/тәул., в/м
*+цефтриаксон 1г/тәул., в/в
* азитромицин 1000 мг/тәул.,p/os
*ципрофлоксацин 500 мг/тәул.,p/os
#162
*!12 жасар балада қант диабеті. Мына симптомдардың қайсысы антибактериалдық емді тағайындауға көрсеткіш болып табылады?
*полиурия
*глюкозурия
*гипергликемия
*+симптомсыз бактериурия
*ШФЖ төмендеуі
#163
*!3 жасар қыз балада ҚНР 3 дәр. фонында пиелонефрит өтіп жатыр. Несеп жүйесінің инфекциясының рецидивін алдын алу үшін мына препарат тағайындалады:
*амикацин
*амоксициллин
*+фурагин
*амоксиклав
*зиннат
#164
*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Пиелонефриттің «эмпирикалық»антибиотикотерапиясы терминіне қандай препаратты тағайындау сәйкес келеді?
*+цефтриаксон
*пенициллин
*азитромицин
*ципрофлоксацин
*гентамицин
#165
*!3 жастағы қыз балаға уросепсис диагнозы қойылды. Осы науқасқа қандай ем аса маңызды?
*+роцефин+амоксиклав
*ровамицин+роцефин
*амоксиклав+ципрофлоксацин
*фурагин+левофлоксацин
*сумамед+монурал
#166
*!1,5 жастағы ұл балаға НЖИ+ҚНР ІІ-ІІІ дәрежесі деген диагноз қойылды. Антибактериалды ем курсынан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштер қалпына келді. Науқасты ары қарай жүргізудің қандай тактикасы оның білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?
*хирургиялық ем
*фитотерапия 6-8 ай бойы
*1-1,5 ай бойы қуық аймағына физиоем жасау
*бір жыл бойы терапиясыз нефрологтың бақылауында болу
*+нитрофурандарды ұзақ уақыт емдік дозаның ½-1/3-ін түнге қарай тағайындау
#167
*!15 жастағы қыз, дене қызуының 38,5оС-қа дейін жоғарылауына, бас ауруына, несеп шығару кезіндегі жағымсыз сезімдерге шағымданды. Анамнезінен: өзін-өзі сезінуі нашар, дене қызуы 38◦С, пальпация кезінде – қабырға асты аймағындағы ауру-сезімі, несеп шығаруы ауру сезімінсіз. Зертханалық талдауларда: ЖҚА: Нв 110 г/л, лейкоциттер 13 мың, с/я 60%, лимф.30, мн. 10%, ЭТЖ 28 мм/сағ; ЖНТ: лайлы, белок жоқ, лейкоциттер – 20-30 к/а, эритроциттер 4-5 к/а, бактериялар +++. Бүйректің УДЗ-де: ОБ 11,0х3,4см, СБ 11,3х3,6см, паренхима өзгеріссіз, АТЖ кеңеймеген.ЕҢ дұрыс емдеу тактикасы қандай?
*фитотерапия
*+левофлоксацин
*циклоспорин А
*фозиноприл
*азитромицин
#168
*!14 жастағы қыз, жиі ауру-сезімімен зәр шығаруға, қасаға үстіндегі ауру-сезіміне, жиі жалған шақыруларға шағымданады. Бұл жағдайлар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалаудаа. Тексергенде ЖҚТ ерекшеліксіз, ЖНТ-да Ле 20-30 к/а, бактериялар+++. Мейілінше қай препаратты тағайындаған дұрыс?
*ципрофлоксацин 500 мг/тәу, в/і
*азитромицин 1000 мг/тәу p/os
*гентамицин 80 мг/тәу, б/і
*цефтриаксон 1г/тәу, в/і
*+монурал 3 г/тәу p/os
#169
*!10 айлық балада қалтыраумен өтетін қызба анықталады. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, бүйректің концентрлеу қызметінің төмендеуі анықталады. Төменде аталған препараттардың қайсысы бұл жағдайда мейілінше оңтайлы?
