Лечение судорожного синдрома
Стартовым препаратом для купирования судорожного синдрома обычно является диазепам (седуксен, реланиум, валиум 0,1–0,2 мг/кг или 0,1 мл/кг, но не более 10 мг или 2 мл детям младше 10 лет) в/м или в/в медленно в течение 1–4 минут (для предупреждения апноэ).
!!!!! При отсутствии эффекта через 15 минут можно повторить введение в той же дозе или 0,2–0,4 мг/кг (максимум не более 15 мг), но при этом максимальная суммарная доза не должна превышать 0,5 мг/кг
Если судорожный синдром не купируется, рекомендуют введение барбитуратов в/в. Фенобарбитал вводят в течение 10–15 минут из расчета 20 мг/кг новорожденным и 10–15 мг/кг — более старшим детям. Если че-рез 20–30 минут судороги не купировались, введение препарата можно дважды повторить в той же дозе. .
Тырысу кезінде балаларға көрсетілітін алғашқы көмек.
Ерте жастағы балаларда тырысудың жиі себебі жоғары дене қызуы болып табылады, әсіресе 39 градустан жоғары сандар. Сонымен қатар тырысуды басқа себептер де шақырады, мысалы, жұқпалы аурулар, жоғары бас ми ішілік қысым, жарақаттар және т.б. жағдайлар. Омырау жасындағы балаларда тырысуға бейімділік олардағы орталық жүйке жүйесінің толық дамымауымен түсіндіріледі.
Белгілері.
Тырысу кезінде бала басын артқа шалқайтып, аяқ-қолдарын алға қарай созып қатып қалады. Көп жағдайларда ұстама кезінде бала есінен танады, көзі айналып, қатты тістеніп қалады. Кейде аузынан көбік ағады. Тырысу кезінде аяқ-қолдарының дірілдеуі байқалады немесе олар максимальды жазу қалпында қатып қалады. Ұстама кезінде жақсы тыныс алу болмағандықтан баланың еріндері көгеріп кетуі мүмкін, сирек жағдайда балада еріксіз зәр шығару болады. Кей жағдайларда тырысу тек кейбір бұлшықет топтарында ғана пайда болады. Ұстама ұзақтығы 10 секундтан 10 минут немесе одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Тырысудан кейін әлсіздік, ұйқышылдық байқалады, балалар не болғанын түсінбей қалады.
Алғашқы көмек.
- Жедел жәрдем шақыру
- Қысып тұрған киімдерден бостау
- Баланы бүйірімен жатқызу ( егер бала шалқасымен жатса басын міндетті түрде бір жаққа бұрып қою керек)
- Тілін тістеп алмау үшін тістерінің арасына тығыз бүктелген орамал салып қоюға болады.
- Таза ауа келуін қамтамассыз ету, терезелерді ашу керек.
- Тырысу жоғары дене қызуы кезінде болса, балаға ыстық түсіретін дәрілер беру, баланы шешіндіру, жартылай спирттік сылау жасау, ұйқы немесе сан артериясына суық қоюға болады.
- Егер тырысу бала қатты жылаған кезде пайда болса, тыныс алуды рефлекторлы қалпына келтіру керек: бетіне су бүрку, мүсәтір спиртін искету ( ересектеу балаларға), тіл түбірін қасықпен басу. Содан кейін тыныштандырғыш заттар беруге болады (валериан тұнбасын 1 тамшы/ 1 жылғы жасына).
Тырысу қайталану мүмкін. Ұстама ұзақтығын, егер тырысу бірнеше рет қайталанса олардын арасында қанша уақыт өткендігін есте сақтау керек, себебі бұл ақпарат кейін дәрігерге қажет болады. Сонымен қатар дәрігерге келесі ақпараттар керек болуы мүмкін: тырысу алдында не жағдай болды, дене қызуы қандай болды, бала не жеді, баланың қандай да бір дәрілік заттарды, тұрмыстық химия заттарын несеме басқа да улы заттарды ішіп қою мүмкіндігі, тырысу алдында бала немен және қашан ауырғандығы жөнінде ақпараттар.
Балалар арасында тырысудың екі түрі жиі байқалады:
- Фебрильді тырысу.
