Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

Нұсқа

1! Жедел тыныс жетіспеушілігіне әкелетін себептер

A. жүйелі қызыл жегі

B. ревматоидты артрит

C. жедел коронарлы синдром

D. наркотикалық заттармен улану

E. вертебро –базиллярлы жеткіліксіздік

2! тыныс жетіспеушілігінің клиникалық белгілері

A. тырысулар

B. гипертермия

C. тері жабындысының гиперемиясы

D. бірден болған гипотония, тахикардия

E. тері жабындыларының цианозы, ентігу

3! Ентікпесі бар 1 жасар баланың салыстырмалы диагнозына жатады

A. муковисцидоз, өкпе эмфиземасы

B. өкпелік эозинофильді инфильтрат

C. бронх демікпесі, саркоидоз, аскаридоз

D. бронхоэктаздық ауру, Гудпасчер синдромы

E. кистозды фиброз, туа пайда болған даму ақаулары

4! Комалық жағдайдағы науқастың тыныс жолдарының обструкциясының негізгі себебі

A. ауызжұтқыншақта трахеобронхиальді секреттің жиналуы

B. көмей жұтқыншақта бөгде зат

C. тілдің түбірінің төмен тусуі

D. ларингоспазм

E. эпиглоттит

5! Жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесіне тән емес белгі

A. қозу

B. қатты тер

C. терінің дақты цианозы

D. артериальді гипертензия

E. тыныс алу жиілігі минутына 40

6! Жедел тыныс жетіспеушілігінің өмірге қауіпті белгілері

A. тері қабатының гиперемиясы

B. жыпылық аритмиясы, цианоз

C. минутына 40 –тан астам ентігу, сопор

D. гипертермия, гиперсаливация, тырысулар

E. қарыншалық тахиаритмиялар, гипотермия

7! Кеңірдек интубациясына көрсеткіш

A. тұншығу ұстамасы

B. тыныштықта ентікпе

C. кеуде торында ауру сезімі

D. физикалық жүктемеден соң ентігу

E. ентікпе минутына 40 рет , апное

8! Демікпе статусының II сатысына тән ЕҢ негізгі белгіні атаңыз

A. тахикардия

B. қатаң тыныс

C. цианоздың айқындылығы

D. мойын көктамырларының пульсациясы

E. өкпеде тыныс шуларының болмауы

9! Ауруханаға дейінгі кезеңде демікпе статусының III сатысында жүргізілетін ЕҢ дұрыс әрекет

A. b-блокаторлар енгізу

B. кальций антагонистерін енгізу

C. тыныстық аналептиктерін енгізу

D. стероидты емес қабынуға қарсы дәріні енгізу

E. жан сақтау бөлімшесіне шұғыл түрде госпитализациялау

10! Бронх демікпесі кезінде тыныс бұзылуының ЕҢ басты себебі

A. бронхоспазм

B. өкпелік ателектаз

C. өкпе вентиляциясының күшеюі

D. альвеолярлы мембрананың қалыңдауы

E. бронхтардың шырышты қабаттарының ісінуі

11! Бронх демікпесінің клиникасына ТӘН БЕЛГІ болып табылады

A. экспираторлы ентігу

B. инспираторлы ентігу

C. тот басқан қақырық аралас жөтел

D. өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

E. өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

12! Бронх демікпесінің ауырлық дәрежесін анықтауға арналған ЕҢ ЖИІ қолданылатын диагностикалық аспап

A. спирометр

B. глюкометр

C. пикфлоуметр

D. пульсоксиметр

E. пневмотахометр

13! Шынайы дифтериялық крупқа ТӘН БЕЛГІЛЕР:

A. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

B. стеноз кенеттен пайда болады, жиі түн мезгілінде

C. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

D. дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

E. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

14! Селективті b2-адреномиметикті атаңыз:

A. беротек

B. атровент

C. эуфиллин

D. эпинефрин

E. преднизолон

15! Төмендегі препараттардың қайсысы субкомпенсирленген круп кезінде маңызды (бірінші кезекте) болып табылады ?

A. тавегил

B. но-шпа

C. эуфиллина

D. анальгин

E. дексаметазон

16! Тұмау кезінде ЕҢ тиімді препарат:

A. но-шпа

B. лоратадин

C. ацикловир

D. рибавирин

E. ремантадин

17! Тұмауға иммунопрофилактика жүргізуге қолайлы кезең

A. наурыз- сәуір

B. ақпан-наурыз

C. қазан-қараша

D. желтоқсан-қаңтар

E. тамыз-қыркүйек

18! Парагрипп вирусына тән болып табылатын шырышты қабық зақымдануы

A. мұрынның

B. көмейдің

C. бронхтың

D. альвеола

E. бронхиола

19!32 жастағы пневмониясы бар науқас жағдайы нашарлап ентікпе күшейді, науқаста қозу, қатты тер, тері жамылғысының цианозы. Тыныс алу жиілігі 35-40, тыныс алуға қосымша бұлщық еттер қатысуда, ЖЖЖ минутына 120—140 рет, артериальді гипертензиясы өршуде.

