Метаболизмдік синдром. Этиопатогенезі. Қауіп факторы.Диагностикасы.
Метаболикалық синдром немесе морбидті семіздік.Дене массасының индексі (ИМТ)- дене массасының бойына қатынасының дәрежесін анықтау және оны бағалау. Салмақ жетіспеушілік,қалыпты немесе артық болуын бағалау.Дене массасының индексі мына формула бойынша есептеледі: m,-килограммдағы дене массасы,һ-бой ұзындығы.ВОЗ рекомендациясына сәйкес ересек адамдардың дене массасының индексінің көрсеткіштерінің келесі интерпретациясы жасалынды:
19 кг/м2-қа дейін-салмақ жетіспеушілігі
19-24,9 кг/м2 – қалыпты салмақ
25-29,9 кг/м2-артық салмақ
30 кг/м2-ден жоғары- семіздік
Шағымдары және анамнез
Артық салмақ: Буындардағы ауырсыну- жамбас,тізе,тізе-аяқ басы буындарында. Жүргенде ентігудің пайда болуы.Жүрген кезде жүрек соғуы, АҚ жоғарылауы, кеуде торында ауырсыну.Фертильді жастағы әйелдерде менструальді циклдің бұзылуы. Бедеулік.Анамнез:Қосымша аурулары(артериальді гипертония,қант диабеті 2ші тип,артропатия.Семіздіктің дамуына отбасылық биімділік ,аз қимылдайтын өмір салты
Тамақтану режимінің бұзылуы,стресс
Физикальді тексеру: дене салмағын өлшеу,бойын өлшеу,дене салмағының индексін анықтау,кеуде клеткасының көлемін өлшеу, бел көлемін өлшеу,Лабораторлы тексеру.
Таблица №4. Метаболикалық синдром диагностикасының критерииі
Лабораторлы зерттеу критериі | Көрсеткіш |
Триацилглицерин (глицериннің күрделі эфирі және жоғары май қышқылы-ТАГ)деңгейінің жоғарылауы немесе ЛПНП (липопротейдсіз)фракциясының жоғарылауы | 1,7 ммоль/л- ге тең немесе көп немесе липидті бұзылыстарға спецификалық ем |
Холестерин деңгейінің төмендеуі. Жоғары тығыздықты липопротеидтердің төмендеуі | Ер адамдарда 1,03ммоль/л-ден кем Әйел адамдарда 1,29ммоль/л-ден кем Немесе липидті бұзылыстарға спецификалық ем |
Плазма глюкозасының жоғарылауы | Ашқарынға қан плазмасындағы глюкоза 5,6 ммоль/л –ге тең немесе көп немесе алдын ала диагностикаланған қант диабеті 2тип Егер қан плазмасындағы глюкоза ашқарынға 5,6 ммоль/л ден кем болса,глюкозаға толеранттылық тесті жүргізіледі. |
Инструментальды зерттеулер:
Бауыр УДЗ-сы – майлы гепатоз түріндегі бауырдағы дистрофиялық өзгерістерді анықтау үшін;Бауыр УДЗ-сы – өт қабындағы конкременттерді табу мүмкін болатын симультанды оперативті емді анықтау үшін;ЭФГДС – ГЭРА мен/немесе ДӨТЖ анықта үшін.
Арнайы мамандар консультациясына көрсеткіштер:
· Жалпы соматикалық жағдайын нақтылау мақсатында терапевт/кардиолог консультациясы;
· Эндокринді ауруларға байланысты семіздікті жоққа шығару мақсатында эндокринолог консультациясы;
· Анамнезінде басынан өткерген бас-ми жарақаты, нейроэндокринді аурулары бар науқастар үшін невропатолог/нейрохирург консультациясы;
· Офтальмолог консультациясы артериальды гипертензиясы, бас ми ісігі бар, бас-ми жарақаты салдары бар науқастарға ұсынылады;
· Гинеколог консультациясы фертильдігі бұзылысында, поликистозды аналық бездер синдромы белгілері болса ұсынылады;
· Өңеш қызметі бұзылысы ( уақыттың бөлек бөліктерінде компульсивті тамақ қабылдау приступтары, тою сезімінің болмауы, қарыны ашпауынсыз көп мөлшерде тамақ қабылдау, эмоциональды дискомфорт жағдайында, түнде тамақ ішумен ұйқы бұзылысы таңғы анорексиямен бірігуімен) бар науқастарға психотерапевт консультациясы ұсынылады;Генетикалық синдромдар белгілері болса генетик консультациясы.
Амбулаторлы дәрежеде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
ЖҚА,ЖЗА,Коагулограмма ( протромбиндік уақыт, фибриноген, АЧТВ, МНО);
Биохимиялық қан анализі (мочевина, креатинин, жалпы белок, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин, ТЖЛП, ТТЛП, холестерин, тимол сынамасы, сілтілі фосфатаза);
Гликемиялық профиль;ЭКГ;УДЗ ГДЗ;
Эндокринолог консультациясы;Гепатолог консультациясы;Терапевт консультациясы;
Амбулаторлы дәрежеде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
ӨТС анықтау;Бас ми КТ-сы;Қалқанша безі УДЗ-сы;
Ем мақсаты:
Максимальды тұрақты ( 5жылдан аз емес) және біртіндеп салмақ азайтуға (аптасына 0,5-1кг –нан көп емес) жету
Метаболизм көрсеткіштерінің мақсаттты сандарына жету:
· АҚҚ 130/85мм сын.бағ-нан төмен немесе тең;
· Ашқарынға гликемия 5,6ммоль/л-ден аз немесе тең;
· Үшглицеридтер 1,7ммоль/л –ден аз немесе тең;
· ТЖЛП 1,03ммоль/л-ден көп ер адамдарда және 1,29ммоль/л-ден көп әйелдерде;
· Жалпы холестерин 5,2ммоль/л-ден аз немесе тең.