- Аффективті-респираторлы тырысу.
Билет № 23
1. Гипогалактия :анықтамасы, гипогалактияның болжамды және шынайы белгілері. Лактациялық криздер. Емі және алдын алу.
2. Коньюгационды сарғаюды басқа сарғаю түрлерімен дифференциалды диагноз жасау.Коньюгационды сарғаю кезіндегі емдік тактика
3. Балалардағы мұрыннан қан кету, себебі, ауруханаға дейінгі дәрігердің тактикасы.
АНА СҮТІ
Жаңа туған нәрестенің тамақтануы бала организмінің дамып, өсуіне қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Осы реттегі табиғаттың ең керемет сыйы - ана сүті
Сіздің омырау сүтіңіз сәбиіңіздің денсаулығы үшін ең жақсы тағам болып табылады, сәбиіңізді өмірінің алғашқы жылдарында тамақтандырудың ең жеңіл мүмкіндігі.
Алғашқы 6 ай ішінде бала ана сүтінен барлық өзіне керекті қоректік заттар мен суды алады, олар баланы әртүрлі аурулардан қорғайды және ьұл уақытта балаға басқа ешқандай тағам мен су қажет емес.
Ана сүті дегеніміз:
Тамақтың оңтайлы температурасы;
Тамақтың кіршіксіз тазалығы;
Балаға тамақты қорытуға көмектесетін қосымша заттар;
Балаға жұқпалы аурулармен күресуге көмектесетін және қорғайтын заттар.
Сондықтан, жаңа туған нәрестенің тамақтануы жөнінде сөз қозғасақ, негізінен емізетін ананың тамақтануына көңіл бөліңіз, себебі анасы не жесе, сол тамақ ана сүті арқылы нәрестені тамақтандырады.
ЕМІЗЕТІН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТАМАҚТАНУЫ
Көптеген емізетін әйелдерде омырау сүтімен емізу уақытында «қандай тағамдарды жеуге болады не болмайды?» деген сұрақтар жиі туындайды. Омырау сүтінің құрамы тамақтануға байланысты өзгеріп отырады, бірақ сонда да ол балаңыз үшін ең жақсы тағам көзі болып табылады. Егер сіз тамақтанудың үйлесімді тәртібін сақтасаңыз, сүтіңіздің дәмдік және қоректік қасиеті жоғарылайтыны сөзсіз.
Омыраумен емізу уақытындағы тамақтану принциптері жүктілік кезіндегі тамақтану ережелеріне сай келед
Емізетін ана омырауынан күніне орта есеппен алғанда 1 литр сүт шығады, оның құрамы: 14 г нәруыз, 35 г май және 70 г көмірсулардан тұрады, калориялығы 700 ккал болу керек.
Босанудан кейін омыраумен емізетін әйел аллергенді азық-түліктер мен ішімдіктерден, газды сусындардан аулақ болып, құндылығы жоғары, алуан түрлі тағамдарды қолдануы керек. Өзінің бойына, салмағына, қозғалыс белсенділігіне байланысты емізетін әйел нәруыздардың, майлар мен көмірсулардың белгілі мөлшерін алады.
Омырау сүтімен емізетін әйелдердің тағам рационы - 120 г нәруыз, 100-110г майлар, 450г көмірсулар. Жалпы калориялығы 3200-3500 ккал болу керек.
· Нәруыздар – адам денесін құрайтын кірпіштер. Нәруыздар тіндер мен организмнің өсуі үшін негізгі құрылыс материалы болып табылады. Сондықтан емізетін әйелдің тамақтану рационында міндетті түрде ет, балық, жұмыртқа, ірімшік болуы керек. Етке қарағанда, сүт өнімдері жеңіл қорытылады және олар да нәруыз көзі болып табылады.
· Көмірсулар – ағзаның жұмысы үшін энергия көзі болып табылады. Омыраумен емізетін ана міндетті түрде көкөністер мен жемістерді, жаңа піскен жасыл көк жидектерді, шырындарді, ірі тартылған ұн, кебек, дақыл түрлерін нәрестенің қабылдауына қарай, рационға біртіндеп енгізуі керек. Тек жеңіл сіңірілетін көмірсулардың (торттар, тәттілер) пайдасынан гөрі, зияндылығы көп, олардан баланың іші кебеді, ал емізетін анасының тез артық салмақ қосуы мүмкін.
