Кресло - каталкамен тасымалдау 11 страница

Кресло - каталкамен тасымалдау 11 страница - student2.ru

2. Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады. (сурет). Кресло - каталкамен тасымалдау 11 страница - student2.ru

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Мақсаты:төсекте науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету.

Іс-әрекет Негізделуі
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс - әрекеттерді түсіндіру Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады.
2. Науқастың келісімін алу Пациент құқықтарын сақтау қамтамасыз етіледі
3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру Тамақтануға, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы жағдай жасалады.
4. Науқастың басын төмен жастыққа Қою Мойын омыртқаларының бүгу контрактураларының алдын алу қамтамасыз етіледі.
5. Науқас қолының астына жастық Қою Қолдың салмағының төмен тарту нәтижесінде болатын иық буыны капсуласының тартылуын, буынның шығып кетуін болдырмау қамтамасыз етіледі
6. Бел аймағы астына жастық Қойыңыз Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі
7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз Салмақ әсерінен тізе буындарының шектен тыс жазу, тізе асты артерияларының қысылуын болдыр-мау қамтамасыз етіледі.
8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз. Матрастың табанға қысымын ұзақ болдырмау қамтамасыз етіледі
9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз. Аяқтардың “салбырап” қалуын болдырмау.

Науқасты жоғары Фаулер қалпында жатқызу

Мақсаты:Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы.

Іс-әрекет Негізделуі
1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру Арқасымен жатқызу қамтамасыз етіледі
2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою. Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі.
3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына кішкене жастық қою. Мойын омыртқалары аймағында бүгілу контрактураларын болдырмау қамтамасыз етіледі.
4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою. Санның сыртқа қарай бұрылуын болдырмау қамтамасыз етіледі.
5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою. Қысым төмендеп, ойылу пайда болу қаупі жойылады
6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш Қою Аяқ басының “салбырап” қалуын болдырмау
7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша қою. Иықтың шектен тыс бұзылуын болдырмау, шынтақ буынының шектен тыс жазылуының алдын алу.

Науқасты ішімен жатқызу

Іс-әрекет негізделуі
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастау Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене жастық қою Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау
9. Аяқ басы астына валик қою Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау

Науқасты бір қырынан жатқызу

1. Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына

қойыңыз.

2. Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына

жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.

3. Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдырыңыз.

Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.

4. Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.

5. Науқастың бас жағына жастық қойыңыз.

6. Бүгілген аяқ астына жастық қойыңыз, аяғы сан деңгейінде орналасуы

керек.

7. Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастырыңыз.

8. Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне

орналастырыңыз.

9. Төменгі аяқ басына тіреуіш қойыңыз.

10. Науқасқа ыңғайлы екендігіне көз жеткізіңіз.

Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу

1. Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қойыңыз.

2. Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстаңыз.

3. Өзіңізге қарай науқасты айналдырыңыз.

4. Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.

Науқасты Симс қалпында жатқызу

Іс-әрекет Негізделуі
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу   Науқастың құқығын сақтау қамтамасыз етіледі.
3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай жасалады
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу Симс қалпын қамтамасыз ету
5. Басына жастық қою Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды
6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш қою Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету, аяқ басының «асылып қалуын» болдырмайды

Дене биомеханикасы

Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.

Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.

Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:

- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере

алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;

- науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды

орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;

- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;

- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға

болады.Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.

Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру

1. Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе - теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді.

2. Науқасты немесе ауыр затты көтерместен бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді.

3. Науқас денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек.

4. Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.

5. Науқасты бір қалыппен, жәймен көтереді.

6. Денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді, табанға тіреліп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.

Науқасты қозғалтқанда, оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қоюға болады:

1. Науқас бір аяқта тұрып, өзін ұстай ала ма? (Кресло-каталкаға отырғызу кезінде бұл сұрақты қоюға болады, өйткені науқас біршама уақыт тік тұруға мәжбүр болады).

2. Тепе –теңдікті сақтай аласыз ба?

3. Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма?

4. Мені жақсы түсінесіз бе?

5. Қозғалуға қорықпайсыз ба?

Дене биомеханикасының негізгі принциптері:

1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы

керек.

