Науқастанудан сақтандыру.
Жоспар:
1. Бактериологиялық қарудың жалпы сипаты.
2. Инфекция көздерін зарасыздандыру жолдары.
I. Биологиялық қару – бұған жататындар: биологиялық заттармен жабдықталған приборлар.
Олар адамдар мен хайуандарға жұқпалы ауру тарату үшін өсімдік және азық-түлік қорларын бұзуға қолданылады. Биологиялық қарудың негізгі түрі-аурулар туғызушы микроорганизмдер.
Сонымен бірге жұқпалы дертпен ауырып жүрген кеміргіштер: тышқан, суыр, қосаяқ пен кұрт-құмырсқалар пайдаланады.
Биологиялық қарудың зақымдау күші мынадай факторларға: ауру туғызушы микроорганизмдердің қасиеті мен халықтың тұрмыс жағдайына, санитарлық тұрмыс дәрежесіне сондай-ақ алдын-ала жасалған қорғау, егуге және жыл маусымы жер бедерінің түріне, емдеу, профилактикалық шараларға, эпидемияға қарсы күресуші орындар мен олардың қолданған әдістерне байланысты болады.
Биологиялық қару жаппай дерлік зақымдағыш қару.
Оны қолданудың нәтижесінде адамдар мен хайуандар арасында үлкен апат тудыратын көптеген жұқпалы аурулар тарайды.
Сондықтан бұл қарудың ауыр зардабынан сақтану шараларын күні бұрын белгілеп толық жүзеге асыра білу қажет. Аурудың көп тарауына жол бермеудің кепілі- жұқпалы ауру микробтарының түрін уақытында анықтап, карантин жасау.
Биологиялық қарудың қолданылған туралы сигнал алысымен жаппай тығыз бекітілген ғимараттарға тез жасырыну керек.
Таяу жерде арнайы паналау ғимараттары болмаған жағдайда тыныс жолдарын қорғаудың жекелей құралдарын (противогазды) пайдалану керек.
Әр түрлі жұқпалы ауруды микробтардың тек қана белгілі түрі қоздырады.
Жалпы мемлекеттік шараларға мыналар жатады: халықтың жақсы тұрмыс халін одан әрі жоғарлату, халықты жақсы жабдықталған пәтер үйлермен, медициналық тегін жәрдеммен қамтамасыз ету, түрғын үйлер, өндірістік объектілер, балалар және емдеу мекемелердің құрылысын жүргізгенде алдын ала істелетін санитарлық қадағалау жүргізу және т.б.
Жұқпалы аурулармен күрескенде қолданылатын медициналық шаралар сақтық (профилактикалық) және эпидемияларға қарсы қолданатын түрлеріне бөлінеді. Профилактикалық шаралар жұқпалы аурулар бар-жоқтығына байланыссыз түрде жүргізіледі.
Олардың мақсаты-жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтандыру. Эпидемияларға қарсы қолданатын шаралар жұқпалы аурулар пайда болғанда жүргізіледі.
Профилактикалық және эпидемияларға қарсы қолданатын шаралар инфекция көзін зарасыздандыруына, инфекция қоздырғыштарының жайылу жолдарын үзуіне және халықтың жұқпалы ауруларды қабылдайтыны дәлелденеді.
Эпидемиялық процестің тууына қажет негізді үш факторлардың біреуін істен шығару бұл процесті тоқтатады.
II. Инфекция көзін зарасыздандыру. Кейбір жұқпалы аурулар пайда болғанда науқас адам инкубация кезеңінің соңғы күндерінде немесе ауру басталуымен ауру қоздырғыштарын сыртқы бөліп шығаруымен байланысты ауру жұққан кісілерді уақытында тапқанының зор маңызы бар.
Жұқпалы ауру диагнозы бар науқастар тегіс міндетті түрде тіркетіліп есепке алынуы тиісті.
Сонымен қатар ауру адамдырды уақытымен оңашалау қажет. Оба (/чума/, тырысқақ /холера/), бөртпе сүзек, кайталма сүзек, іш сүзегі және паротиф, вирусты гепатит, дифтерия ауруларымен ауырған адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.
Кейбір жұқпалы аурулар пайда болғанда /скарлатина/, дизентерия, жұқпалы іш аурулардың тағыда басқа түрлері науқасты үйде оңашалау кеңінен қолданылады.
Мұндай жағдайларда ауру жануя мүшелеріне жұқпауы үшін шаралар өткізіледі /жеңіл-желпі дезинфекция, санитарлық ағарту қызыметі/. Науқастар мен ауруды таратушыларды зараздандыру үшін ем тағайындалады.
Инфекция көзі ретінде болған малға қолданатын шаралар.
Ауырған мал адам денсаулығына кауіпті болмаса және шаруашылықта оның құндылығы болмаса бұл малды арнайы қасапханада немесе жалпы қасапханада белгіленген күндерде сояды, бұл малдың етін термиялық өндеуден өткізген соң жағдайға байланысты жарамды деп іске асыруға пайдаланады.
