Рибавирин 48 аптадан кем емес

инфликсимаб (ремикейд) курсы

ритуксимаб (мабтера) курсы

преднизолон

циклофосфанмен ұзақ терапия

қысқа әсерлі альфа-интерферон 2 жыл бойы

!

Науқас 32 жаста, вирусты гепатит В, жүктілік 28 апта. Соңғы 2 аптада тері қышуына, әлсіздікке шағымданады. Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,27 ммоль/л. Билирубин – 44,25 мкмоль/л. ПЦР HСV РНК – 105 копия/мл. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз:

A) L-орнитин-L-аспартат к/т

B) ламивудин 100 мг\тәулік босануға дейін

C) силимарин және фумарин босануға дейін

D) урсодезоксихоль қышқылы

E) эссенциальды фосфолипидтер босануға дейін

!

Пациент 62 жаста, шағымдары: әлсіздік, артралгиялар, мұрыннан қан кету. Гепатоспленомегалия, айқын емес асцит, Өңеш веналарының варикозды кеңейуі 1 дәрежесі. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 49 мкмоль/л, ПТИ – 75%, альбумин – 34 г/л. ЖҚА: Л- 3,8 х109/л, т\я – 2%, с\я – 56%, Лф-42%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Эластография – F4 (14 кПА). ИФА – HbsAg +++, HBeAg теріс, a-HBe-+++, a-HBcor ++. ПЦР HBV – 106 копий/ мл. Науқас интерферон препараттарымен вирусқа қарсы терапияны бастамақ. В гепатитінің емінің соңғы ұсыныстарына қарап науқасқа емді бастауға бола ма:

a) иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету

b) жоқ, науқастың жасы 60 жастан асқан

c) жоқ, науқаста бауыр циррозы бар

d) жоқ, науқаста трансаминазалар жоғары

e) жоқ, науқаста hbv-вируты инфекция

!

Науқас 55 жаста, жүрек айнуға, қыжылға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, әлсіздікке, бас ауыруына, аптасына 1-2 рет болатын геморроидальды қан ағуға шағымданады. Объективті: тәбеті жоғарылаған, іші кепкен, құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары кеңейген. Бауыр УДЗде: оң бөлігі– 15 см, сол бөлігі – 9 см, эхотығыздығы жоғарылаған, v.portae диаметрі – 14 мм. Эластография – 18 кПа. Науқастағы порталды жүйенің қысым градиентін көрсетіңіз:

А) 2-4 мм с.б.б.

В) 5-7 мм с.б.б.

С) 8-10 мм с.б.б

D) 11-12 мм с.б.б

E) 12 мм с.б.б жоғары

!

6 жастағы ер адамда гепатоспленомегалия, АЛТ – 32 МЕ/мл, Билирубин – 34 мкмоль/л, асцит жоқ, УДЗда v.portae диаметрі 1,6 см, ПТИ – 56%. ФЭГДСте өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі анықталды, «қызыл дақтар» симптомы. Варикозды кеңейген веналардан қан кетудің алдын алу үшін тиімді емдеу жолын таңдаңыз:

A) қан кету қаупі әлсіз, бета-блокаторлар пероралді

B) қан кету қаупі төмен, арнайы шараларды қажет етпейді

C) қан кету қаупі төмен, протонды помпа ингибиторлары

D) қан кету қаупі төмен, изосорбит мононитрат

E) қан кету қаупі жоғары, порто-кавальды шунттау

!

Әйел 58 жаста майлы тамақ ішкеннен кейін бірнеше уақыттан соң оң қабырға астына, оң жауырынына берілетін ауру сезімі пайда болды, өт аралас жеген тамағын құсты (1 рет). Объективті: науқас аяғын астына басып , оң бүйіріне қарай мәжбүрлі қалыпта отыр. Оң қабырға астын пальпациялағанда қатты ауру сезімі. Науқасқа шақырылған участкелік дәрігер гепабене берді. Дәрігердің шешімінің дұрыстығын бағалау.

A) дұрыс емес бұл науқастың жағдайын нашарлатады

B) дұрыс, холестаз синдромын басады

C) дұрыс, бірақ әліде спазмолитик керек

D) дұрыс, бұл ауру сезімін басады

E) дұрыс емес, бірақ қауіп жоқ

!

Әйел, өттас ауруы бойынша холецистэктомия жасатқан. Майлы және кептірілген тамақтарды шектеп диета сақтайды. Бірақта оны оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тұрақсыз үлкен дәрет (іш қатуы іш өтумен ауысады), метеоризм мазалайды. Постхолецистэктомиялық синдромның алдын алу үшін тиімді дәрілік препаратты тағайындаңыз:

Силимарин

фторхинолон

метоклопрамид

фамотидин

омепразол

!

56 жастағы ер адам ас қабылдағаннан кейін, алдыға еңкейгенде, жатқан қалыпта күшейетін төс артындағы ауырсыну және күйдіру сезіміне; үнемі төс артындағы «түйілген» тәрізді сезімге шағымданады. ЭФГДС жасағанда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің кілегей қабатының қабынуы мен эрозиясы, жанасқанда аздап қанталауы, ретрофлексия кезінде артқы кеуде аралыққа ығысқан асқазан бөлігі, қасындағы өңеш қуысы байқалады. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз:

A) хирургиялық емді

B) дәрі- дәрмекпен емдеу

C) санаторлы-курортты ем

D) физиотерапевтикалық шаралар

E) өмір сүру мен тамақтану тәртібін өзгерту

!

31 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Симптоматиканың ұзақ болуы мына патологияға әкеледі:

а) диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

в) созылмалы гастриттің

с) ойық жара ауруының

эмфиземаның

е) диафрагма жарылуының (разрыв)

!

