Курс «Жалпы медицина» мамандығына арналған тест сұрақтары 1 страница

Аралық бақылау 2

Нұсқа

1. Барлық етеккір циклының барысында қарашық симптомының теріс болуы нені көрсетеді:

A. гиперандрогенемияның болуы

+B. циклдің II фазасының қысқаруы

C. ановуляторлы циклдың болуы

D. циклдің I фазасының қысқаруы

E. қалыпты етеккір циклына тән

2. Екі фазалы етеккір циклында I және II фазадағы базальды температура айырмашылығы:

A. 0,2-0,3°С

+B. 0,4-0,6°С

C. 0,7-0,8°С

D. 0,9-1,5°С

E. <0,2°С

3. Кариопикнотикалық индекс бұл проценттік қатынасы:

+A. жұғындағы қынаптың эпителийінің беткей мүйізделген клеткаларының жалпы беткей клеткаларға қатынасы

B. жұғындағы қынаптың эпителийінің базальды клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

C. беткей клеткалардың эозинофильді беткей клеткаларына қатынасы

D. жұғындағы қынаптың эпителийінің парабазальды клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

E. аралық клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

4. Екі фазалық етеккір циклының негізгі критерийі болып табылады:

A. етеккірдің дұрыс ырғағы

B. алғашқы етеккірдің келуі уақыты

C. жыныстық жетілу кезеңінде етеккір қызметінің ерекшелігі

+D. овуляция

E. «қарашық» белгінің болуы

5. Қай заттың гипертермиялық әсеріне базальды температура тесті негізделген:

A. эстрадиолдың

B. простагландиндердің

+C. прогестеронның

D. ЛГ

E. ФСГ

6. Ұрықтану болады:

A. іш қуысында

B. цервикальды өзекте

+C. жатыр түтігінің ампулярлық бөлігінде

D. жатыр түтігінің интерстициальдық бөлігінде

E. жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде

7. Жатырға және жатыр түтігіне енгеннен соң сперматозоидтар қанша уақытқа дейін ұрықтануға қабілетін сақтайды:

A. 6-12 сағат

+B. 72 сағатқа дейін

C. 3-5 тәулік

D. 10 тәулік

E. 6 сағатқа дейін

8. Барлық қолданылып жүрген жүктілікті анықтайтын тесттердің қайсысы ең нәтижелі:

A. Ашгейм-Цондек реациясы

B. гемагглютинацияны тежеу реациясы

C. Галли-Майнини реациясы

D. прегностигон тест

+E. β-ХГ анықтау

9. Жатырдан тыс жүктіліктің келесі клиникалық түрлерін ажыратады, біреуінен басқасы:

A. түтікті

B. іш қуыстық

C. аналық безді

+D. дамымай жатқан

E. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

10. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт түрінде үзілуі келесі орналасуға тән:

+A. жатыр түтігінің ампулярлы бөлігі

B. жатыр түтігінің истимикалық бөлігі

C. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

D. жатыр түтігінің интерстициальды бөлігі

E. дұрыс жауабы жоқ

11. Жыныс мүшелерінің туберкулезінде біріншілік ошақ жиі орналасады:

+A. өкпе

B. сүйек

C. зәр шығару жүйесі

D. лимфа түйіні

E. іш перде

12. Бактериальды вагиноздың клиникалық симптомын атаңыз:

A. сыртқы жыныс мүшелерінде және аралықта қышыну

B. диспареуния

+C. жағымсыз иісті көп мөлшерде бөліністер

D. дизурия

E. жамбастық ауырсыну

13. Өрлемелі соз (гонорея) кезінде зақымдалады:

A. жатыр мойнының өзегі

+B. жатыр түтігі

C. парауретральды бездер

D. уретра

E. қынап

14. Гонореядан емделу критерийін анықтаңыз:

A. шағымының болмауы

B. арнамалы терапия емі біткеннен соң жұғындағы гонококктардың болмауы

C. жатыр қосалқыларында анатомиялық өзгерістердің болмауы

+D. провокациядан кейін және ем аяқталғаннан соң 3 етеккір циклы бойы, етеккір күндері алынған жұғындыда гонококктың болмауы

E. дұрыс жауабы жоқ

15. Репродуктивті жастағы науқастарды жедел өрлемелі соз (гонорея) кезінде жүргізу тактикасы:

A. изоникотин қышқылы гидразинінің туындыларымен бірге рифампицин тобының антибиотиктері

+B. дезинтоксикациялық терапиямен бірге жартылай синтетикалық пенициллиндер немесе цефалоспориндер

