Аралық бақылау сұрақтары

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандық: жалпы медицина

Пән: Ішкі аурулар пропедевтикасы

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

Курс

№1 – 3 (қан түзуші жүйе)

Құрастырған: ішкі аурулар

пропедевтикасы кафедрасының

ассистенті Шалгумбаева Г.М.

Семей 2009 ж

Кафедра отырысында бекітілген

16.06.2009ж.

№ 11 хаттама

Кафедра меңгерушісі, проф.: Р.М.Жумамбаева

Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды

«____» ___________ 201__ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201__ж.

№____хаттама

Кафедра меңгерушісі __________________

Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды

«____» ___________ 201__ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201__ж.

№____хаттама

Кафедра меңгерушісі __________________

Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды

«____» ___________ 201__ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201__ж.

№____хаттама

Кафедра меңгерушісі __________________

Кафедра отырысында талқыланды және қайта қаралды

«____» ___________ 201__ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201__ж.

№____хаттама

Кафедра меңгерушісі __________________

1. Тақырып №1:Қан түзуші ағзалар патологиясы бар науқастардың клиникалық тексеру әдістері

2. Сабақтың мақсаты: фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерге қалыпты және патология жағдайында қан түзуші жүйені клиникалық тексеру негіздеріне үйрету, бұл негізгі клиникалық синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық механизмі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқытылады.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:Қан түзуші ағзалар патологиясы бар науқастардың клиникалық тексеру әдістерін.

Студент үйрену керек:қан түзуші ағзаларын клиникалық тексеруді бір ізділікпен жүргізу мен физикалық тексерулер нәтижесін интерпретациялау және клиникалық симптомдарды анықтауын үйрету; қан түзуші жүйесі патологиясымен науқастарды сұрастырып тексеру; тері жабынын, көрінетін шырышты қабаттарды, лимфа түйіндерінің орналасу аймақтарын, ішті қарап тексеру; лимфа түйіндеріне, бауыр, көкбауыр, сүйектерге пальпация жасау; бауыр мен көкбауырға перкуссия жасау бойынша дағдыларын және білімдерін бекіту.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сұрастырып тексеру. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, ентігу, тез шаршағыштық, тәбеттің өзгеруі (жоғалуы немесе бұрмалануы), иіс сезудің өзгерістері, қызба, глоссалгиялар, естен тану, тері қышуы, парестезиялар, жүрістің бұзылуы. Қызыл иектің қанағыштығы, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кету. Тамақтың ауырсынуы, оң және сол жақ қабырға доғасы астындағы ауырсыну және ауырлық сезімі. Алынған мәліметтердің диагностикалық маңызы. Қан түзуші жүйесі патологиясы кезіндегі аурудың даму тарихы және өмір тарихы ерекшеліктері. Антенатальды және постнатальды даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Қарап тексеру. Жүрісін бағалау (спастикалық атаксия). Тері жабыны мен шырышты қабат түсінің өзгеруі (бозаруы, сарғаюы, тырнақ іздерінің болуы, Хантеров глосситі, ангулярлы стоматит, Лукин симптомы, хейлит, ойық жаралар, афталар). Геморрагиялық симптомдар (петехиялар, пурпура, экхимоздар және т.б.). Тырнақтардың патологиялық өзгерістері (сынғыштық, жолақтардың болуы, койлонихиялар және т.б.), шаштың өзгерісі (сынғыштық, түсуі, жұқаруы). Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

2. Ішті қарап тексеру (оң жақ және/немесе сол жақ қабырға астының ұлғаюы).

3. Пальпация. Сүйектердің ауырсынғыштығының диагностикалық маңызы.

4. Перифериялық лимфа түйіндерін зерттеу әдісі. Ұлғайған лимфа түйіндерінің сипаттамасы: өлшемі, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынғыштығы, жеке орналасқан түйіннің немесе конгломераттың беті, айналасындағы тіндермен және өзара жабысуы.

5. Бауыр мен көкбауырға пальпация жасау. Гепато-, спленомегалия. Жасына сай ерекшеліктер. Диагностикалық маңызы.

6. Перкуссия. Жалпақ сүйектерді ұрғылап тексергенде ауырсыну сезімінің байқалуы.

7. Кеңейген тамыр шоғырларының енін, үлкейген бауыр мен көкбауырды анықтау әдістері және диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

8. Аускультация. Жүрек тондары өзгерісінің, жүрек ұшында және мойындырық көк тамырда систолалық шудың, тахикардияның диагностикалық маңызы.

9. Қан түзуші жүйесінің зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.