· Майлар міндетті түрде емізетін ананың тамақ рационында болуы тиіс. Олар бауыр жұмысы үшін қажет, көптеген дәрумендердің сіңірілуін жақсартып, артық майды кетіреді. Тамақ құрамындағы май ана сүтінің құрамындағы май қышқылына әсер етеді. Майлы етте, майлы сүтте, қуырылған тағамдарда ағзаға зиянды майлар бар, ал теңіз балығы мен өсімдік майы – пайдалы.
· Дәрумендер мен минералды заттар – емізетін ана мен баласы үшін денсаулық кілті болып табылады. Олардың жеткіліксіздігі емізетін ана сүтінің сапасына төмендетеді. Минералды заттардың ішінде кальций мен темірдің маңызы зор. Темірдің жетіспеушілігі қаназдыққа алып келеді. Темір қорын толықтыру үшін емізетін әйелге мынадай азық-түліктерді қолданған жөн: бауыр, бұршақ тұқымдастары, қарақұмық жармасы, салат, саумалдық, дәмдендіргіш жасыл көк, ақжелкен, түрлі жеміс-жидектер.
Ана мен бала ағзасына қажетті дәрумендерді алу үшін, тағам рационына барлық қажетті дәрумендерді енгізу керек, әсіресе баланың өсуі мен дамуында маңызды рөль атқаратын Д дәруменіне назар аударылады.
Оның ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі үшін балық, жұмыртқа, сүт тағамдарын жиі қолданыңыз. Д дәрумені, магний, цинк және кальцийдің ағзада дұрыс сіңірілуіне көмектеседі, сондықтан тұтас дәнді дақылдар (бұршақ пен кебек) мен жапырақ көкөністерін (салат, саумалдық) қолдануды естен шығармау қажет.
Лактация бұзылыстары мен оны жақсартуға әсері мол азық-түліктер
Лактация (сүттің шығуы), жүктілік сияқты, әйел өмірінің табиғи кезеңі болып табылады. Ол ағзаның барлық органдары қатысатын күрделі физиологиялық үрдісті құрайды. Лактация әйелдің қал-жағдайына, жүйке жүйесінің жағдайына, босану кезіндегі қан кетуге, тамақтануға, т.б. байланысты .
Кейде анада лактациялық криздер (уақытша гипогалактия) пайда болуы мүмкін – белгілі бір себепсіз пайда болатын уақытша сүт мөлшерінің азаюы.
Лактациялық криздер емізудің 3-6 аптасында, ,3, 4, 7 және 8-айында пайда болады. Ұзақтығы орташа есеппен алғанда 3-4 күнді құрайды, ол бала денсаулығына қауіп төндірмейді. Егер анасы баласын емшекпен жиі емізе берсе, сүт шығу мөлшері жоғарылайды. Лактациялық криз кезінде баланы қосымша қоспалармен тамақтандырудың қажеті жоқ.
Егер емізетін анада шынымен ана сүтінің жеткіліксіздігі (гипогалактия) немесе сапасының төмендігі байқалса, ең алдымен анасы күн тәртібін сақтап, уақытылы және құнарлы тамақтануы қажет. Бұл кезде тамақтың тәуліктік калориялығын жоғарылатудың қажеті жоқ, себебі ол сүт бездерінің қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді және семіздікке әкелуі мүмкін.
Лактацияны жақсарту үшін не істеу қажет?
ü Емізуге дейін 10-15 минут бұрын сүтпен бір стақан шай, компот немесе итмұрын қайнатпасын ішкен жөн.
ü Екі апта ішінде емізуге дейін 10-15 минут бұрын күніне 2-3 рет 40-50 мг никотин қышқылын қабылдау белгілі бір әсер береді.
ü 10-15 күн ішінде күніне 2 реттен 10-15 мг Е витаминін қабылдауға болады.
ü Күніне 2 рет 1 шай қасықпен құрғақ сыра ашытқысының гидролизатын барлық лактация кезеңінде қолдану ана сүтінің сапасын жақсартып, нәруыздар мен майдың деңгейін жоғарылатады.
