Бет аймағының қабыну аурулары

776. Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті сипатталады:

1. Альвеола өсіндісі аймағындағы ауыратын инфильтрат;

2. «Себепші тістің» қозғалғыштығы;

3. Регионарлы лимфатүйндердің ұлғаюы;

4. Пародонт тіндерінің қабынуы;

5.Муфтатәрізді ифильтраттың болуы.

777. Жедел одонтогенді остеомиелит жоғары жақта жиі кездеседі. Оны немен түсіндіруге болады?

1. Қандандырудың ерекшеліктерімен;

2. Кортикальды қабатының кұрылысымен;

3. Жоғары жақтың топографиялық ерекшеліктерімен;

4. Анатомиялық құрылысының ерекшеліктерімен;

5.Анатомиялық құрылысымен қандандырудың ерекшеліктерімен.

778. Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиттін емдеу шараларының кешеніне келесі шаралар жатады:

1. «Себепші» тісті жұлу, ауыз ішілік тілік, антибактериальды және десенсибилизациялық ем;

2. «Себепші» тісті жұлу, детоксикациялық ем;

3. Остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж;

4. Тісті жұлу, остеоперфорация;

5.«Себепші» тісті жұлу, остеоперфорация, ауыз ішілік және сыртынан тілу, антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем.

779. Жақсүйектің жедел остеомиелитінің НЕҒҰРЛЫМ патогномикалық белгісі болып табылады:

1. Дене қызуы 37-37,5°дейін;

2. Жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

3. Вестибулярлы жағынан периостит белгілерінің болуы;

4. Ауыз іші жағынан сүйек қабы астылық абсцесстердің түзілуі;

5.Жақсүйек денесінің аймағында муфта тәрізді инфильтраттың болуы, сүйек ішілік гипертензия.

780. Жедел гематогенді остеомиелиттің клиникалық ағымының ауырлығы негізделеді:

1.Аурудың септикалық фонына;

2. Бала жасына;

3. Үрдістің жоғары жақсүйекте орналасуына;

4. Үрдістің деструктивті сипатына;

5. Үрдістің жоғары және төменгі жақта орналасуына.

781. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау қашанға дейін жалғасады?

1. Клиникалық сауығуға дейін;

2. Бір жыл бойы тұрақты ремиссияға дейін;

3. Уақытша тістем қалыптасқанға дейін;

4. Уақыты анықталмаған;

5. Тіс-жақ жүйесінің толық дамуына дейін.

782. Бала кезінде ауырған жақсүйектің жедел остеомиелитінің алыс асқынуларына жатады:

1. Сауығу;

2. Жақсүйектің дамымай қалуы;

3. Адентия;

4. Созылмалы түрге ауысуы;

5.Микрогения, тіс-жақ деформациялары.

783. 7 жасқа дейінгі балаларда жедел одонтогенді қабыну үрдістерінің себептері жиі қай тістердегі тісжегінің асқынған түрлері болып табылады?

1. Бірінші тұрақты азу тіс;

2. Уақытша күрек тістер;

3. Уақытша сүйір тістер;

4.Уақытша бірінші азу тіс;

5. Уақытша екінші азу тіс.

784. Жұтыну қызметінің бұзылуы неғұрлым жиі флегмонаның келесі аймақта орналасуына байланысты болады:

1. Самай;

2. Бетсүйек;

3. Құлақ маңы;

4. Ұрт;

5.Ауыз қуысы түбі.

785. Бет карбункулының жалпы асқынуына жатады:

1. Паротит

2.Медиастенит

3. Ми синустарының тромбозы

4. Бет нервінің парезі

5. Жоғарғы жақ остеомиелиті

786. Жедел іріңді лимфаденит кезінде, егер уақытында қаралмаса және рационалды емес емделсе, қандай нәтижеге әкеледі?

1. Созылмалы лимфаденитке;

2. Жедел одонтогенді остеомиелитке;

3.Аденофлегмонаға;

4. Сауығуға;

5. Септикопиемияға.

787. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті НЕҒҰРЛЫМ жиі қандай жастағы балаларда кездеседі?

1.0-1 жаста;

2. 3-5 жаста;

3. 7-8 жаста;

4. 9-12 жаста:

5. Жасөспірім жасында.

788. Төменгі жақсүйектің жедел одонтогенді диффузды остеомиелиті НЕҒҰРЛЫМ жиі мына аймақтта орналасады:

1.Денесінде;

2. Бұтағында;

3. Альвеола өсіндісінде;

4. Тәждік өсіндіде;

5. Жақсүйек денесі мен бұтағында.

789. Одонтогенді қабыну кистасы мен гиперостозды остеомиелитті салыстырмалы нақтамалағанда НЕҒҰРЛЫМ көп мәлімет береді: :

1. Зерттелетін аймақта тісжегінің асқынған түрі бар тістің болуы;

2. ЭОД мәліметтері;

3. Үрдістің ұзақтығы;

4. Тісжегі белсенділігінің дәрежесі;

5 Рентгенологиялық зерттеу мәліметтері.

790. Жақ – тіл науашығының абсцесін емдеуде НЕҒҰРЛЫМ тиімді тілу:

1. Төменгі жақ бұрышын қаптайтын теріні;

2. Төменгі жақ денесінің ішкі бетіне жақын, жақ-тіл науашығының шырышты қабатын;

3. Төменгі жақ жиегі бойымен жақасты аймағының терісін;

4. Қанатша-жақ қатпарының бойымен шырышты қабатынан;

5. Орталық сызық бойымен теріден.