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде мүмкіндігінше қолдануға тиімді препараттар тобы болып табылады:

а) 5-аминосалицил қышқылының препараттары

в) антибиотиктер

с) адсорбциялаушы

d) пробиотиктер

е) пребиотиктер

!

41 жастағы ер адам бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы жағдайдың дамуына себеп болатын топ препараттарын таңдаңыз:

А) Антибиотиктер

В) метилксантиндер

С) муколитиктер

D) β2-агонисттер

Е) иммуномодуляторлар

!

53 жастағы ер адам, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Диагностиканың тиімді әдісі :

а) вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

в) қанның биохимиялық анализі

с) бауыр биопсиясы

д) бауырды удз

е) радионуклидті сканирлеу

!

А. деген 48 жастағы науқас асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір аптадан бері оң қабырға астындағы ауыру сезімі мазалайды, сарғаю дамыған. Ішімдік ішеді. Об-ті: терісі мен склерасы сарғыш, телеангиэктазия. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ. Жалпы билирубин-68 ммоль/л, тік фракция есебінен. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. үдемелі ішімдіктік бауыр циррозы. Портальді гипертензия – асқазанның

веналары варикозды-кеңейген, қан кету.

В. біріншілік билиарлы бауыр циррозы;

С. латентті, ішімдіктік, майда түйінді цирроз, портальді гипертензия белгілері

жоқ бауыр функциясының сақталуымен;

D. екіншілік билиарлы цирроз;

Е. созылмалы белсенді гепатит;

!

52 жастағы ер адам ұзақ уақыт ішімдікті шектен тыс қабылдаған. Ішінің тұрақты ауру сезімінің, арықтаудың, кернеулі асциттің дамуымен байланысты ауруханаға жатқызылды. Науқастағы асцит дамуына ең сирек алып келетін себеп:

А. көкбауыр венасының тромбозы;

В. ұйқы безінің псевдокистозы;

С. жедел алкогольді гепатит:

D. бауырдың алкогольді циррозы портальді гипертензимен бірге;

Е. цирроз – рак.

!

49 жастағы нақас жұтынудың қиындауына, әсіресе, ұою тағамдарды ішкнде лоқсудың болуына және физикалық күшпен байланысы жоқ. Төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Жұтынуды жеңілдету үшін тамақтану кезінде жылы сумен итереді немесе шалқаяды. Осы симптомдар 20 жыл бойы мазалайды. Жалпы жағдайы өзгермеген салмағы 70 кг, бойы 164 см. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

а. кардий ахалазиясы;

в. өңеш дискинезиясы;

с. гэра;

d. локальді эзофагоспазм;

е. өңештің пептидтік жарасы.

!

36 жастағы науқас хеликобактерлік инфекциямен ассоцирленген 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Стационарда 14 күн эрадикациялық терапия қабылдаған.(омепразол, кларитромицин, метронидозол, денол) Берілген жағдайда сүйемелдеуші терапия уақыты қанша:

А. 4 апта;

В. 3 апта;

С. 2 апта;

D. 5 апта;

Е. 8 апта.

!

52 жастағы ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі , метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:

А. копрограмма;

В. ЭФГДС;

С. ЭРГХГ;

D. глюкозаға толеранттылық сынамасы;

Е. сутектік тест.

!

40 жасар науқас ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауырады. Емдәмді бұзғаннан кейін қатты белдемелі ауру сезімі, іш кебуі, құсу пайда болады. Жедел холецистит диагнозымен хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 2 күн бақылағаннан кейін қойылған диагноз алынып, созылмалы панкреатиттің өршуімен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Осы жағдайда ауру сезімін басу үшін қолданылмайды:

а. платифиллин.

в. новокаин;

с. пантопон;

d. морфин;

е. баралгин;

!

38 жасар науқас созылмалыдуоденитпен және опистархозбен ауырады. Арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы кезеңдік ауру сезімі, үлкен дәретінің бұзылуына, әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Ауру сезімінің пайда болуын емдәмнің сақталмауымен байланыстырады. Жалпы қан және биохимиялық анализ дер өзгерісіз. Науқастың копрограммасында болатын өзгерістерді анықтаңыз:

а. стеаторея;

в. креаторея;

с. амилорея;

d. лиентерея;

е. иодофильді флора.

!

Созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын науқастың лабораторлы зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: билирубин 35 ммоль/л, Тимол сынамасы 8 бірлік, Алт 1,2 ммоль/л, АСТ 0,9 ммоль/л, серологиялық тексерулерде Hbs Ag және HBC Ab IgG оң, НВV – ДНК, HBeAg және HBC Ab IgМ теріс. Науқасқа жүргізілмейтін емді көрсетіңіз:

а. интерферон;

в. гепатопротекторлар;

с. дюфалак;

d. «в» тобының витаминдері;

е. дезинтокциялық ем.

!

51 жастағы әйел 2жыл бойы төс артындағы күйдіру және қышқыл сұйық кекіру сияқты ауру сезімі бар.Кейде түнде жөтелден оянады.Физикалді зерттегенде шамалы семіру табылған.Рентгенологиялық зерттеуде асқазан трактісінің жоғарғы бөлігінде саңылау және өңештің диафрагмалы тесігінде көлемі үлкен емес жарық табылған. Асқазан және 12 елі ішек қалыпты.Бұл жағдайда не қолдану көрсетілген:

а. жиі антацидтер енгізу;

в. гистаминнің н2 блокаторы;

с. холинолитик;

d. протонды помпа блокаторлары;

е. метаклопромид.