*бисептол 5 күн ауыз арқылы
*гентамицин 5 күнб/е
*фурагин 14 күн ауыз арқылы
*офлоксацин 5 күн ауыз арқылы
*+амоксициллин 7 күн б/е және 7 күн ауыз арқылы
#170
*!5 жасар ұл балада анасаркаға дейінгі айқын ісінулер, АҚ 90/55 мм.с.б., қан сарысуындағы креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 3,5 г/тәул (1 г/м2/тәул. астам), эр. 2 к/а. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*IgА-нефрит
*жедел стрептококктан кейінгі ГН
*фокалді-сегментарлыгломерулосклероз
*Альпорт синдромы
*+минималды өзгерістер ауруы
#171
*!Ауруханадан 7 жасар ұл бала НС, стероидсезімтал диагнозымен шығарылды. Қандай болжам мейілінше ықтимал?
*айығу
*БСА дамуы
*+рецидивтер, бүйрек қызметі сақталған
*тБСА тез дамуы
*кез келген салдар ықтимал
#172
*!5 жасар қыз балада рецидивирлеуші гематурия. Гематурияның шығу тегін анықтау үшін бірінші кезекті жүргізілетін зерттеу:
*несепті бак.себу
*тәуліктік протеинурия
*+фазалық-контрасттық микроскопия
*несеп тұнбасының микроскопиясы
*бүйрек УДЗ
#173
*!6 жасар ұл балада рецидивирлеуші макрогематурия. Науқастың мамандандырылған көмек алуға құқығын қамтамасыз ету үшін мына зерттеу бірінші кезекте жүргізіледі:
*цистоскопия
*бүйрек УДЗ
*нефробиопсия
*экскреторлы урография
*+несептің фазалық-контрасттық микроскопиясы
#174
*!17 жасар қыз ісінуге, бас ауыруына, несебінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Бұл шағымдар баспамен ауырғаннан кейін 2 апта өткен соң пайда болған. Тексергенде: беті, аяқтары ісінген, АҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қанда: белок 60 г/л, калий 41 ммоль/л, натрий 140 г/л, холестерин 3,7 ммоль/л, креатинин 128 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л; Несепте белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру алаңын тұтасымен алып жатыр. Биопсия жүргізген жағдайда гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?
*мезангиопролиферативті гломерулонефрит
*экстракапиллярлы жарты айшықтармен
*+диффузды-пролиферативті гломерулонефрит
*минималды өзгерістер ауруы
*фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
#175
*!10 жастағы ұл балада жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит болжанды. Төменде көрсетілген клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштердің қайсысы осы патологияға мейілінше тән?
*дизурия мен гематурия
*протеинурия мен жайылған ісінулер
*артериалды гипертензия және гематурия
*қайталаушы ағымы және лейкоцитурия
*+гематурия, АСЛО+, С3 төмендеген, циклді ағымы
#176
*!3 жасар қыз балада ЖРВИ-ден кейін: ісіну, асцит, олигурия. Несепте – белок 16‰. Диагноз қандай және қандай емдеу тактикасы мейілінше жөн болып табылады?
*жедел пиелонефрит, антибиотики
*аллергиялық ісіну, антигистаминдік препараттар
*пневмония, кеуде торының шолу рентгенографиясы
*+минималды өзгерістер ауруы, несеп талдауы, бүйрек УДЗ, кесте бойынша преднизолон
*кардит, эхокардиограмма, антибиотиктер, кардиопротекторлар
#177
*!10 жасар ұл бала макрогематурия және аяқтарында ісінудің пайда болуына байланысты ауруханаға түсті. Анамнезінде бүйрек ауруы жоқ. Қарағанда: АҚ 145/95 мм с.б. Зертханалық мәліметтер: несепте тәуліктік протеинурия 1,5 г, эритроциттер өте көп, қанда креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 10,2 ммоль/л. УДЗ-де екі бүйрек те ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*жүйелі васкулит
*несеп-тас ауруы
*геморрагиялық цистит
*несеп жүйесінің инфекциясы
*+жедел нефритикалық синдром
#178
*!10 жасар ұл бала бетінің, аяқтарының ісінуіне, басының ауыруына, белінің сыздап ауыруына, жалпы әлсіздікке және лайлы қызғылт несептің пайда болуына шағымданады. Өзін 3 күннен бері науқаспын деп санайды. Тұмаумен ауырып кеткен, осыдан 2 апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда: температура 37,7°С. Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Беті ісіңкі, балтыры мен табанына ісіну бар, терісі боз. Пульсі 84/мин., АҚ 165/100 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды. Несебінің түсі «ет жуындысы» тәріздес. Қандай зертханалық өзгерістер мейілінше шынайы болмақ?