Ал ауырған мал адам денсаулығына қауіп –қатерлі болып табылғанда оны сояды да өрттеп жібереді немесе арнайы мал зиратында көміп тастайды. Ауырған мал адамға қауіпті болғанымен шаруашылыққа құнды болса оны арнайы жайылымда ұстап емдегеннен кейін жалпы шаруашылыққа қосады.
Инфекция жайылу жолдарын үзу үшін қолданатың шаралар.
Жұқпалы аурулардың жұқтыру факторларына әсер ету арқылы қоздырғыштарды таратудың ішкі жолын үзеді.
Жұқпалы ішек аурулардың жайылуының фекальды-оралды ішкі жолмен байланысты бүкіл сақтандыру шаралары организмге қоздырғыштардың ішкен су, немесе ластанған қол арқылы еңгізбеуіне дәлелделінеді.
Бұл шараларды жұқпалы аурулардың бар-жоқтығына қарамай үнемі барлық жерде жүргізу қажет.
Халықтың санитарлық мәдениетін жоғарлатуының зор маңызы бар.
Тыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар тараған жағдайда негізгі шараларға келесілер жатады: халықтың тығыздығын азайту, бөлмелердің ауасын тазарту және инсоляция /күнге шағыстыру/ жасау, емдеу және балалар мекемелерінің ауасына дезинфекция жасау үшін сынап-кварц шамдарын қолдану және тыныс жолдарын сақтап тұратын құрал /респиратор/ қолдану.
Кан арқылы тарайтын жұқпалы аурулардан сақтандыруда бөлмелер мен азық- түлік сақталатын жерлерде болып тұратын бунаяқтыларды инсектицид дәрілерін қолданып жоюдын және репеленттер (шошытатын дәрілер) қолдануының, зор мәні бар.
Сыртқы жамылғы жұқпалы аурулары пайда болмау үшін халықтың жалпы санитарлық мәдениетін көтеруінің, тұрмыс және кәсіпорын жағдайларын жақсартуынын, өнеркәсіп, көше және күнделікті жарақаттардан сақтандыруының зор мәні бар.
Халықтың жұқтырмаушылығын дамыту жоғарлату шараларына еңбек, тұрмыс, тамақтану жағдайларын жақсарту, дене шынықтыру арқылы жалпы беріктілігін (общая несисцефическая резистентность) жоғарлату және профилактикалық егу арқылы организмде ерекше иммунитет жасау жатады.
Дезинфекция немесе зарарсыздандыру дегеніміз-адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы.
Инфекциялы ауруларды таратушыларды-насекомдар мен кенелерді жоятын дезинсекция және эпидемиологиялық тұрғыдан кауіпті кемірушілерді жоятын дератизация, дезинфекцияның жеке түрлері болып табылады.
Дезинфекцияның сақтандыру, күнделікті тұрмыста қолданылатын және ең сонғы қорғаныс түрлері болады.
Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қолданылатын нәрселер мен заттардың инфекциялы аурулардың пайда болуы мен жұғуын болдырмау мақсатында өткізеді.
Науқастың төсек-орнында инфекцияның таралуынан сақтандыру (науқастың дәретін және дәрет жұққан нәрселерді зарарсыздандыру) мақсатында күнделікті дезинфекция жасалады.
Дезинфекция-науқасты оқшаулау, госпитальға жатқызу.
Науқасты оқшаулағанда, госпитальға жатқызылғанда сауыққаннан немесе өлгеннен кейін инфекцияға шалдыққан ауқымдағы ауру қоздырғыштарды толық жою мақсатында ен соңғы дезинфекциядан өткізеді.
Біліну түріне қарай инфекцияны дезинфекциялағанда биологиялық, химиялық, физикалық және химиялық әдістермен зарасыздандыру құралдары қолданылады. Егістік суаратын сарқынды суды тазартуға биологиялық әдіс пайдаланылады.
Үй-жай жиһаздарды ылғалдап жинастыру, киім және төсекорынды қағып-сілку, үй-жайды шаң сорғышпен шаңнан тазарту, әктау, сырлау, еден жуу механикалық әдістерге жатады.
Дезинфекцияның ең қарапайым және оңай әдісі физикалық кұралдармен жасау болып табылады.
Күн сәулесі, ультракулгін сәулелендіргіштен сәулелендіру, ыстық өтікпен , қажетсіз қоқыстар мен нәрселерді өртеу, ыстық, су кұю немесе кайнағанға дейін қыздыру арқылы жою, міне солардын, санына қосылады.
Инфекцияға шалдыкқан киім, төсек-орындарды және т.б. Арнайы дезинфекциялық камераларда – ауа-немесе формалинды камераларында толық дезинфекциялауға және дезинсекциялауға болады.
Оларды тұрақты да (моншаға түсіру және санитарлық тексеруден өткізу), жылжымалы да (автомобильдерге орнатылған дезинфекциялауыш-душ кондырғыжары-ДДА-53, ДДА-53А, ДДА-66 және ДДА-2 автомобильге тіркелген дезинфекциялаушы-душ кондырғылары) болуы ықтимал.
Камерада дезинфекциялаудың, мәні-камералардағы нәрселерді белгілі температураға дейін ыстық ауамен (бумен), ал бу әсерін күшейту қажет болған жағдайда камераға формальдегид қосып, қыздыру.
