Хирургиялық инфекция
1. Маститтің алғашқы қабыну кезеңіндегі жасалатын емді таңда:
а) сүт безін жылы ұстау, қатты таңып тастау
б) баланы емізу, сүт сорғышпен сүтті сорып тастау
в) антибиотик енгізу
г) кесіп, дренаж қою
2. Ретромаммарлы маститті ашуда кесу жолы:
а) радиарлы сүт безі жағынан
б) радиарлы сүт безінің астынғы жағынан
в) жартылай сүт безі тұсынан
г) жартылай ойымшақ сүт безінің төменгі тұсы
3.Маститтің инфильтративті кезеңінде (фаза) қандай ем жүргізіледі?
а) сүтті сорып тастау
б) ультра сәулелік терапия
в) иммунностимуляция
г) барлық жауаптар дұрыс
4. Маститтің ұйыма (студень) кезеңінде қандай ем қолдануға болмайды:
а) пенициллин-новакаин ерітіндісімен тосқауыл (блокада) жасау
б) емізікті (сосок) дезинфекциялау
в) массаж жасау
г) сүтін сауып тастау
5. Іріңдеген маститті кесу әдісі:
а) ретромаммарлы маститте сүт безі астынан кеуде мен сүт безі аралық сызығынан кесіп ашу
б) іріңдік үлкен жағдайда бірнеше радиалды бағытта кесіп ашу
в) сүт безінің кесіп-тесу әдісі
г) ареолаға 2-3см жетпей ұзыннан (радиалды) кесу
6. Мастит бұл-
а) шаш безінің қабынуы
б) қуық безінің қабынуы
в) сүт безінің қабынуы
г) ұйқы безінің қабынуы
7.Жедел жергілікті іріңді хирургиялық инфекцияны шақыратын микробтар:
а) сапрофиттер
б) аэробтар
в) анаэробтар
г) паразиттер
8.Жедел жергілікті іріңді хирургиялық инфекцияға жататын ауру:
а) дизентерия
б) мастит
в) торсылдақтар
г) цистит
9.Жалпы хирургиялық инфекцияға жататын ауру:
а) күбіртке
б) флегмона
в) сепсис
г) сіреспе
10. Асептика ережелерінің бұзылуынан пайда болатын қабыну ошағының шекарасы бар, жергілікті қызу көтерілген, ісінген, ауырады. Қалай атаймыз?
а) флегмона
б) тілме
в) абсцесс
г) гидраденит
11.Қандай жергілікті инфекцияда шаш фолликуласы мен оны қоршаған ұлпалар қабынады:
а) сыздауықта
б) дерматитте
в) карбункулда
г) фурункулезде
12. Қандай жергілікті жедел хирургиялық инфекцияда жасушы аралық кеңістік қабынады:
а) сыздауықта
б) маститте
в) флегмонада
г) абсцессте
13.Саусақтың бір немесе бірнеше элементі қабынатын ауруды ата:
а) пульпит
б) күбіртке
в) цистит
г) артрит
14. Жергілікті температураның көтерілуі, ауру сезімі, қызару, ісіну қандай хирургиялық патологияға тән:
а) сепсиске
б) қауіпті инфекцияға
в) жергілікті хирургиялық инфекцияға
г) ісікке
15.Жергілікті хирургиялық инфекцияны оперативті емдеу неге байланысты?
а) қоздырғышқа
б) орналасқан жеріне
в) өту кезеңіне
г) науқастың жағдайына
16.Инфильтрация кезеңіндегі жедел жергілікті инфекцияны емдеудің негізгі қағидасын таңда?
а) майлы таңба
б) физиотерапия, құрғақ жылы, новокаин тосқауылы
в) дене шынықтыру
г) жылытқыш қою
17.Аэробты инфекцияны қандай қоздырғыштар шақырады?
