Оқытудың соңғы нәтижелері

СИЛЛАБУС

1. Жалпы мәлімет:

1.1. ЖОО/ВУЗ аты -С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина

Университеті

1.2. Кафедрафтизиопульмонология

1.3. Пәні : -«Ішкі аурулар» (051301)

1.4. Мамандығы: -жалпы медицина (051301)

1.5. Оқу сағатының көлемі -51 сағат

1.6. Оқу курсі және семестрі –4, (VІI – VIII)

Алматы, 2013 ж.

ҚР университеттерінің, медицина факультеттерінің, медицина және фармацевтикалық жоғарғы оқу орындарының кафедраларында оқу әдістемелік құжаттарды өңдеу жайындағы МЖББС/ГОСО-2006 ж байланыстырып № 6- нұсқаулы хатты негіздеп профессор А.С. Ракишева, доцент Сыздыкова Н.С., доцент Кумисбаева Б.Т. силлабус қайта өңделді.

Кафедра отырысында силлабус талқыланды.

хаттама № 1 2 тамыз 2013 жыл

Кафедраның меңгерушісі м.,ғ.,д., профессор Ракишева А.С.

Оқутышылар жайында мәлімет беру

  АТЫ-ЖӨНІ Дәреже қызметі Приоритетті ғылымы қызығушылық, жетістіктер
1. Рақышева А.С. м.,ғ.,д. Каф.мең-герушісі Балаларда және жасөспірімдерге, сонымен қатар пенитенциарлы меке-мелерде болатын туберкулездің ағымының ерекшелігі. Туберкулез рецидивының профилактикасы.
2. Маскеев Қ.М. м.,ғ.,д. Профессор Туберкулездің эпидемиологиясы
3. Дүйсенбекова Б.С. м.,ғ.,к. Доцент Балаларда болатын туберкулездің ажырату диагностикасы
4. Сыздықова Н.С. м.,ғ.,к. Доцент Туберкулездің ерте диагностикасы
5. Күмісбаева Б.Т. м.,ғ.,к. Доцент Туберкулез және ілесіп қосылатын аурулар
6. Қасенова Л.Ш. м.,ғ.,к. Доцент БЦЖ вакцинациясына беретін асқы-нулардың диагностикасы, клиника-сы, емі және алдын алу
7. Ысқақова Ф.А. м.,ғ.,к. Ассистент Туберкулездің эпидемиологиясы
8. Сыртанова А.А. м.,ғ.,к. Ассистент Мультирезистентті туберкулездің емі
9. Джазыбекова П.М. м.,ғ.,к. Ассистент Өкпенің төменгі бөлігінде орна-ласқан инфильтратты туберкулездің эпидемиологиясы, диагностикасы, ағымының ерекшелігі
10. Исаева А.Г. м.,ғ.,к. Ассистент Туберкулезге қолданатын аспапты зерттеу әдістері
11. Жұмабаева Ш.Қ. - Ассистент Туберкулездің қайталануы/рецидиві
12. Мақұлбаева У.Т. - Ассистент Өкпенің диссеминирлі туберкулезі
13. Еркенова Г.С. - Ассистент Ұйымдасқан ұжымдарда тұратын жасөспірімдерде дамитын туберку-лез
14. Сейтханова Н.Р. - Ассистент Туберкулездің қайталануы/рецидиві
15. Даутова Х.М. - Ассистент Созылмалы туберкулездің ағы-мының ерекшелігі
16. Нұрахметова Б.С. - Ассистент Туберкулезді плеврит

1.8. Контакті информация:Туберкулез мәселесінің Ұлттық орталығының клиникасында фтизиопульмонология кафедрасы орналасқан: мекен жайы: 050050 Алматы қаласы, Бекхожин көшесі 5, телефон 2918607, электрондық адресі: і[email protected]

1.9. Пәннің политикасы:

- дәріске және машықтану сабағына студент кешікпей келу керек;

- орынсыз себептерге байланысты сабақты жібермеу;

- ауруға байланысты жіберген сабақтарын өтеу үшін деканаттан рұқсат әкелу тиіс. Жіберген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытында өтейді.

- туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелерде өңделген санитарлық гигиеналық ереже талабын мұқият сақтау;

- сабаққа медицина халаттарымен, колпактарымен және маскаларымен келу;

- оқу үрдісіне, конференцияларға белсенді қатысу;

- коллоквиумды уақытылы тапсыру;

- СӨДЖ сапалы және уақытылы орындау;

- Студенттер аралық/рубежды бақылауды тапсырмаған жағдайларда дифференциальды сынақ жіберілмейді.

1. БАҒДАРЛАМА:

Кіріспе

Туберкулез бойынша эпидемиялық ситуацияның соңғы жылдарында өзгеруі жұққандықтың, аурулық, аурушандық, өлім-жітім көрсеткіштерінің жоғарлауымен сипатталады, сонымен қатар туберкулездің клиникалық формаларының структурасы да ауырлады, олар: туберкулез үрдісінің ауыр үдемелі деструкциялы формаларының, туберкулездің полирезистентті формаларының, өкпеден тыс туберкулездің санының өсуі. Осы аталғандардың барлығы республикаға туберкулез қауіпін төндіретін ауру. Сонымен қатар туберкулездің патоморфозының және клиникалық ағымының өзгеруі диагностиканың және ажырату диагностиканың жүргізуін ауырлатады.