Микроб клеткаларына өлтіре әрекет ететін химиялық заттардан мынандай дезинфекциялағыш кұралдар кеңіреқ қолданылады:
Дезинфекция кұралдары | Қолдану әдісі | Зарарсыздандыру объектілері |
Хлорлы әктің 0,2- 5 % жарық түсірілген ерітінділері. | Ылғалдау, ыспалап сүрту | Тұрғын және қызмет үйлері, мебель. |
Хлорлы әктің 10-20 %ерітіндісі. | Ылғалдау, ыспалап сүрту | Ғимараттың сыртқы беті, әжетхана, жергілікті жер. |
Хлораминнің 0,2-1% ерітіндісі. | Ылғалдау, ыспалап сүрту, суға салып кою. | Тұрғын және қызмет үйлері мебель, асүй және асхана, ыдыс- аяқ, ішкиім. |
Лизолдың 3-5 % судағы ерітіндісі. | Ылғалдап сурту, суға салып кою. | Тұрғын және қызмет үйлері ішкиім, аяқкиім, науқастың зәрі. |
Кальций гипохлориті екі-үшнегізді тұзынын (ДТСГК)- 1-3 % ерітінділері | Ыспалап сүрту, ылғалдау. | Тұрғын үйлер, жалпы пайдаланылатын орын, шелек, жүквагондары |
Сутегі асқын оксидінің 3 % ерітіндісі. | Ыспалап сүрту. | Кабырғалар , үй едені, тері қабаттары. |
Этилен оксиді (металл баллондарда). | 500мл/м 3 концентрацияға дейін жеткізе бүрку. | Жабық ғимараттар. |
Хлорлы эк 0,2-0,5 проценттік, 2-3 %, 5-10 % судағы ерітіндісі және кұрғақ қалпында суды, ыдыс-аяқты, үй-жайлары, науқастың зәрін, дәретханаларды және басқаларда зарасыздандыру үшін қолданылады.
10 % хлорлы әк ерітіндісін дайындау үшін бір шелек (10л) суға 1кг кұрғак хлорлы әк салады.
Хлорлы әктің өлшеніп алынған мөлшеріне алғашында аздап су қосып, тұйірлерді мұқият езеді, соңыннан ерітіндіні араластыра отырып, қалған суды кұяды. Ерітінді дайындалып бола салысымен пайдаланады. 10% жарық түсірілген ерітіндіні 24 сағат бойы тұндырып дайындайды.
Жарық түсірілген сүйықтықты тұнбадан кұйып алып, одан қажетті концентрацияда жұмысқа пайдаланылатын ерітінді әзірлейді. Науқастардың зәрін зарарсыздандыру үшін дәретке құрғак хлорлы әк (дәрет көлемінін 1/5 бөлгіндей) қосады.
Дезинсекциялық шаралар шартты түрде сақтандыру және жойғыш шараларға бөлінеді.
Сақтандыру шараларына: тұрғын үйлер мен қосалқы үй жайларды таза ұстау, есік терезелерді торлау, ұсак суқоймалар мен арықтарды және басқаларды тазарту жатады.
Жою шараларын физикалық және химиялық құралдармен жасайды. Жоғарыда көрсетілген дезинфекциялық камералар мен физикалық кұралардан басқа инсектицид деп аталатын улы заттар қолданылады, олардың ішінде гексахлоран, карбофос, метилацетофос және басқаларының маңызы өте зор.
Адам және жануаларда инфекциялы ауру тудыратын қоздырғыштарды тасымалдайтын кемірушілерді жоюға механикалық және химиялық әдістер пайдаланылады. Әртүрлі қапқан, дұзак, тышқан аулағыш, тоспаны қолдану механикалық әдіске жатады.
Кемірушілерді улы заттармен-ратицидтермен уландыру химиялық әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Мырыш фосфиді, ратиндан зоокумарин, таллий сульфаты тиосемикарбазид, барий карбонаты, фторацетамид және басқалар ең әсері күшті ратицидтер болып табылады, уландырылған өлтіргіш дайындауға әк ұнтағы, ботқа, фарш, үн, дән, пісірілген көкөніс пайдаланылады, оларды ұнтақтап, өсімдік майы мен су қосады да езгілейді, сонынан қажетті концентрацияда у қосады.
Еліктіргіш дайындаған кезде адам тамақтанатын азык түлікке түсіп кетпеуіне мұкият болу керек.
Теңіз кемелерінде, темір жол вагондарда, самолетте және егістікте кемірушілерді жоюға газды дератизация басымырақ қолданылады.
ӘДИБИЕТТЕР:
1. Мухина С.А. Учебное пособие общий уход за больными. М. Медицина, 191г.
2. Постановление Кабинета Министров от 30.09.93г. № 969 «О мерах по созданию системы обучения населения и специальности по предупреждению и действиям ЧС».
4. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебное пособие по «основам безопасности жизнедеятельности» Караганда-2008г.
5. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебно-методическое пособие по «Военно-медицинской подготовке» Караганда-2008г.