Кеуденің арқа жағында өкпе ұшын перкуссия жасау.

Кпені перкуссия әдісімен тексеру.Салыстырмалы және топографиялық перкуссия.Өкпені аускультация әдісімен тексеру. Қалыпты және патологиялық өкпе дыбыстары.

Жоспар:

1. Өкпеге перкуссия жасау ережелері.

2. Перкуссия түрлері.

3. Аускультация әдісі.

4. Тыныс шулары.

Өкпеге перкуссия жасау науқастың хал- жағдайына қарай оны тұрғызып, отырғызып немесе жатқызып жүргізуге болады. Түрегелтіп зерттегенде науқас қолын төмен түсіріп, отырғызганда қолын тізесіне қоюға тиісті.

Отырып тұруға рұқсат етілмейтін жағдайы ауыр науқастарда мысалы: миокард инфарктында, өкпеден қан кеткенде, мида қан айналым бұзылғанда өкпеге перкуссия, науқас төсекте жатқан қалпында жасалады.

Бұл жағдайда перкуссиямен кеуденің алдыңғы жағы мен қолтық аймақтары ғана қамтылады. Перкуссия жасау кезінде науқастың тыныс алуы бірқалыпты болған жөн және дәрігер науқастың оң жағында отыруы тиіс. Өкпені перкуссиямен зерттегенде оның мақсатына қарай екі түрі қолданылады.

1.Салыстырмалы.

2.Топографиялық.

Салыстырмалы перкуссияны қолдану мақсаты кеуденің симметриялы аймақтарындағы перкуторлық дыбыстарды салыстыра отырып өкпедегі, плевра қуысындағы патологиялық процесстерді анықтау.Топографиялық перкуссия көмегімен өкпенің шекаралары, өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы (экскурсиясы) анықталады.

Салыстырмалы перкуссия.

Кеуденің алдыңғы жағынан перкуссия ету реті:

Перкуссия кеуденің алдыңғы жағынан, өкпенің ұшын салыстырмалы тәсілмен зерттеуден басталады. Қалақша саусақ алдымен бұғана үсті аймағына, бүғанаға қатар қойылады, кейін бұғананың тікелей өзі тықылдатылады. Бұғанадан төмен қарай зерттегенде қалақша саусақты қабырғаға қатар, олардың арасына қойып, бұғана орта, төс маңы сызықтарын қуалай 4 қабырғаға дейін ғана салыстырмалы тықылдатуға болады. Себебі сол жақтың перкуторлық дыбысына жүрек әсер етеді; сондықтан екі жақтың дыбысын одан әрі қарай салыстыруға болмайды. Осыдан кейін қолтық аймақтары перкуссия етіледі. Қолтықтың екі жақтағы бір біріне сәйкес жерлерін салыстыра тықылдатқанда, науқас екі қолының алақанын айқастырып шүйдесіне қоюы керек.

Кеуденің арқа жағында өкпе ұшын перкуссия жасау.

Кеуденің арқа жақтағы аймақтарын перкуссия жасау.Кеуденің арқа жағын перкуссиялағанда науқас қолдарын кеудесіне айқастыруға тиісті. Перкуссия жасау жауырын үсті аймақтарынан басталады. Жауырын үсті аймақтарына қалақша саусақ көлденең бағытта қойылса, жауырын арасын зерттегенде вертикаль бағытта жайғастырылады, ал жауырын ұшынан төмен қарай тықылдатқанда қалақша саусақты қайтадан көлденең, қабырғалардың арасына, қабырғаға қатар қою керек. Қалыпты жағдайда өкпеге салыстырмалы перкуссия жасағанда кеуденің екі жақтағы симметриялы аймақтарындағы анықталатын перкуторлық дыбыс бірдей. Тіпті сау адамның өкпесінде анықталатын перкуторлық дыбыстың күші, ұзақтығы мен тембрінің өзі әр түрлі, себебі бұл сол жердегі өкпе ұлпасының қалыңдығы мен массасы және оның төңірегіндегі ағзалардың перкуторлық дыбысқа әсеріне байланысты. Қысқалау әрі ақырындау перкуторлық дыбыс мына жағдайларда анықталады:

1.Бронхылары қысқалау, әрі иық белдеуінің бұлшықеттері қомақтылау оң жақ өкпе тұсынан.

2.Өкпенің төменгі бөліктерімен салыстырғанда ауалы қабаттары жұқалау үстіңгі бөліктерінен.

3.Жүрек жақындау жайласқан қабырғалардың екінші мен үшінші ойықтарының тұсынан.

4.Бауыр жақ оң қолтық аймағы тұсынан анықталады. Оң жақ пен сол жақ қолтықтан шығатын дыбыстың бір- бірінен айырмашылығысол жақ өкпеге жақын жайғасқан, әрі түбі ауаға толы болғандықтан перкуссиялағанда дабылды, қатты дыбыс шығаратын қарынның (Траубе айшықты кеңістігінің) әсеріне байланысты. Сондықтан сол жақ қолтықтың дыбысы қаттырақ, дабылдылау болып келеді.

Перкуторлық дыбыстың қатаңдау әрі бәсендеу дыбысқа ауысуы өкпе ауруларының салдарынан байқалады; ауа көпіршіктерінде ауа азайғанда, кеуде қуысына сұйықтық жиналғанда, өкпе қабығы ( плевра) қабынғанда. Атап айтқанда крупозды пневмонияның І-ІІ сатысында, өкпе туберкулезінде, өкпе абсцессі мен өкпе инфарктында, обтурациялық ателектаз қалыптасқанда, пневмофиброз (пневмосклероз) дамығанда, бронхогенді рак немесе бронх саңлауына бөгде зат түскенде, өкпенің қатерлі ісігінде, өкпе ұлпасында үлкен бірікпелер қалыптасқанда. Осы процесстердің алғашқы кезеңінде дыбыс бәсендеу әрі дабылды, кейін қатаң әрі бәсеңдеу дыбысқа ауысады. Өкпе ұлпасындағы нығыздалған ошақтың көлемі кішкене және кеуде торының үстіңгі қабатынан тереңіректе орналасса, перкуссиялағанда өзгеріс анықталмайды. Егер плевра қуысындағы сұйықтық көп мөлшерде болса мысалы; экссудативті плеврит, гематоракс, гидроторакс т.б. патологияларда перкуссиялағанда перкуторлық дыбыс абсолютгік қатаң болады.

Патологиялық перкуторлық дыбыс түрлері:

Патологиялық дыбыс түрлері: қораб ренді, металл ренді, жарылған құмыра дыбысы. Қораб ренді дыбыс үяң, әрі дабылды. Бұл дыбыс алвеолалардың серпінділігі төмендегенде, яғни өкпе эмфиземасына шалдыққан науқастарда байқалады. Металл ренді дыбыс металл түтікті тықылдатқанда естілетін дыбысқа ұқсас. Металл реңді дыбыс қабырғаларға жақын жайғасқан, іргесі жұқа, ауалы қуыстар үстін перкуссиялағанда анықталады. Жарылған құмыра дыбысы ауа үлкен қуыстан кішкентай тесік арқылы шығарылганда естіледі. Егер өкпеде қуыстар (каверна, абсцесс немесе плевра қуысына ауаның енуі) пайда болса, салыстырмалы перкуссия жасағанда тимпаникалық перкуторлық дыбыс анықталады. Тимпаникалық перкуторлық дыбыстың анықталуы өкпедегі қуыстың көлеміне, орналасқан орны мен қуыс ішіндегі затқа байланысты.

Наши рекомендации