791. Жақсүйектің жедел периоститінің клиникалық белгілерімен алғаш қаралғанда жасау қажет:

1.Іріңді ошақты ашу, қабыну экссудатының шығуын қамтамасыз ету;

2. Иглорефлексотерапияны бастау;

3. Новокаиндік блокада жасау;

4. Физиотерапиялық ем тағайындау;

5. Бұлшықетке тыныс алу аналептиктерін енгізу,

792. Қанатша-жақ қатпары флегмонасына НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық белгі:

1. Диплопия

2. Ұрт аймағының ісінуі мен қызаруы;

3. Ауыру сезімі және ауыз ашылуының шектелуі;

4.Жақ-тіл науашығының инфильтраты;

5. Иек аймағы жұмсақ тіндерінің инфильтраты.

793. Жақсүйектің жедел одонтогенді периоститі дамуының жиі себебі:

1. Бет жұмсақ тінінің соғылуы;

2. Альвеола өсіндісінің фибромасы;

3. Созылмалы гаймориттің өршуі;

4.Созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. Төменгі жақтың буын өсіндісінің сынуы.

794. Жедел одонтогенді периостит кезінде іріңді үрдіс орналасады:

1. Тері астында;

2. Бұлшықет астында;

3.Сүйек қабы астында;

4. Жақсүйектің сыртқы кортикальды пластинкасының астында;

5. Альвеола өсіндісінің шырышты қабатының астында.

795. Жедел одонтогенді периоститке тән клиникалық көрініс:

1. Қабақтың ісінуі;

2. Барлық тістердің қозғалғыштығы;

3. Ауыздың шектеліп ашылуы;

4. Тіласты біліктерінің ісінуі;

5.Өтпелі қатпар шырышты қабатының қызаруы және ісінуі.

796. Жедел одонтогенді периоститті салыстырмалы нақтамалайды:

1. Тризммен;

2. Тіс сынуымен;

3. Жедел сиалодохитпен;

4. Созылмалы гайморитпен;

5.Созылмалы периодонтиттің өршуімен.

797. Жақ-тіл науашығының абсцесін емдеу кезінде шырышты қабатты тілген кезде зақымдап алу мүмкін:

1. Тілді;

2.Тіл нервін;

3. Бетсүйегін;

4. Бет артериясын;

5. Құлақ маңы сілекей безін.

798. Жарақаттық остеомиелит кезінде – секвестрэктомия операциясы қай кезде көрсеткіш болады?

1. Физиоемнен кейін;

2. Секвестр қалыптасқанға дейін;

3.Секвестр қалыптасқаннан кейін;

4. Антибактериальды емнен кейін;

5. Сәулелі емнен кейін.

799. Жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиттің клиникалық нақтамасын қандай мәліметтерге негіздеп қояды?

1. Науқастың шағымдарына;

2. Науқасты сұрау мәліметтеріне;

3. Клиникалық мәліметтерге;

4.Клинико-рентгенологиялық көрініске;

5. Зертханалық зерттеу мәліметтеріне.

800. Бет фурункулына тән клиникалық белгі – ол ауыратын:

1. Қызарған тері аймағы;

2. Көкшіл түсті тері инфильтраты;

3. Жұмсақ тіндер ішіндегі инфильтрат;

4. Қошқыл түсті жұмсақ тіндердің тығыз инфильтраты;

5.Іріңді-некроздық стержені бар қошқыл түсті инфильтрат.

801. Бет фурункулының жалпы асқынуына жатады:

1.Сепсис;

2. Гайморит;

3. Диплопия;

4. Тілмелік қабыну;

5. Гипертониялық криз.

802. Бет фурункулының жергілікті асқынуына жатады:

1. Диплопия

2. Гайморит

3. Тілмелік қабыну;

4. Гипертониялық криз;

5.Бет венасының тромбофлебиті.

803. Эпидемиялық паротиттің қоздырғышы:

1. Диплококк;

2. Стрептококк;

3. Стафилококк;

4. Фузобактерия;

5.Фильтрлеуші вирус.

804. Ауыздың шектеліп ашылуы және жұтынғандаға ауыру сезімі қандай флегмонада пайда болады?

1. Самай аймағының;

2. Бетсүйек аймағының;

3. Ұрт аймағының;

4. Құлақ маңы-самай аймағының;

5.Қанатша-жақ кеңістігінің.

805. Жақ –тіл науашығы шырышты қабатының тегістелуі мен ісінуі НЕҒҰРЛЫМ жиі байқалады:

1. Паратонзиллярлы абсцессте;

2. Ауыз қуысы түбінің флегмонасында;

3.Жақ –тіл науашығының абсцессінде

4. Иек асты аймағының флегмонасында;

5. Қанатша-жақ кеңістігінің.

806. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балалардың реабилитациясы созылады:

1. Клиникалық сауығуға дейін;

2. Бір жыл бойы тұрақты ремиссияға дейін;

3. Уақытша тістем қалыптасқанға дейін;

4. Уақыты анықталмаған;

5.Тіс-жақ жүйесінің толық қалыптасуына дейін.

807. Беттің жоғарғы бөлігінде орналасатын жедел іріңді қабыну ауруларының НЕҒҰРЛЫМ ауыр асқынуы:

1. Паротит;

2. Медиастенит;

3Ми синустарының тромбозы;

4. Бет нервінің парезі;

5. Жұмсақ тіндердің гематомасы

808. Құлақ маңы шайнау аймағы флегмонасына тән жергілікті клиникалық белгісі:

1. Жоғарғы қабақтың ісінуі;

2. Қанатша-жақ қатпарының ісінуі;

3. Ұрт аймағының қызару мен ісінуі;

4. Төменгі ерін аймағындағы терінің қызаруы;

5.Инфильтрат және құлақ маңы шайнау аймағы терісінің қызаруы.

809. Балалардағы жедел одонтогенді остеомиелиттің алыс жағымсыз асқынуы:

1. Самай-төменгі жақ буынының созылмалы артриті;

2. Үрдістің созылмалы түрге ауысуы;

3. Альвеола өсіндісінің жетілмеуі;

4. Созылмалы пародонтиттің дамуы;

5.Микрогения және екіншілік адентия.