10. Қанның жалпы анализіндегі, коагулограммадағы өзгерістердің диагностикалық маңызы.

11. Сүйек кемігі, лифа түйіндердің пункциясы, трепанобиопсия, шеткі қанда ретикулоциттердің пайда болуы, эритроциттер пішінінің және мөлшерінің өзгерістері (анизоцитоз, микроцитоз, макроцитоз, пойкилоцитоз), ЭТЖ жоғарылауы туралы түсінік. Шеткі қандағы лейкоциттердің саны мен сапасының маңызы (лейкоцитоз, лейкопения, токсикалық түйіршіктену).

12. Қан ағу, қанның ұю, жартылай тромбопластиндік уақыттардың, фибриноген деңгейінің, протромбин индексінің диагностикалық маңызы.

13. Сүйек кемігі, лимфа түйіндері пункциясы, трепанобиопсия туралы түсінік.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:Тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: жалпы қарау, лимфа түйіндерін, бауырды, көкбауырды қарау, пальпация және перкуссия жасау (шағын топта жұмыс жасау, жұптасып жұмыс істеу).

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

7. Бақылау(сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Перифериялық қан құрамында бастапқы бласт клеткаларыныңбасым болуы қай аурудың гематологиялық белгiсi болып табылады

1. лимфогранулематоз

2. жiтi лейкоз

3. тромбоцитопениялық пурпура

4. темiржетiспеушiлiк анемия

5. эритремия

2. Сүйек кемiгiнiңмиелоидты гиперплазиясы, миелоидты элементтердiң пiсiп-жетiлуi белгiлi сатысында тоқталуы, бауыр, көк бауыр, лимфа бездерiнiң миелоидты метаплазиясы қай ауруға тән:

1. жiтi лейкоз

2. созылмалы миелолейкоз

3. лимфогранулематоз

4. созылмалы лимфоейкоз

5. эритремия

3. Верльгоф ауруына қандай гематологиялық өзгерiстер тән:

1. лейкопения

2. лейкоцитоз

3. тромбоцитоз

4. тромбоцитопения

5. лимфоцитоз

4. Эритремия ауруына қан анализiндегi қандай өзгерiстер тән:

1. анемия, тромбоцитопения

2. эритроцитоз, тромбоцитоз

3. лимфопения, анемия

4. тромбоцитопения

5. лимфоцитоз

5. Аддисон-Бирмер анемиясына қан анализiнде нейтрофилдердiң қандай түрлерiнiң анықталуы тән:

1. цитоплазмасында токсикалық түйiршiктер пайда болатын нейтрофилдер

2. макрополициттер

3. көп бөлiктi ядролық (полисегменттiк) нейтрофилдер

4. цитоплазма түйiршiктерi азайған нейтрофильдер

5. цитоплазмасы вакуольденген нейтрофильдер

6. Лимфа бездерiнiң пункциясында қай ауруда Березовский-Штернберг клеткалары табылады:

1. миелом ауруы

2. лимфогранулематоз

3. созылмалы лимфолейкоз

4. жiтi лейкоз

5. созылмал миелолейкоз

7. Лимфа бездерiнiң едәуiр ұлғаюы қай ауруға тән

1. гемолитикалық анемия

2. созылмалы миелолейкоз

3. лимфогранулематоз

4. эритремия

5. темiржетiспеушiлiктiк анемия

8. Қан анализiндегi келесi өзгерiстер қай ауруға тән: лейкоцитоз, бласт клеткалары-60%, елеулi анемия, тромбоцитопения; сүйек кемiгiнде де көп мөлшерде бласт клеткалары:

1. миелом ауруы

2. жiтi лейкоз

3. созылмалы миелолейкоз

4. созылмалы лимфолейкоз

5. лимфогранулематоз

9. Геморрагиялық диатез көрiнiстерiмен сипатталатын елеулi тромбоцитопения көбiнесе қандай ауруда ұшырасады:

1. созылмалы миелолейкоз

2. жiтi лейкоз

3. эритремия

4. лимфогранулематоз

5. темiржетiспеушiлiктiк анемия

10. Жiтi лейкоз ауруында қан анализiнде қандай өзгерiстер болады:

1. анемия, тромбоцитоз

2. анемия, тромбоцитопения

3. эритроцитоз, тромбоцитоз

4. эозинопения, лимфопения, анемия

5. лимфопения, анемия

1. Тақырып №2:Анемиялық синдромының клиникалық-зертханалық сипаттамасы

2. Сабақтың мақсаты: фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерге анемиялық синдром кезінде науқастарды клиникалық тексеру негіздеріне үйрету, бұл анемиялық синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық механизмі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқытылады.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек: Анемиялық синдромының клиникалық-зертханалық сипаттамасын