Медикаментозды емес ем тактикасы (режим, диета, және т.б.)
42. Қан айналу жеткіліксіздігі. Этиопатогенезі. Классификациясы. Диагностикасы.Медикаментозды және и медикаментозды емес терапия принциптері.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ) – алғашында физикалық жүктемеде, кейін тыныштықта жүрек қан тамыр жүйесі организмің оттегіге қажеттілігін қамтамасыз ете алмайтын патологиялық жағдайы.СЖЖ-ге кенеттен немесе біртіндеп пайда болатын симптомдардың және көріністердің өршу эпизодтары тән (ентікпе, аяқтардағы ісік, жалпы әлсіздік, өкпелердегі сырылдаржүрек ұшы соққысының ығысуы мен мойындырық веналарының қысымының артуы).
Класс I | Физикалық жүктеме шектелмеген.Әдеттегі физикалық жүктемеде шаршағаштық, ентікпе немесе ЖСЖ-ң жиілеуі жоқ |
Класс II | Физикалық жүктеменің шамалы шектелуі.Тыныштық күйде пациент өзін жақсы сезінеді.Әдеттегі физикалық жүктемеде шаршағаштық, ентікпе немесе ЖСЖ-ң жиілеуі бар. |
Класс III | Физикалық жүктеменің айұын шектелуі.Пациент өзін тек тыныштық кйде жақсы сезінеді.Аздаған физикалық жүктеме шаршағаштық, ентікпе немесе ЖСЖ-ң жиілеуінің пайда болуына әкеледі. |
Класс IV | Кез келген күде дискомфорт.СЖЖ симптомдары тыныштықта да пайда болып, жүктемеде өршиді. |
Шағымдары мен анамнезі:
СЖЖ-не күдік туатын шағымдар (ентікпе, физикалық жүктемеде тахикардия, аяқтардың симметриялы ісінуі)
Анамнез жинағанда келесі мәліметтерді ескеру қажет:
1. СЖЖ-не әкелуі мүмкін себептердің болуы (АГ, гиперхолестеринемия, әсіресе отбасылық, конституционалды-алиментарлық немесе дисгормоналды семіздік).
2. Миокард дисфункциясына ең жиі алып келетін аурулардың болуы (ЖИА, АГ, жүрек ақаулары, ӨСОА, ҚД).
3. АГ, ЖИА, ритм бұзылыстары емінің эффективтілігі.
4. Пациенттің өмір-салты (мысалы, алкогольді шектен тыс қолдану).
5. Тұлғалық, психосоциалды факторлар (интеллек деңгейі, отбасындағы жағдай, ауқаттылығы, емделуге деген жеке құштарлығы) емнің сапасына әсер ете алады.СЖЖ диагнозын қою үшін екі негізгі критерийлер қажет:
Ентігу (аздап ентігуден тұншығуға дейін)Тез шаршау ,жүрек соғысы,жөтел ,ортопное . | Өкпеде сұйықтық жиналу(сырылдар, рентгенография )Перифериялық ісіктер ,тахикардия (>90-100 соққы/мин)вена ісінуі ,гепатомегалия ,галоп ритмі,кардиомегалия | ЭКГ ,кеуде клеткасының рентгенографиясы ,систолалық дисфункциясы, (жиырылудың төмендеуі) Диастолалық дисфункциясы -(допплер –ЭхоКГ,ДЗЛА ұлғаюы ) |
Электрокардиография .Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы ,Эхокардиография , (ЭхоКГ), Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы,өңеш арқылы ЭхоКГ ,Стресс-ЭхоКГ,ЭКГ тәуліктік мониторингі, (Холтер мониторингі ),Магнитті резонансты томография .Радиоизотопты методтар,Коронарография ,Жүктемелік тесттер ,Алтыминуттық жүрістің дистанциясын анықтау .
Қосымша шаралар:
1.Тәуліктік протеинурияны анықтау мақсатында Зимницкий бойынша зәр талдауы.2.Сарысулық темірді ,трансферинді ,ферритінді анықтау . ИФА :ЦМВИ , Эбштейн –Бар вирусы ,хламидиялар ,микоплазмалар ,уреаплазма,описторхилар,лямблиялар.4. ПЦР: ЦМВИ , Эбштейн –Бар вирусы,хламидиялар,микоплазмалар,уреаплазма,описторхилар,лямблиялар.Қан тазалығына талдау .Қанды гемокультураға зертттеу.7.СМАД.8. ЯМРТ контрастсыз бір аумақты зерттеу.Полисомнография .
1) Емдеу тәсілі:
1.Диета ,2.Физикалық белсенділік режимі .3.Психологиялық реабилитация ,дәрігер бақылауын ұйымдастыру ,СЖЖ ауруларына арналған мектептер.4.Медикаментозды терапия .5.Электрофизиолгиялық терапия .6. Хирургиялық ,механикалық емдеу әдістері.