!

53 жаста, ұзақ уақыт бойы алкогольді шектен тыс қолднатын, созылмалы панкретитпен ауыратын. Тері мен склераның сарғаюына, зәрінің қараюына және нәжісінің түссіздеуіне шағымданып поликлиникаға қаралды. Теріде қасыну іздері, ксантомалар, ксантелазмы. Бауырдың Курлов бойынша өлшемдері 12*10*9 , көкбауыр 8*6 см, қанның жалпы билирубині 65 ммоль/л, тура билирубин 43 Ммоль/л, Алт 0,76ммоль/л, Аст 0,45 ммоль/л, қан диастазасы 59 бірлік. Сарғаюдың ең мүмкін болатын себебі:

а. ұйқы безінің перидуктальді фиброзының нәтижесінен болған холестаз;

в. созылмалы гепатит;

с. өт-тас ауруы;

d. тамырішілік гемолиз;

е. клеткаішілік гемолиз.

!

48 жастағы әйел адам тері мен склерасының сарғыш түске интенсивті боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен көкбауыр ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен Аст –ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарлауы. Ең мүмкін болатын диагноз:

а. біріншілікті билиарлы цирроз;

в. вирусты гепатит;

с. аутоиммунды гепатит;

d. бауырдың майлы дистрофиясы;

е. гемохроматоз.

!

Науқас 52 жаста, ұзақ уақыт бойы алкогольді шектен тыс қолднатын, диспансеризацияланғанда бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұрғаны, тығыз эластикалық консистенциялы, пальпациялағанда ауыратындығы анықталды. Көкбауыр пальпацияланбайды, ұзындығы 10см. Тамырлық жұлдызшалар, пальнарлы эритема жоқ. Нв 134 г/л, лейкоциттер 605 мың 1 мкл-де, ЭТЖ 25 мм/сағ, қанның жалпы билирубині 16 ммоль/л, Алт - 1,25 ммоль/л, мүмкін болатын диагноз:

А. бауырдың майлы дистрофиясы;

В. Дабин – Джонс синдромы;

С. гемолитикалық анемия;

D. Жильбер синдромы;

Е. бауыр циррозы.

!

20 жастағы ер адамда кенеттен қан және шырыш аралас диарея, ішінде ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болып, дене қызуы 37 градусқа жоғарлаған. Үлкен дәрет жиілігі 4-5 рет тәулігіне . Тексергенде: тері жабының бозаруы, іші жұмсақ, тооқ ішек бойымен ауру сезімі, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Нв 105 г/л, лейкациттер 1 мкл-де 906 мың, жалпы белок 65 г/л, альбуминдер 35 пайыз. Осы жағдайда колоноскопияда мыынадан басқасының бәрі анықталуы мүмкін:

а. шырышты қабықшаның терең тар жаралары;

в. контакты қан ағу;

с. беткейлік сипаттағы жаралану;

d. дәнді шырышты қабықша;

е. нейтрофильді инфильтрация.

!

47 жастағы науқас мезогастральді және кіндік маңы ндағы қстама тәрізді ауру сезіміне, дефикациядан кейін азаятын, метеоризмге, іш қатуға шағымданады. Обьективті : жалпы жағдайы қанағттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Анализдерде өзгерістер анықталмады. Науқас сқрауы бойынша колоноскопия өткізіліп, өзгерістер анықталмады. Мүмкін болатын диагноз:

а. тітіркенген ішек синдромы;

в. тоқ ішек дивертикулі;

с. бейспецификалық жаралы колит;

d. шырышты қабықшаның терең тар жаралары;

е. нейтрофильді инфильтрация.

!

32 жастағы науқас ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауру сезіміне, сұйық дәретке, күнәне 6-8 рет, соңғы 2 жылда 8 кг-ға арықтағанына, ірі буындарға ауры сезіміне, ұзақ уақыттың субфибрилитетіне шағымданды. Тексергенде: екі сирақтағы түйінді эритема, оң жақ мвқвн аймағындағы ауру сезімі, іш перденің тітіркену симптомы жоқ. Нв 84 г/л, түсті көрсеткіш 0,8, лейкациттер 1 мкл-де 12,6 мың, ЭТЖ 56 мм/сағ, жалпы белок 49 г/л, альбуминдер 39 пайыз, холестерин 2 мкмоль/л, сарысу темірі 7 мкмоль/л. Колоноскопия кезінде соқыр ішек шырышты қабықшасында қуыс тәрізді терең жаралар анықталды. Мүмкін болатын диагноз:

а. Крон ауруы;

в. аш ішек лимфомасы;

с. бейспецифмкалық жаралы колит;

d. созылмалы аппендицит;

е. целиакия.

!

22 жастағы науқас тәулігіне 6 ретке дейінгі қан аралас іш өтуіне, әлсіздікке, арықтағанға шағымданды. Колоноскопия кезінде аш ішектің кілегей қаығының беткейлік зақымданулары, контактілі қан ағу, лейкоцитарлы инфильтрация анықталды. Ең тиімді терапия:

а. преднизолон+сульфасалазин;

в. координакс+ сульфасалазин;

с. преднизолон+азатиоприн;

d. дебридат+эспумизан;

е. сульфасалазин+бускопан.

!

31 жастағы науқас іштің оң жағындағы сыздайтын ауру сезіміне, күніне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, нәжісінде шырыш, ірің және қан болуына шағымданады. 3 айда 8 кг-ға арықтағанына, қызбаға, артралгияға шағымданады. Қараған кезде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қарап жедел аппендицит диагнозын жоққа шығарған. Мүмкін болатын диагноз:

а. Крон ауруы;

в. созылмалы панкреатит;

с. созылмалы сальмонеллез;

d. тітіркенген ішек синдромы;

е. созылмалы холецистит.

