Курс «Жалпы медицина» мамандығына арналған тест сұрақтары 1 страница
Аралық бақылау 2
Нұсқа
1. Дексаметазонмен функциональды сынама жүргізеді:
A. гиперэстрогенияны анықтау үшін
B. ановуляция диагностикасы үшін
+C. гиперандрогения генезін табу үшін
D. гонада дисгенезиясының типтік түрін диагностикалау үшін
E. циклдің лютеиндік фазасының жетіспеушілігін анықтау үшін
2. Гинекологиядағы емдік-диагностикалық лапароскопияда оптимальды жансыздандыру әдісі:
+A. эндотрахеальды наркоз
B. көктамырлық анестезия
C. перидуральды анестезия
D. жергілікті инфильтрациялық анестезия
E. жансыздандыру әдісі эндоскопиялық операцияның көлеміне және науқастың жағдайының ауырлығына байланысты
3. Түктінің әйел типтес өсуі ол:
A. маңдайдағы шаштың доға тәрізді өсуі
B. сегізкөзде түктенудің өсуі
+C. қасаға үстіндегі түктенудің горизонтальды сызықпен өсуі
D. іштің ортаңғы сызығы бойымен түктенудің өсуі
E. сүт безі емізікшесі маңында түктенудің өсуі
4. Артқы күмбез пункциясына көрсеткіш:
A. жатырлық жүктіліктің үзілуі
B. аналық бездің ісігінің аяқшасының айналып кетуі
C. миоматозды түйін некрозы
D. жедел екі жақты сальпингоофорит
+E. жатырдан тыс жүктілікке күмән, пельвиоперитонит
5. Онкоцитологияға жұғынды алады:
+A. цервикальды өзектен және артқы күмбезден
B. қынаптың артқы және алдыңғы күмбездерінен
C. қынаптың қаптал күмбездерінен
D. уретрадан, цервикальды өзектен, тік ішектен
E. эктоцервикстен
6. Қанның реинфузиясына көрсеткіш болып саналады:
+A. ауырсыну ұстамасынан соң 6 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы
B. қанда майлы қосылыстардың болуы
C. науқастың дене қызуының көтерілуі
D. гемолиздің болуы
E. ауырсыну ұстамасынан соң 16 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы
7. Жатырдан тыс жүктілікке байланысты операциядан соң науқастарды реабилитациялау кешеніне кіреді, біреуінен басқасы:
A. физиотерапия жүргізу (дәрілік заттармен электрофорез, ультрадыбыстық терапия)
B. жүйелі энзимотерапия препараттарын тағайындау
C. контрацепция
+D. аутогемотрансфузияның қайталап курсын жүргізу
E. балшықпен емдеу
8. Үзілген түтіктік жүктілік кезінде науқастың ауыр жағдайында жасалады:
A. жедел қан құю
+B. жедел операция (жүкті түтікті алып тастау), гемостаз, аутоқан реинфузиясы
C. гемостаз
D. консервативті ем
E. анемияға қарсы ем
9. Түтіктік аборт түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде болады, біреуінен басқасы:
A. жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлініс
B. іштің төменгі бөлігінде және мықын шап аймағында ауырсыну
C. қынап арқылы зерттегенде қосалқыларының ұлғаюы және ауырсынуы
D. етеккірдің кідіруі
+E. пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасының кернеуі
10. Жатыр түтігі жарылу түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде барлық белгілер болады, біреуінен басқасы:
A. мықын аймағының бірінде кенеттен ұстамалы ауырсыну
B. ауырсынудың тік ішекке, иыққа таралуы
+C. ашық кезеңдермен ұстама тәрізді ауырсыну
D. коллапс
E. жүрек айну (құсу)
11. Туберкулез кезінде әйелдің жыныс жүйесінің қай бөлімі жиі зақымдалады:
+A. жатыр түтігі
B. аналық безі
C. жатыр
D. сыртқы жыныс мүшелері
E. қынап
12. Қынаптың IV дәрежелі тазалығын атаңыз:
A. көру аймағында 30-40 лейкоциттер, бірең-сараң сүт қышқыл таяқшалар, Грам – теріс және Грам –оң шартты патогенді микроорганизмдер анықталады
B. тек Дедерлейн таяқшалары анықталады
C. көру аймағының барлығы Дедерлейн таяқшаларымен, трихомонадалармен жабылған, бірең-сараң лейкоциттер
D. Дедерлейн таяқшалары, бірең-сараң лейкоциттер, аздаған мөлшерде Грам – теріс және Грам –оң бактериялар анықталады
+E. қынаптың таяқшалары болмайды, көру аймағының барлығы лейкоциттермен, клеткадан тыс және ішінде орналасқан Грам – теріс және Грам –оң бактериялармен жабылған