*лейкоцитурия, бактериурия
*гиперпротеинемия, протеинурия
*+макро-, микрогематурия, азотемия
*макрогематурия, лейкоцитурия, бактериурия
*гипопротеинемия, протеинурия, гиперхолестеринемия
#179
*!8 айлық қызда фин типіндегі туа біткен нефротикалық синдром диагнозы болжануда. Бұл ауруға қандай ағым мейілінше тән?
*+преднизолонмен емге резистенттілік және тБСА-ға дейін үдеуі
*стероид-сезімтал, жиі қайталанатын
*стероид-сезімтал, сирек қайталанатын
*кеш-сезімтал
*стероид-тәуелді
#180
*!5 жасар ұл балада стероид-тәуелді, жиі қайталанатын нефротикалық синдром. Мынадай шешім қабылданды: емге циклоспорин А қосу. Қандай жағдай циклоспоринді тағайындау үшін дұрыс болып табылады?
*+ремиссияға қол жеткізгеннен кейін және стероидтардың альтернирлеуші режиміне көшкеннен кейін
*альтернирлеуші режимнен кейін 2 айдан соң
*стероидты алып тастағаннан кейін
*бүйрек биопсиясынан кейін
*тағайындауға көрсеткіш жоқ
#181
*!17 жасар жас жігіт ісінуге шағымданып емханаға келді. Бұл шағымдар бір апта шамасында мазалайды. Протеинурияның 3,7 г/л дейін анықталуына байланысты ауруханалық тексеруге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейінгі ауқымды ісіну, АҚ 100/60 мм с.б. Талдауларда: креатинин 70 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәул., эр. 2 к/а. Тағайындалған стероидты ем толық ремиссияға жеткізді. Мейілінше шынайы морфологиялық диагноз қандай?
*IgA-нефропатия
*диффузды-пролиферативті ГН
*экстракапиллярлы ГН жарты айшықтармен
*+минималды өзгерістер ауруы
*фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
#182
*!5 жастағы бала баспамен ауырғаннан кейін клиникаға бетінің пастоздығымен түсті. Несеп талдауларында келесі өзгерістер анықталды: салыст.тығызд 1010, несеп түсі қою қоңыр, белок 1,5 г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер – көру аймағында жаппай, цилиндрлер 10-15 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы мейілінше мүмкін болып табылады?
*пиелонефрит
*нефротикалық синдром
*+нефритикалық синдром
*ГУС
*геморрагиялық цистит
#183
*!7 жастағы қызда 3 күн бойы айқын ісінулер, несепте – белок 6 г/л. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер қажет?
*+қандағы белок, альбумин, холестерин
*АСЛ-О, ЭКГ
*қандағы креатинин
*динамикада ЖҚА+ЖЗА
*бүйрек УДЗ
#184
*!12 жасар қыз бала нефрология бөлімшесіне бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Бақылау қан анализдерінде креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. ЕҢ мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
*нефротикалық синдром
*нефритикалық синдром
*тубулоинтерстициалдық нефрит
*жекелеген несептік синдром
*+тез үдемелі гломерулонефрит
#185
*!14 жасар жасөспірім бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Бақылау қан анализдерінде креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Тез үдемелі гломерулонефритке күдіктенді. МЕЙІЛІНШЕ ықтимал клиникалық диагноз?
*Берже ауруы
*+тез үдемелі гломерулонефрит
*нефротикалық синдром
*бүйректің созылмалы ауруы
*бүйректің жедел зақымдалуы
#186
*!Стационарға 14 жастағы науқас 2 апта ішінде креатинин деңгейі 75-тен 170мкмоль/л-ге дейін өсуімен түсті, ауру басталғанда зәр түсінің өзгергеніне шағымданды. Ерте анамнеінде бүйрек ауруларына сілтемелер жоқ. Зертханалық мәліметтер бойынша – гематурия дисморфты эритроциттері басым, протеинурия 1 г/тәу, ЭТЖ 45мм/сағ, УДЗ-де бүйрек өлшемдері ұлғайған, конкременттер мен іркілістер жоқ. Қандай зерттеу әдісі емдеу тактикасын анықтауға көмектеседі?