810. Төменде аталған бет карбункулдарының қандай асқынуы жасөпірім өміріне өНЕҒҰРЛЫМ қауіпті? 1. Паротит;

2. Бет нервінің парезі;

3. Үшкіл нертің невриті;

4.Ми синустарының тромбозы;

5. Төменгі жақтың жанаспалы остеомиелиті.

811. Балалардағы жедел іріңді лимфаденитті рационалды емес емдегенде НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын асқыну:

1. Жедел одонтогенді остеомиелит;

2. Созылмалы лимфаденит;

3.Аденофлегмона;

4. Лимфангоит;

5. Целлюлит.

812. Фурункулдың инфильтративті түрінде ем шараларының әсері болмағанда НЕҒҰРЛЫМ жиі дамиды:

1. Регионарлы лимфа түйіндерінің іріңді еруі;

2.Фурункулдың абсцестелуі;

3. Тері асты клетчаткасының жайылған іріңді қабынуы;

4. Бет венасының флебиттері;

5. Регионарлы лимфа түйіндерінің серозды лимфадениті.

813. Фурункулдың абсцестелуіне жиі әкелетін себеп:

1. Тісжегінің декомпенсирленген түрі;

2. Лимфа түйіндерінің қабынуы;

3.Біріншілік элементтерді сыққаннан кейінгі түк фолликуласының қабынуы;

4. Аллергиялық реакция;

5. Жедел одонтогенді қабыну үрдісі.

814. Беттің фурункулы мен карбункулының асқынуы бет венасының тромбофлебиті болуы мүмкін.

Осы асқынуға НЕҒҰРЫМ дұрыс анықтама беріңіз:

1. Қантамыр ішілік ұюмен венаның жедел қабынуы;

2. Қантамыр ішілік ұюмен веналардың және қоршаған тіндердің созылмалы қабынуы;

3. Қантамыр ішілік тромбозбен веналардың және қоршаған тіндердің жүйелі қабынуы;

4. Веналардың және қоршаған тіндердің қайталамалы қабынуы;

5.Қантамыр ішілік тромбозбен бет венасы мен қоршаған тіндердің жедел қабынуы.

815. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балаларға белсенді инфузиялық ем жүргізеді. Фармакодинамика бағытына байланысты құйылатын сұйықтық не үшін?

1. Шокпен күресу үшін;

2.Дезинтоксикация үшін;

3. Парентеральды тамақтану үшін;

4. Иммунды жүйені белсендіру үшін;

5. Бұлшықет тонусын ұстап тұру үшін.

816. Жедел гематогенді остеомиелиті бар балалар НЕҒҰРЛЫМ жиі емделіп жататын мекеме:

1. Емхана

2. Аурухана изоляторы;

3. Стационардың жалпы палатасы;

4. Бет әлпеті аймағының бөлімі;

5.Қарқынды терапия мен реанимация бөлімі.

817. Төменгі жақтың қандай анатомиялық бөлімі одонтогенді диффузды остеомиелитке НЕҒҰРЛЫМ жиі шалдығады?

1. Жақтың альвеола өсіндісі;

2. Жақтың тәждік өсіндісі;

3.Жақсүйектің денесі мен бұтағы;

4. Жақсүйек бұтағы;

5. Жақсүйек денесі.

818. Төменде аталған клиникалық көріністердің қандай ерекшелігі балалардағы бет әлпеті аймағының одонтогенді қабыну инфильтратына НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. Тіндердің іріңді ыдырауына тенденциясы;

2.Таралу мен атипизмге тенденция;

3. Сорылу тенденциясы;

4. Шектелу тенденциясы;

5. Некрозға тенденция.

819. Төменде аталған симптомдардың қайсысы балалардағы төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелитіне НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. «Пластмассалы ойыншық»;

2. «Пергаментті сықыр»;

3. Толу

4. Қысым;

5.Венсан.

820. Созылмалы периодонтит кезінде уақытша тістерді хирургиялық емдеуге НЕҒҰРЛЫМ дұрыс көрсеткішті анықтаңыз:

1. Тістің қозғалғыштығы;

2. Қызылиекте жылғаның болуы;

3. Науқастың емнен бас тартуы;

4.Патологиялық үрдіске тұрақты тіс фолликуласының қатысуы;

5. Тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысының болуы.

821. Мурсу симптомы НЕҒҰРЛЫМ қай ауруға тән белгі:

1. Сілекей тас ауруына;

2.Эпидемиялық паротит;

3. Паренхиматозды паротит;

4. Лимфонодулярлы паротит;

5. Интерстициальды паротит.

822. Балалар бет әлпеті аймағының хирургиясы бөлімінің қабылдау бөліміне анасымен бірге 3 жасар бала келді. Қарап тексергенде: мойнының бүйір бетінде тығыз, ауыратын инфильтрат анықталды, бетіндегі терісі ісінген, қызарған. Анасының айтуынша туғанында осы аймақта кішкентай ісік тәрізді түзіліс байқалған.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.Мойынның бүйір бөлігінің іріңдеген кистасы;

2. Созылмалы лимфаденит;

3. Жедел лимфаденит;

4. Лимфогранулематоз;

5. Мойын лимфангиомасы.

823. Балалар бет әлпеті аймағының хирургиясы бөлімінің қабылдау бөліміне 2,5 айлық баласы бар ана келді. Анамнезінен, кіндігі ұзақ уақыт жазылмағаны анықталды. Қарап тексергенде жоғарғы жақ аймағы ісінген, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысында жоғарғы жақсүйектің альвеола өсіндісінде ірің бөлінетін жылға бар.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Мұрын фурункулы;

2. Одонтогенді периостит;

3. Көзасты аймағының абсцессі;

4. Жоғарғы жақсүйектің одонтогенді остеомиелиті;

5.Гематогенді остеомиелиттің жергілікті ошақты түрі.