13. Гонококктарға тән:
A. Грам бойынша бояғанда оң мәнді
+B. клеткаішілік орналасу (мононуклеарлардың цитоплазмасында)
C. дөңгелек пішінді
D. көп қабатты эпителийді зақымдауы
E. Грам бойынша бояғанда теріс мәнді
14. Гонококкты анықтау үшін жұғынды қай жерден алады:
A. уретра, тік ішек, конъюктива
B. тік ішек, жатыр мойны өзегі
+C. жатыр мойны өзегі, уретра, тік ішек
D. қынап, жатыр мойны өзегі
E. жатыр қуысы, уретра
15. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы кезіндегі дәрілік терапия, біреуінен басқасы:
A. бейарнамалы қабынуға қарсы препараттар
B. кең спектрлі антибиотиктер
C. иммуномодуляторлар
D. комплексті детоксикациялық терапия
+E. наркотикалық анальгетиктер
16. Жатыр қосалқыларының қабыну ауруларында хирургиялық емге көрсеткіштер:
A. консервативті емге көнбейтін іріңді тубоовариальды түзілістер
B. тубоовариальды абсцесс түзілуге бейім рецидивті ағымды іріңді инфекциялар
+C. жайылмалы перитонит дамуымен қабыну түзілістердің перфорациясы
D. жедел сальпингит, пельвиоперитонит
E. аталғандардың біреуі де емес
17. Кіші жыныс ернеуінде ауырсынатын жара неге күмән туғызады:
+A. генитальды герпес
B. карбункул
C. псориаз
D. крауроз
E. бартолиний безінің абсцессі
18. ЖИТС-тің (ВИЧ/СПИД) жұғу жолы, біреуінен басқасы:
A. зарарсыздандырылмаған көп рет қолданатын инені пайдалану
B. ЖИТС пен (СПИД) ауыратын науқаспен қорғаныссыз жыныстық қатынасқа түсу
+C. ЖИТС пен (СПИД) ауыратын науқаспен құшақтасу немесе сүйісу
D. қорғаныс қолғапсыз лас қалдықтармен жұмыс
E. жәндіктер тістеу арқылы
19. Жыныс мүшілерінің герпестік зақымдалуының емі:
A. ацикловир + отыратын ванналар
+B. ацикловир (жергілікті және пероральды) + иммуномодуляторлар + поливитаминдер
C. клотримазол + тержинан
D. метронидазол + эубиотиктер
E. цефалоспорин қатарындағы антибиотиктер + антигистаминді препараттар
20. Дисфункциональді жатырлық қан кету деп аталады:
А. Жатырдағы өзгерістерге байланысты қан кету
B. Жатыр қосалқыларының қабыну аурулары кезіндегі қан кету
+C. Аналық бездердің гормондарының ретті секрециясның бұзылуы нәтижесіндегі қан кету
D. Верльгоф ауруы кезіндегі жыныс жолдарынан қан кету
E. Басталған түсік әсерінен қан кету
21. Меноррагия – бұл:
А. Ациклдық жатырдан қан кету
+B. Циклдық жатырлық қан кету
C. Етеккір кезіндегі ауырсынулар
D. Көп мөлшерлі етеккір
E. Етеккір циклының ұзақтығының қысқаруы
22. Науқас У. 13 жаста, гинекологиялық бөлімге жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданып түсті. Етеккірі 12 жастан, ретсіз. Қан кету етеккір циклының 4 айға кешігуінен кейін басталған. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырған. Ректальді зертттеуде патология жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
А. Вергольф ауруы
B. Аналық бездің гранулезоклеткалық ісігі
+C. Ювенильді қан кету
D. Эндометрий аденокарциномасы
E. Субмукозды жатыр миомасы
23. Жыныстық жетілу кезеніндегі дисфункциональды жатырлық қан кетулер қандай түрде өтеді:
+A. ановуляторлы, фолликулдың атрезиясы түрімен
B. ановуляторлы, фолликулдың персистенциясы түрімен
C. ациклды овуляторлы қан кету түрімен
D. ациклды қан кету түрімен
E. сары денешіктің персистенциясы түрімен
24. Комибинирленге эстроген-гестагенді препараттармен жасалған функционалды сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қай түрінде кездеседі:
A. гипоталамиялық
B. гипофизарлы
C. аналық безді
+D. жатырлы
E. қыртысты-гипоталамиялық
25. Предменструальды синдромына тән белгілер:
A. остеопороз
+B. сүт безінің ұлғаюы және ауырсынуы, депрессия, ісіктер
C. әйел дене салмағының артуы
D. етеккір және босану қызметінің бұзылысы
E. гиподинамия, әлсіздік, бөрітпелер
26. Остеопороздың еміне ұсынылады, біреуінен басқасы?