Төменде аталған асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

A. сепсис

B. өкпе абсцессі, плевраның эмпиемасы

C. инфекционді токсикалық шок

D. жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі

E. жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІІ дәрежесі

20!60 жастағы науқас. Мас күйінде табылды, жоғары қызба, жөтел бар. Қара-қоңыр тұтқыр сұйықтық бөлінділерімен табылды.

Шағымдары. Ентігуге, жалпы әлсіздікке, кеуде тұсында ауру сезіміне, қалтырауға шағымданады. Науқастың жағдайы ауыр. Өкпенің сол жақ оң жақ бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар, ТЖ 30, АҚ 140\70, ЖЖЖ 120 рет мин.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. өкпе абсцессі.

B. эксудатты плеврит.

C. жедел респираторлық синдром.

D. оң жақтық крупозды пневмония, ТЖ I дәрежесі.

E. ауыр ағымды аспирациялық пневмония ТЖ II дәрежесі.

21! Науқас Н. 42 жаста, ауаның жетіспеуіне, ентікпеге, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінен: 3 жылдан бері бронх демікпесімен ауырған. Өз уақытысында емделмеген. Жедел жәрдемді тұншығу ұстамасы болғанда шақырады. Науқас есі анық, мазасыз (эйфория). Тері қабаты бозарған, ылғалды, әлсіз акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі 25-30/мин, ЖЖЖ - 110 мин, АҚ 130/70 с.б.б.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. созылмалы бронхит өршу сатысы

B. ауруханадантыс пневмония, орта ауырлық дәрежесі, ТЖ І

C. бронх демікпесі, орта персистирленгенағымды,ТЖ II

D. бронх демікпесі, ауыр персистирленген ағымды, ТЖ I

E. өкпенің созылмалы обструктивтіауруы, ауыр ағымда

22! Науқас 27 жаста. Шағымы: ентікпе, қозу,бас айналу. Анамнезінен: көршілері бос дифенгидраминдың ампулаларын тауып жедел жәрдем шақырған. Объективті: науқас қозған, көз қарашықтары кеңейген, тері қабаттары ылғалды, цианоз. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 25 \мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ 140\мин. АҚ 130/80 с.б.б.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. белгісіз умен жедел улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі

B. жедел наркотикалық заттармен улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі

C. ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағым ЖТЖ ІІ дәрежесі

D. антигистаминді препараттармен жедел улану, ЖТЖ І дәрежесі

E. жедел фосфорорганикалықбайланстармен улану, ЖТЖ ІІІ дәрежесі

23! Науқас 60 жаста. Анамнезінде: Ес түссіз саябақтан табылған, қасында ингалятор Бередуал жатыр. Обьективті: жағдайы өте ауыр, науқас комалық жағдайда. Дене бітімі астеникалық, кеуде торы эмфизематозды. Терісінде дақты цианоздар байқалады. Көз қарашығы кеңейген, тынысы беткей – ТАЖ минутына 40 -тан асады. Пульс аритмиялық жиі, қолға әлсіз сезіледі. АҚ 70\30 мм.сб.б. құрсақ қуысы жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыры ұлғаймаған.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. бронх демікпесі, демікпелік статустың 1-дәрежесі, ТЖ III дәрежесі.

B. ЖИА. инфарктан кейінгі кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісігі

C. екі жақты ауруханадан тыс пневмония, орташа ауырлық дәрежелі ТЖ – 1-дәрәжесі

D. ауру сезімінсіз екі жақты пневмония, ауыр дәрежесі, ЖТЖ 2-дәрежесі

E. өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ауыр ағымды, ЖТЖ 3-дәрежесі

24! Науқас Г. 54 жаста. Тыныс алу қиындағанына шағымданады. 9 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. Эуфиллин, беротектің ингаляциясын қабылдайды. Ұстамалары айына 2-3 рет қайталанады. Аталған жағдай нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған, беротектің ингаляциясы эффект бермеді. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаттары цианозды. Тыныста қосалқы бұлшықет атсалысады. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ – мин 24. ЖЖЖ мин 92. АҚ 130/90 с.б.б.

Төмендегі болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәреже. ТЖ III.