824. 6 жастағы бала анасымен дәрігер стоматологқа жалпы әлсіздікке, дене қызуының 37,8 0 болуына шағымданып келді. Объективті: сол жақ ұрт аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты айқын бет асиммтериясы бар, Ауыз қуысында 7.4 тіс бұзылған, тісті қоршаған қызылиек қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген..

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жедел жалпы пульпит;

2.Жедел іріңді периостит;

3. Жедел іріңді периодонтит;

4. Жедел гангренозды пульпит;

5. Жедел диффузды остеомиелит.

825. Балалар стоматологиялық емханасына 14 жастағы бала төменгі жақсүйек аймағындағы ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, лоқсу, қалтырау, иек және төменгі ерін аймағындағы жансыздану сезіміне шағымданып келді. Пальпацияда жақ асты және мойын лимфа түйіндері ұлғайған, төменгі жақ жиегінің бойымен периостальды реакция, муфта тәрізді инфильтрат байқалады. Ауыз ашылуы шектелген, 4.7 тіс сауыты бұзылған, қозғалады, тіс-қызылиек қалтасынан ірің ағады.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 4.7 тістен болған төменгі жақтың созылмалы остеомиелитінің өршуі;

2.4.6 тістен болған төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті;

3. 4.6 тістен болған төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті;

4. 4.6 тістен болған созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. 4.6 тістен болған жедел іріңді периодонтит.

826. Ата-анасымен бірге балалар стоматологиялық емханасына оң жақ жоғарғы жақсүйегіндегі ісіну мен ауыру сезіміне 5 жасар бала шағымданып келді. Қарап тексергенде анықталды: 5.4 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын тістегі қуысы, перкуссия аздап ауырады, шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпарында ауыратын инфильтрат сезіледі. Нақтама қойылды: жоғарғы жақсүйектің жедел іріңді периоститі.

Науқасты емдеу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.Периостотомия, эндодонттық ем;

2. Антибактериальды ем тағайындау;

3. Девитальды ампутация жүргізу;

4. Тісті жұлу;

5. Тісті пломбылау.

827. Емханаға беті мен басының бір жартысындағы жайылған қабыну үрдісімен ауыр жағдайдағы 9 жасар баланы әкелді. Бір апта ішінде 3.6 тісіндегі созылмалы периодонтиттің өршуіне байланысты емдеп бастағаннан кейін дамыған.

Клиникалық ағымына қарай НЕҒҰРЛЫМ қандай инфекция осы аурудың қоздырғышы болып табылады?

1. Аэробты инфекция;

2. Ішек инфекциясы;

3.Анаэробты инфекция;

4. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар;

5. Стафилококкты инфекция.

828. Балалардағы жақсүйектің жедел одонтогенді периоститін амбулаторлық емдеу тиімділігін қандай критерий НЕҒҰРЛЫМ дұрыс көрсетеді?

1.1 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

2. 2 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

3. 3 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

4. 4 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

5. 5 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы.

829. Клиникаға госпитализациялау кезінде 7 жасар балаға нақтама қойылды: 8.4 тістен болған төменгі жақсүйек аймағының одонтогенді аденофлегмонасы. Наркозбен тіс жұлынды және іріңді ошақ дренаждалды, антибактериальды ем тағайындалды. Бірақ дене қызуы көтере берді, жалпы жағдайы нашарлай берді, 3 күні қайта операция жасалды.

Науқас жағдайының нашарлау себебін түсіндіріңіз:

1. Бірінші операцияда периостотомия жүргізілмеген;

2. Бірінші операцияда тері асты фасция кесілмеген;

3.Бірінші операцияда лимфа түйінінің капсуласы ашылмаған;

4. Бірінші операцияда жақ-тіл асты мұлшықеті ажыратылмаған;

5. Бірінші операцияда лимфа түйініне антибиотиктер енгізілмеген.

830. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ созылмалы гранульденген периодонтитке тән?

1. Химиялық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімі;

2.Тісжегі қуысы мен қызылиекте жылғаның болуы;

3. Тісжегі қуысының, тамақтанғанда ауыру сезімінің болуы;

4. Тісжегі қуысының және өтпелі қатпарда инфильтраттың болуы;

5. Тісжегі қуысының, өздігінен туындайтын ұстама тәрізді ауыру сезімінің болуы

831. Одонтогенді лимфаденитке байланысты жүргізілген емнен кейін жасөспірімде жақасты лимфа түйініндегі қабыну үрдісі толығымен жойылмаған. НЕҒҰРЛЫМ дұрыс себебін анықтаңыз:

1. Гипосенсибилизациялық ем тағайындамаған;

2.«Себепші» тісті емдемеген;

3. Антибиотикотерапия тағайындамаған;

4. Иммунотерапия тағайындамаған;

5. УВЧ-терапия тағайындамаған;

832. Балалардағы одонтогенді флегмоналар дамуын алдын алуыдың НЕҒҰРЛЫМ тиімді жолы:

1. Шектелген іріңді-қабыну үрдістерінің антибиотикотерапиясы;

2. Арнайы иммунотерапияны уақытында тағайындау;

3. Медикаментозды емді уақытында тағайындау;

4.Шектелген іріңді ошақты ерте дренаждау;

5. Адекватты иммуномодулирлеуші ем.

833. Жасөспірімді 4.6 тісіндегі тұрақты сыздаған ауыру сезімі мазалайды. Рентгенограммада осы тістің медиальді түбірінің 3/4 бөлігі ғана пломбыланған, апикальды бөлігі өтілмейді, жақын тұрған сүйекте шекарасы анық емес деструкция ошағы. Дистальды түбір өзегі түбір ұшы тесігіне дейін пломбыланған, маңындағы сүйекте склероз көрінісі.

