Жастағы науқас бала з. 5 страница
Спортпен шұғылдану кезінде көпір ағаштан 17 жасар жасөспірім жерге қону кезінде тайып кетіп, сол иығымен құлады, кенет ауырып, қысқа уақытқа есінен танды. Оянғанда әлсіздікке, бас айналуына, сол қолы салбырап, кәдімгі қалпынан ауытқыған. Мектептің медпунктіне барып қаралды, оны фельдшер қабылдады.
Обьективті: қарағанда сол жақ иығы ісінген, басы жарақаттанған, иығына қарай иілген, сау қолымен сол иығын ұстап тұр, жарақаттанған қолы шынтақ буынына қарай бүгілген, ұзарған, иық буынының дөңгелек пішіні деформацияланған, буынның сыртқы беті қатайған, буынның активті қозғалысы жойылған.
Тапсырмалар:
1) Тұжырымда және болжалмалы диагнозда негізде.
2) Диагнозды анықтау үшін қарағанда кезде байқалған, көрінген симптомдарды айтып бер.
3) Алғашқы жәрдем көрсетудің алгоритмін құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№68 ЕСЕП
Науқас асфальтқа шалынып жазылған қолға оң иығына құлаған. Шағымы оң жақ бұғана үстіндегі ауру сезімі, оң иық буынын қозғалтқанда ауру сезімі.
Объективті : Оң жақ иық үсті біраз төмен орналасқан, бұғананың ортаңғы үштен бірінде деформация және қан құю анықталады, пальпацияда деформация проекциясында патологиялық қозғалыс анықталады. Қолын алып кетуі қиын және ауру сезімді, иық буынында қозғалысы шектелген, науқас білегін ұстап денесіне қысып ұстап тұрады. Қолы ішке бұралған.
Тапсырма:
1. Болжам диагнозды қойып, негіздеңіз.
2. Жедел көмек көрсетудің алгоритмін құрып, негіздеңіз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№69 ЕСЕП
72 жастағы әйел мұзға шалынып, оң қолын жазылған күйінде қол басын тіреп құлады. Сол уақытта кәрі жілік білезік буын аймағы қатты ауырды. Қолын орамалға таңып, ауылдың фельдшеріне барды.
Қарап тексеру: Жалпы жағдайы қанағатты, оң білек төменгі 3-тен 1 бөлігінің қатты ауруына шағымданады. Сол аймақта штик тәрізді деформациясы анықталады. Жай соққылауда және пальпацилауда ауру сезімі күшейді. Деформация аймағында патологиялық қозғалыс болуы мүмкін. Науқаста алақанында ісіну пайда болды. Қол саусақтарының ұштары басбармаққа қарай қисайған.
Тапсырма:
1) Болжам диагнозды негіздеп, құрастыру.
2) Жедел көмек көрсету алгоритмін құрастыру.
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№70 ЕСЕП
15 жастағы қыз бала мектепте дене шынықтыру сабағында оң иығымен темір металға құлаған. Оң иығында қатты ауру сезімі пайда болған.
Қарап тексергенде: жарақатына байланысты қолын денесіне қарай, ыңғайлы қалыпта ұстайды. Пальпацияда жергілікті қатты ауру сезімі, крепетация сезімді.
Тапсырма:
1) Болжам диагнозды анықта.
2) Жедел көмектің алгоритмін құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№71 ЕСЕП
Құрылыс алаңына жедел жәрдем шақырылды. Жұмысшы 28 жаста, оң сирағына ауыр темір құлаған. Зардап шегуші ауру сезімінен қиналады. Терісі бозғылт, салқын. Оң сирағының алдыңғы жоғарғы үштен бір бөлігінде 10х3 см көлеміндегі жара және сол жарақаттанған жерде пульсация жоғары алқызыл қанағу мен асықты сүйек сынықтары анықталды.
Сирақ сүйегі деформацияланған және қысқарған.
Тапсырма:
1. Мүмкін болған диагнозды анықтаңыз.
2. Жәрдем көрсетудің (алгоритмін) шараларын жасау реті қалай?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№72 ЕСЕП
Нәзік келген қарт әйелді машина соғып кеткен. Келіп жеткен ер адам әйелді қолтығынан көтеріп, көрші мектепке енгізді. Ауру кушеткеге жатқызылыды.
Обьективті: есі анық, сол сирағының аумағында ауру мазалайды. Қ/қ 90/60 мм.рт.ст. пульс-100с/мин. Сол сирағының ө/з деформациясы байқалады, сүйектердің көлденең ығысқаны анық көрінеді. Тері қабаты бүтін, аяқтың қимылы жоқ – қозғалысы мүмкін емес. Шеткі артерия тамырларының соғылуы анық.