C. бронх демікпесі. Орташа ауырлық дәрежелі ұстама.ТЖ I

D. ЖИА. Постинфаркты кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісінуі.

E. ауруханадан тыс екіжақты пневмония. Орташа ауырлық дәрежесі ТЖ I

25! Бала 1,5 жаста. Ойнап жатқанда дені сау балада кенеттен ұстамалы түрде қатты жөтел басталды, ентікпе пайда болды. Бұл шағымдар мазасызданғанда пайда болады да, ұйықтағанда жоғалады. Рентген суретте бір жақтық эмфизема анықталған.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. жедел бронхит

B. жалған круптық ұстама

C. бронх демікпесі ұстамасы

D. ауруханадан тыс пневмония

E. тыныс жолындағы бөгде зат

26!13 жастағы науқаста қабырғаның көптеген сынықтарымен, жедел тыныс жетіспеушілігі. Кеңірдек интубациясынан кейін және ӨЖЖ жасаған соң цианоздың күшейгені анықталды, АҚҚ төмендеген.

Қайсысы ЖТЖ пайда болуына себепкер болып табылады?

A. кернелген пневмоторакс

B. өкпенің ауыр зақымдануы

C. кеуде қолқасының жыртылуы

D. асқазан ішіндегі затпен болған аспирация

E. кеңірдек интубациясының дұрыс жасалмауы

27! Науқас 29 жаста. Кеуде қуысындағы ауру сезімге, ауа жетіспеуіне, ентігуге, тахикардияға шағымданады. Анамнезінен: науқас кеуде қуысының жарақатын алған. Қарап тексергенде мойын көктамырларының созылуы, цианоз, артериальді гипотензия, кеңірдек девиациясы, біржағында тыныстың болмауы, кеңірдектің жарақат алған жақтан қарама қарсы жаққа ығысқаны байқалады. АҚҚ 100/80, ЖЖЖ – 106.

Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

A. кеңірдектің сынуы

B. жүрек тампонадасы

C. массивті гемоторакс

D. кернелген пневмоторакс

E. тыныс жолдарының обструкциясы

28! Науқас 35 жаста. Шағымдары ентігу, жүрек соғысы, кеудеде ауыру сезімі. Оқиға болған жерде ауыр жағдайда жатқан адамды анықтадыңыз.Айқын цианоз, тахикардия байқалады. Перкуссияда оң жақта тимпанит, көкірекаралықтың солға ығысуы бар. Аускультативті оң жақтағы тыныстың бірден әлсіреуі анықталады.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. гидроторакс

B. пневмоторакс

C. перикард тампонадасы

D. диафрагманың жыртылуы

E. көкірекаралық эмфиземасы

29! Бала 9 жаста мазасыз, ашуланшақ, жылай береді. Мұрнынан серозды бөлінділердің көп шығуы және жиі түшкіру болған. 22 сағатта құрғақ жөтел, қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен дем шығаруы қиындаған шулы тыныс естілген. Қарап тексергенде терісі боз, ылғалды, акроцианоз байқалады. Балада қорқыныш сезім бар, төсекте аунай береді. Дене қызуы қалыпты.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы EҢ дұрысы?

A. өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы

B. респираторлы дистресс-синдром

C. анафилактикалық шок

D. бронх демікпесі

E. пневмония

30!63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады.

Науқасқа қандай препаратты енгізген ЕҢ нәтижелі?

A. интал

B. алупент

C. теофиллин

D. тербуталин

E. преднизолон

31! Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

Қандай препаратты тағайындау ҚАЖЕТ:

A. анаприлин

B. дроперидол

C. бромгексин

D. преднизолон

E. транексам қышқылы

32! Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

МҮМКІН БОЛАТЫН болжамды диагноз

A. өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы

B. екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I

C. бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.

D. бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I

E. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі .

33! b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну ЕҢ жиі дамиды?

A. өкпе ісінуі

B. кененттен өлім

C. гипертензивті криз

D. демікпе статусы

E. анафилактикалық шок

34!45 жастағы науқас ауруханаға шұғыл түрде тұншығу ұстамасымен түсті. Объективті: науқас мазасыз, тері жамылғылары ылғалды, экспираторлы ентігу, өкпе аускультациясында өкпенің барлық аймағында ысқырықты сырылдар. ЖСЖ-100/мин.

Көрсетілген жағдайда қандай диагностикалық әдіс ЕҢ мәліметті?

A. пикфлоуметрия

B. электрокардиография

C. компьютерлік томография

D. магнитті резонансты томография

E. рентгенография органов грудной клетки

35!50 жастағы науқас «Бронх демікпесі, ауыр сатысы» деген алдын ала қойылған болжам диагнозбен шұғыл түрде жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды.