A. бифосфанаттар
B. прогестиндер
C. кальций препараттары
D. Д витамині
+E. дене жаттығулары
27. Ауыр дәрежелі климактериялық синдромға тәулігіне неше ыстық леп құйылулар тән?
+A. 20-25
B. 5-9
C. 10-20
D. 1-3
E. 1-ден 5 дейін
28. Адреногениталды синдромның келесі түрлерін ажыратады:
А. жеңіл, орташа ауыр және ауыр
+В. туа біткен, препубертатты, постпубертатты
С. ісікті, криздық, атипиялық
D. типтік, атипиялық
Е. компенсирленген, декомпенсирленген
29. Киари-Фроммель синдромының клиникасында келесі симптомдар басым келеді:
+А. аменорея, галакторея
В. гипертрихоз, қант диабеті
С. семіру, гирсутизм
D. бас сүйек ішілік гипертензия белгілері
Е. гиперполименорея түрінде етекір циклының бұзылысы
30. 23 жасар науқасқа біріншілік бедеулігіне байланысты гистеросальпингография жасалды. Рентгенограммада: жатыр қуысы Т-пішінді, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөліктерінде түйреуіш тәрізді кеңейген; іш қуысына контрастты заттың шығуы анықталмайды. Бұл өзгерістер қандай ауруға тән?
A. хламидиялық созылмалы сальпингит
B. аденомиоз және жатыр түтіктерінің эндометриозы
C. созылмалы гонореялық сальпингит
D. жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі
+Е. жыныс мүшелерінің туберкулезі
31. Эндокринді бедеуліктің себебіне жатпайды:
A. гипофиздің пролактин өндіретін ісігі
+B. дисгерминомалар
C. адреногениталды синдром
D. аналық без текомасы
E. гипоталамо-гипофизарлы дисфункция
32. Қай заттың гипертермиялық әсеріне базальды температура тесті негізделген:
+A. прогестерон
B. эстрадиол
C. простагландин
D. ЛГ
E. ФСГ
33. 25 жасар науқас гинекологиялық бөлімшесіне біріншілік бедеулік, арнайы этиологиялы созылмалы екі жақты сальпингоофарит ремиссия сатысында диагнозымен жіберілді. Жатыр түтіктерінің өткізгіштігін тексеру мақсатымен гистеросальпингография жасалды. Қорытынды: жатыр түтікшелерінің өткізгіштігі анықталмайды. Сіздің тактикаңыз:
А. Қабынуға қарсы терапия жүргізу
B. гидротубация жүргізу
+C. лапароскопия, адгезиолизис
D. лапаротомия, тубэктомиямен жүргізу
E. лапаротомия, адгезиолизис
34. Ерлі-зайыптылардың өзара сәйкессіздігі кезінде(посткоиталды тест қорытындылары бойынша) бедеулікті емдеу әдісі болып табылады:
A) жолдасының шаухетымен жасанды инсеминация
B) ICSI
C) ЭКО эмбрионның тасымалдауымен
+D. донордың шаухетымен жасанды инсеминация
E. лапароскопия
35. Жатыр мойнының бетінен цитологиялық зерттеу мақсатында жұғынды алынады:
A. қабыну ауруларын анықтау мақсатында
B. овариалды етеккір циклының бұзылысын анықтау мақсатында
+C. қатерлі ісіктерді анықтау мақсатында
D. эстрогендермен қанығуын анықтау мақсатында
E. эндометриозды анықтау мақсатында
36. Жатыр мойнының қатерлі ісік алды ауруларына жатады:
A. жай лейкоплакия
B. шынайы эрозия