!

38 жастағы науқас, тамақтан кейін төс артында пайда болатын, горизонтальды жағдайда күшейетін күйдіріп ауыру сезімі, жеген тамақ және қышқыл - ащы құсу, өңештің ортаңғы үштен бір бөлігіндегі «бөтен зат» тұрғандай сезімге шағымданады. Об-ті: патология жоқ. Асқазан сөлінің – гиперсекреция. Рентгенологилық зерттеуде: өңештен барийдің өтуі бұзылмаған, кардидің артқы кеуде аралық қуысқа шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке лақтырылатаны анықталды. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

А. диафрагманың өңештік жарығы;

В. кардияның ахалазиясы;

С. өңеш дивертикуласы;

D. өңештің пептикалық ойық жарасы;

Е. өңештің қатерлі ісігі.

!

А. деген 48 жастағы науқас тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауыру сезімі, қыжыл, қышқылмен араласқан желінген тамақ, ащы кекірік, өңештің ортңғы үштен бір бөлігінде “бөгде дененің” сезілуіне шағымданады. Об-ті: патологиясыз. Асқазан сөлінің анализі-гиперсекрециялы. Рентгенологиялық: өңештің өтімділігі жақсы, кардиальды бөлігінің артқы кеуде аралыққа шығуы және асқазандағы контрасты заттың өңешке өтуі байқалады. Зерттеу қосымша әдісін тағайындаңыз:

А. ЭФГДС;

В. гастрография;

С. ирригоскопия;

D. колоноскопия;

Е. кеуде аралықтың томографиясы.

!

52 жастағы науқас, тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауыру, жүрек айнуға шағымданып түсті. Об-ті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері-патологиясыз. ЭФГДС – денесінің төменгі үштен бірінде және асқазанның антральді бөлігінде үлкен қисықта – көптеген дөңгелек формада мөлшері 0,5- 1,0 см полиптер. Диагнозды анықтауға қажетті зерттеу әдісін таңдаңыз:

А. биопсия материалын цитологиялық зерттеу;

В. асқазан сөлін фракциялы зерттеу;

С. тәуліктік РН-метрия;

D. асқазан сөліндегі сүт қышқылының құрамын зерттеу;

Е. асқазан рентгеноскопиясы.

!

М. деген 32 жастағы науқас, алкоголь немесе ащы тағамнан 30 минуттан соң пайда болатын асқазан асты аймағындағы басып тұратындай ауыру сезімі және сода қабылдағаннан кейін басылатын азапты күйдіру сезіміне шағымданады. Аурғанына 3 жыл болған, емделмеген. Об-ті: тілі ақ тұтықпен жабылған, терең сипағанда эпигастрийде жайылмалы ауыру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, ісінген, антральды бөлігінде – бірлі-жарым қан құйылулар. Диагнозды анықтау үшін тағайындау керек:

А. Helicobakter pilori -ге тексеру;

В. гастросынама әдісімен асқазан секрециясын тексеру;

С. копрология;

D. 24- сағаттық рН-метрия ;

Е. нәжісті жасырын қанға тексеру.

!

К. деген 42 - жастағы науқас, тағам қабылдағаннан соң 40-60 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып тұратындай ауыру және ауыртпалық сезімі, қышқылды ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Ауырғанына 3-4 жыл болған. Бір жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде полип табылып, операция жасау ұсынылған. Об-ті: терең сипағанда эпигастрий аймағында ауыру сезінеді. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенологиялық зерттеуде: асқазанның үлкен иілімінде және синустарында – алып қатпарлардың ұлтабар қақпасына өтуі анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

А. алып гипертрофиялық гастрит (Менетрие ауруы);

В. созылмалы атрофиялық гастрит;

С. созылмалы эрозивті гастрит, өршуі;

D. асқазанның қатерлі ісігі;

Е. асқазанның майда гиперпластикалық көптеген полиптері.

!

Т. деген 66 - жастағы науқас ауруханаға эпигастрий аймағындағы тұрақты, тұйық ауыру және ауыртпалық сезімге, үдемелі әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданып түсті. 8 жыл бойы асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. Соңғы 3-4 ай эпигастридегі ауыру сезімінің сипаты өзгерген, тамақ қабылдаумен байланысты болатын ұстамалы түрінен тұйық сипатқа ауысқан. Об-ті: сипағанда эпигастрий аймағында аздаған ауыру байқалады. Рентгенологиялық тексеруде: асқазанның төменгі үштен бір бөлігінде кіші иілім бойымен ойық жаралы 1,5х0,8 см мөлшерінде «ниша» анықталды. Ойық жара ауруына қарсы терапиядан соң ойық жараның мөлшері екі есе ұлғайды, ауыру сезімі басылған жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. асқазанның ойық жара- қатерлі ісігі;

В. асқазанның ойық жара ауруы;

С. асқазан полипі;

D. асқазанның жабысқан ойық жарасы;

Е. Менетрие ауруы.

!