ОФВ1қандай көрсеткіші ЕҢ сәйкес келеді?

A. 50%

B. 80%

C. 50-80%

D. 50% төмен

E. 80% жоғары

36! Науқас М., тыныс алуының қиындауына, ауа жетіспеу, бас айналу сезімдеріне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде әкесінің бронх демікпесімен ауырғандығы белгілі.

Бронх демікпесіне төмендегі белгілердің қайсысы СӘЙКЕС?

A. инспираторлы ентігу, жөтел

B. дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысындағы ауру сезімі

C. өкпе рентгенограммасында шектелген қараю түріндегі өзгеріс

D. өкпе қызметінің рестриктивті тип бойынша бұзылысы, жиіленген пневмония

E. өкпе қызметінің обструктивті тип бойынша бұзылыстары, жанұялық анамнез

37! Науқас Б., «Бронх демікпесі, орташа ауырлық сатысы» деген алдын ала қойылған болжам диагнозбен шұғыл түрде жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды.

ЕҢ сәйкес келетін қақырықтың сипаты

A. іріңді

B. тот басқан

C. көпіршікті

D. қан аралас

E. шыны тәрізді

38! Бронх-өкпелік сырқаты бар науқасқа диагностикалық мақсатта қақырық анализі тағайындалды. Қақырық: түссіз, шыны тәрізді, Куршман спиральдары .

Аталған аурулардың ішінен Куршман спиральдары қайсысына АСА тән?

A. пневмония

B. бронх демікпесі

C. өкпенің қатерлі ісігі

D. созылмалы бронхит

E. бронхоэктазды ауру

39!40 жастағы науқасқа болжамалы түрде «Бронх демікпесі, жеңіл сатысы» диагнозы қойылған.

ОФВ1 қандай көрсеткіші ЕҢ сәйкес келеді?

A. 50%

B. 80%

C. 50-80%

D. 80% жоғары

E. 50% -дан төмен

40!12 жастағы науқас ауа жетіспеу, бас айналу сезімдеріне шағымданады. Анамнезінде анасының бронх демікпесімен ауырғандығы белгілі. Небулайзер арқылы бронхолитикалық препарат берілді.

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН бір реттік мөлшері қандай?

A. 5-20 тамшы

B. 20-40 тамшы

C. 40-60 тамшы

D. 60-80 тамшы

E. 80 және одан жоғары

41!40 жастағы науқас тынысының қиындауына, ауа жетіспеуге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 сағат бұрын, психоэмоциональды жүктемеден соң дамыған. Беродуал ингаляциясын қолданған, нәтижесіз. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы күйде. Тері жамылғысы көгерген. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.

Науқасты госпитализациялау үшін МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз

A. қосалқы ауруларының болуы

B. бронх демікпесінің жеңіл ұстамасы

C. бронх демікпесінің гормонға тәуелді формасы

D. бронх демікпесінің орташа ауырлықтағы ұстамасы

E. бронхолитикалық терапияның 1-2 сағ.ішінде нәтиже бермеуі

42!12 жастағы науқас тұншығу ұстамасымен,ұстама тәрізді жөтелмен жедел көмек бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Объективті: ортопноэ, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, тері жамылғысының цианозы, бөшке тәрізді кеуде торы.

Ұстаманың МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз

  1. қан құю
  2. сан сүйегінің сынығы
  3. ионизирленген радиация
  4. аллергенмен қайталанған контакт
  5. қалқанша безінің гиперфункциясы

43!25 жастағы науқас соңғы 5 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады. Осы жылдың көктемінде қайта басталған ұстама кезінде b-адреномиметик қатарынан дәрілік заттар қолданылған, бірақ ұстама жойылмаған.

Науқаста қандай асқыну дамуы МҮМКІН?

  1. гиповолемия
  2. демікпелік статус
  3. гипертоникалық криз
  4. гипогликемиялық кома
  5. жедел жүрек жеткіліксіздігі

44! Науқас Б., 15 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады.

Науқаста дамыған бронх демікпесіне СӘЙКЕС КЕЛЕТІН патогенез

A. альвеола ішілік экссудация

B. бронхтардың гиперреактивтілігі

C. өкпенің респираторлы бөлімінің зақымдалуы

D. өкпелік гипертензия нәтижесінде өкпенің қабынуы

E. бронх қабырғасының созылмалы диффузды қабынуы

45! Науқас К., өзін кешеден бері аурумын деп санайды. Таңертеңнен қалтырау болған, кейін дене қызуы 39,8°С дейін көтерліген. Аурудың бірінші күнінің соңына қарай мұрны бітеліп, төс артының және тамақтың жыбырлауы, төс артында ауыру сезімімен құрғақ ауыр жөтел пайда болған. Аспирин қабылдағаннан соң хал-жағдайы жақсармаған.Мұрын жолдарынан бөлінділер жоқ. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдайдың, имектің, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасыныңгиперемиясы. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 102соқ/мин, ритмді, АҚ-110/60 мм.с.б.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?