C. жатыр мойнында тыртықтық өзгерістері
+D. жатыр мойнының дисплазиясы
E. жатыр мойнының полипі
37. 20 жастағы әйел әйелдер кеңесіне жыныс жолдарынан іріңді бөліністерге шағымданып келді. Айнамен қарағанда, қынаптың кілегейі гиперемияланған. Жатыр мойнында алқызыл түсті эрозия анықталады, контакт кезінде қансырайды. Сіздің тактикаңыз:
A. жатыр мойнына май тампондарын қою
B. биопсия, қатерлі процесс болмаса - диатермокоагуляция
+C. биопсия, қатерлі процесс болмаса - диатермоэксцизия
D. жатыр мойнының ампутациясы
E. 2 апта бойы майлы тампондар, содан кейін диатермокоагуляция
38. Ауыр дәрежелі жатыр мойнының дисплазиясына дұрыс сипаттама беріңіз:
+А. беткей қабаты мен базалды мембрананы қоспай, эпителиалды қабаттың реттілігінің бұзылысы
В. Тегіс көп қабатты эпителийде реттілігінің бұзылысы
С. жатыр мойнының көп қабатты эпителийінің деффектісі
D. эпителиалды қабатта атипиялық клеткалардың болуы
Е. жатыр мойны стромасында атипиялық клеткалардың болуы
39. 47 жасар науқас жыныс қатынасынан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Айнамен қарағанда: жатыр мойны гипертрофияланған. Жатыр мойны алдыңғы ернеуінде «түсті капуста» түрінде көлемі 2,0х1,0 см. ұсақ түйінді ісік анықталады. Контакт кезінде қансырайды. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны гипертрофияланған, тығыз. Жатыр ұлғаймаған, ауырсынбайды, қозғалмалы. Қосалқылары пальпацияланбайды. Оң жақ параметрийде «шпор тәріздес» өсінділер анықталады. Диагнозыңыз?
А. жатыр мойнының кондиломатозы
B. жатыр мойнының эрозиясы
+C. жатыр мойнының қатерлі ісігі, IIБ сатысы
D. жатыр мойнының лейкоплакиясы
E. синильды кольпит
40. 46-47 жаста эндометрийдің гиперпластикалық процестер кезінде дәрігер тактикасы:
A. 6 ай бойы етеккір циклының 5-25 күн аралығында күніне 1 тб синтетикалық прогестиндер (бисекурин, нон-овлон) тағайындау
В. Жай жатыр экстирпациясы
С. ерлер жыныс гормондарымен – андрогендермен – гормоналды тежеу терапиясын жүргізу
D. 3 айда 1 рет депо-провераны қабылдау
+Е. 6-7 ай бойы 17-ОПК-ны 250 мг 2 рет аптасына қабылдау
41. Гипертониялық аурумен қант диабеті фонында дамыған безді-кистозды гиперплазияның рецидиві кезінде дәрігердің тактикасы
+А. хирургилық ем
В. таза гестагендермен монотерапия
С. таза табиғи эстрогендермен гормонотерапия
D. комбинирленген эстроген-гесгагенді препараттармен гормонотерапия
Е. учаскелік гинекологтың бақылауы
42. 40 жасар науқаста 2 жыл бұрын жатыр миомасы анықталды, көлемі 8 апта. Етеккірі көп мөлшерлі. Соңғы кездері анемиясы анықталды. Кезекті тексеруде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. PV: жатыр мойны ескі тыртықтармен деформацияланған. Жатыр 16 апталық жүктілікке сәйкес миоматозды түзіліске айналған. Диагнозыңыз? Жүргізу жоспарыңыз?