C. физиотерапия, санаторлы-курортты ем

D. иммуноқуаттандырушы терапиямен бірге тетрациклин, азалид тобының антибиотикетері

E. иммунодепрессанттармен бірге бейарнамалы қабынуға қарсы препараттар

16. Жедел сальпингиттің негізгі клиникалық симптомдарына жатады, біреуінен басқасы:

A. гипогастрий аймақта ауырсыну

B. дене қызуының жоғарлауы

C. қанның жедел фазалы көрсеткіштерінің белсенуі

+D. анемия

E. интоксикация симтомдары

17. Жыныс мүшелерінің бейарнамалы қабыну ауруларының қоздырғышы:

+A. стафилококк

B. хламидий

C. гонококк

D. гарднерелла

E. туберкулез микобактериясы

18. Жатыр қосалқыларының түзілген іріңді қабыну түзілістерінде жасалады:

A. түзілісті артқы күмбез арқылы пункциялау, іріңді қуысты босату және оған антибиотиктерді енгізу

+B. хирургиялық ем

C. пирогеналмен ем

D. гоновакцинамен ем

E. мырышпен электрофорез

19. Біріншілік мерездің клиникалық белгілері:

A. теріде және кілегей қабатта бөртпелердің пайда болуы

+B. тығыз шанкрдың пайда болуы

C. кондиломалардың пайда болуы

D. теріде және кілегей қабатта папулалардың пайда болуы

E. біреуі де емес

20. Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынамалар келесі мақсатта жасалады:

А. Жатыр аномалиясының диагностикасы

В. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуын диагностикасы

+С. Репродуктивті жүйенің зақымдалу деңгейін анықтау

D. Түрік ершігі құрылысын анықтау

Е. Жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау

21. Жүктілік немесе босану кезінде көлемді қан кетудің орны толтырылмаған жағдайда дамитын патологиялық синдром қалай аталады:

+А. Шихан

В. Симмондс

С. Бабинский- Фрелих

D. Киари-Фроммель

Е. Кастрациядан кейінгі синдром

22. Науқас К.,25 жаста гинекологқа етеккірінің болмауына, әлсіздіке шағымданып келді. 1 жыл бұрын босанған, көп мөлшерде қан кеткен, гемотрансфузия жасалған. Босанған соң гипогалактия, кейінен лактация толығымен тоқтады. Объективті: әйел арықтаған, сүт бездері гипотрофияланған, түктенуі айқын емес. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигментирленген. РV: жатыр мойны кішкентай, жатыр денесі гипотрофияланған, қосалқылары анықталмайды. Аталған аурулардың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:

А. Шерешевский-Тернер синдромы

В. Бабинский- Фрелих

+С. Шихан синдромы

D. Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)

Е. Лоренс-Муна-Бидля синдромы

23. Аменорея, гирсутизм, бедеулік, семіздік, аналық бездің екі жақты ұлғаюы симптомокомплексі көрсетілген диагноздың қайсысына тән:

А. Адреногениталды синдром

В. Иценко-Кушинг синдромы

С. Киари-Фроммель синдромы

+D. Штейн-Левенталь синдромы

Е. Лоренс-Муна-Бидля синдромы

24. Көп мөлшерлі етеккір аталады:

А. Полименорея

+B. Гиперменорея

C. Пройоменорея

D. Спаниоменорея

E. Опсоменорея

25. Етеккір алды синдромының клиникалық симптомдары қашан пайда болады?

А. етеккір басталғанша 2 күн бұрын және етеккір біткеннен 2 күннен кейін аралығында

B. тек етеккір кезінде

C. етеккірдің алғашқы күндерінде

D. етеккір басталғанша 2 күн бұрын, содан соң етеккір кезінде күшееді

E. Овуляция кезінен басталып, етеккірге дейінгі аралықта созылып, содан соң жойылады.

26. Климактериялық синдромның атипиялық түрлерінің негізгі белгілері:

+А. миокардиодистрофия

B. тершендік

C. семіру

D. ыстық леп құйылуы

E. Эпигастралды аймақта ауырсыну, жүректің айнуы, құсу

27. Дексаметазонмен функционалды сынаманы не үшін өткізеді?

A. гиперэстрогенияны анықтау

+B. гиперандрогенемияның аналық безді түрлерін растау

C. гиперандрогенемияның аналық безді генезінің жоққа шығару

D. гонадалар дисгенезиясының типтік түрін анықтау

E. етеккір циклының лютеинді фазасының жетіспеушілігін анықтау

28. Менопауза кезінде бас, мойын, денесіне ыстық лептің құюылуы немен байланысты.