*қандағы холестерин
*қан тобы мен резус-фактор
*тәуліктік протеинурия
*+бүйрек биопсиясы
*бүйрек КТ
#187
*!13 жастағы пациент, проф.қарау кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80мм с.б. Қандай тактика мейілінше дұрыс?
*стероидтар тағайындау
*антибиотиктер тағайындау
*цистоскопия жасау
*бүйрек биопсиясына жіберу
*+эритроциттерді ажырату
#188
*!9 жастағы науқаста – нефротикалық синдром+нефритикалық, анамнезінде преднизолонмен жүргізілген сәтсіз ем. Мейілінше мүмкін болатын морфологиялық диагноз қандай?
*экстракапиллярлы ГН
*эндокапиллярлы диффузды-пролиферативті ГН
*мезангио-пролиферативті ГН
*минималды өзгерістер ауруы
*+фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
#189
*!Амбулаторлық тексеру кезінде 15 жасар жасөспірімде созылмалы бүйрек ауруының белгілері, естудің төмендеуі, несепте протеинурия, гематурия анықталды, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталған. Мейілінше мүмкін диагноз қандай?
*жұқа мембрана ауруы
*Фанкони нефронофтизі
*отбасылық гематурия
*+Альпорт синдромы
*Берже ауруы
#190
*!Науқаста гломерулопатияның морфологиялық варианты анықталған – ФСГС, демеуші патогенетикалық ем қабылдайды: циклоспорин А және метилпреднизолон. Науқасқа міндетті түрде қандай кезеңдік зерттеу өткізу қажет?
*ФГДС
*бауыр ферменттері
*окулист кеңесі
*стоматолог кеңесі
*+қандағы циклоспорин А концентрациясын анықтау
#191
*!12 жастағы қыз бала бас ауыруына, қабақтары мен аяқтарының ісінуіне шағымданып бөлімшеге түсті. Қарағанда: қабақтары мен аяқтары аздап ісінген, АҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, ж. белок 56 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 12 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; несепте белок 2 г/л, эритроциттер к/а көп мөлшерде, лейкоциттер 2-3 к/а. Қанның бақылаулық талдауында креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Биопсия жүргізгенде гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы анықталуы ықтимал?
*+экстракапиллярлы ГН
*минималды өзгерістер
*мембранозды гломерулонефрит
*фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*мезангиопролиферативті гломерулонефрит
#192
*!Ауруханаға түскен 14 жастағы науқаста 2 апта ішінде креатинин 75-тен 170 мкмоль/л-ге дейін жоғарылаған, шағымдары: ауру басталғанда несептің түсі өзгерген. Ертеректегі анамнезін жинағанда бүйрек ауруының болмағандығын айтты. Зертханалық мәліметтер: гематурия – басым көпшілігі дисморфты эритроциттер, протеинурия 1 г/тәул, ЭТЖ 45 мм/сағ, УДЗ-де бүйрек ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Емдеу тактикасын анықтауға қандай тексеру әдісі көмектеседі және науқастың мамандандырылған көмек алуға құқығын қамтамасыз етеді?
*бүйрек тамырларының УДДГ
*бүйрек КТ
*АСЛ-О
*+бүйрек биопсиясы
*экскреторлы урография
#193
*!11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ. – 1025. Глюкокортикостероидтармен патогенетикалық ем 6 апта мөлшері жүргізілді, ремиссия болған жоқ. Биопсия кезінде гломерулонефриттің морфологиялық варианты – ФСГС анықталды. Балаға циклоспорин-А мен метилпреднизолон тағайындалды. Науқасқа міндетті түрде қандай кезеңдік зерттеу өткізу қажет?