Тапсырма:
1) Құрастырыңыз және болжама диагнозды дәлелдеңіз.
2) Жедел жәрдем көмегінің алгоритмін құрастырыңыз және нақтылаңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№73 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасы 29 жастағы әйелге келді. Науқастың шағымдары: кенет пайда болған ішінің төменгі аймағындағы қатты ауыру сезім; ауыру белі, шабы және тік ішекке таралып, тік ішекті басып тұрғандай болып сезіледі. Анамнезінен: етеккірі ретті, мезіглімен келіп тұратын. Соңғы етеккірі 1,5 бұрын келді. Науқас үйленген, 2 жастағы баласы бар. Жүктіліктен сақтанбайды. 6 ай бұрын жедел екі жақты сальпингит себебімен ем қабылдады. Объективті тексеру мәліметтері: жалпы жағдайы орташа, науқас бозарып кеткен, әлсіздік бар. АҚҚ 80/50мм с.б., пульсі – 100 минутына. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы қатаймаған, бірақ көк етінің тітіркену симптомы сол жақ қосалқылардың проекциясында оң .
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№74 ЕСЕП
23 жастағы науқастың шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезім, етеккір 3 аптаға кідіргеннен кейін пайда болған қанды бөлінділер. Ауыру кенет пайда болып, науқас бір рет құсқаннан кейін жағдайы жеңілденген сияқты болды. 15 минуттан кейін әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуы байқалғаннан кейін әйел жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігер науқасты тексергеннен кейін Жатырдан тыс жүктілік? Диагнозын қойып стационарға тасымалдау кезінде науқастың жағдайы нашарлағаны байқалды: АҚҚ 110/70 -ден 80/60 мм с.б. түсті, тахикардия (пульсі минутына 105рет), ентігу басталды, тері жабындысы бозарып кетті.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№75 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасының дәрігері келгенде науқас ес түссіз, жағдай ауыр, болғанын көрді. АҚҚ – 60/40 мм с.б., пульсі 110 рет минутына, жіп тәрізді, тері жабындысы бозғылт, ылғалды, аяқ-қолы салқын. Тынысы везикулярлық, жиілігі минутына – 22 рет. Жүрек соғысы тұйық, ретті. Тілі құрғақ, іші қатты, перкуторлық дыбысы – тұйық. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалады. Туған туыстарының айтуы бойынша бір сағат бұрын науқас ішінің төмен жағы ауырып, әлсіздікбайқалып, бір рет құсу болған. Науқастың жағдайы жақсармағандықтан жедел жәрдем шақыртқан. Гинекологиялық анамнезі белгісіз.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№76 ЕСЕП
Әйелдер консультациясында әйелге «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік?» диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау мақсатымен дәрігер науқасқа қосымша зерттеу тағайындады. Түнге қарай үйінде науқас ішінің төменінде ауыру сезім пайда болғандықтан жедел жәрдем бригадасын шақырды. Объективті тексеру мәліметтері: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсы – 88 минутына, толымы және кернелуі қалыпты. Тілі таза, ылғал. Іші сәл кернелген, пальпациялағанда – төменгі аймағында ауыру сезімі байқалады. Құрсақтың оң жағында тітіркену симптомы оң. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз .
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№77 ЕСЕП
Әйел жүктілігінің 28-29 апталығында босану әрекеті басталып, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Перзентханаға алып барар кезінде әйел көліктің ішінде босанды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз .
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№78 ЕСЕП
Ішінің төмен жағы ауырып, әйел жедел жәрдем бригадасын шақыртты.
Босанушы әйелдің акушерлік анамнезінде екі кесар тілігі болған. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әйелдің толғағы басталып кетті. Әйелдің айтуы бойынша толғағы кенет, қатты ауырып басталды. Перзентханаға тасымалдау кезінде әйелде ауыру сезімі күшейіп кетті, мазасызданып, бозарды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз .
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№79 ЕСЕП
Пациент 35 жаста. Жүктілігі де, босануына да- үшінші. Жүктіліктің мерзімі жетілген. Анамнезінен: екінші баласын 3 жыл бұрын мерзімінен бұрын босанған. Осы жүкітілігі асқынусыз қалыпты өтті. Ретті толғағы басталғаннан кейін жедел жәрдем бригадасын шақырды. Жедел жәрдем бригадасы келгенше үйде қағанақ суы кетті.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз .
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№80 ЕСЕП
Әйел түнде жедел жәрдем щақыртты. Шағымдары: өршіген құсу. Әйелдің айтуы бойынша құсуы басталғанына бір апта болды: басында - күніне 4 рет, ал соңғы екі күнде – өршіп кетті. Әйелдің соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған. Жүктілік бойынша тіркеуге тұрмаған. Объективті: жағдайы орташа, қойған сұраққа кідіріп айтады. Әйел азып, сусызданған. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. АҚҚ 90\60 мм с.б., пульс 90 минутына. Жүрек соғысы ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз, тітіркену симптомы теріс. Зәр шығуы сирек, аз мөлшерде.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз .
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№81 ЕСЕП
Пациент 19 жаста. Шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы қатты ауыру сезім, жүрегі айнып құсу, нәжіс және желдің кідіруі. Айтылған симптомдар байқалғанына 40 минуттай өтті. Анамнезінен – 2 ай бұрын профилактикалық тексеру кезінде оң аналық безінде киста анықталған. Ем қабылдаған жоқ. Жедел жәрдем дәрігердің объективті тексеру мәліметтері: тері жабындылары боз, салқын тер басқан, сондықтан ылғал. АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсы 94 минутына. Тілі құрғақ. Іші кернелген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№82 ЕСЕП
Пациенттің жедел жәрдем бригадасын шақыруының себебі: іш аймағында қатты ауыру сезімі, әлсіздіктің пайда болып, дене қызуының көтерілді. Анамнезінен - бір жыл бұрын аналық без киста анықталып, гинекологиялық хирургиялық емнің керектігін айтты, бірақ әйел осы күнге дейін операциядан бас тартып жүрген. Объективті тексеру мәліметтері: Жағдайы орташа, іш аймағындағы ауыру сезімі қинайды. АД 90\60 мм с.б., пульсы – 90 минутына. Тілі құрғақтау. Іші сәл кернелген, төменгі аймағында ауыру сезімді, ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№83 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасына спорттық орталығынан телефондық қоңырау түсті: бимен шұғылданып жүрген кезде 22 жастағы әйелдің ішінің төменгі аймағында кенет ауыру сезім пайда болды. Анамнезін анықтағанда – етеккір циклі ретті, соңғы етеккір болғанына 16 күн болған. Тұрмыста болмаған. Жыныстық қатынаста болмаған. Объективті тексеру мәліметтері – Науқас есінде, терісі және көрінетін кілегей қабаты бозғылт. АҚҚ – 80\40 мм с.б., пульс – 98 минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ашық, ырғақты, тахикардия. Тілі ылғал. Іші кернелген, пальпация кезінде іштің төменгі аймағында ауыру сезім байқалады, Щеткина-Блюмберг симптомы оң . Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№84 ЕСЕП
Науқас 26 жаста. Жүктіліктің 7-8 апталығында 5 күн бұрын әйелге медициналық аборт жүргізілген. Жедел жәрдем шақырғандағы шағымдары: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, ішінің ауыруы, кернелуі. Объективті тексергенде: тері қабаты бозғылт, тілі құрғақ, дене қызуы 38,9оС. АҚҚ 100/60 мм с.б., пульсі 96 минутына. Іші қатты, пальпация кезінде төменгі аймағында ауыру сезім байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды және иісті бөлінділер байқалады.
.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№85 ЕСЕП
Науқас бір-неше жыл екі жақты созылмалы аднекситпен ауырады. Қатты суықтанғаннан кейін (теңізде шомылған) ішінің төменгі аймағында ауыру сезім пайда болды. Өздігінен антибиотиктермен 4 күн емделген, бірақ кешке қарай дене қызуы көтеріліп, қалтырап, ішінің ауыру сезімі күшейген себебінен жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігер тексергенде – жағдайы орташа, дене қызуы 38,0оС. АҚҚ 110/70 мм с.б., пульсі 96 рет минутына. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Тыныс алу жиілігі – 18 минутына. Жүрек соғысы ретті, анық. Пальпация кезінде ішінің кіндіктен төменгі аймағында қатты ауыру сезім байқалады. Тітіркену симптомы оң. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№86 ЕСЕП
20 жастағы пациент криминалдық аборттан кейін 4 күннен соң, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымы: әлсіздік, ентігу, дене қызуының жоғарылауы, ішінің төмен жағының ауру сезімі. Кіші дәретке баруы соңғы тәулікте азайып кеткен. Объективті: дене қызуы 39,0оС. Жалпы жағдайы ауыр., тері жабындысы бозғылт, құрғақ, жылы. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. жиілігі минутына 20 рет. Горизонтальді бағытта ентігуі күшейеді.
Наши рекомендации