Сабақтардың тақырыптық жоспары
СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
НЕВРОЛОГИЯ,ПСИХИАТРИЯ,НАРКОЛОГИЯ КафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Пән: психиатрия
Пәннің коды: PNN - 4306
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі: 152 сағат
Курсы және оқу семестрі : 5 курс, 9-10 семестр
Семей 2013
Силлабусты неврология, психиатрия, наркология кафедрасы құрастырылды
«Неврология, психиатрия, наркология» типтік оқу бағдарламасының негізінде; № 731 2010 жылдың 17 қыркүйегінен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі қ.а. бұйрығымен бекітілген.
Авторлар: доцент м.ғ .к. Оспанова Н.Н.
«___» «__________» 20____ кафедра отырысында талқыланды
№____Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________________Хайбуллин Т.Н.
Оқытушылар туралы мәліметтер
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы |
Оспанова Н.Н. | завуч, медицина ғылымынып кандидаты, доцент | Ғылыми қызығушылығы: «Семей ядролық полигонынан зардап шеккен адамдардағы психикалық бұзылыстар» Ғылыми мектеп: клиникалық ординатура, күндізгі аспирантура, кандидаттық диссертация ны қорғау: «Жасөспірім кезепдегі психикалық аурулардып қоғамға қауіпті іс-әрекетініп дебют және манифестация құрылымы » (1992 жыл). В.П. Сербский атындағы Әлеуметтік және сот психиатриясынып Мемлекеттік ғылыми орталығы. Категориясы:жоғары Стажы: 21 жыл | |
Сарсембина Ж.Ж | ассистент, медицина ғылымынып кандидаты | Ғылыми қызығушылығы: «Психосоматикалық бұзылу және психотерапия». Ғылыми мектеп: субординатура,интернатура, аспирантура, кандидатттік диссертацияны қорғау «Особенности психических расстройств у соматических больных,длительнопроживающих в зоне Семипалатинского полигона » (2009 г.) КАЗНМУ С.Д. Асфендияров атындағы. Категориясы: 1 санатты Стажы: | |
Коровников Александр Генадьевич | ассистент, медицина ғылымының кандидаты | Ғылыми қызығушылығы: психотерапия, онкология, психосоматикалық бағыт. «Психические нарушения у лиц пострадавших в результате испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне» Ғылыми мектеп: интернатура психиатриядан, кандидатттік диссертацияны қорғау: «Оценка эффективности реабилитации больных раком молочной железы после радикального оперативного лечения», 2010год. Категориясы: жоғары. Стажы:7жыл | |
Алтыбаева Гульжан Калибековна | ассистент | Ғылыми қызығушылығы: «Психосоматикалық бұзылыстар және психотерапия» Ғылыми мектебі: психиатриядан субординатура, интернатура. Категориясы:Бірінші санатты Стажы:15 жыл | |
Шулга Вера Павловна | ассистент | Ғылыми қызығушылығы: «Психосоматикалық бұзылыстар және тәуелділік психотерапия» . Ғылыми мектеп:интернатура Категориясы:бірінші Стажы: 28жыл | |
Докенова Светлана Викторовна | ассистент | Ғылыми қызығушылығы: «Психосоматикалық бұзылыстар және тәуелділік психотерапия» . Ғылыми мектеп: психиатрия мен наркологиядан интернатура Категориясы: Жұмыс стажы-4 жыл | |
Алмагамбетова Алия Абдуллаевна | ассистент | Ғылыми қызығушылығы | |
Бураханова Гульсум Кайнедненовна | ассистент | Ғылыми қызығушылығы |
Байланыс ақпарат :Қалалық психикалық денсаулық орталығы, 5-ші қабат, Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы
Адрес: Семей қаласы, Дулатов көшесі 282 .
Телефон: жұмыс орны. 64-06-54
Пән саясаты
Пән саясаты– бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.
Білімалушы міндетті:
• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.
• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.
• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.
• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.
• Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.
• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.
• БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.
• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.
• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.
• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.
• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.
• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.
• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).
• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.
• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.
• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.
• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.
• Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.
• Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.
• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.
• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.
• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.
• Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.
• Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.
• себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.
• Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.
• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.
• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.
• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.
• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.
• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.
• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.
• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.
• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.
• Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.
Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.
Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.
• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
• Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.
• Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.
• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.
• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.
• Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.
1. Кіріспе:Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.
Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.
2. Пәннің мақсаты:негізгі психикалық ауруларғадиагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастыру негіздерімен таныстыру
· студенттерді психикалық мінез-құлық бұзылыстарының клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· науқастар мен сау адамдардың психикалық жүйесін тексеру әдістеріне, статусты бағалауға үйрету;
· психикалық аурулардың зертханалық және экспериментальдық психологиялық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру;
· дәлелді медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды және ауруларды қазіргі кездегі емдеу мен реабилитациясымен таныстыру;
· психикалық бұзылыстардың психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс :
· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
· психиатрияда қолданылатын негізгі қазіргі зерттеу әдістерін;
· психиатриялық бұзылыстардың негізгі симптомдарын және синдромдарын;
· Психиатриядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.
Студент үйреніп алу қажет:
· науқастың анамнезін жинау;
· психиатриялық бұзылыстар симптомдарын анықтау;
· әртүрлі жастағы науқастарда психиатриялық статусты бағалауды және анықтауды;
· науқасты тексеруде қазіргі кезеңдегі клиника-зертханалық және аспаптық тәсілдерді қолдану;
· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;
машықтануы қажет:
· негізгі психиатриялық симптомокешеннің диагностикасын;
· психиатриялық бұзылыстарда өміріне қауіпті жағдайларда диагностика жасау және жедел жәрдем көрсету;
· салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.
5. Реквизитке дейінгі:психология негіздері, анатомия-2, коммуникативтік дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.
6.Реквизиттен кейінгі:медициналық жедел жәрдем, жалпы дәрігерлік практика, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура.
Сабақтардың тақырыптық жоспары
№ | Дәрістердің тақырыптарының атауы | Сағаттар саны |
Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Дәлелді медицина тұрғысынан кәзіргі кезеңдегі психиатрияның өзекті мәселелері. | ||
Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары. | ||
Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары. | ||
Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі. | ||
Шизофрения және аффектілік бұзылыстар. | ||
Невротикалық, стресспен байланысты және соматоформдық бұзылыстар. Тұлғаның бұзылыстары. | ||
Барлығы: | 12 сағ. |