*ФГДС
*бауыр ферменттері
*окулист кеңесі
*стоматолог кеңесі
*+қандағы циклоспорин А концентрациясын анықтау
#194
*!13 жастағы ұл бала, клиникаға ісінулерге шағымданумен түсті. Анамнезінен: бұл жағдайлардың дамығанына бір апта. 3,7 г/л протеинурия анықталуына байланысты стационарлық емделуге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 110/70 мм. С.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәу., эр. 2-3 к/а. Патогенетикалық мақсатпен преднизолон терапиялық дозада тағайындалды, нәтижесіз. Стероидқа қандай дәрілік препаратты қосқан мейілінше дұрыс?
*мофетил микофенолаты
*циклофосфамид
*+циклоспорин А
*фраксипарин
*фозиноприл
#195
*!13 жасар жасөспірімде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өскен, бетінде, аяқтарында ісіну пайда болды, АҚ 160/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. ТЖ мин. 20 рет, ЖЖЖ мин. 86, АҚ 150/100 мм с.б. Көз түбі: артериолалар айтарлықтай тарылған, көру нервінің дискі ісінген, қан құйылулар бар. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 28 г/л, креатинин 560 мкмоль/л, калий 6,0 ммоль/л, холестерин 6 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1007-1009, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а, цилиндрлер 10-20 к/а. ШФЖ=30 мл/мин. Қандай зерттеу жағдайдың ауырлығын бағалауға және емдеу тактикасын анықтауға мейілінше мүмкіндік береді?
*бүйректің МРТ
*экскреторлы урография
*бүйректің УДЗ
*+бүйрек биопсиясы
*бүйректің КТ
#196
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда тез үдемелі гломерулонефриттің белгілері. Метилпреднизолонмен және циклофосфамидпен пульс-терапия жүргізілуде. Иммуносупрессивті емнен кейін бұл патологияның қандай салдары мейілінше ықтимал?
*стрептококктан кейінгі жедел ГН болған жағдайда толығымен айығу
*ГН-ң созылмалы түрлерінде ұзақ ремиссия
*терминалды бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, диализ
*баяу үдеп бүйректің созылмалы ауруының дамуы
*+аурудың типіне және емнің қашан жүргізілгеніне байланысты кез келген салдар
#197
*!13 жасар науқаста Шенлейн-Генох нефриті. Бұл патологияға бүйрек зақымдалуының қандай морфологиялық негізі тән?
*+IgA-нефропатия
*минималдық өзгерістер
*эндокапиллярлы диффузды пролиферативті ГН
*фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*IgM депозиттерімен мезангиопролиферативті ГН
#198
*!15 жасар қыз бала, жасыл түсті қақырықтың шығуымен жүретін ылғалды жөтелге шағымданады. Қорғалған пенициллинмен (амоксиклав) емдеу курсы тағайындалды. Бірақ 3 күннен соң оның қолдары мен денесінің жоғарғы бөлігінің терісіне бөртпе шықты. Бөртпенің түсі қызыл және ол терінің бетінен көтеріліп тұр. Бөртпелер қышиды. Бұл кезде жөтел жоқ және кеуде торын тексергенде еш өзгеріс табылмады. Науқастың несебінде к/а 18-20-ға дейін лейкоциттер, бояғанда олардың негізінен эозинофилдер екендігі анықталды. Қанда – эозинофилия 16%. Креатинин 340 мкмоль/л. БЖЗ-ң дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?
*пиелонефрит
*эозинофилді васкулит
*бүйректің созылмалы ауруы
*+жедел интерстициалды нефрит
*тез үдейтін гломерулонефрит
#199
*!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын 16 жасар ұл бала есінің бұзылысымен клиникаға жедел жеткізілді. Қарағанда: ошақты неврологиялық симптоматика жоқ. Тері тургоры қалыпты, АҚҚ 120/80 мм с.б., ЖЖЖ – 85/мин, ТЖ – 22/мин. Ішкі ағзалар жағынан патологиялар анықталған жоқ. Б/х қан талдауында: глюкоза 40 ммоль/л, калий 4 ммоль/л, натрий 125 ммоль/л, хлор 90 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, бикарбонат 20 ммоль/л. Қандағы натрий деңгейін қалай бағалауға болады?