2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты

кеңейту керек.

3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру

керек.

4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру

керек.

5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтерукерек.

6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша

ретінде күшті қолдану керек.

7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы

жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.

Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:

Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі

Көрсетпе:көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту

1. Науқастың жағдайын, айналасын бағалаңыз (еденнің ылғалдылығы, бөтен

заттардың болуы т.б.).

2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсатын түсіндіріңіз.

3. Науқастан өз қолдарын шынтақтан бүгіп, біреуін білегінен денесіне

қысып ұстап, бір қолымен екінші білегін ұстауды сұраңыз. Егер бір қолы

әлсіз болса, оны екінші қолымен ұстау керек.

4. Медицина қызметкері науқастың артынан келіп, оның қолтықтарының арасынан қолдарын өткізіп, екі білегінен ұстайды.

5. Қажетті жеріне осы қалыпта ұстап, жеткізіп орналастырады.

6. Болғаннан соң медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

«Қолтық астынан ұстау» әдісі

Көрсетпе:көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту.

1. Отырған науқастың бір жағына тұрыңыз.

2. Бір аяғыңызды қасыңызға, екіншісін науқастың аяғының алдына қойып,

оның тізелерін бекітіңіз.

3. Бір қолыңызды науқастың қолтық астына жіберіп, екінші қолыңызды

артынан және алдына қарай жіберіңіз (үлкен саусақ қолдың асты аймағы

сыртында орналасады.

4.Ыңғайлы тұрғаныңызға, денеңіздің салмағын бір аяғыңыздан екіншісіне

жеңіл қозғалту мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

5.Науқасқа еңкеюін сұраңыз (оған көмек беріңіз), оның сізге жақын

орналасқан иығы денеңізге тақалуы керек.

“Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу

Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.

Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.

Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының жоғары аймағының ауырсынуы.

1. Орындықты (кресло-каталканы) кереуетке жақындатып қойыңыз,

кереуеттің және кресло-каталканың тормозға қойылғанына көз жеткізіңіз.

2. Науқасты төсегіне отырғызыңыз.

3. Науқастың екі жағынан тұру керек.

4. Науқасқа жақын тұрған қолыңызды оның санының астына жіберіңіз (екі

мейірбике бір-бірінің қолдарын ұстайды).

5. Қолдарды науқастың жанбасына қарай жақындатып науқасы ұстау қажет.

6. Иығыңызды науқастың қолтық асты аймағына жіберіңіз, науқасқа

қолдарын мейірбикелердің арқасына қоюды сұраңыз.

7. Бос қолыңызды шынтақта бүгіп, тірек ретінде қолданып, науқастың

жамбасы артындағы кереуетке тіреңіз (аяқтарыңыз арасы ашық, тізелер

бүгілген).

8. Қимыл-әрекеттер синхронды болуы үшін мейірбикелердің біреуі

бұйырады, «3» дегенде тізе және шынтақты жайып, тік тұру керек.

9. Бос қолмен науқастың арқасынан ұстап кресло-каталка немесе орындыққа

отырғызыңыз.

10.Ұстап тұрған қолыңызды тірек ретінде орындыққа қойыңыз.

11.Тізе мен шынтақты бүгіп, науқасты орындыққа (кресло-каталкаға)

жайғастырыңыз.

12. Науқастың ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз.

Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызу

Қозғалуға дәрменсіз, амалсыз жатқан және осындай жағдайда ойық жаралардың пайда болу қаупі болса, бұл тәсіл науқастың қалпын өзгерту үшін қолданады.

1. Науқастың жағдайын және айналасындағы заттардың тұрған

қалыптарын анықтап алады.

2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсаты түсіндіріледі.

3. Кереуеттің бүйірлік іргелері болса алып тастайды.

4. Науқасқа қарсы тұрып, сол қолды оның иығының астына, оң қолды

тізесінің астынан өткізіп, үстінен орап ұстайды.

5. Науқасты көтеріп, төсектін үстінде 900 бұрып, аяғын төмен түсіреді.

6. Науқасқа қарсы тұрған күйінде сол қолмен иығынан, оң қолмен арқасынан

тіреп ұстап тұрады.