Р. деген 58 - жастағы науқас эпигастрий аймағындағы тұрақты, тұйық ауыру және ауыртпалық сезіміне, үдемелі әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданып түсті. 5 - жыл бойы асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. Соңғы жарты жыл ішінде ауыру сезімінің сипаты өзгерген, тамақ қабылдаумен байланысты болатын ұстамалы түрден тұйық сипатқа ауысқан, 8 кг-ға арыған. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Сипағанда эпигастрий аймағында шамалы ауыру байқалады. Рентгенологиялық: асқазанның төменгі үштен бір бөлігінде кіші иілім бойында мөлшері 1,8 х 1,5 см ойық жара «нишасы» анықталды. Ойық жара ауруына қарсы терапиядан соң ойық жараның мөлшері екі есе ұлғайған, ауыру сезімі азаймаған. Емдеу тәсілі:

А. оперативті ем;

В. наркотикалық емес анальгетиктер;

С. спазмолитиктер – холинолитиктер;

D. антибактериальды терапия;

Е. ерімейтін антацидтер.

!

П. деген 68 - жастағы науқас, майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы жүрек аймағына берілетін ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Об-ті: дене температурасы – 36,4ºС. Іші жұмсақ, сипағанда өт қапшығының тұсында ауыру сезіледі, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда – лейк. - 7,8 мың, ЭТЖ - 18 мм/сағ. Зәрді зерттеу: барлық үлестерінде шырыш пен лейкоциттер. Сіздің диагнозыңыз:

А. созылмалы холециститтің өршуі, кардиальды синдромды;

В. созылмалы дуодениттің өршуі;

С. жедел аппендицит;

D. күштемелік стенокардия ;

Е. миокард инфарктысы, гастралгиялық түрі.

!

С. деген 33 жастағы науқас, оң қабырға астындағы ұстамалы ауыру сезім, аузының ащы татуы, жалпы әлсіздік, аздап сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғанда пайда болатын ауыру сезімді ұстамалар мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырлық холангиографияда: жалпы өт қапшығы айтарлықтай кеңейген, ұлғайған, төмен орналасқан, түбінде – ірі тас байқалады. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?

А. өт - тас ауруы. Созылмалы калькулезді холецистит, өршу фазасы;

В. созылмалы тассыз холециститтің өршу;

С. өт қапшығының ісігі;

D. өт қабының гипомоторлы дискинезиясы;

Е. созылмалы дуодениттің өршуі.

!

32 жастағы науқас оң қолына берілетін оң қабырға астындағы ұстамалы ауыру сезімі, өт араласқан құсыққа шағымданып ауруханаға түсті. Өттің барлық үш үлесінде де – шырыш, лейкоциттер, VI – лямблиялар анықталды. Клиникалық диагнозды құрастырыңыз:

А лямблиозды этиологиялы созылмалы холециститтің өршуі;

В. өт шығару жолдарының гипертониялық типті дискинезиясы;

С. калькулезді холецистит;

D. созылмалы дуодениттің өршуі;

Е. созылмалы холангит, өршу сатысы.

!

69 жастғы науқас, майлы, қуырылған тағамдардан соң пайда болатын оң қабырға астындағы тұрақсыз ауыру сезімі, лоқсу, құсу, бас ауыруына шағымданып түсті. Ауыру сезімі оң жауырынға беріледі. 3 - жылдан бері ауырады. Об-ті: тілі ақ тұтықпен жабылған, ішті сипағанда өт қапшығы тұсында ауыру сезімі байқалады. Ортнер, Френикус, Мюсси – симптомдары оң мәнді. Дене температурасы - 37 С. Жалпы қан анализінде - нейтрофильді лейкоцитоз. Болжама диагноз қойыңыз:

А. созылмалы холециститтің өршуі;

В. созылмалы гепатиттің өршуі;

С. оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы;

D. жедел аппендицит;

Е. созылмалы дуодениттің өршуі.

!

С. деген 48 жастағы науқас оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына-18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті барлық үш порцияда зерттеуде-кілегей, лейкоциттер, IV порцияда-лямблиялар. Ем тағайындаңыз:

А. фуразолидон;

В. лиебил;

С. атропин тері астына;

D. аллохол;

Е. эритромицин.

!

Е. деген 38 жастағы науқас, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Об-ті: телеангиэктазиялар, бауыр қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ-22 мм/сағ, тимол сынамасы - 9 бірл., АЛТ-3,2 мкмоль/л, АСТ-3,8 мкмоль/л. Гистология: балкалық құрылым бұзылған, көптеген гепатоциттерде ірі үлкен ядролар, ядрошықтар мен вакуольдар көрінеді. Портальды жолдар кеңейген. Сіздің диагнозыңыз:

А. белсенділігі орташа созылмалы вирусты В гепатит

В. Жильбер ауруы

С. созылмады персистирлеуші гепатит

D. некроздан кейінгі белсенді бауыр циррозы

Е. өт шығару жолдарынң дискинезиясы

!

А. деген 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Об-ті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ. жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз.

А. бауырдың үдемелі алкогольдік циррозы. Портальды гипертензия: өңештің

варикозды кеңейген веналары, қан кету, спленомегалия

В. бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

С. жасырын алкогольдік, портальды гипертензиясы жоқ, бауыр функциясы

сақталған, көп түйінді цирроз

D. екіншілік бауырдың билиарлы циррозы

Е. белсенділігі минимальды созылмалы гепатит

!

Н. деген 51 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Об-ті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен -74 мкмоль/л. Зерттеудің жоғары ақпаратты әдісі болып табылады:

А. бауырдың пункционды биопсиясы;

В. трансаминазалардың белсенділігі;

С. иммунологиялық статустың өзгерісі;

D. тұнбалы сынамалардың өзгерісі;

Е. белок, белоктық фракциялар.

!