Осы тісті НЕҒҰРЛЫМ рационалды емдеу әдісін анықтаңыз:

1. Тісті жұлу;

2. Тісті реплантациялау;

3.Тісті гемисекциялау;

4. Медиальды түбір ұшын резекциялау;

5. Тісті қайтадан эндодонттыө емдеу.

834. Үш апта бұрын қабыну үрдісіне байланысты 4 жасар баланың 6.5 тісі жұлынып, периостотомия жасалды. Бірақ баланың жағдайы жақсармады, ұрт және төменгі сол жақ қабағы аймағында тығыз, ауыратын инфильтрат сақталды, бетіндегі терісінің түсі өзгермеген, қантамыр суреті айқын. Жұмсақ тіндеге жүргізілген қосымша тіліктер нәтиже бермеді.

Неғұрлым мүмкін болатын болжам нақтаманы атаңыз:

1. Одонтогенді сепсис;

2.Жоғарғы жақ остеосаркомасы;

3. Жоғарғы жақ остеобластокластомасы;

4. Жоғарғы жақтың деструктивті остеомиелиті;

5. Жоғарғы жақтың гиперпластикалық остеомиелиті

835. Балаға жақасты флегмонасын дренаждауға байланысты операция жүргізді. Келесі күні ауыратын жағында езуінің төмен түскені, жымиғанда төменгі еріннің төмен түсуі байқалды.

Балада НЕҒҰРЛЫМ қай асқыну дамыды?

1. Флегмона көрші аймақтарға таралды;

2.Бет нервінің маргинальды тармағы жарақаттанды;

3. Жұмсақ тіндердің гематомасы түзілді;

4. Үшкіл нерв тармағы жарақаттанды;

5. Шайнау бұлшықеттері жарақаттанды.

836. Стоматологиялық қаралуға анасы, 8.4 тістің сауыты жартылай бұзылған 5-жасар баласын әкелді. летнего Қызылиегінің вестибулярлы бетінде жылға анықталды.

Неғұрлым дұрыс нақтама қойыңыз және емдеу жоспарын құрыңыз:

1. Жедел іріңді пульпит, тісін емдеу;

2. Жедел іріңді периостит, тісті жұлу;

3. Созылмалы жәй пульпит, тісін емдеу;

4. Созылмалы фиброзды периодонтит, тісін емдеу

5.Созылмалы гранулденген периодонтит, тісін емдеу.

837. 4 жастағы бала үш апта бойы стационарда төменгі жақсүйектің жедел остеомиелиті бойынша емделді. Бірақ, шығарғаннан кейін қайтадан жедел қабыну белгілері пайда болды.

Науқастың осындай жағдайына НЕҒҰРЛЫМ дұрыс түсінік беріңіз:

1. Остеомиелиттік үрдіс созылмалы кезеңге өтті;

2. Остеомиелиттік үрдіс жіті (подострая) сатыға өтті;

3.Нақасу стационарлық емнен ерте шығарылған;

4. Стационардағы ем адекватты болмаған;

5. Остеомиелиттің жедел сатысы жалғасып жатыр.

838. Ұзақ уақыт жоғарғы жақсүйектегі жедел остеомиелитке байланысты стационарда емделген 14 жасар баланы қарап тексергенде оң жақ көзасты аймағының ісінгені анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37°С. Ауыз қуысында 1.5, 1.3 тістер аймағындағы вестибулярлы және оральды беттердегі шырышты қабат ісінген, көкшілденген. 1.4 тісі жоқ, ұяшығы грануляцияларға толған. Жоғарғы оң жақ тістерін қағып тексергенде аздап ауырады.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы анықтаңыз:

1. 1.4 тістен болған жоғарғы ортаңғы ұяшық нервінің невриті

2. Жоғарғы жақ альвеола өсіндісіндегі жаңа түзіліс;

3. 1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің жедел одонтогенді остеомиелиті;

4. 1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің жіті одонтогенді остеомиелиті;

5. 1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің созылмалы шектелген остеомиелиті.

839. Балалар бет әлпеті аймағының абсцесстері мен флегмоналарын рационалды емдеу әдістерін атаңыз:

1. «Себепші» тісті жұлу; инфильтра пункциясы, гипосенсибилизациялық ем, сұйықтықтарды қайта құю;

2. Консервативті ем, «себепші» тісті емдеу, периостотомия,

антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, УФО, УВЧ;

3. «Себепші» тісті жұлу немесе дренаждау, ауыз ішілік немесе сыртқы тілу, медикаментозды ем, физиоем;

4. Антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, қан құю, гормональді препараттар, ГНЛ сәулесімен әсер ету;

5. Қозғалатын барлық тістерді жұлу, физиотерапия, антибактериальды ем, новокаиндік блокада.

840. Созылмалы периодонтиті бар уақытша тістерді келесі клиникалық көріністерде консервативті емдейді:

1. Егер олардың физиологиялық ауысуына 1,5-2 жыл қалса, түбірлердің 1/4–1/3 бөлігінің патологиялық резорбциясы болса;

2. Анамнезінде екі не одан көп асқынулар немесе емдеу кезінде асқыну болса;

3. Егер тіс қуысының түбінің резорбциясы немесе перфорация;

4. Егер тұрақты тіс фолликуласының компактты пластинкасыныңбұзылуы және түбір ұшы маңының қабыну кистасы;

5.Бала емханаға бірінші рет келгенде, физиологиялық ауысуға 3-4 жыл қалса, түбірлердің патологиялық сорылуы байқалмайды,

841. Жедел периодонтит пен жедел одонтогенді остеомиелитте сүйектегі паталогоанатомиялық өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ ұқсас:

1. Қантамыр тромбозы;

2. Сүйек каналдарының нейтрофильдермен инфильтрациялануы және қантамыр тромбозы;

3. Сүйек тінінің деструкциясы және майда секвестрлердің түзілуі;

4.Сүйек кемігі кеңістігінің нейтрофильдермен инфильтрациялануы және сүйек балкаларының лакунарлы сорылуы;

5. Сүйекішілік қантамырлардың стазы, сүйек каналдарының нейтрофильдермен инфильтрациялануы, сүйек кемігінің некрозы.