Студент үйрену керек:қан түзуші ағзаларға анемиялық синдром кезінде клиникалық тексеруді бір ізділікпен жүргізу мен физикалық тексерулер нәтижесін интерпретациялау және клиникалық симптомдарды анықтауды үйрету; анемиялық синдром кезінде науқастарды сұрастырып тексеру, қарау, пальпация және перкуссия жасау бойынша дағдыларын және білімдерін бекіту. Қан түзу жүйесінің анемиялық синдром кезінде зертханалық және аспапты тексеруден алынған мәліметтерін интерпретациялауды үйрету;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анемиялық синдром. Себептері.

2. Негізгі клиникалық белгілері.

3. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:Тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: анемиялық синдром кезінде науқастардан, сонымен қатар балалардан шағым жинау және физикалық тексеру жүргізу (шағын топта жұмыс жасау), қан түзу жүйесі патологиясы бойынша ситуациялық есептер шешу, шағын топтарда жұмыс атқару, клиникалық жағдайларды талдау, іскер, рольдік ойындар, ситуацияларды модель түрінде құрастыру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

7. Бақылау(сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Терi жабындыларында және кiлегей қабықтарында геморрагиялық ошақтардың пайда болу қай аурудың белгiсi:

1. эритремия

2. лимфогранулематоз

3. тромбоцитопениялық пурпура

4. миелом ауруы

5. псотгеморрагиялық анемия

  1. Созылмалы миелолейкоз ауруына қан анализiнде көбiнесе қандай өзгерiстер тән:

1. шамалы лейкоцитоз, солға ауытқуымен сипатталатын нейтрофилез

2. лейкоцитоз және лимфоцитоз

3. лейкопения, лимфоцитоз

4. гиперлейкоцитоз, миелоцитоз, промиелоциттерге дейiн солға ығысуымен сипатталатын гранулоцитоз

5. лейкопения, гранулоцитопения

  1. Мына төмендегiлердiң қайсысы жедел лейкозға тән емес

1.анемия

2.лейкопения

3.тромбоцитопения

4.бластемия

5.эритроциттардың тұну жылдамдығының артуы

  1. Көк бауырдың шамадан тыс ұлғаюы байқалады

1.жедел лейкозда

2.созылмалы миелолейкозда

3.темiржетiспеушiлiгiнен болған анемияда

4.витамин В12(фолиево қышқылы)дефициттi анемияда

5.бауыр циррозында

  1. Темiржетiспеушiлiгiнен болған анемияға тән емес

1.дисфагия

2.дәм сезуiнiң бұрмалануы

3.койлонихия

4.тәлтiректеп басу

5.шаш сынғыштығы және шаш түсуi

  1. Жедел лейкозда қанда

1.жас(бласты)клеткалар және жетiлген клеткалар бар

2.жас(бласты)клеткалар,аралық және жетiлген клеткалар бар

3.тек жетiлген клеткалар ғана бар

4.аралық және жетiлген клеткалар бар

5.тек аралық клеткалар бар

  1. Сыртқы пiшiнi әр түрлi эритроциттер қалай аталады

1.анизоцитоз

2.пойкилоцитоз

3.микроцитоз

4.макроцитоз

5.мегалоцитоз

  1. В 12-фолий-дефициттi анемияға тән емес белгi

1.тiл ұшының құырылуы (тiл күйiп қалғандай сезiлуi)

2.-хантер глосситi-белгiсi

3.жалпақ сүйектердi соққылағанда пайда болатын ауырсыну

4.қан анализiнде мегалоцитоз

5.эритроциттердiң гипохромиясы

  1. Ауыз дәмiнiң бұрмалануы (бор, көмiр жеуге құмарлық) қай ауруға тән

1.жедел постгеморрагиялық анемия

2.темiрдефициттi анемия

3.В 12-фолий-дефициттi анемия

4.жедел лейкоз

5.созылмалы лейкоз

  1. Макроцитоз, мегалоцитоз, түстi көрсеткiш 1.2-1.5, Жолли денешiктерi, Кебот сақиналары сияқты қан анализiндегi белгiлер қай аурудың көрiнiстерiө

1.жедел постгеморрагиялық анемия

2.темiрдефициттi анемия

3.В 12-фолий-дефициттi анемия

4.жедел лейкоз

5.созылмалы лейкоз

1. Тақырып №3:Геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарының клиникалық-зертханалық сипаттамасы. Аралық бақылау.