а) сәулелі саңырауқұлақ
б) Кох таяқшасы
в) сібір ойық жарасы бацилласы
г) стрептококк, пневмококк
18.Инфекция дамуына қандай факторлар жағдай жасайды:
а) ағзаның әлсіреуі
б) тұқым қуалаушылық
в) аллергия
г) науқас ағзаның қорғаныш қасиетінің төмендеуі
19.Қабынудың жергілікті белгілерін көрсет:
а) қызба, терлеу, қалтырау
б) бас ауру, ұйқышылық
в) ауыру сезімі, қызару, жергілікті ісіну, қызметінің бұзылуы
г) ентігу, жөтел
20.Қабынудың жалпы белгілері:
а) ісініу, көгеру
б) қызару, қызметінің бұзылуы
в) ауыру сезімі, жергілікті қызу
г) дене қызуының көтерілуі, эритрациттердің тұну жылдамдығының көтерілуі, лейкоцитоз
21.Қабыну ауруларына қай ауру жатады:
а) кіндік жарығы
б) липома
в) карбункул
г) остеохондроз
22.Сепсис
а) сүйек майының қабынуы
б) шаш қапшығының қабынуы
в) тер бездерінің қабынуы
г) жалпы организмде инфекцияның жайылуы
23.Остеомиелит
а) тері асты май қабатының қабынуы
б) тері шырышты қабаттарының қабынуы
в) сүйек майының және барлық қабаттарының қабынуы
г) бүкіл организмдегі инфекция
24.Іріңдік дегеніміз -
а) бір неше шаш қапшығының қабынуы
б) іріңді қабынудың шектелген түрі
в) лимфа түйіндерінің қабынуы
г) тер бездерінің қабынуы
25.Дүңку
а) шаш қапшығының қабынуы
б) сүйек майының қабынуы
в) бүкіл организмдегі инфекция
г) тері асты қабатының жайылған қабынуы
26.Іріңдік деп нені айтады?
а) жайылмалы қабынуды
б) қоршалған қабыну ошағын
в) май безінің қабынуын
г) көп қабынуларды
27.Іріңді қабыну ошағын ашу үшін көрсеткішті таңда:
а) шықырлау
б) флюктуация
в) инфильтрация
г) репозиция
28.Лимфангоит
а) лимфа түйіндерінің қабынуы
б) лимфа тамырларының қабынуы
в) қан тамырларының қабынуы
г) бүйректің қабынуы
29. Лимфаденит
а) тер бездерінің қабынуы
б) сілекей бездерінің қабынуы
в) лимфа түйіндерінің қабынуы
г) май бездерінің қабынуы
30.Остеомиелит деп нені айтады?
а) сүйек қабының қабынуы
б) буынның қабынуы
в) сүйек майының және сүйектің барлық қабаттарының қабынуы
г) байлам аппаратының қабынуы
31.Беттегі көршиқанның қандай асқынуында ауруханада емделеді?
а) стоматитте
б) остеомиелитте
в) сепсисте
г) іріңдікте
32.Тер бездерінің қабынуы қалай аталады?
а) гидраденит
б) холангит
в) флебит
г) артериит
33.Жедел гематогенді остеомиелиттің хирургиялық емі:
а) остеосинтез
б) ампутация
в) остеоперфорация
г) сүйектік тарту
34.Сепсистің асқынуы
а) анафилактикалық шок
б) септикалық шок
в) септицемия
г) септикопиемия
35.Көршиқан .................. қабынуы.
а) лимфа бездерінің
б) бір шаш түбінің
в) тер бездерінің
г) бірнеше шаш қабының
36.Жедел гематогенді остеомиелит ................. қабынуы.
а) саусақтың
б) тізе буынының
в) сүйек миы мен сүйектің
г) сүйек ұлпасының
37.Абсцесті ашқан соң қандай таңу салынады?
а) натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен
б) Вишневский майымен
в) преднизолон майымен
г) антибактериалды майлармен
38.Емдеу барысында іріңдеген жара қалай аталады?
а) асептикалық
б) біріншілік инфекцияланған
в) екіншілік инфицирленген
г) антисептикалық