842. Қабылдау бөліміне дене қызуының 38.5° дейінгі шағымымен 8 айлық баланы жеткізді. Бала мазасыз, мойнының бүйір бетінде ауыратын жайылған инфильтрат білінеді, бетіндегі терісі қызарған. Нақтама қойылды: мойынның бүйір бетінің аденофлегмонасы.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Физиоем және қыздыратын компрестер тағайындау;

2. Құрғақ жылу, антисептикалық ерітінділермен ауыз қуысының және мұрын-жұтқыншақтың ирригациясын тағайындау;

3. Тұрғылықты жері бойынша бақылау және педиатрда емдеу тағайындау;

4Баланы госпитализациялау, наркозбен іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем жүргізу;

5. Антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем тағайындау.

843. 7 жастағы баланы қарап тексергеннен соң нақтама қойылды: 7.5 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі, оң жақ жақасты аймағының жедел іріңді лимфадениті.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 7.5 тісті жұлу, жақасты аймағына қыздыратын компрестер;

2. 7.5 тісті жұлу, іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем;

3. Лимфа түйінінің пункциясы, антибиотиктерді интранодулярлы енгізу,

4. 7.5 тісті эндодонттық емдеу;

5. Физиотерапиялық ем.

844. Төменде аталған кешенді емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ төменгі жақсүйектің жедел одонтогенді остеомиелитіне тән?

1. «Себепші» тісті жұлу, ауыз ішінен тілу, антибактериальды және десенсибилизациялық ем.

2. «Себепші» тісті жұлу, антибактериальды және десенсибилизациялық ем, детоксикациялық ем.

3.«Себепші» тісті жұлу немесе емдеу, остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж, ауыз ішінен және ауыз сыртынан тілу, антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем;

4. Остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж, антибактериальды және десенсибилизациялық ем;

5. Тісті жұлу, остеоперфорация, антибактериальды және десенсибилизациялық ем.

845. 7 жасар балатөменгі жағының оң жағында ұртының жұмсақ тіндерінің ісінгенінешағымданып келді. қарап тексергенде 8.4 тісінің сауыт бөлігінің толық бұзылған, сол тіс айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген,пальпацияда өтпелі қатпарда ауратын инфилтрат бар, флюктуация симптомы анықталды.

Балаға қандай тұжырым диагноз қоясыз және қандай ем неғұрлым сайкес?

1. 8.4 тістен дамыған ұрттың абцессі , іріңді ошақты дренаждау , антибактериальды терапия

2. 8.4 тістің жедел гангренозды пульпиті , Острый гангренозный пульпит 8.4:ұлпаның ампутациясы мен экстирпациясы, тісті пломбылау

3. 8.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі; тіс қуысын кеңейту, эндодонтиялық ем, түбір каналдары мен тіс қуысын пломбылау.

4.Төменгі жақтың жедел іріңді периоститі: 8.4 тісті жұлу , периостомия , антибактериалды ем.

5. Төменгі жақтың жедел ошақты остеомиелиті , антибактериальды терапия.

846. Қабылдау бөліміне 9 жасар бала поликлиникада жедел іріңді периоститі деп 8.4 тісі жұлынғанын, периостомия жасалғанын айтып келді. бір күннен кейін баланың жалпы жағдайы нашарлайды: дене қызуы 38,50 анықталды, бет ісінуінің ұлғайған, бет терісі тырысып және қызарған. Науқасқа байланысты қандай тактика неғұрлым дұрыс?

1. Ауру сезімін басатын дәрілер және физио ем тағайындау.
2. Жалпы жағдайын жақсартатын терапия және ауыз қуысын түймедақ шөптермен шаюды тағайындау.

3.Баланы стационарға госпитальизациялау, жергілікті жансыздандыру мен жараның жиектерін ашу, антибактериальды ем тағайындау.

4. Тіс ұяшығынң ревизиясын жүргізу, антибиотиктерді тағайындау.

5. Жұлынған тістің ұяшығын антисептикалық ерітіндімен шаю , оны йодоформмен тампон қалдыру.

847. 10 жастағы балада төменгі жақ сүйектің оң жақ аймағындағы тіндердің ісінуінен төменгі жақ сүйектің деформациясы байқалады. қарап тексергенде 8.5 тісінің пломбыланғаны анықталды , тіс сауыты алқызыл түсті, жақсүйектің вестибулярлы жағынан сүйектің ісінуі байқалады, пергаментті сықыр симптомы оң. Рентген суретте 8.5 тістің аймағында шекарасы анық , дөңгелек пішінді сүйек тінінің шектелген ыдырауы ошағы бар, үрдіске 4.5 тістің ұрығы қосылған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы анықтап емдеу жоспарын құрыңыз?

1. Төменгі жақтың одонтогенді қабыну кистасы , цистотомия ,8.5 тісті жұлу;

2. 8.5 тістен болған төменгі жақтың радикулярлы кистасы , цистоэктомия;

3. 8.5 тістен болған төменгі жақтың радикулярлы кистасы, цистотомия, 8.5 тісті және 4.5 тіс ұрығын жұлу;

4. Төменгі жақ остеобластокластомасы, сәулелі ем;

5. Төменгі жақтың фолликулярлы кистасы , цистоэктомия, 4.5 тістің ұрығын жұлу;

848. Клиникаға 5 күн бұрын госпитализацияланған және жақасты аймағының флегмонасы бойынша операция жасалған 5 жасар қыз баланы клиникадан шығару алдында гранульденген жарасы болды

Хирургтың қандай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ гипертрофиялық тыртық дамуының алдын алады?