*гипонатриемия біріншілік
*гипонатриемия екіншілік
*+псевдогипонатриемия
*гипернатриемия
*натрий деңгейі қалыпты
#200
*!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын 16 жасар ұл бала есінің бұзылысымен клиникаға жедел жеткізілді. Қарағанда: ошақты неврологиялық симптоматика жоқ. Тері тургоры қалыпты, АҚҚ 120/80 мм с.б., ЖЖЖ – 85/мин, ТЖ – 22/мин. Ішкі ағзалар жағынан патологиялар анықталған жоқ. Б/х қан талдауында: глюкоза 40 ммоль/л, калий 4 ммоль/л, натрий 125 ммоль/л, хлор 90 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, бикарбонат 20 ммоль/л. Ең бірінші кезектегі емдеу тактикасы қандай?
*+гипергликемияны инсулинмен емдеу
*гипонатриемияны физ. ерітіндінің инфузиясымен емдеу
*гипонатриемияны 3% бикарбонат ерітіндісінің инфузиясымен емдеу
*седативті препараттармен есінің бұзылысын емдеу
*гипонатриемияныдиуретиктермен емдеу
#201
*!6 жасар балада ампициллинге анафилактикалық шок дамып, БЖЗ орын алды. Осы кездегі дамыған БЖЗ-ң патогнетикалық механизмі қандай?
*вегетативті бұзылыстар
*қосарланған инфекция
*АГ-АД кешендерінің түзілуі
*+артериалдық қысымның түсуі
*зақымдалған тіндерден бөлінген токсикалық заттардың әсер етуі
#202
*!6 жасар ұл балада вена ішілік урография жүргізгеннен кейін диурезі азайды. Тексергенде: қанда креатинин 250 мкмоль/л, мочевина 9,9 ммоль/л. Қандай патология жайында ойлауға болады:
*БСА
*БСА фонындағы БЖЗ
*аллергиялық жедел интерстициалді нефрит
*токсикалық нефрит
*+контраст-индуцирленген нефропатия
#203
*!3 жасар қыз баланың анасы қызының дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 12,8 ммоль/л, натрий-140 ммоль/л, калий-4,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,27, рСО2-19 мм с.б., НСО3-14 ммоль/л. ЖНТ белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Науқаста осы жағдайдың дамуына қандай себеп әкелді?
*обструктивті уропатия
*шумақшалардың иммундық патологиясы
*несеп шығару жүйесінің жедел инфекциясы
*респираторлық жолдың жедел инфекциясы
*+диареялық синдром салдарынан дамыған дегидратация
#204
*!11 жасар ұл балада анафилактикалық шок фонында БЖЗ дамыды. Консервативті және бүйрек алмастырушы ем жүргізіліп жатыр. Полиурия сатысында өмірге қауіп төндіретін жағдайды анықтау мақсатында қандай зерттеу жүргізу керек?
*ЭКГ
*+қандағы К
*тромбоцитер
*өкпе рентгенограммасы
*бүйректің УДЗ
#205
*!С гепатитінің салдарынан дамыған бауыр циррозымен ауыратын 13 жасар ұл балада АІЖ-нан қан кету көрінісінен кейін креатинин мен мочевина деңгейі жоғарылады. Бүйрек қызметінің бұзылуына қандай себеп әкелді?
*+АҚҚ төмендеуі
*нефрит дамуы
*улы дәрі-дәрмектерің әсері
*асциттің болуы
*гипопротеинемия
#206
*!12 жасар балада БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. БЖЗ-ң басқа себептерінен ажырату үшін несептегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ақпаратты-болжамды критерий болып табылады?
*гематурия
*цилиндрурия
*лейкоцитурия
*+миоглобинурия
*гемоглобинурия
#207
*!12 жасар балада БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. Брінші кезекте қандай емдеу тактикасы қолданылады?
*диуретиктер үлкен мөлшерде
*+ерте инфузиялық ем
*сұйықтықты шектеу
*кальций препараттары
*калий препараттары
#208
*!3 жастағы бала кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-15 ммоль/л. БЖЗ-ң ерте сатысында қандай биомаркерді анықтау диагноз қоюға көмектеседі?
*IL 10
*IL 6
*Midkine
*+NGAL
*СD 20
#209
*!5 жасар балаға жедел постстрептококктық ГН, БЖЗ 2 диагнозы қойылды. БЖЗ 2 диагностикасының критерийлерін көрсетіңіз.
*несептегі белок 2,5 г/тәул.