A. тұмау

B. көкжөтел

C. парагрип

D. микоплазмоз

E. аденовирустық инфекция

46! Науқас З., 20 жас, бас ауыруына, енжарлыққа, тұмауратуына, тамақтың жыбырлауы және құрғауына, жұтынғанда тамағының ауруына, даусының қарлығуына, құрғақ "үрген тәрiздi" жөтелге шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Дене қызуы 37,5°С. Мұрыннан аздап серозды бөлiндi бар. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдай, доға, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған, жарқын гиперемиясы, ұсақ дәндiлiгi бар. Бадамшалар ұлғаймаған. Өкпеде бірен-саран құрғақ сырылдар. Тыныс жиілігі - минутына 18. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 82соқ/мин, ритмді, АҚ-110/70 мм.с.б. Менингеальды көрiнiстер жоқ.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?

A. тұмау

B. көкжөтел

C. парагрипп

D. РС-инфекция

E. аденовируснтық инфекция

47! Дәрігерге 28 жастағы науқас басының маңдай,самай бөлігінің ауруына, әлсіздік, енжарлық, бүкіл денесінің сырқырауы, сирек құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне,температурасының 38,1оС. жоғарылауына шағымданып келді

Обекътивті: беті аздап ісінкі, гипермияланған. Айқын склерит, конъюнктивит. Ауыз-жұтқыншақ шырышы гиперемияланған, майда дәнді ісіну. Жүрек қызметі қалыпты. Өкпеде қатаң везикулярлы тыныс. Құрсақ қуысы ағзалары патологиясыз.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?

A. тұмау

B. көкжөтел

C. РС-инфекция

D. микоплазмоз

E. аденовирустық инфекция

48! Науқас С., 16 жаста, ауруханаға ауруының 6-шы күні түсті. Кенеттен ауырған: бас ауыруы, көз алмасында ауру сезімі, көзінің жарыққа сезімталдығы, жас ағу, ауру қатты тұмауратудан басталған, тамағының ауыруы. Температурасы 37,5 - 38,0ºС. Қабағы ісіңкі, екі көздің конъюнктивалары айқын гиперемияланған, ісінген. Тілшіктің және доғалардың гиперемиясы. Мұрыннан көп мөлшерде шырышты-серозды бөлінділер. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, диаметрі 1 - 1,5см үлкейген. Кеуде клеткасы мен құрсақ қуысы ағзалары ауытқуларсыз.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?

A. тұмау

B. көкжөтел

C. РС-инфекция

D. микоплазмоз

E. аденовирустық инфекция

F. энтеровирустық инфекция

49!Больной А., 60 лет, Заболевание началось постепенно: в течение нескольких дней от­мечалась слабость, недомогание, сухой кашель, осиплость голоса, лающий кашель, снижение аппетита. Последние 2 дня темпера­тура утром 37,0-37,50С. В контакте с инфекционными больными не был. Профилактических прививок не получал. При осмотре состояние удовлетворительное. Кожа бледная, сухая, сыпи нет, пульс 80 уд./мин. Тоны сердца приглушены. АД 110/70 мм.рт.ст, в легких дыхание жесткое, единичные сухие хрипы. Язык суховат, обложен у корня белым налетом.
Какой из нижеперечисленных предварительных диагнозов НАИБОЛЕЕ верен?

  1. грипп
  2. парагрипп
  3. микоплазмоз
  4. аденовирусная инфекция
  5. риновируснаяинфекция

50!Мальчик, 2 года, заболел вчера, когда повысилась температура тела до 37,20С и появились обильные серозные выделения из носа. Объективно: Наблюдается мацерация кожи вокруг носа, слизистая оболочка глотки гиперемирована. Пальпируются увеличенные до 1- 1,5 см в диаметре лимфоузлы шеи, подчелюстные. Тона сердца ритмичные, звучные. При перкуссии легких - ясный легочный звук, при аускультации – везикулярное дыхание. Живот мягкий, безболезненный при пальпации. Печень и селезенка не пальпируются. Кал, мочеиспускание в норме.

Какой из нижеперечисленных предварительных диагнозов НАИБОЛЕЕ верен?

