Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері
Дезинсекциялық заттар – бұл бір немесе бірнеше химиялық заттан құралған, қолайлы, қажетті түріне келтірілген заттар.
Қолданатын заттың түрі, құрамы, дайындау әдісі заттың физикалық және химиялық қасиетін өзгертіп оның тиімділігіне әсер етеді. Дезинсекциялық заттың бір заты негізгі әсер етуші, басқалары қосымша әсер беруші болады, яғни негізгі заттың әсерін күшейтеді немесе қажетті, тиісті түрі береді.
Инсектицидтің түрін таңдағанда жәндіктің биологиялық ерекшелігін, даму кезеңін және денесіне түсу жолын ескеру қажет.
Инсектицидтер ерітінді, ұнтақ, дуст, суспензия, гранула, эмульсия, аэрозоль, сабын, паста, май түрінде шығарылады.
Инсектицидтік ерітінділерді дайындау үшін суда ерімейтін ерітінділерді органикалық еріткіштерде ерітеді.
Ұнтақтар – төгілетін, қатты түріндегі майда заттар. Минералды және өсімдік ұнтақтары суда жақсы ериді.
Дуст– инсектицидтен және қосымша заттан құралған қосынды. Қосылатын зат негізгі заттың көлемін көбейту үшін, көп көлемдегі жерге себу үшін қажет. Дусттың құрамында инсектицид 10-20% болады, қалғаны қосымша заттар. Дусттар ұзақ уақыт сақтағанда бұзылмайтын, ылғалданбайтын, түйіршіктенбейтін, жақсы себілетін болуы керек. Дуст ұзақ уақыт сақталуы үшін су сіңірмейтін инсектицидтер немесе қосымша заттар қосылады.
Суспензия – дуст немесе ұнтақты суда еріту арқылы дайындалады. Суспензия дайындауға арналған заттар ұзақ сақталатын, суда жақсы еритін болуы қажет. Суспензия дайындау кезінде инсектицидтің техникалық құжатына сәйкес өлшеп алады, шелекке салып ағаш қалақшамен біркелкі ерітінді пайда болғанға дейін араластырады, кейіннен қажетті мөлшерде су құйылады.
Гранула –дустқа ұқсас, бірақ көлемі ірілеу 0,1-0,5 мм. Гранула топырақ, тағам мен астықтағы зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылады, ұзақ уақыт бойы әсер етеді, үнемді.
Эмульсия– ерітілетін зат пен еріткіш сұйықтық түрендегі жүйе. Бір ерітіндіні екінші ерітіндімен араластыру және тұрақты болуы үшін эмульгатор қосу арқылы дайындалады. Эмульгатор ретінде желатин, каучук, сабын, смола және синтетикалық белсенді заттар қолданылады. Бірнеше эмульгатор қосылуы мүмкін. Эмульсия 2 түрде шығарылады, бірінші тобы қою сұйықтық немесе паста, екінші тобы минералды майлар қосу арқылы дайындалады. Ерітінді дайындау үшін эмульсияны сумен араластырады.
Паста- құрамында 25% кем емес ұнтақ түріндегі химиялық зат қосылған қою май. Өндірісте шығарылатын паста тұрақты емес, суықта сақталғанда бұзылады. Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін паста су қосу арқылы ерітіледі.
Сабындар– физикалық, химиялық қасиеті бойынша жақсы ериді және улы заттарды жақсы ұстайды. Өндірісте құрамына ДДТ, ГХЦГ қосылған сабындар шығарылады. Мұндай сабындар кір сабынға ұқсайды, бірақ арнайы иісі болады. Сабынды ерітінді дайындау үшін уайтспирит, скипидар, вазелин қолданылады.
Аэрозольдер – инсектицид қосылған зат (49-сурет). Аэрозольдер арнайы генератор арқылы, жанатын заттарды өртеу, шашка немесе қағаз өртеу арқылы, немесе арнайы баллон арқылы қолданылады. Инсектицидті түтін алу үшін қағаз, картон, шүберекке ұнтақ сеуіп өртейді не шашка, таблетка қолданылады. Аэрозольді инсектицидтік қағаз дайындау үшін фильтрлі қағазға 5-7% селитра ерітіндісін және инсектицид құйып кейіннен кептіреді. Қолдану кезінде қағаз тез жанбайтын, ұзақ уақыт түтеп тұратын болуы керек. Түтіндеу арқылы ұшатын жәндіктер, жерге түскенде жорғалайтын жәндіктер жойылады.