A. прогестерон деңгейінің күрт төмендеуімен

B. ЛГ шығаруымен

C. эстрогендер деңгейінің күрт төмендеуімен

+D. ФСГ шығаруымен

E. пролактин деңгейінің күрт төмендеуімен

29. Климактериялық кезеңде остеопороздың дамуына қауіп факторларына жатады:

+A. шылым шегу, кальций, фосфор, витаминдердің жетіспеушілігі

B. контрацепция мақсатында ЖІС қолдану

C. контрацепция мақсатында депо-провераны қолдану

D. гормоналды контрацепцияны ұзақ уақыт қолдану

E. антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдану

30. Ер адамдар бедеулігінің жиі кездесетін себептері қатарына кіреді:

А. шаухат өтетін өзектердің тыртықтық өзгерістері

В. уретраның даму ақаулары

+С. бастан кешкен қабыну аурулары (орхит, эпидимит)

D. жыныстық әлсіздік

Е. иондайтын радиация әсері.

31. 23 жасар науқасқа біріншілік бедеулігіне байланысты гистеросальпингография жасалды. Рентгенограммада: жатыр қуысы Т-пішінді, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөліктерінде түйреуіш тәрізді кеңейген; іш қуысына контрастты заттың шығуы анықталмайды. Бұл өзгерістер қандай ауруға тән?

A. хламидиялық созылмалы сальпингит

B. аденомиоз және жатыр түтіктерінің эндометриозы

C. созылмалы гонореялық сальпингит

D. жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі

+Е. жыныс мүшелерінің туберкулезі

32. Эндокринді бедеуліктің себебіне жатпайды:

A. гипофиздің пролактин өндіретін ісігі

+B. дисгерминомалар

C. адреногениталды синдром

D. аналық без текомасы

E. гипоталамо-гипофизарлы дисфункция

33. Қай заттың гипертермиялық әсеріне базальды температура тесті негізделген:

+A. прогестерон

B. эстрадиол

C. простагландин

D. ЛГ

E. ФСГ

34. 25 жасар науқас гинекологиялық бөлімшесіне біріншілік бедеулік, арнайы этиологиялы созылмалы екі жақты сальпингоофарит ремиссия сатысында диагнозымен жіберілді. Жатыр түтіктерінің өткізгіштігін тексеру мақсатымен гистеросальпингография жасалды. Қорытынды: жатыр түтікшелерінің өткізгіштігі анықталмайды. Сіздің тактикаңыз:

А. Қабынуға қарсы терапия жүргізу

B. гидротубация жүргізу

+C. лапароскопия, адгезиолизис

D. лапаротомия, тубэктомиямен жүргізу

E. лапаротомия, адгезиолизис

35. жатыр мойнының қатерлі ісігінің I сатысында келесі емдеу әдісі қолданылады?

+А. Хирургиялық.

В. комбинирленген

С. Сәулелік

D. біріктірілген сәулелік

E. химиотерапиялық.

36. Әйелде инвазивті жалпақ клеткалы, қынаптың төменгі үштен бір бөлігіне таралған жатыр мойнының қатерлі ісігі анықталды. Метастаздарды анықтау мақсатымен зерттеу кезінде, оң жақты гидронефроз анықталды. Бұл клиникалық көрініс қатерлі ісіктің қай сатысына тән

A. IA

B. IIБ

C. IIIA

+D. IIIБ

E. IVA

37. 35 жастан асқан әйелдерде жатыр мойнының полиптерін емдеу әдісі:

A. ДЭК қолдану

+B. полипті алып тастау, содан соң жатыр мойны мен қуысын қыру

C. жатыр қуысын фракционды қыру

D. жатыр мойнының электроэксцизиясы

E. полипэктомия.

38. Жатыр мойнының бетінен цитологиялық зерттеу мақсатында жұғынды алынады:

A. қабыну ауруларын анықтау мақсатында

B. овариалды етеккір циклының бұзылысын анықтау мақсатында

+C. қатерлі ісіктерді анықтау мақсатында

D. эстрогендермен қанығуын анықтау мақсатында

E. эндометриозды анықтау мақсатында

39. Жатыр мойнының қатерлі ісік алды ауруларына жатады:

A. жай лейкоплакия

B. шынайы эрозия

C. жатыр мойнында тыртықтық өзгерістері

+D. жатыр мойнының дисплазиясы

E. жатыр мойнының полипі

40. Эндометрийдің гиперпластикалық процестерін анықтаудың ең тиімді әдісі:

А. Метросальпингогрфия.

+В. гистероскопия.

С. гистерография.