48 жастағы науқас асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. 2 аптадан бері оң қабырға астындағы ауыру сезімі мазалайды, сарғаю дамыған. Ішімдік ішеді. Об-ті: терісі мен склерасы сарғыш, телеангиэктазия. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 5 см ұлғайған, тығыз. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-45 мм/сағ. Жалпы билирубин-67 ммоль/л, тік фракция есебінен. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. үдемелі ішімдіктік бауыр циррозы. Портальді гипертензия – асқазанның веналары варикозды-кеңейген, қан кету.

В. біріншілік билиарлы бауыр циррозы;

С. латентті, ішімдіктік, майда түйінді цирроз, портальді гипертензия белгілері жоқ бауыр функциясының сақталуымен;

D. екіншілік билиарлы цирроз;

Е. созылмалы белсенді гепатит;

!

53 жастағы науқас, ішінің оң жақ бөлігінің тұрақты, сыздап ауыруы сезіміне, тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, соңғы жылы 7кг арықтаған. Екі рет дәрігерлер жедел аппендицитке күмәнданып ауруханаға салған. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іші оң мықын аймағында ауыру сезімді. ЭТЖ-49 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:

А. Крон ауруы

В. белок жетіспеушілікті созылмалы энтерит, үздіксіз рецидивті ағым

С. созылмалы спецификалық ойық жаралы колит, үздіксіз рецидивті ағым

D. созылмалы дизентериядан кейінгі колит

Е. жедел аппендицит

! 45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Қажетті зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) эзофагогастродуоденоскопия

B) ирригоскопия

C) эзофагоманометрия

D) көкірекаралық томографиясы

E) колоноскопия

! 54 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды. Тиімді емдеу тактикасын анықтаңыз:

A) оперативті ем

B) сәулелік терапия

C химиотерапия)

D) консервативті ем

E) санаторлы курорттық ем

! 32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) Helicobacter pylori зерттеу

B) эндоскопиялық рН-метрия

C) электрогастрографиялық әдіс

D) 24-сағаттық рН-метрия

E) гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу

!Ұзақ жылдан бері асқазан ойық жарасымен ауыратын 59 жастағы ер адам асқазан, эпигастрии аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Жараға қарсы терапия нәтижесіз. Тиімді емдеу тәсілін таңдаңыз:

A) оперативті ем

B) ерімейтін антацидтер тағайындау

C) антибактериальды терапияны жүргізу

D) наркотикалық емес анальгетиктер енгізу

E) спазмолитиктер мен холинолитиктерді қолдану

! 37 жастағы әйел, көбінесе түнгі уақытта және ашқарында пайда болатын, тамақ қабылдағанда азаятын, эпигастрий аймағындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданады. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну байқалады. Тиімді препараттарды тағайындаңыз:

A) кларитромицин, флемоксин Солютаб, париет

B) метронидазол, де-нол, алмагель

C) тетрациклин, омепразол, квамател

D) омепразол, де-нол, маалокс

E) нифуратель, флемоксил Солютаб, гастроцепин

! 49 жастағы ер адам, тамақ қабылдағаннан 40-60 мин кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру, ауырлық сезімі, қышқылды ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Ауырғанына 3-4 жыл болған. Бір жыл бұрын асқазан полипіне байланысты операция ұсынылған. Обьективті: пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мене синусы аймағындағы гигантты қатпарлардың пиязшыққа (привратникке) иілетіні анықталған. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) көзделген биопсиямен ЭФГДС

B) ирригоскопияны

C) ректороманоскопияны

D) биопсия мен колоноскопияны

E) гастрографияны

! 49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда- лямблиялар. Тиімд емдеу препаратын тағайындаңыз:

A) метронидазолды

B) гентамицинді

C) левомицетинді

D) эритромицинді

E) цефазолинді

! Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қажетті зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) құрсақ қуысының УДЗ

B) холецистография

C) эзофагогастродуоденоскопия

D) ирригоскопия

E) көзделген бипсиямен лапароскопия

! 38 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы күшті ұстамалы ауырсыну, терісінің сарғаюы, дене қызуының 390С жоғарылауы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, сипағанда ауырсынады. Зертханалық анализде: лейкоциттер – 15 мың, ЭТЖ - 28 мм/сағ., УДЗ - холедохтың 9 мм кеңеюі. Тиімді емдеу шарасын ұсыныңыз.

A) оперативті ем жүргізу

B) гепатопротекторларды тағайындау

C) ерімейтін антацидтер қосу

D) наркотиктік емес анальгетиктер қосу

E) спазмолитиктер-холинолитиктерді қолдану

! 25 жастағы ер адам 40оС дейін дене қызуымен құрсақ қуысындағы жайылмалы ауырсынумен ауыр жағдайда түсті. УДЗ - өт қабының өзегінде көлемі 3,5 мм тас. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, сілтілі фосфатаза 3 есе жоғары, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Тиімді емдеу шарасын тағайындаңыз:

A) оперативті ем

B) өт айдайтын препараттар

C) антибактериалды терапия

D) наркотикалық емес анальгетиктер

E) спазмолитиктер-холинолитиктер

! 53 жастағы әйелде қысқа мерзімде дене салмағы 16 кг төмендеп, терісі сарғайып, оған терінің қышуы қосылып, эпигастрий аймағында тұйық ауыру сезім пайда болған. Холедохты тексергенде түзілім анықталған. Тиімді емдеу шарасын тағайындаңыз:

A) оперативті ем

B) сәулелік терапия

C) химиотерапия

D) спазмолитиктер мен холинолитиктерді тағайындау

E) холедохтың дистальді бөлігінің эндоскопиялық кеңеюі

! 45 жастағы әйел тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауыру, жүрек айнуына шағымданып түсті. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері қалыпты. ЭФГДС – асқазанның төменгі үштен бірінде және антральді бөлігінде үлкен иінінде – көптеген дөңгелек тәрізді мөлшері 0,5-1,0 см полиптер.

Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) биопсия материалын цитологиялық зерттеу

B) асқазанның рентгенскопиясы

C) асқазан сөлін фракциялық зерттеу

D) тәуліктік РН-метрия

E) асқазан сөліндегі сүт қышықылын зерттеу

! 48 жастағы ер адам, тамақтан 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауыру сезімі мен ауамен кекіруге шағымданады. ЭФГДС-те асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты қызарған, «жарма дәні» тәрізді ісінген.Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) Helicobaсter Pylori - ді цитологиялық зерттеу

B) асқазанның рентгеноскопиясы

C) асқазан ішілік рН-метрия

D) электрогастрографиялық әдіс

E) хромоэндоскопия

! 29 жастағы ер адамда, жүйкелік-психикалық жүктемеден кейін ашқарында және түнгі уақытта эпигастрийде ауыру сезімі пайда болады. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) ЭФГДС

B) асқазан сөлінің анлизі

C) құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

D) АЛТ, АСТ, билирубин, α-амилаза

E) асқазан сөлін рН-мониторлау

!32 жастағы ер адам, 3 ай бойы ашқарынға эпигастрийдегі ауыру сезімі, «түнгі» уақыттағы ауыру сезімі, тамақ ішкен соң эпигастрийде ауырлық және толу сезімі, лоқсуға шағымданады. Жүргізілген зерттеулерде (уреаздық тыныстық сынама, ЭФГДС) өзгерістер анықтамады. Емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) мотилиум, омепразол

B) мотилиум, маалокс

C) рабепразол, алмагель

D) де-нол, но-шпа

E) амоксициллин, клацид

! 38 жастағы әйел, бас сақинасы тәрізді бастың ауыруына, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек аймағының қағуына шағымданады. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет болатын аздаған көлемді сұйық нәжіс. Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) шырышты қабаттың биопсиясымен колоноскопия

B) ректоромоноскопия

C) құрсақ қуысы ағзаларының МРТ

D) ирригоскопия

E) тік ішекті саусақпен зерттеу

!Анамнезінде гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруымен ауыратын 62 жастағы ер адам емделу барысында протонды помпа ингибиторларын ұзақ уақыт қабылдаған. Соңғы 2 аптада тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көпіршікті нәжіс пайда болып, ішінде шұрылдау және құйылу сезімі, дене салмағының төмендеуі байқалған. Емдік ашығу және левомицетин қабылдау нәтиже бермеген. Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) нәжісті бактериалдық зерттеу

B) колоноскопия

C) ирригоскопия

D) нәжісті жасырын қанға тексеру

E) копрограмма

! Өт-тас ауруымен 1 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан әйелде сол жақ қабырға астында ауыру сезімі, жүрек айнуы, іш қату пайда болған. Ұстама тәрізді ауыру сезімі емдәмді бұзғаннан кейін пайда болады. Тексергенде: іші жұмсақ, эпигастрийдің сол жағы ауыру сезімді. Қанда: аздап лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Копрограммада: амилорея, креаторея, стеаторея. Емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) спазмолитиктер, ферменттер

B) анальгетиктер, спазмолитиктер

C) протеаза ингибиторлары, ашығу

D) анальгетиктер, протеаза ингибиторлары

E) дезинтоксикациялық заттар, анальгетиктер

! 52 жастағы ер адам, науқасты эпигастрий аймағындағы белдемелі сипатты ішімдік пайдаланғаннан кейін пайда болатын айқын ауыру сезімі мазалайды. Грюнвальд, Кача, Мейо- Робсон симптомдары оң. Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) іш қуысы ағзаларының УДЗ

B) холецистография

C) жалпы шолу рентгенографиясы

D) көк тамыр ішілік холангиография

E) ЭРХПГ

! 42 жастағы ер адам, созылмалы панкреатитпен көптен бері сырқаттанады. Соңғы 2 айда аузы құрғап, шөлдеу (күніне 3-4 литр су ішеді) пайда болып, айқын арықтаған. Емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) мезим-форте, диабетон

B) но-шпа, креон

C) креон, инсулин

D) фамотидин, креон

E) ренни, креон

!51 жастағы әйелді соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты гепатит В, алкогольмен көп әуестенеді. Қарағанда: жүдеу. Терісі мен көздің склерасы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 34 мм/сағ. билирубинің тікелей фракциясы - 74 мкмоль/л. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз:

A) бауырдың пункционды биопсиясы

B) трепанобиопсия

C) 12-елі ішекті зондылау

D) ЭРХПГ

E) құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ

!Алкогольді көп ішетін 53 жастағы ер адам, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, сарғаю, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Бір апта бұрын асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғыш, телеангиэктазия. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ. Жалпы билирубин - 68 мкмоль/л, тікелей фракция есебінен. Емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) гепатопротекторлар, жаңадан мұздатылған плазма, С, К витаминдері

B) гепатопротекторлар, эритромасса, өт айдағыш препараттар

C) темір препараттары, кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар

D) кортикостероидтар, гепатопротекторлар, өт айдағыш препараттар

E) кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар, ферменттер

!78 жастағы ер адам бел аймағына берілетін ішіндегі ауыру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Қарағанда: жүдеу, бозарған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі байқалады. Қанында: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Зерттеу әдісін тағайындаңыз:

A) нысаналы биопсиямен колоноскопия

B) дуоденография

C) асқазан рентгеноскопиясы

D) ЭФГДС

E) асқазан сөлін бөлшектеп (фракционды) зерттеу

!68 жастағы әйел майлы тағам қабылдағаннан 30-40 мин. кейін пайда болатын оң жақ эпигастрийдегі ауыру сезімі, лоқсуға шағымданады. Анамнезінде холецистэктомия. Қарағанда: көрінетін терісі мен шырышты қабаттар аздап сарғайған. Сипағанда оң жақ эпигастрий аймағында аздап ауырсынады. Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі және жалпы билирубин жоғарылаған. ЭФГДС: шырышты қабаттың қызаруы мен ісінуі, дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы анықталады. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз:

A) ретроградты эндоскопиялық панкреатохолангиография

B) колоноскопия

C) дуоденография

D) жалпы қарау рентгенографиясы

E) бауырды УДЗ

! 69 жастағы әйел эпигастрий аймағындағы түйық ауыру және ауырлық сезімдер, үдемелі әлсіздік, тәбетінің болмауы, соңғы 5 айда 14 кг-ға жүдеуге шағымданып түсті. 17 жылдан бері асқазанның ойық жарасымен ауырады. Соңғы 3 айда ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, тамақ ішумен байланысты ұстамалы ауыру сезімі тұйық ауыру сезіміне ауысқан. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары бозғылт. Рентгенологияда: асқазанның үлкен иінінің төменгі үштен бір бөлігінде «толу» ақауы мен қатпарлардың ригидтілігі. Тиісті емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) оперативті емді

B) ерімейтін антацидтерді

C) антибактериялды емді

D) спазмолитиктер мен холинолитиктерді

E) наркотикалық емес анальгетиктерді

!83 жастағы әйелді ішінің толғақ тәрізді түйіліп, ауыру сезімі, алқызыл қан және шырышты қоспамен араласқан, жиілігі тәулігіне 7-8 рет болатын сұйық нәжіс, әлсіздік, буындардың ауыру сезімі, қызуының 38,6оС дейін жоғарылауы мазалайды. Екі рет қанды-шырышты іш өтуге байланысты дизентерия диагнозына күдік туып ауруханада жатқан. Объективті: иегі тез қанайды. Ішін сипағанда тоқ ішек бойымен ауыру сезінеді. Қанда: лейкоциттер - 13 мың. Ирригоскопияда: тоқ ішек тарылған, қатпарлары (гаустр) жоғалған, контурлары бұлыңғыр және тегіс емес. Зерттеу әдістерін тағайындаңыз:

A) көздемелі биопсиялық колоноскопия

B) ЭФГДС

C) ректороманоскопия

D) асқазан рентгеноскопия

E) ЭРХПГ

! 79 жастағы әйелдің айналасындағылар терісінің сарғайғанын байқап, сол себептен дәрігерге қаралған. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарағанда: терісі мен көздің склерасы сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 5 см төмен, тығыздау. Көкбауыры 6 см ұлғайған. Қанда: билирубин - 74,6 мкмоль/л, АЛТ - 1,3 мкмоль/л, тимол сынамасы - 12 бірл., сілтілі фосфатаза - 9,6 мкмоль/л. Берілген жас тобындағы адамдарға дерт ағымының тән ерекшеліктерін көрсетіңіз :

A) жасырын клиникалық белгілер

B) жоғарғы белсенділік

C) жиі асқынулар

D) интоксикация белгілерінің айқындылығы

E) айкын асқазан-ішектік диспепсия

!36 жастағы әйел оң қабырға астындағы ауыру сезімі, әлсіздік, ұйқышылдык, тәбетінің төмендеуі, терісінің қышуы, соңғы 4 айда әлсін-әлсін мұрнынан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезы. Қарағанда: терісі және склералары сарғайған, тарақ іздері бар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, ауыіру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: билирубин - 121,6 мкмоль/л, АЛТ - 2,9 мкмоль/л, тимол сынамасы - 11 бірл., сілтілі фосфатаза - 7,8 мкмоль/л. Емдеу шараларын тағайындаңыз:

A) гептрал, А, Е, К витаминдері, холестирамин

B) гепабене, фестал, А, Е, К, Д витаминдері

C) В тобының витаминдері, ферменттер, гепадиф

D) эссенциале, креон, преднизолон

E) антибиотиктер, преднизолон, холестирамин

!41 жастағы ер адам, оң жақ қабырға астындағы ауыртпаалық сезім, мұрнынан қан ағуға шағымданып қаралды. Қарағанда: көрінетін шырышты қабат аздап сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ - 19 мм/с, жалпы билирубин - 59 мкмоль/л (тікелей билирубин - 22,4 мкмоль/л), тимол сынамасы-13 бірл., АЛТ-6,5 мкмоль/л, АСТ-5,7 мкмоль/л. HBV–ға ПЦР оң. Емдеу шараларының жоспарына қосу тиімді:

A) вирусқа қарсы препараттарды

B) глюкокортикоидтарды

C) өт айдағыш препараттарды

D) цитостатиктерді

E) антибактериалды препараттарды

! 42 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім, ішінің кебуі, ұйқысыздық, жалпы әлсіздік, есінің төмендеуіне шағымданады. Бұрын наркотикалық заттарды тамырішіне қабылдаған. Жағдайы соңғы 2 айда нашарлаған. Қарағанда: жүдеу, телеангиоэктазиялар. Тері және склералары сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 5см төмен, тығыз, сезімтал. Аздаған спленомегалия. НСV-ға ПЦР оң. Емдік шараларын тағайындаңыз:

A) вирусқа қарсы препараттар, гепатопротекторлар, ферменттер

B) витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер

C)гепатопротекторлар, ілмекті диуретиктер, прокинетиктер

D) вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер

E) эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер

Наши рекомендации