ü Лактацияға ынталандырушы әсер ететін долана сығындысының 20 тамшысын бір апта бойы тәулігіне 3 реттен қолдануға болады.
ü Лактогенді сусындар ретінде зире дәнінің тұнбасын, көк шөбі дәнінің тұнбасын, киікшөп шайын, сермене шайын, сәбіз шырынын, бәден және оның тұнбасын, фенхель, киікшөп сусындарын қолдануға болады.
ü Тәуліктік калорияны есепке ала отырып, мәзірге қосымша мынадай азықтарды қосуға болады: голланд ірімшігі – 100 г ( 50 г бір қабылдауға ), қаймақ - 100 г, бал – 60 г, қара қарақат шырыны – 100 г, грек жаңғағы – тәулігіне 5-6 данадан. Сонымен қатар, грек жаңғағының жеміс шырынын бір ас қасықпен тәулігіне 3 рет қолдануға болады.
Емізетін әйел мәзірінде қандай тағамдар
болмауы керек?
Емізетін ана тамақтанатын азық-түліктердің барлығы ана сүтінің құрамында болатынын білген жөн. Емізу кезінде, әсіресе бастапқы күндерінде, ана өзінің тамақтануына қатты назар аударып, баласының мінез-құлқына, терісінде түрлі түсініксіз бөртпелердің пайда болу мүмкіншілігіне көңіл бөлу керек. Емізетін ананың дұрыс тамақтанбауы салдарынан баланың іші желденіп, кебуі және аллергия көріністері байқалады. Егер балада осындай жағдайлардың бірі туындаса, ананың тағам мәзірінен жағымсыз азық-түлікті шектеу қажет.
Емізетін ананың тағам мәзіріндегі қандай тағам көздері балада жиі аллергиялық реакцияларды шақыруы мүмкін ?
Табиғи тамақтанатын балаларда аллергия ана сүтінің құрамындағы нәруызға байланысты емес, көбіне ол сүтпен бірге түсетін тағамдық аллергендерден пайда болады.
Олардың жоғары концентрациясы анасы жағымсыз аллергия шақыратын тамақты қолданғаннан кейін 4-6 сағаттан соң байқалады. Мұндай жағдайда, баласына әсер ететін аллергенді анасының тағам рационынан анықтап, тез арада шектеу қажет. Осыған байланысты, барлық емізетін аналарға тағам мәзірінен жоғары аллергиялық потенциалға ие азық-түліктерді шектеген жөн. Оларға мыналар жатады:
Қаймағы алынбаған сүт.
Жұмыртқа.
Балық, теңіз өнімдері, уылдырық.
Бидай, сұлы.
Сәбіз, қызанақ, болгар бұрышы, балдыркөк.
Саңырауқұлақтар .
Құлпынай, қой бүлдірген, таңқурай, цитрустар, киви, ананас, анар, манго, құрма, қауын.
Табиға кофе, какао, шоколад.
Жаңғақтар.
Бал.
Қандай азық -түліктерден балада асқазан ішек жолының бұзылысы болуы мүмкін?
Кейбір азық-түліктер баланың ішек жұмысына жаман әсер етеді. Алхоры (қара өрік), өрік (кептірілген өрік), жүзім, інжір сияқты азықтарды шамадан тыс қолданған жағдайда балада асқазан- ішек жолының бұзылыстары (диспепсиялар, метеоризм) байқалады.
Орамжапырақ, пияз, сарымсақ, түрлі түсті орамжапырақ, бұрыш, қиярлар және шалқан ішекте 24 сағатқа созылатын жоғары мөлшерде газдардың пайда болуы мен жүйке тозуының себебі болуы мүмкін. Осы азық-түліктерден баланың ас қорыту жүйесі дамып, қалпына келгенше, бірінші 3 ай аралығында омыраумен емізу кезінде олардан бас тартыңыз.
Шоколад құрамында асқазанды тітіркендіретін теобромин заты бар. Ашушаңдылық пен іш өту оның жағымсыз көріністері болып табылады.
Қандай азық-түліктер ана сүтінің дәмін бұзады?