D. жатыр қуысын диагностикалық қыру

Е. УДЗ

41. Етеккір қызметінің бұзылысымен жүретін жатыр миомасы кезінде, келесі ем көрсетілген:

А. эстрогендермен

+В. таза гестагендермен

С. эстроген-гестагенді препараттармен

D. андрогендермен

Е. бақылау

42. 47 жасар науқаста диагностикалық қыру кезінде аденоматоз анықталған. Сіздің тактикаңыз:

А. 6 ай бойы етеккір циклының 5-25 күн аралығында күніне 1 тб синтетикалық прогестиндер (бисекурин, нон-овлон) тағайындау

В. Жай жатыр экстирпациясы

С. ерлер жыныс гормондарымен – андрогендермен – гормоналды тежеу терапиясын жүргізу

D. 3 айда 1 рет депо-провераны қабылдау

+Е. 6-7 ай бойы 17-ОПК-ны 250 мг 2 рет аптасына қабылдау

43. Әйел 60 жаста, менопаузада 5 жыл, жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. Бұл көрініс қандай патологияға тән?

А. фолликулдың персистенциясы

+В. Жатырдың қатерлі ісігі

С. жатыр мойнының полипі

D. жатыр мойнының эрозиясы

Е. синильды кольпит

44. Гистеросальпингография кезінде «бокал» тәрізді миоматозды түйіндер қай жағдайда анықталады:

+A. субмокозды түйін

B. субсерозды түйін

C. интерстициалды түйін

D. жатыр мойнының түйіні

E. көп түйін болғанда

45. 40 жасар науқаста 2 жыл бұрын жатыр миомасы анықталды, көлемі 8 апта. Етеккірі көп мөлшерлі. Соңғы кездері анемиясы анықталды. Кезекті тексеруде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. PV: жатыр мойны ескі тыртықтармен деформацияланған. Жатыр 16 апталық жүктілікке сәйкес миоматозды түзіліске айналған. Диагнозыңыз? Жүргізу жоспарыңыз?

А. симптомды жатыр миомасы. 17 ОПК тағайындау керек

B. тез өсетін жатыр миомасы. Гистологиялық зерттеумен оперативті ем

+C. үлкен көлемді симптомды тез өсетін жатыр миомасы. Гистологиялық зерттеумен оперативті ем

D. жатыр миомасы. Диферелин тағайындау керек.

E. жатыр миомасы. Келесі кезекті диспансерлі тексеру 3 айдан кейін.

46. Параовариалды кистаға байланысты операция кезінде операция көлемі:

A. кистаның капсуласын сылып алу

B. зақымдалған жақта қосалқыларды алып тастау

C. зақымдалған жақта аналық безді алып тастау

D. зақымдалған жерде аналық без резекциясы

E. жатырдың қосалқыларымен қынап үстілік ампутациясы

47. Эпителиалды тіннен дамитын аналық бездерінің қатерсіз ісіктері:

+A. жай серозды кистома

B. жетілген тератома

C. тератобластома

D. гипернефрома

E. аналық бездің фибромасы

48. Науқас 52 жаста әйелдер кеңесіне ішінің төменгі жағында ауырғандық сезімі және ішінің өсуіне шағымданып келді. Анамнезінде: 5 жүктілік, 2 - босану, 3 аборт. Гинекологқа қаралмаған, ішінің өсуін семіздік деп санаған, бірақ ішінің ұлғаюы жалғаса берген. Солсебептен дәрігерге қаралған. Қарау кезінде іші ісікке байланысты ұлғайған. Жоғарғы полюсі кіндікке дейін. Ісік тығыз эластикалық, қозғалысы шектелген, пальпация және ығысу кезінде ауырсынбайды. Кіші жамбасты толық алып жатыр. Жатыры қалыпты, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр мойны таза. Сіздің диагнозыңыз?

A. Аналық бездің эндометриозы

+B. аналық бездің қатерлі ісігі

C. аналық бездің кистомасы

D. жатыр миомасы түйіннің субсерозды орналасуымен

Е. бүйректің дистопиялық төмен түсуі

49. Аналық безіне тән дұрыс анықтаманы табыңыз?

A. процестің жайылуына қарамастан, әр науқасқа міндетті оперативті ем жасалуы қажет

B. сәулелік терапияға сезімталдығы жоғары

C. дисгерминома кезінде бақылау тактикасы, ісіктің қатерсізболуына және жас кезінде кесдесуіне байланысты хирургиялық емнің көлемі – аналық без резекциясы

D. пальпация кезінде тығыз консистенциясы негізінде қатерлі ісікке күмән

E. аналық без кистасы кезінде 3 ай бақылау кеңес беріледі.

50. 28 жасар әйелде қынап арқылы тексергенде, тығыз эластикалық аналық безінің ісігі анықталды, пальпация кезінде ісік жарылып кетті. Тактикаңыз?

А. Ештеңе жасамау

В. артқы күмбездің пункциясын жасау

С. Стационарда бақылауды жалғастыру, динамикада СОЭ, лейкоцитоз, клиниканы бақылау

D. үйіне жіберіп, 1 тәуліктен кейін тексеруге келу.

+Е. шұғыл лапаротомия.

Наши рекомендации