Термиялық аэрозоль ретінде өндірісте шығарылған шашкалар қолданылады. Шашка металл немесе картоннан жасалған цилиндр, оның ішіне инсектицид салынады, қақпақпен жабылады. Шашка кеуірт секілді жағылады, жанғаннан кейін инсектицид босайды, түтін, бу және газ болып шығарылады. Шашка жағылғаннан кейін адам бөлмеден шығып, есікті тығыз жабуы қажет. Түтін 1-1,5 минут шығады.
Репелленттер– жәндіктерді шошытатын заттар, маса, кене, бүрге, шіркейлерге қарсы орманда, далада қолданылады. Репелленттерді теріге май, крем, лосьон түрінде жағады немесе киімге, қорғайтын торға, перде, есік, терезеге аэрозоль, эмульсия түрінде қолданады. Денеге жаққан репеллент жәндіктерден 1,5-6 сағатқа дейін қорғайды. Киімді өңдеу үшін үлкен ыдысқа ерітінді дайындап киімді 15-30 минутқа батырып қояды.
Биологиялық әдістежәндіктердің табиғи жауларын қолданады. Мысалы, масаларға қарсы маса жейтін қаздар қолданылады.
Сонымен қатар бірнеше тәсілдер қолданады:
1. Шошытатын немесе тартымды заттар (аттраканттар)
2. Рентген және γ-сәулелерімен стерилденген, ұрықтары жойылған аталық жәндіктер.
3. Химиялық әдістерді қолданып жыныстық стерилдеу.
4. Патогенді микроорганизмдермен жұқтырып, ұрпақтан ұрпаққа тарату.
5. Жәндіктердің генетикалық құрылысын бұзу.
Аттраканттар - тартымды заттар, тағаммен, иіспен немесе жыныстық ферменттермен жәндіктердің сезу мүшесіне әсер етеді. Маса, шіркейлер жануарлардан шығатын иіспен табады. Бөлме ішінде аттраканттарды қолдану арқылы маса, таракандарды жоюға болады.
Жәндіктерді ионды сәулелермен, рентген және γ-сәулелерімен өңдеу арқылы аталық түрін жыныстық залалсыздау әдісі қолданылады. Сәулелендіру әсерінен аталықтардың хромосомдарында, гендерінде физикалық және химиялық өзгерістер пайда болады, табиғатта жәндіктердің бұл түрі бірте-бірте жойылады.
Жәндіктердің өсуін қадағалайтын заттар және гормондардың синтетикалық түрі қоршаған ортаға қауіпсіз, қолдануы оңай және тиімді.
Дезинсекцияның сапасын өңдеу жасалғаннан 3-10 тәуліктен кейін және айына 1 рет тексереді. Дезинсекция сапасын бағалау үшін 2 әдіс қолданады:
1. Визуалдық тексеру - жәндіктердің мекендейтін жерін тексеру немесе тұрғындардан, қызметкерлерден сұрау арқылы анықтау.
2. Өлген жәндіктерді зерттеу немесе жабысқақ қағаз қойып аулау арқылы.
Егер жабысқақ қағазға 1-2 бит түссе – аз, бірен-саран; 3-10 бит түссе - көп, 10 көп бит болса өте көп деп бағаланады. (сурет 10,11,12. )
Дезинсекция бақылауы үшін тест-обьектілер қолданылады:
1) Арнайы микробтардың культурасы сіңген қағаздар, оларды мешоктарға салып, 15-20 нүкте орнына киімге саламыз. Уақыт біткен соң, тест-обектіні алып, ет –пептанды бульонға егіп, термостатқа салып қоямыз. 1 күн өткен соң, егер пробиркада өсу білінбесе, бактериоцидтік эффект өте жақсы әсер етті деп айта аламыз.
2) Дезинсекция үшін тест-инсект дайындаймыз. Мысалы биттер және оның жұмыртқасын мешоктарға алып, киімнің арасына қоямыз. Уақыт біткен соң, мешокты алып, 21 күн бойы бақылау жүргіземіз, олардың өлгенін анықтаймыз.
10-сурет. ТҰМАН ШАШҚЫШ
Дезинсекция заттары
11-сурет
12-сурет. Дезинсекцияның биологиялық әдісі.