А. симптомды жатыр миомасы. 17 ОПК тағайындау керек
B. тез өсетін жатыр миомасы. Гистологиялық зерттеумен оперативті ем
+C. үлкен көлемді симптомды тез өсетін жатыр миомасы. Гистологиялық зерттеумен оперативті ем
D. жатыр миомасы. Диферелин тағайындау керек.
E. жатыр миомасы. Келесі кезекті диспансерлі тексеру 3 айдан кейін.
43. 35 жастағы науқаста алғашқы анықталған бездік-кистозды гиперплазиясымен эндометрийдің гиперпластикалық процестер кезінде дәрігер тактикасы:
А. антиэстрогендермен гормонотерапия
В. таза эстрогендермен гормонотерапия
С. эндометрий аблациясы
D. жатырдың қынап үстілік ампутациясы
+Е. 3 ай бойы эстроген-гестагендермен немесе таза гестагендермен гормонотерапия
44. 46-47 жаста эндометрийдің гиперпластикалық процестер кезінде дәрігер тактикасы:
A. 6 ай бойы етеккір циклының 5-25 күн аралығында күніне 1 тб синтетикалық прогестиндер (бисекурин, нон-овлон) тағайындау
В. Жай жатыр экстирпациясы
С. ерлер жыныс гормондарымен – андрогендермен – гормоналды тежеу терапиясын жүргізу
D. 3 айда 1 рет депо-провераны қабылдау
+Е. 6-7 ай бойы 17-ОПК-ны 250 мг 2 рет аптасына қабылдау
45. Миоманың саркоматозды түріне айналуына төменгі аталған белгілердің қайсысы тән?
A. циклдық қан кетулер
B. эндометрийдің гиперпластикалық процестермен бірігуі
+C. тез өсу
D. ауырсыну синдромының қосылуы
E. көрші мүшелер қызметінің бұзылысы
46. 50 жасар әйелде аналық без ісігіне байланысты лапаротомия кезінде, ісіктің ішкі бетінде папиллярлы өсінділер бар. Операция көлемі қандай болуы тиіс?
A. Аналық без ісігін алып тастау
B. Екі аналық безді алып тастау
C. Зақымдалған аналық безді тимей, жатырдың қынап үстілік ампутациясы
+D. Жатырдың қынап үстілік ампутациясы қосалқыларымен, үлкен шарбы майдын резекциясы
E. Жатыр экстирпациясы қосалқыларысыз
47. 16 жасар науқас Cystoma ovarii dextrae диагнозымен оперативті емге дайындалды. Лапаротомия кезінде көлемі 8,0-8,0 см. алдыңғы күмбезде орналасқан ісік алынды. Ісікті ашқанда, шаш, сүйек тінінің фрагменттері анықталады. Диагноз? Операцияның көлемі?
А. жетілмеген тератома, операцияның көлемі – қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқыларысыз
+B. жетілген дермоид. Операцияның көлемі: овариоцистэктомия
C. тератобластома, операцияның көлемі – қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқыларысыз
D. жетілген дермоид, операцияның көлемі – қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқыларысыз
E. жетілмеген тератома. Операцияның көлемі: цистэктомия
48. Аналық безінің герминогенді ісіктері:
А. гипернефрома, лютеома
В. дермоидты киста, хорионэпителиома
С. андробластома, аренобластома
D. аналық безінің фибромасы, лютеома
+Е. Бреннер ісігі, дисгерминома
49. Мейгс үштігі тән:
А. гранулезоклеткалық ісікке
В. аналық бездің дисгерминомасы
+С. аналық безінің фибромасы
D. муцинозды цистаденома
Е. жетілген тератома
50. 55 жастағы науқаста аналық бездің қатерлі түріне айналу күдігі болғанда, операцияның көлемі:
А. зақымдалған жақта қосалқыларды алып тастау
+В. жатырдың қосалқыларымен қынап үстілік ампутациясы және үлкен шарбы майының резекциясы
С. жатыр экстирпациясы қосалқыларымен
D. екі жақты қосалқыларды алып тастау
Е. жатырдың қосалқыларымен қынап үстілік ампутациясы