1. Грануляциялық тінді толық алу және жараға жақпалы таңба қою;

2. Жараға күнделікті кератопластикалық жақпа таңбасын қою;

3.Жараны хирургиялық өңдеу және екіншілік тігіс салу;

4. Грануляциялық жараға еркін тері пластикасын жүргізу;

5. Жараға күнделікті УФО-терапиясын жүргізу.

849. Емханаға 8 жасар бала келді. Қарап тексергенде екі жағынан да құлақ маңы және жақасты аймақтары жұмсақ тіндерінің ісінуі анықталды, бетіндегі терісі қызарған, тырысқан. Ауырғанына 3 күн болған, баланың жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызуы 380 С, тәбеті төмендеген, ауыз қуысы құрғаған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы және емдеу принципін анықтаңыз:

1. Калькулёзды сиалоаденит, оперативті ем;

2. Жедел іріңді лимфаденит, іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем;

3. Паренхиматозды сиалоаденит, сөл бөлінуін күшейтетін заттар, массаж, қабынуға қарсы және гипосенсибилизациялық ем;

4. Жедел іріңді периостит, периостотомия, антибактериальды ем;

5.Эпидемиялық паротит, науқасты оқшаулау, детоксикациялық ем, сөл бөлінуін күшейтетін емдәм.

850. Толық бұзылған, 3.6 тістен дамыған төменгі жақсүйегінің жедел одонтогенді остеомиелиті бар баланы емдеу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тісті жұлу, периостотомия;

2. Остеоперфорация, түбір өзектерін санациялау;

3. Тісті жұлу және антибактериальды ем;

4. Периостотомия, медикаментозды ем, қабыну үрдісі басылғаннан соң «себепші» тісті емдеу;

5.Баланы госпитализациялау, жалпы жансыздандырумен остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж жүргізу, 3.6 тістің түбірлерін жұлу, медикаментозды ем.

851. Аймақтық ауруханадан клиникаға 12 жастағы бала ауыз қуысы түбінің жайылған қабыну үрдісімен ауыр жағдайда жеткізілді. Бір апта ішінде 3.6 тісіндегі созылмалы периодонтиттің өршуіне байланысты емдеп бастағаннан кейін дамыған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс емдеу жоспарын құрыңыз:

1. Ауыз ішілік әдіспен іріңді ошақты дренаждау, тісті емдеу;

2. Ауыз ішілік әдіспен іріңді ошақты дренаждау, тісті жұлу;

3. Іріңді ошақты ауыз сырты әдісімен дренаждау, антибактериальды ем, тісті жұлу;

4.Іріңді ошақты ауыз сырты әдісімен дренаждау, белсенді антибактериальды, детоксикациялық, десенсибилизациялық ем, 3.6 тісті сақтау мәселесі R-граммадан соң шешіледі;

5. Іріңді ошақты ауыз ішілік әдісімен дренаждау, антибактериальды ем, тісті емдеу.

852. Клиникаға 13 жастағы бала жұтынғанда күшейетін тамағындағы ауыру сезімі, ауыз ашылуының шектелуі шағымдарымен жеткізілді. 4 күн бұрын 4.6 тісі қатты ауырып бастады. Үйінде емделген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,30 С, лейкоцит -10,2 х10 9/л, ЭТЖ-26мм/сағ. 4.6 тістен болған қанатша-жақ кеңістігінің флегмонасы деген нақтама қойылды.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс емдеу жоспарын құрыңыз:

1. 4.6 тісті жұлу, антибактериальды ем;

2. 4.6 тісті жұлу, физиотерапия, ауыз қуысының ирригациясы;

3. Қабыну үрдісі басылғаннан кейін 4.6 тісті емдеу;

4. Ауыз сырты әдісімен іріңді ошақты дренаждау;

5.4.6 тістің түбір өзектерін дренаждау, периостотомия, ауыз сырты әдісімен іріңді ошақты дренаждау.

853. Дәрігерге бала жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен кеше 6.4 тістің кесірінен болған жедел іріңді периостит бойынша «себепші» тіс жұлынып, аузын тұз-сода ерітіндісімен шайқау тағайындалған

Дәрігердің жасаған қателігін анықтаңыз және ем жоспарына толықтыру енгізіңіз:

1. Тісті сақтап, іріңнің шығуын түбір өзектері арқылы қамтамасыз ету қажет еді;

2. Тісті жұлғаннан соң жақсы ұяшық ревизиясын жүргізіп, ұяшықты тазалап, йодоформ ұнтағымен тампон қалдыру қажет еді;

3. Қосымша гипосенсибилизациялық ем тағайындалмаған;

4.Ауыз ішілік тілу жүргізілмеген, қосымша периостотомия қажет;

5. Периостотомия жүргізіп, физиоем тағайындап, тісті сақтау қажет еді.

854. Бір күн бұрын баланың 8.4 тісі жедел іріңді периоститке байланысты жұлынып, периостотомия жүргізілді. Қайта тексеру кезінде дене қызуы 38,5°С, бет ісінуі ұлғайған, төменгі жақ аймағындағы тері тырысқан және ісінген.

Осы балаға байланысты дәрігердің тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қандай?

1. Ұяшық ревизисын жүргізу, антибиотикотерапия тағайындау;

2. Ауыру сезімін басатын препараттар тағайындау, физиолечение;

3. Жалпы әлдендіруші ем, шөп қайнатпалары мен антисептикалық ерітінділермен аузын шайқауды тағайындау;

4. Ұяшықты антисептик ерітінділерімен өңдеу, ұяшықты йодоформ турундасымен тампондау, антибиотикотерапия тағайындау;

5.Баланы стационарға госпитализациялау, жергілікті жансыздандырумен жара жиегін ашу, медикаментозды ем тағайындау.