7. Егер науқастың өздігінен отыра алатындай шамасы болса, онда аяғына

шәркесін кигізіп, аяғының астына тіреуіш қояды.

Сана жағдайлары

1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.

2. Сананың есеңгіреуі - науқас сұрақтарға дұрыс, бірақ кешігіп жауап береді.

3. Ступор – мелшиіп қатып қалу, науқас сұрақтарда кешігіп мағынасыз

жауап қайтарады.

4. Сопор - патологиялық терең ұйқы, науқас ес-түссіз, рефлекстері

жоғалады, науқас қатты ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге

жауап бермейді.

5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі. Сана жоғалады, бұлшық еттер

босаңсиды, сезімталдық және рефлекстер жоғалады.

Тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы

Тыныс алу мүшелерінін негізгі қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз ету, тіршілік барысында көмір қышқыл газын және суды шығару. Тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы бас мида орналаскан тыныс алу орталығымен реттеледі. Қандағы көмір қышқыл газының жоғарылауы тыныс алу орталығының қозуын тудырады, ол өкпе вентиляциясының жоғарылауына (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы жоғарылайды) әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі тыныс алу орталығының қызметін баяулатады, өкпе тынысын төмендетеді (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы төмендейді).

Тыныс алуды бақылаған кезде тері жамылғыларының түсіне, тыныстың жиілігіне, ырғағына, тереңдігіне көңіл бөліп тыныс алу түрін бағалау қажет.

Тыныс алу әрекеттері тыныс алу және тыныс шығару әрекеттерінің кезектесуімен жүзеге асады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады.

Дені сау ересек адамда тыныс алу жиілігі минутына 16-20-ны құрайды, әйелдерде еркектерге қарағанда 2-4 тыныс алу көбірек. Тыныс алу жиілігі жынысына, дене қалпына, жүйке жүйесі жағдайына, жасына, дене температурасына т.б. байланысты болып келеді. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жасау қажет, өйткені ол ерікті түрде тыныстың жиілігін, ырғағын, тереңдігін өзгертуі мүмкін. Тыныс алу мен жүректің жиырылу арақатынасы орташа 1:4 сәйкес келеді. Дене температурасының 1°С-қа көтерілуі орташа есеппен тыныстың 4 ретке дейін жиіленуіне алып келеді.

Тыныс алудың түрлері

Тыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі.

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады.

Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы.

Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.

Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.7.Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі:

1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай

етіп (науқас назарын басқаға аудару үшін) ұстаңыз.

2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс

алуда) немесе эпигастрий тұсына (іштік типті тыныс алуды) қойыңыз.

3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.

Тыныс алу саны (жиілігі) температуралық параққа тіркеледі.

Тыныс алу ырғағы - белгілі уақыт аралығында пайда болатын тыныс алу әрекеттері. Егер осы аралықтар біркелкі болса -тыныс алу ырғақты, ал егер әртүрлі болса аритмиялы болады.

Кейбір ауруларда тыныс алу үстіртті (беткей) немесе өте терең болады

Тыныс алудың патологиялық типтері

- Куссмауль тынысы - сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады;

- Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуімен

сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут);

- Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп

жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен

аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза

кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін

жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді.

- Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл

жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады.

8.Науқастың функциональді жағдайын бағалау :пульсін есептеу,артериялық қысымын өлшеу.

Жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары қазіргі кезде неғұрлым кең таралған ішкі ағзалар патологиясы болып табылады және халықтың өлім-жітімінің себептері ішінде бірінші орын алады. Бұл қан айналымы ағзалары ауруларының алдын алудың, диагностикасынын және емінің жаңа әдістерін ізденуді қажет етеді. Кейінгі кезде кардиология саласында құрал-сайманды зерттеу тәсілдерінің қатары анағұрлым артты (ЭКГ мен АҚ - ды тәуліктік тіркеу, ЭхоКГ, доплерЭхоКГ және т.б.), бірақ науқастың гемодинамикасының жағдайы туралы құнды мәліметті беретін қарапайым зерттеу әдістері де (тамыр соғуын анықтау, АК өлшеу және т.б.) өз маңыздылықтарын толық сақтауда. негізгі

Наши рекомендации