Емізулі кезде ас мәзірінен мынадай тағам көздерін шектеу керек:
ащы дәмдеуіштер мен татымдықтар
сарымсақ, пияз, қыша
қара кофе мен шай
алкоголь сусындары, сыра
Мұрыннан қан кету. Тампонада капнуть в чай пару капель... Мұрыннан қан кету -мұрын қуысынан қанның ағуымен көрінетін, жиі кездесетін жағдайды айтады. Мұрыннан қан кету себептері: Жалпы немесе жергілікті себептер әсерінен болуы мүмкін. Жалпы себептерге: Инфекция аурулары жатады. Сүзек көбінесе мұрыннан қан кетумен басталады. Мұрыннан қан кету көбінесе дифтерияда, қызамықта, қызылшада, тілмеде, грипте байқалады. Мұрыннан қан кету-алейкия, лейкемия, пернициозды анемия, пурпура, скорбут сияқты аурулар белгісі болуы мүмкін. Қан қысымын көтеретін — жүгіру, секіру жаттығулар да тамыр жүйесінің тұрақсыздығынан қан кетуді тудырады. Мұрынның бір жағынан қан кету мұрын қуысы аймағында ісіктің хабаршысы болуы мүмкін. Жергілікті себептерге: ұрғаннан кейінгі қан кетуді айту керек. Мұрыннан қан кету алдыңғы бас сүйегі ойығының сыну белгісі болуы мүмкін. Мұндай жарақаттарда кейде мұрыннан жұлын сұйықтығы ағады. Көбіне мұрын пердесінің алдыңғы қабырғасын саусақпен зақымдаудан жиі қан кетеді. Мұрын қуысындағы қан кетуге бейім аймақтар. 1- Киссельбах аумағы. 2- ішкі таңдай негізгі артериясының жоғарғы және төменгі тармақтары Не трогайте ногти при грибке! Обычная студентка вычислила хитрую систему и стала ... Язва, гастрит? Это паразиты! Избавься от них и сразу проблемы уйдут. Даже.. Проблемы с желудком? Гастрит, язва? Все из-за паразитов! Избавься от них.. Мұрыннан қан кетуді тоқтату әдістері Қан кету орнын анықтау оңай емес, азғантай қан кетуді ең қарпайым әдіспен тоқтатуға тырысу керек. Қан ағып тұрған жақтағы мұрын қанатын мұрын пердесіне саусақпен басу, науқасты дұрыс қалыпта ұстау. Адамды жатқызуға болмайды себебі мұндай жағдайда қан мұрын-жұтқыншаққа кетіп науқас оны жұтып, ол асқазанды тітіркендіріп, рефлексті түрде құсықпен сыртқа шығады. Алдымен мұрынды ұйыған қаннан тазартып, егер де науқас жас бала болатын болса, 1:10000адреналин ерітіндісіне батырылған мақта қояды. Қанаған жерді мұрын пересінің алдыңғы шетінен бастап іздейді. Әдетте қанау көзі осы жерден басталады. Мұрынға алдыңғы тампонада қою Тампонада қоюға негізгі көрсеткіштер: қарапайым гемостатикалық шаралардан кейін тоқтамайтын мұрыннан қан кету кезінде. 90-95% жағдайда тампонада қойылады. мұрынға қойылатын тампонада түрлері Тампонада қоюға негізгі қолданылатын құралдар: Мұрын кеңейткіш; Бүйрек тәрізді лоток; Бүгілмелі пинцет, корнцанг немесе Гартман қысқышы; Колденеңінен 1,5 см, ұзындығы 10 және 20 см. дәкелі тығындар; Мұрынға тампонада қою ауыр процедура, сондықтан мұрынның шырышты қабатын бүрку арқылы жансыздандырады неме бұлшық етке енгізу арқылы жансыздандырады: 2% дикаин ерітіндісі немесе 5% кокаин ерітіндісі; 1% промедол ерітіндісі, 2% димедрол -1 мл және 50% анальгин ерітіндісі — 2 мл. Қан тоқтату үшін мұрынға тампонада қою техникасы Алдыңғы риноскопияда мұрын қуысына вазелин майына, алдын ала жылытылған қан тоқтататын пастаға, тромбинге, гемофобинге малынған дәкелі тығын қояды. Мұрын қалқасының