*макрогематурия
*ШФЖ 75 мл/мин
*+ШФЖ 40 мл/мин
*қандағы калий 4,5 ммоль/л
#210
*!2 айлық балаға пневмония фонында БЖЗ 2 диагнозы қойылды. Несепте белок 0,99 г/л., эритроциттер 15-20 к/а, лейкоциттер 1-2 к/а. БЖЗ 2 дамуының МЕЙІЛІНШЕ ықтимал себебі:
*гипоксия
*инфекциялық-токсикалық шок
*+тубуло-интерстициалды нефрит
*пиелонефрит
*нефритикалық синдром
#211
*!2 айлық балада жедел ішек инфекциясы фонында БЖЗ дамыды. Осы кезде өмірге мына жағдай қауіп төндіруі мүмкін:
*+гиперкалиемия
*гипокалиемия
*гипернатриемия
*гипонатриемия
*эклампсия
#212
*!15 жастағы жасөспірім, 12 жыл бойы гематурия және нефротикалық синдром жүретін созылмалы гломерулонефриті бар, креатинині тексерілмеген. Тексергенде қан сарысуында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин бірнеше рет 370-240 мкмоль/л, мочевина 17,9 ммоль/л. Несеп талдауларында – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Аталған жағдайлардың қайсысы бұл жағдайға сәйкес келеді?
*тез үдемелі ГН
*бүйректің жедел зақымдалуы
*созылмалы нефриттің өршуі
*пиелонефриттің өршуі
*+үдемелі бүйректің созылмалы ауруы
#213
*!8 жасар балада 2 жыл бұрын тез үдемелі ГН болған. Қазіргі кезде протеинурия 0,9 г/л, ШФЖ 55 мл/мин. Қандай препараттар бүйректің созылмалы ауруының үдеуін баяулатады?
*+лозартан
*циклофосфанмен және солумедролмен пульс-терапия
*кешенді антибактериалды ем
*дезинтоксикациялық ем
*циклоспоринмен емдеу
#214
*!БСА-дан зардап шегетін 20 жасар науқас қыз дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 500 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін артқан, натрий-140 ммоль/л, калий-6,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,1, рСО2-19 мм с.б., НСО3-17 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?
*к/т глюконат кальций
*+гемодиализ
*цефтриаксон б/е
*оралды регидратация
*преднизолон
#215
*!Нефробиопсия бойынша дәлелденген IgА-нефропатия салдарынан дамыған БСА-мен 12 жасар науқасты (ШФЖ 38 мл/мин) емдеудің тактикасының негізінде қандай басты стратегия жатыр?
*гемодиализге дайындау
*бүйрек трансплантациясына дайындау
*+нефропротективті ем, БСА синдромдарын емдеу
*иммуносупрессивті ем, БСА асқынуын емдеу
*иммуносупрессивті ем, жанама әсерлердің алдын алу
#216
*!14 жастағы жасөспірім, 10 жылдан бері созылмалы ГН-ң гематуриямен жүретін нефротикалық түрімен ауырады. Тексергенде: ШФЖ 50 мл/мин. Несепте – белок 0,99 г/л; қанда – Нв 110 г/л. Қандай жүргізу тактикасы дұрыс?
*преднизолон
*верошпирон
*циклофосфамид
*+фозиноприл
*циклоспорин А
#217
*!13 жастағы қыз, клиникаға айқын әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуына шағымданумен түсті. Анамнезінен: туғаннан бері катаральды белгілерсіз дене қызуының жоғарылауы байқалған, несеп талдауларында лейкоцитурия байқалған. Бала бақыланбаған, физикалық дамуы артта қалған. Соңғы уақытта әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуі байқалуда. Түскен кезде: терісі құрғақ, бозғылт, ісінулер жоқ. АҚҚ 150/90 – 160/100мм.с.б. Қанда: Нв 50г/л, креатинин 440 мкмоль/л, қайталап тексергенде 520 мкмоль/л. Несепте белок 0,9г/л, салыст.тығ 1006, тұнбада: эритроциттер – бірен-саран. ШФЖ=11 мл/мин. Қандай жүргізу тактикасы мейілінше дұрыс?