  1. грипп
  2. парагрипп
  3. микоплазмоз
  4. аденовирусная инфекция
  5. менингококковая инфекция

Нұсқа

1! Парагрипп вирусына қандай синдром тән:

A. эксикоз

B. диспепсия

C. нейротоксикоз

D. круп синдромы

E. менингизм синдромы

2! Қан қақыруға қарсы тиімді дәрілік заттар

A. гепарин, натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі

B. дицинон (б/е 2,5-2 мл, к/і 0,25), С витамині, викасол

C. 5-10мл 10% кальций хлор ерітіндісін көктамырға жіберу

D. аяққа жгут салу және ылғалды оттегі жіберу

E. ішке салқындатылған сілтілі ерітінділерді және жөтелге қарсы препараттарды қолдану

3! Аталғандардың ішінде бронх демікпесінің клиникасына ТӘН БЕЛГІ

A. инспираторлы ентігу

B. өкпедегі ысқырықты сырылдар

C. тот басқан қақырық аралас жөтел

D. өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

E. өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

4! Коникотомия мына жағдайда орындалады

A. бассүйек-ми жарақаты салдарынан тыныс тоқтауы

B. жоғарғы тыныс жолдарының обтурациясы

C. электрожарақат кезіндегі тыныс тоқтауы

D. суға батқан кездегі тыныс тоқтауы

E. өкпе ісінуінде

5! Көмейге бөгде дене түскендегі біріншілік емдік шара:

A. бөгде денені ларингоскоп көмегімен алып тастау

B. профильді стационарға жедел госпитализациялау

C. жедел трахеостомия

D. оттегімен ингаляция

E. Геймлих әдісі

6! Жоғарғы тыныс жолдарын бөгде денеден босату әдісі:

A. Мендельсон

B. Геймлих

C. Cеллик

D. Бобров

E. Сафар

7! Геймлих әдісінен көмек болмаған жағдайда:

A. жүректің тікелей емес массаж

B. кеңірдек интубациясын жасау

C. мұрынға ауа түтігін енгізу

D. коникотомия жасау

E. ӨЖЖ жүргізуді бастау

8! Ересек адамдарда жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері жиі қай деңгейде орыналасады

A. мұрын жолдары

B. жұтқыншақ

C. бронхтар

D. кеңірдек

E. көмей

9! Жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денемен обструкциясынын патогномды белгісі:

A. ентігу

B. тұншығу

C. кеудеде ауру сезімі

D. ұстама тәрізді жөтел

E. дене қызуының жоғарылауы

10! Балалардағы тыныс жолдарының жедел обструкциясының ЕҢ жиі себебі:

A. жоғарғы тыныс жолдарының қабынулық үрдістері

B. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі

C. жоғарғы тыныс жолдарының күйігі

D. тыныс жолдарының жарақаты

E. тыныс жолдарынан қан кету

11! Дауыс дірілінің әлсіреуі тән:

  1. пневмония
  2. гидроторакс
  3. өкпе ателектазы
  4. өкпелік инфаркт
  5. өкпе ісігі

12! Жедел тыныс жеткіліксіздігінің ерте белгісіне жатады?

A. мойын көк тамырының ұлғаюы

B. диффузды цианоз

C. тахикардия

D. тұншығу

E. ентігу

13! Тимпаникалық перкуторлы дыбыс қай ауруға тән:

  1. экссудативті плеврит
  2. өкпе эмфиземасы
  3. өкпе ателектазы
  4. пневмоторакс
  5. пневмония

14! Кеуде торының бір бөлігінің көлемінің үлкеюі тән:

  1. өкпенің немесе плевраның тыртықты бүрісуі
  2. өкпе эмфиземасы
  3. өкпе ателектазы
  4. пневмоторакс
  5. өкпе резекциясы

15! Ерлерде қабырғалық тыныстың пайда болуы немен байланысты?

  1. құрғақ плеврит
  2. жедел бронхит
  3. қабырғаның сынуы
  4. диафрагманың зақымдануы
  5. қабырғааралық невралгия

16! Өкпелік қан кетуде бір реттік 500 мл және одан көп қан жоғалту неге әкеліп соғАҚҚы?

  1. жүрек-қан тамырлық коллапсқа
  2. геморрагиялық шокқа
  3. анемияға
  4. асфиксияға
  5. аспирациялық пневмонияға

17! Өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы қай қан тамырынан бастау алАҚҚы?

Наиболее частым источником тромбоэмболии легочной артерии является:

  1. қол веналары
  2. аяқ веналары
  3. оң жақ жүрекше
  4. сол жақ жүрекше
  5. жамбас астауы веналары

18! Спонтанды пневмоторакстың негізгі клиникалық белгісі - ...