855. Бес күн бұрын госпитализацияланған және жақасты аймағыныың флегмонасына байланысты операция жасалған 7 жасар науқаста клиникадан шығар алдында грануляцияланған жара бар. Хирург жараны екіншілік хирургиялық өңдеуге шешім қабылдады.

Косметикалық эффект алу үшін дәрігер НЕҒҰРЛЫМ қандай әрекет жасауы керек?

1. Жақпасы бар таңба қою;

2. УФО-терапия тағайындау;

3. Грануляциялық тіндерді қырып алу және жақпасы бар таңба қою;

4. Грануляциялық тіндерді қырып алу және теріні еркін ауыстыру (пересадка);

5. Грануляциялық тінді жаңарту және жараға косметикалық тігістер салу.

856. Емханаға нәресте кезінде оң жағындағы буын өсіндісінің буын басының жедел гематогенді остеомиелтімен ауырған 3асар баланы әкелді. Біртіндеп науқастың аузы жабылды, сұйық тамақтарды ғана жейді.

НЕҒҰРЛЫМ дұрым нақтама қойыңыз және емдеу жоспарын құрыңыз.

1.СТЖБ анкилозы және микрогения: төменгі жақ бұтағының сүйектік пластикасымен бір мезеттік остеотомия;

2. Буын өсіндісінің деструктивті остеомиелиті, секвестрэктомия,

қабыну үрдісі басылғаннан кейін сүйек пластикасы;

3. Төменгі оң жақтың микрогениясы, остеотомия және сүйек пластикасы;

4. СТЖБ деформациялаушы остеоартрозы, жасөспірімдік жасқа дейін механотерапия;

5. Буын өсіндісінің созылмалы гематогенді остеомиелиті, секвестрэктомия және кейін сүйек пластикасы.

857. Емханаға операциядан кейін пайда болған жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен, бір күн бұрын күндіз 6.4 тістен болған жедел іріңді периостит бойынша тісі жұлынған, аузын сода-тұзды ерітіндімен шайқау тағайындалған.

Емхана дәрігерінің қателігін анықтаңыз:

1. Периостотомия жүргізіп, физиоем тағайындау қажет еді;

2. Ұяшықты жақсылап ревизиялап, ұяшықты тазартып, йодоформ ұнтағымен тампон алдыру қажет еді;

3. Науқасқа гипосенсибилизациялық ем тағайындалмаған;

4. Тісті сақтап, түбір өзектері арқылы іріңді шығарып, антибиотик тағайындау қажет еді;

5.Ауыз ішінен тілу жүргізілмеген (периостотомия) және антибактериальды ем тағайындалмаған.

858. 13 жастағы науқас тағам тістегенде туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: жоғарғы ерні ұлғайған, жұмсақ, ауырмайды, 2.1 тісінде терең тісжегі қуысы, шұқып тексергенде ауырмайды, перкуссияда ауырады. 2.1, 2.2 тістер аймағында альвеола өсіндісін сипап тексергенде ауырады. Вестибулярлы жағының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентгенограммада түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйектің ыдырауы анықталады. Дәрігер қызылиекті сүйекке дейін тіліп, қою, ірің араласқан, холестерин кристаллдары бар күңгірт сұйықтық алды.

Операция қандай патологиялық үрдіс бойыша жүргізілді?

1. 2.1 тістің жалпы іріңді пульпиті;

2. 2.1 тістің жақсүйектің іріңді периоститі

3. 2.1 тістің іріңдеген одонтогенді қабыну кистасы;

4. 2.1 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. Пародонтиттің қабыну-дистрофиялық түрі.

859. 8.4 тістен болған жедел іріңді периоститі бар баланың осы тісі бір күн бұрын жұлынып, периостотомия жасалған. Баланың жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,50 дейін көтерілген, бет ісінуі ұлғайған, жақасты аймағының терісі тырысқан жіне қызарған. Нақтама қойылды: жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы.

Баланы әрі қарай емдеудің тиімді жоспарын анықтаңыз:

1. Үй жағдайында ауыру сезімін басатын перпараттар, антибиотиктер және жылыту компресстерін тағайындау;

2.Баланы госпитализациялау, наркозбен іріңді ошақты сыртынан тілу арқылы дренаждау, медикаментозды ем;

3. Жұлынған тіс ұяшығын антисептик ерітінділерімен шаю, кейін йодоформ турундасымен тампондау;

4. Жұлынған ұяшықтың ревизиясын жүргізу, оны шаю, антибиотикотерапия тағайындау;

5. Жалпы әлдендіретін ем, үй жағдайында ауыз қуысын түймедақ қайнатпаларымен аузын шайқауды тағайындау.

860. 15 жастағы жасөспірімді бұрын емделген 2.1 тісі мазалата бастады. Ауыз ішілік рентгенограммада тіс түбірі 3/4 бөлікке ғана пломбыланған, түбір ұшы аймағының сүйек тінінде шекарасы анық емес деструкция ошағы.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтама қойыңыз және рационалды емді анықтаңыз:

1.Созылмалы гранулденген периодонтит, эндодонттық емнен кейін түбір ұшының резекциясы;

2. Созылмалы гранулденген периодонтит, грануляцияларды қырып алғаннан кейін түбір ұшының резекциясы;

3. Созылмалы фиброзды периодонтит, түбір ұшының резекциясы;

4. Созылмалы гранулематозды периодонтит, тісті жұлу;

5. Созылмалы фиброзды периодонтит, тіс реплантациясы.

Наши рекомендации