*фуросемид
*+гемодиализ
*плазмаферез
*фозиноприл
*нифедипин тіл астына
#218
*!3 жастағы бала 1,5 жылдан бері перитонеалды диализде. Диализдің ықтимал асқынуын диагностикалау мақсатында мына зерттеуді жүргізу керек:
*копрограмма
*бауыр сынамасы
*+диализ сұйықтығының микроскопиясы
*жалпы несеп талдауы
*қанды бак.себу
#219
*!17 жастағы науқастың БСА-ның терминалды сатысымен гемодиализде жүргеніне 5 жыл. Гемодиализ аптасына 3 реттен 4 сағат қабылдайды. Науқастың әкесі ұлына бүйрек доноры болуға келісімін берді. Донор ретінде әкесінің қандай құқығы бар?
*бір жолғы ақша компенсациясын қажет етеді
*өмірбақи әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады
*ота жасау кезінде мед.қызметкерлерінің денсаулығына залал келтірген жағдайда ақылы ем
*+алдағы жасалатын отаға байланысты оның денсаулығына әсер ететін мүмкін болатын асқынулары жайында толық ақпаратты қажет етеді.
*өткізілген отаға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тек ақылы ем алу, оның ішінде медикаментозды
#220
*!БСА-ң 5 сатысымен 12 жасар ұл бала 1 жылдан бері гемодиализде. Кардиалгияның себептерін анықтау үшін мына зерттеуді жүргізу керек:
*ЭхоКГ
*кеуде торының рентгенограммасы
*фонокардиография
*+қандағы фосфор, кальций, паратгормон, Д дәрумені
*қанды бак.себу
#221
*!14 жасар жасөспірім 3 жасынан бастап қант диабетінің 1 типімен ауырады, несепте 0,165 г/л белок анықталды, ол жарты жыл бойы сақталып келеді. Осы жағдайда қандай ем көрсетілген?
*инсулин мөлшерін жоғарылату
*фурагин 10 күн
*+эналаприл
*преднизолон тағайындау
*делагил
#222
*!10 жасар қыз балада рефлюкс-нефропатияның салдарынан дамыған БСА-ң терминалды сатысы, аптасына 3 рет 4 сағаттан бағдарламалық гемодиализ алады. Зертханалық: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ., креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон 500 нг/мл. Эритропоэтин препараттарын алады. Осы кезде қандай ауытқуларды коррекциялау маңызды?
*уремияны
*ацидозды
*+ПТГ, Са и Р
*гипергидратацияны
*реналді анемияны
#223
*!Екіншілік гиперпаратиреоидизмді емдеу үшін Д дәруменінің белсенді түрін алатын, бүйректің туа біткен ақауы салдарынан дамыған БСА-ң 4 сатысы бар 5 жасар қыз балада гиперфосфатемия 3,5 ммоль/л анықталды. Минералдық-сүйектік бұзылыстарды емдегенде бірінші кезекте қандай коррекция жасау керек?
*фосфат-биндер тағайындау
*кальцимиметик тағайындау
*гипофосфатты емдәм тағайындау
*+Д дәруменінің белсенді түрін алып тастау
*Д дәруменінің рецепторларының активаторларын тағайындау
#224
*!10 жасар қыз балада рефлюкс-нефропатияның салдарынан дамыған БСА-ң терминалды сатысы. АҚ қазіргі уақытта 160/100 мм с.б. Зертханалық мәліметтер: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ., креатинин 400 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, ПТГ 500 нг/мл. Эритропоэтин препараттарын алады. БСА үдеуін баяулату үшін АҚ-ң қандай деңгейі оңтайлы болып табылады?
*өзін-өзі жақсы сезінетін «жұмыс қысымы»
*күндізгі АҚ 120/80 мм с.б. деңгейінде
*АҚ 140/90 мм с.б. деңгейінде болуы тиіс
*110-140/70-90 мм с.б. деңгейіндегі АҚ
*+130/80 мм с.б. аспайтын АҚ
#225
*!БСА-мен балаларға дер кезінде альфакальцидол тағайындау үшін қанның қандай көрсеткіштерін бақылап отыру керек?
*холестерин және триглицеридтер
*жалпы белок и альбумин
*ренин-ангиотензин
*+Ca, P, ПТГ
*Na, K, Cl