Сондықтан, туберкулезді уақытылы анықтауда барлық мамандықтағы дәрігерлер сақ болу керек. Фтизиатрияның негізін болашақ дәрігерлер білу тиіс. Әр болашақ дәрігер пациентте туберкулез бар екенің уақытылы күдектену керек, оны зерттеу және қажетті жағдайда фтизиатрдің кеңесіне жіберу. Дәрігер аурудың бастапқы симптомдарын білу тиіс және Қазақстанда қолданатын бұйырықтарды, әдістемелік нұсқауларды, медицина мекемелерінде жүргізілетін санитарлық эпидемиялық ережелерді білген жөн. Фтизиатрия бойынша жасалған бағдарламаға туберкулезге қолданатын ерте және уақытылы диагностикасы, оны алдын алу, емі және диспансерлік бақылау кіргізілген.

2.2 Пәнді оқыту мақсаты:фтизиатрияның негізгі аспектері бойынша студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын, студенттердің клиникалық ойлауын дамыту және туберкулезді алдын алу жайында алған білімін қолдану шеберлігін қалыптастыру.

2.3. Оқытудың міндеті:

- фтизиатрияның негізгі бөлімдері бойынша білімін қалыптастыру;

- туберкулезді анықтау үшін қолданатын диагностика әдістеріне студенттерді үйрету;

- туберкулездің ажырату диагностикасына қолданатын алғашқы әдістеріне және принциптеріне үйрету;

- туберкулезді алдын алу принциптеріне үйрету;

- туберкулезде болатын шұғыл жағдайларға көмек көрсетуге үйрету.

Оқытудың соңғы нәтижелері

Студенттің білімін қалыптастыру:

· туберкулездің эпидемиологиясы;

· туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы және патоморфозы;

· туберкулезді ерте және уақытылы анықтау жолдары;

· клиникалық , лабораториялық және аспапты зерттеулерге қолданатын қазіргі әдістер;

· фтизиатрға жіберу көрсеткіші;

· туберкулездің клиникалық жіктелуі;

· туберкулезбен ауыратын науқасқа жүргізілетін курацияның ерекшелігі;

· басқа ішкі аурулардан туберкулезді ажыратын ажырату диагностикасын жүргізу принциптері;

· туберкулездің қазіргі терапиясының негізгі принциптері;

· туберкулезді алдын алу (спецификалық және бейспецификалық).

Студенттің ептілігін қалыптастыру:

· науқастан анамнез жинау;

· оңтайлы клиникалық, лабораториялық және аспапты зерттеу әдістерін таңдау;

· сәулелі диагностиканы қолдану көрсеткішін анықтай білу;

· лабораториялық зерттеулерден алынған мәліметтерді талдау;

· туберкулезде болатын шұғыл жағдайларға көмек көрсету;

· клиникалық жіктелуге және пациенттердің типіне сәйкес ем жоспарын құрастыру;

· туберкулез инфекция ошағында індетке қарсы шараларды өткізу;

· тұрғындардың әртүрлі тобының арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу;

· пациенттермен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкер-лерімен сенімді өзара байланысты қатынастымаксимальды орнату;

· командыда жұмыс істеу.

Дағдыларды қалыптастыру:

· қарап тексеруді, пальпацияны, перкуссияны және аускультацияны дағдылану;

· диагностика және емнің мониторингісін жүргізу үшін қақырықты жинау;

· фтизиатрға жіберу көрсеткішін анықтау.

2.5. Пәндердің пререквизитты және постреквизитты:

Пререквизитты:патологиялық физиология, микробиология, фармакология, ішкі аурулардың пропедевтикасы, визуальды диагностика, эпидемиология, жалпы иммунология, дәлелді медицинаның негізі.

Постреквизитты:ішкі аурулар, инфекциялы аурулар, шұғыл медициналық көмек көрсету.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Фтизиатриялық службаны ұйымдастыру. Диспансеризация.Туберкулезге қарсы күрес жүргізу мекемелері. Ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға туберкулездің диагностикасын жүзеге асыру және ұйымдастыру. Туберкулезбен ауырған науқастарға бақылауды ұйымдастыру және амбулаториялық жағдайда оларға ем жүргізу.Туберкулез инфекция ошағында диспансердің өткізетін жұмысы. Бактерия бөлушілермен қарым қатыныста болып бірге тұратын кісілердің арасында туберкулездің профилактикасын және сауықтыру жайында өткізілетін шараларды ұйымдастыру. Туберкулез инфекция ошағында өткізілетін жұмыстар. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелердің санитарлық режимын бақылау. Туберкулезге өткізілетін профилактикалық зерттеуді бақылау. БЦЖ вакцинациясын және ревакцинациясын жоспарлау.

Наши рекомендации