2. Сабақтың мақсаты: фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерге геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде науқастарды клиникалық тексеру негіздеріне үйрету, бұл геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық механизмі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқытылады.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:Геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарының клиникалық-зертханалық сипаттамасын.

Студент үйрену керек:қан түзуші ағзаларға геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде клиникалық тексеруді бір ізділікпен жүргізу мен физикалық тексерулер нәтижесін интерпретациялау және клиникалық симптомдарды анықтауды үйрету; геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде науқастарды сұрастырып тексеру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жасау бойынша дағдыларын және білімдерін бекіту. Қан түзу жүйесінің геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде зертханалық және аспапты тексеруден алынған мәліметтерін интерпретациялауды үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Миело- және лимфопролиферация синдромы. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

2. Геморрагиялық синдром. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:Тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: геморрагиялық, миело- және лимфопролиферация синдромдары кезінде науқастардан, сонымен қатар балалардан шағым жинау және физикалық тексеру жүргізу (шағын топта жұмыс жасау), қан түзу жүйесі патологиясы бойынша ситуациялық есептер шешу, шағын топтарда жұмыс атқару, клиникалық жағдайларды талдау, іскер, рольдік ойындар, ситуацияларды модель түрінде құрастыру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

7. Бақылау(сұрақтар, тесттер, есептер және т..б.)

Тесттер:

1. Қан сары суында темiрдiң төмендеуi тән:

1 гемолиздiк анемияға

2 В12 тапшылық анемияға

3 Åрте хлорозға

4 Эритремия

5 Фолийтапшылық анемияға

2. Функциялық систолалық шудың пайда болу тән:

1 В12 тапшылық анемия

2 темiртапшылық анемия

3 барлық анемияларға

4 постгеморагиялық анемияға

5 гипохромды анемияға

3. Анемияларда мойындырық веналарында естiлетiн арнайы шу қалай аталады:

1 Флинт шуы

2 Риверо-Корвало шуы

3 “зырылдауық” шуы

4 Грэхем-Стилл шуы

5 Виноградов-Дюрозье шуы

4. Фуникулярлы миелоз байқалады:

1 ерте хлорозда

2 талассемия

3 Вакез ауруы

4 Адиссон –Бирмер ауруы

5 Верльгоф ауруы

5. Гемолитикалық сарғаюда терi жабындыларының түсi қалай өзгередi?

1.лимонды-сары түстi

2.қызғылт-сары түстi

3.жасыл-сары түстi

4.қола түстес

5.Воск қуыршағының түсi

  1. Витамин В12-жетiспеушiлiк анемиясында төмендегiлердiң қайсысы байқалмайды?

1.Фуникулярлы миелоз

2.жылтыраған тiл

3.гипохромия

4.лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы

5.көк бауырдың үлкеюi

  1. Сидеропениялық дисфагия синдромы қай ауруда кездеседi?

1.темiржетiспеушiлiк анемиясында

2.созылмалы миеолейкозда

3.В12-жетiспеушiлiк анемияда

4.созылмалы лимфолейкозда

5.өткiр постгеморрагиялық анемияда

  1. Темiржетiспеушiлiк анемиясы бар науқастарда төмеңдегi белгiлердiң бәрi кездеседi, тек бiреуiнен басқа:

1.терiнiң құрғауы

2.тырнақтағы көлденен сызықтар

3.қасық тәрiздi тырнақтар

4.шаштың түсуi

5.терiдегi нүктелi қан құйылулар

  1. В12-жетiспеушiлiк анемияға төмендегi синдромдардың бәрi тән, тек бiреуiнен басқа:

1.асқазан-iшек жолдарының зақымдалуы

2.нерв жүйесiнiң зақымдалуы

3.циркуляторлы-гипоксиялық

4.қан түзiлуi жүйесiнiң зақымдалуы

5.тыныс алу жүйесiнiң зақымдалуы

  1. Геморрагиялық, жаралы-некротикалық, анемиялық, септикалық және аралас-осының бәрi төмендегi аталған аурулардың бiреуiнiң басталуының клиникалық түрлерi болып табылады, ол қайсысы:

1.созылмалы миелолейкоз

2.өткiр лейкоз

3.созылмалы лимфолейкоз

4.В12-жетiспеушiлiк анемия

5.Эритремия

Аралық бақылау сұрақтары

1. Сұрастырып тексеру.

2. Шағымдары.

3. Қан түзуші жүйесі патологиясы кезіндегі аурудың даму тарихы және өмір тарихы ерекшеліктері.

