Жұқпалы аурулар (жтд)_қаз

Приложение

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Казахский национальный медицинский университет им.С.Д.Асфендиярова

«Утверждаю» РекторКазНМУ им.С.Д. Асфендиярова   ___________  

Тестовые задания по дисциплине

«Инфекционные болезни (ОВП)»

Для специальности «Врач общей практики»

Составители:

Зав. кафедрой

Жұқпалы аурулар (ЖТД)_қаз

$$$001

28 ж. әйел адам, сүт зауытының технологы. Тұрмыс құрғанына 5 жыл болған, бедеулік. 2 жыл бұрын қалтырау, тершеңдік, буындарының ауыру сезімі мен жоғары қызба мазалаған. Ыстықты басатын дәрілер ішкен соң дене қызуы қалыптасқан. 4 ай бойы кешкі уақытта қалтырау, бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Объективті: алақандар ылғалды, лимфа түйіндер үлкейген, бауыры +1.0 см, Ласег симптомы «оң». Р-графия: бел-сегізкөз бөлігінің остеохондрозы. Райт р-сы-1:200, Хеддльсон р-сы-«оң», ИФА: IgG- «оң».

Қай диагноз ЕҢ дұрыс болып табылады?

A) Біріншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.

B) Біріншілік -созылмалы бруцеллез, декомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.

C) Екіншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.

D) Екіншілік -созылмалы бруцеллез, субкомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.

E) Екіншілік -созылмалы бруцеллез, компенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.

{Дұрыс жауабы} = С

{Қиындығы} = 2

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$002

18 жастағы бойжеткен дәрігерді қайта шақырған. Кеше, бірінші рет дәрігерді шақырған кезде жоғары қызбаға, қатты бас ауыруына, 2 рет құсуына шағымданған. Эпидемиологиялық анамнез: інісі ЖРВИ-мен ауырған. Бойжеткен ауруханаға жатудан бас тартқан. Пенициллин 12 млн. бірл./тәул., осельтамивир 75 гр. 2 рет, сұйықтық ішу, парацетамол, акорбин қышқылы тағайындалған. Бүгін жағдайы күрт нашарлаған, психомоторлы қозу, денесінде геморрагиялық бөртпе пайда болған. ТАА - 25 рет, пульс 130 рет/мин., жіп тәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б, дене температурасы 36,2ºС. Зәрі таңертеңнен бастап болмаған.

Науқас жағдайы қандай себептен нашарлаған?

A) Осельтамивир тағайындау

B) Сүйықтық ішуді тағайындау

C) Аскорбин қышқылды тағайындау

D) Дене қызуын төмендететін тағайындау

E) Бактерицидтік антибиотикті тағайындау

{Дұрыс жауабы} = Е

{Қиындығы} = 3

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$003

52 жастағы ер адам, Қызылорда обылысының тұрғыны, шабан. 4-ші мамыр күні ауруының 5-ші күні дәрігер тексерген. Шағымдары: қатты бас ауыруы, қалтырау, денесінің сынып ауыруы, мұрыннан қан кету. Амбулаторлы жағдайда ЖРВИ диагнозымен дезинтоксикациялық ем қабылдаған. Сәуір айының соңында қой қырқыған. Қарап тексергенде: Т – 39,9°С, әлсіз, беті, мойыны қызарған. Денесінде аздаған петехиальді бөртпе байқалады, инъекциялар орнында - геморрагиялар. Жгут және шымшу симптомы «оң». Пульс -50 рет/мин. ҚҚ – 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры+1,5 см.

Стандартты анықтаудың қай жағдайы ЕҢ дұрыс болып табылады?

A) болжама жағдай

B) ықтимал жағдай

C) дәлелденген жағдай

D) эпидемиологиялық жағдай

E) клиникалық жағдай

{Дұрыс жауабы} = А

{Қиындығы} = 3

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$004

25 жастағы ер адам, бармен, көптеген адамдармен қатынаста болады. 3 күн бұрын ауру жедел басталған: дене қызуы 39о C, маңдай аймағында және көздерінде ауыру сезімі, тамағының ауыруы, денесінің сынып ауыруы, сүйектері мен буындарында ауыру сезімі. Қарап тексергенде: Т – 380С, беті қызарған, ісінген, склера тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия. Өкпесінің төменгі аймақтарында тынысы әлсіреген, құрғақ сырыл. ТСЖ-92, ТАА-24, ҚҚ-100/60 мм.с.б. ЖҚА-да: лейк.- 3,5х109/л, HB-120 г/л, эритр.-3,38, тромб.-185х109/л, т/я-10%, с/я-62%, мон-8, лимф- 20, ЭТЖ-15 мм/с.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) Грипп, ауыр ағымы. Өкпе ісінуі

B) Грипп, ауыр ағымы. Вирусты пневмония.

C) Грипп, ауыр ағымы. Ауруханадан тыс пневмония.

D) Грипп, ауыр ағымы. Инфекциялық-токсикалық шок.

E) ЖРВИ , ауыр ағымы. Тыныс жетіспеушілігі.

{Дұрыс жауабы} = В

{Қиындығы} = 2

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$005

36 жастағы ер адам жиі құсуына сұйық сулы жиі нәжіске шағымданады. Іштің ауыру сезімі жоқ. Үндістаннан 5 күн бұрын келген. Қарап тексергенде: Т – 36,0°С, әлсіз. ҚҚ – 90/60 мм с.б. Пульс – 90 рет/мин. Іші ауыру сезімсіз, ішке қарай тартылған. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» түрінде, иісі жоқ, зәрі таңертеңнен бастап болмаған. Гемограммада: лейкоциттер- 4,5х109/л, HB-150 г/л, эритр-4,38 х1012/л, тромбоциттер – 285х109/л, т/я – 7%, с/я- 63% , мон - 10, лимф- 20, ЭТЖ-15 мм/сағ.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) амебиаз

B) тырысқақ

C) сальмонеллез

D) балантидиаз

E) шистосомоз

{Дұрыс жауабы} = В

{Қиындығы} = 3

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$006

22 жастағы әйел (жүктілігі 11-12 апта), ауруханаға ауруының 7-ші күні түскен. Шағымдары: дөрекі жөтел, жарықтан қорқыныш, әлсіздік, бөртпе, қызба. Бөртпе аурудың 4-ші күні бетінде пайда болған, одан кейін мойынына, денесіне және аяқ-қолдарына ауысқан. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, Т-390С, склерит, конъюнктивит. Бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында – көптеген дақты-папулезді бөртпе. Жөтелген кезде ішінде ауыру сезімі пайда болады, жыныс жолдарынан қанды бөлінулер байқалған.

ҚР ДСМ-ң «Жүктілікті жасанды жолме үзу Ережелерін бекіту туралы» №626 бұйрығына (30.10.2009 ж.) сай қызылша кезінде жүктілікті үзуге медициналық көрсеткіштер қай мерзімде көрсетілген:

A) 3-4 апта

B) 5-7 апта

C) жүктіліктің 20 күнінен дейін

D) жүктіліктің алғашқы 3 айында

E) жүктілік үзу қарсы көрсетілген

{Дұрыс жауабы} = D

{Қиындығы} = 3

{Оқулық} = Инфекционные болезни. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

Наши рекомендации