алдыңғы бөлімінен қан кеткенде жалпы мұрын жолына бірінің артынан бірін ұзындығы 7-8 см бірнеше тығын қояды да, тығынды мұрын қалқанына қарай басады. Алдыңғы тампонаданың кемшіліктері: Тығынды алу кезінде түзілген тромбтар түсуі мүмкін; Шырышты қабат зақымдалуы мүмкін; Егер мұрында жара болса, тығынды алу кезінде жараның беті қайта қанауы мүмкін. Осы кемшіліктерді болдырмау үшін, биологиялық гетероперитонеальды тампон қолданылады, ол стерильді гетероперитонеальды пластинадан жасалған. Оны қолданардан бір күн бұрын қайнату арқылы залалсыздандырады. Егер алдыңғы тампонада тиімсіз болса, артқы тампонада қолданады. Алдыңғы тампонада кезінде қойылған тығынды міндетті түрде 2-3 тәуліктен кейін инфекция түспеу үшін және іріңді отит болмау үшін алып тастайды. Мұрынның алдыңғы бөлігінен қан ағу қайталана беретін болса, гальванокаустика қолданады, ляпис аймағын үшхлорсірке немесе хром қышқылымен күйдіреді.
Билет № 24
1. БЖАҮЖ бағдарламасы бойынша баланы тексеру кезінде анықталатын қауіптің жалпы белгілері. Қауіптің жалпы белгілері анықталған жағдайда дәрігер тактикасы.
2. Атопиялық дерматит, даму механизмдері және клиникалық көрінісі. Атопиялық дерматиттің диагностикалық критерийлері, емнің негізгі қағидалары және диспансеризация.
3. Вакцинацияны жүргізуге қарсы көрсеткіштер. Егулерден ұзақ және тұрақты медициналық қайтарымды ресімдеу ережелері.
Анықтамасы
Атопиялық дерматит - терінің зақымдануы, бұл баланың ерте шағында, сатыланып, аурудың қайта өршуі оның негізгі тұқым қуалау жағдайындағы бейімделушілігінде жəне Ig Е-ауру механизміне тəуелді, ол қарқынды қышыма, жайылмалы бөртпе лихинделген түрде білінеді.
Хаттама коды: H-P-001 "Балалардың атопиялы дерматиті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ10 бойынша коды (кодтар):
L 20.8 Басқада атопиялық дерматиттер
L 23 Дерматиттің аллергияға ұласуы
L 50 Аллергиялық есекжем
Версия раздела (ещё: 4): ПДЛ 2007 (қаз)
ЖІКТЕМЕСІ
Жіктемесі:
1. Шын мəніндегі экзема.
2. Микробтық экзема.
3. Себероидты экзема.
Ауырлық дəрежесі:жеңіл , орташа, ауыр.
Балл бойынша(1 балл - жеңіл өтетін, 2 балл - орташа ауырлықта, 3 балл – ауыр өтетін):
- бастың зақымдануы - 1 балл;
- кеуде - 1 балл;
- аяқ – қол - 1 балл.
Версия раздела (ещё: 4): ПДЛ 2007 (қаз)
ДИАГНОСТИКА
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
- тері қышымасы;
- ерте басталу (2 жасқа дейін);
- тері қатпарының зақымдануы, сонымен бірге, 10 жастан кіші балалар ұртының анамнездік көрсеткіші;
- анамнездегі терінің жалпы құрғауы;
- анамнездегі аллергиялық ринит немесе бронхиалды астма, сонымен бірге жақын туыстарындағы (1 дəрежелі туыстығы) 4 жасқа дейінгі кез келген атопиялық ауырулары.
Физикалық тексеру: терінің қатпарлық зақымдану мінезі, лихенизация.
Инструменталдық зерттеулер:асқазан-ішек жолдарының функционалдық жəне органикалық патологияларын анықтау – құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:қосарланған патологияға байланысты.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Аллерголог кеңесі.
2. Педиатр кеңесі.
3. Ішек дисбактериозын зерттеу.
4. Гистологиялық зерттеу.
5. Қырынды алу.