4. Антенатальды және постнатальды даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Қарап тексеру.

5. Жүрісін бағалау.

6. Тері жабыны мен шырышты қабат түсінің өзгеруі.

7. Геморрагиялық симптомдар.

8. Тырнақтардың патологиялық өзгерістері

9. Шаштың өзгерісі.

10. Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

11. Ішті қарап тексеру.

12. Пальпация. Сүйектердің ауырсынғыштығының диагностикалық маңызы.

13. Ұлғайған лимфа түйіндерінің сипаттамасы: өлшемі, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынғыштығы, жеке орналасқан түйіннің немесе конгломераттың беті, айналасындағы тіндермен және өзара жабысуы.

14. Бауыр мен көкбауырға пальпация жасау. Гепато-, спленомегалия. Жасына сай ерекшеліктер. Диагностикалық маңызы.

15. Перкуссия. Жалпақ сүйектерді ұрғылап тексергенде ауырсыну сезімінің байқалуы.

16. Кеңейген тамыр шоғырларының енін, үлкейген бауыр мен көкбауырды анықтау әдістері және диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

17. Аускультация. Жүрек тондары өзгерісінің, жүрек ұшында және мойындырық көк тамырда систолалық шудың, тахикардияның диагностикалық маңызы.

18. Қан түзуші жүйесінің зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.

19. Қанның жалпы анализіндегі, коагулограммадағы өзгерістердің диагностикалық маңызы.

20. Сүйек кемігі, лифа түйіндердің пункциясы, трепанобиопсия, шеткі қанда ретикулоциттердің пайда болуы, эритроциттер пішінінің және мөлшерінің өзгерістері

21. ЭТЖ жоғарылауы туралы түсінік. Шеткі қандағы лейкоциттердің саны мен сапасының маңызы .

22. Қан ағу, қанның ұю, жартылай тромбопластиндік уақыттардың, фибриноген деңгейінің, протромбин индексінің диагностикалық маңызы.

23. Сүйек кемігі, лимфа түйіндері пункциясы, трепанобиопсия туралы түсінік.

24. Анемиялық синдром. Себептері. Негізгі клиникалық белгілері

25.Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

26. Миело- және лимфопролиферация синдромы. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

27. Геморрагиялық синдром. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.

Тәжірибелік дағдылар тізімі:

1. Қан түзуші жүйе патологиясы бар науқастардан шағым жинау. Алынған мәліметтердің диагностикалық маңызы..

2. Қан түзуші жүйесі патологиясы кезіндегі аурудың даму тарихы және өмір тарихы ерекшеліктері.

3. Антенатальды және постнатальды даму кезеңдерінің ерекшеліктері.

4. Қарап тексеру. Жүрісін бағалау.

5. Тері жабыны мен шырышты қабат түсінің өзгеруі.

6. Геморрагиялық симптомдар.

7. Тырнақты қарау

8. Перифериялық лимфа түйіндерінің пальпациясы.

9. Ішті қарап тексеру.

10. Сүйекке пальпация жасау.

11. Бауыр мен көкбауырға пальпация жасау. Жас ерекшеліктері. Диагностикалық маңызы.

12. Жалпақ сүйектерді ұрғылап тексеру.

13. Кеңейген тамыр шоғырларының енін, үлкейген бауыр мен көкбауырды анықтау әдістері және диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

14. Аускультация. Жүрек тондары өзгерісінің, жүрек ұшында және мойындырық көк тамырда систолалық шудың, тахикардияның диагностикалық маңызы.

15. Қан түзуші жүйесінің зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.

16. Қан ағу, қанның ұю, жартылай тромбопластиндік уақыттардың, фибриноген деңгейінің, протромбин индексінің диагностикалық маңызы.

17. Анемиялық синдром кезінде науқасты сұрастыру.

18. Анемиялық синдром кезінде науқасты қарап тексеру

19. Анемиялық синдром кезінде науқасқа перкуссия жүргізу

20. Анемиялық синдром кезінде қан түзуші жүйенің зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау

21. Миело- және лимфопролиферация синдромында науқасты сұрастыру.

22. Миело- және лимфопролиферация синдромында науқасты қарап тексеру

23. Миело- және лимфопролиферация синдромында науқасқа перкуссия жүргізу

24. Миело- және лимфопролиферация синдромы кезінде қан түзуші жүйенің зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау

25. Геморрагиялық синдром кезінде науқасты сұрастыру

26. Геморрагиялық синдром кезінде науқасты қарап тексеру

27. Геморрагиялық синдром кезінде қан түзуші жүйенің зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау

Наши рекомендации