  1. кеудедегі ауру сезімі, ентігу
  2. тері жабындысының бозғылттануы
  3. температура, қақырықты жөтел, ентігу
  4. температура, құрғақ жөтел, кеудедегі ауру сезімі
  5. кеудедегі ауру сезімі, тыныс алудың қиындауы, қақырықты жөтел

19! Науқас Р., 18 жаста. Шағымдары: маңдай және қабақ үсті аймағында басының қатты ауыруын, бүкіл денесінің сырқырауы, құрғақ қиын жөтел. Ауру басталған кезде қатты қалтырау болған, кейін температурасы 40º С дейін көтерілген. 6 сағат өткен соң мұрнынан көп қан кеткен, қысқа уақыттық естен тану болған. Түскен кездегі жағдайы ауыр, адинамиялық. Тері жамылғылары бозғылт, оң көз склерасына қан құйылу бар. Бөртпелер жоқ. Жұтқыншақтың шырышы ісінген, көптеген нүктелік қан құйылулардан көгерген.Өкпеде сырылдар естілмейді. ЖСЖ 130/мин. АД - 95\60 мм с.б. Менингеальды белгілер жоқ.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы EҢ дұрысы ?

A. тұмау

B. паратұмау

C. микоплазмоз

D. аденовирустық инфекция

E. риновирустық инфекция

20! Науқас Д., 17 жаста, кенеттен ауырған: дене қызуы 38,2ºС жоғарылап, басы ауырған, бұлшықеттері мен буындары сырқырап, жұтыну кезінде тамағы ауырған, мұрны бітеліп, көзінің шаншуы, жас ағу болған. 4 күн амбулаторлы емделген, әсері болмаған. Стационарға жолданған. Түскен кездегі жағдайы қанағаттанарлық. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы шырышты-іріңді бөлінділермен қапталған. Оң көздің конъюнктивасы айқын гиперемияланған, ісіңкі, нәзік, ақшылдау, склераға өтетін қабықшамен жабылған. Жақ асты, мойынлимфа түйіндері диаметрі 1см дейін үлкейген. Кеуде қуысы ағзалары ауытқуларсыз.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы EҢ дұрысы ?

A. тұмау

B. парагрипп

C. микоплазмоз

D. аденовирустық инфекция

E. риновирустық инфекция

21! Науқас Ю., 15 жаста, жеделдеу ауырған. Дене қызуы субфебрильді көрсеткіштерге дейін жоғарылаған, басы ауырған, енжерлық, тұмаурату, мұрны бітеліп, тамағының жыбырлауы болған. Келесі күні интоксикация симптомдары біраз күшейген, даусының қарлығуы, құрғақ жөтел қосылған. Температурасы 37,6о С. Мұрын және жұтқыншақта айқын өзгерістер байқалады.Сөлеуі сыбырлы. Жиі, дөрекі жөтел. Ішкі ағзалары ауытқуларсыз.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?

A. тұмау

B. парагрипп

C. аденовирустық инфекция

D. риновирустық инфекция

E. микоплазмоз

22! Науқас Р., 44 жаста. Шағымдары: күшті қылғынып жөтелу, жасыл түсті, ал-қызыл қан жолақтарымен қақырық. Анамнезінен: бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырық көп мөлшерде шығатын болған (300 мг/тәу. дейін), таңертең ауызы толып және жағымсыз иісті болып шығады, кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Объективті: тері жамылғылары цианозды. Тырнақтары сағат әйнегі тәрізді, кеуде торы эмфизематозды. Аускультацияда өкпеде, көбіне сол жақ бұғана асты аймағында құрғақ және ылғалды, үнді, орташа көпіршікті сырылдар.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?

A. өкпе рагы

B. жедел плеврит

C. бронхиальды астма

D. өкпе туберкулезі

E. бронхоэктаздық ауру

23!53 жастағы науқаста көбіне таңертең “ауыз толтырып тастайтын” 3 қабатты, қақырықты жөтел. Анамнезінде созылмалы бронхит. Өкпенің төменгі бөлімдерінде тұйықталған дыбыс. Өкпе аускультациясында ірі және орта көпіршікті сырылдар.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?

A. өкпе абсцессі

B. құрғақ плеврит

C. крупозды пневмония

D. бронхоэктатикалық ауру

E. созылмалы обструктивті бронхит

24! Зардап шегуші мойынан алақанның бүйірімен соққы алған. Тыныс алуы қиындап, даусы қарлығып, ұстамалы ысқырыкты жөтел пайда болған. Кейін қан қақыру мен жұтыну бұзылысы пайда болған.

Аталған асқынулардың ішінде қайсысы болуы мүмкін ?

A. трахея жыртылуы

B. көмей жарақаты

C. өңештің закымдалуы

D. дауыс байламдарының бекіген жерінен үзілуi

E. қалқанша безіне қан кету көмейдің басылып қалуымен

25! Науқас 25 жаста. Автокөлік апатында зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері бригадасы шақыртылады. Беткей тыныс, тыныс алған кезде кеуде клеткасының пародоксальды қозғалысы байқалады, цианозды, гипотония.

Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысболуы мүмкін?

A. гемоторакс

B. гемоперикард

C. іш қуысы мүшелерінің жыртылуы

D. қабырғалардың көптеген сынықтары

E. басты бронхтың травмалық жыртылуы

26! Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс , ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық байқалады.

Төменде аталған болжам диaгноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. пневмония

B. көмей күлі

C. бронх демікпесі

D. жедел ларинготрахеит, көмей стенозы

E. жоғары тыныс жолдарындағы бөгде дене

27! Бала 3 жаста. Тұншығу, "урген" жөтел, тыныс шығарудың қиындауымен жүретін ентікпе ге шағымданды. Бір апта бойы дене температурасы көтеріліп, мұрнынан бөлінділер бөлінген, әлсіздік байқалған. Кенет Тұншығу ұстамасы, шулы тыныс пайда болған, даусы қарлықкан. Объективті: бала мазасыз, қосымша бұлшық еттер тыныс алуға қатысады. Бұғана асты, үсті аймақтары, қабырға аралығы тартылған. Терісі бозғылт. Алыстан естілетін шулы тыныс. Аускультация кезінде өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондар анық, ырғақты. ЖСЖ 90 рет минутына.

Төменде аталған болжам дигноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. жедел бронхит

B. ауруханадан тыс пневмония

C. созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі

D. демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі

E. жедел ларинготрахеит, көмей стенозы 2 кезеңі

28! Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит

B. демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі

C. жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2

D. созылмалы обструктивті бронхит өршуі

E. ауруханадан тыс пневмония

29! Науқас Г. 57 жаста. Тыныс алуының қиындауына шағымданады. Ұстамалары айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлығына 1 сағат болды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Физикалық белсенділігі шектелген. Жеке сөздерді айта алады. Тері жабындылары көкшілденген. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттері қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖСЖ 92 рет минутына. АҚ 180/90мм.с.б.б.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. ауруханадан тыс екіжақты пневмония. ТЖ1

C. бронх демікпеci. Демікпелік статус I кезеңі, ТЖ III

D. бронх демікпеci. Орташа ауырлық дәрежесіндегі ұстама

E. ЖИА. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальді өкпе ісінуі

30! Бронх демікпеciмен ауыратын науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. Есінің бұлыңғырлануы, тахипноэ, тахикардия. Аускультация кезінде тыныс шулары естілмейді.

Төмендегі асқынулардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:

A. жүректік астма

B. демікпелік статус

C. жедел өкпелік жүрек

D. спонтанды пневмоторакс

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

31! Науқас Н. 60 жаста, бір тәуліктен асқан тұншығу сезіміне,ентігуге, тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен: тунгі уақытқа үнемі беротек, беклазон, теоатард қолданады. Объективті тексеруден: мәжбүрлі қалыпта отырады, ортопноэ. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет, көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Перкуторлы өкпеден қорабтық дыбыс естіледі, аускультативті жайылған құрғақ сырылдар массасы анықталды. Жүрек тондары әлсіреген, ритмді. ЖСШ 94 рет минутына, АҚҚ 130/80мм.сын.бағ.

Аталғандардың ішінде аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:

A. БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

B. демікпелік статус 1 сатысы

C. демікпелік статус 2 сатысы

D. демікпелік статус 3 сатысы

E. БД ауыр ұстамасы

32! Тұншығу белгілері бар балада тыныс алу кезінде алыстан шапалақты шулар естіледі

Төменде аталғандардың ішінде осы дыбыс феноменінің ЕҢ мүмкін болатын себебі қайсысы?

A. стридорозды тыныс алу кезіндегі таңдай пердесінің қозғалысымен

B. бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасы арасынан ауа өтуімен

C. бөгде заттың кеңірдектегі жылжымалы қозғалысымен

D. бөгде дененің қатты таңдайға соғылуымен

E. артқа кеткен тіл қозғалысымен

33!У 7 жасар балада жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде дене асфиксия дамуына әкелді. Бала ес-түссіз, тері жабындылары көкшіл.

Төменде аталғандардың ішінде қайсысы науқас үшін ЕҢ тиімді әрекет болып табылады?

A. бөгде денені корнцангпен алып тастау

B. крикотиреотомия

C. Неimlich әдісі

D. трахеостомия

E. коникотомия

34! Жанұялық дәрігерлік емханаға 7 жастағы қыста суық тиюден кейін басталған, созылмалы жөтелі (4ай) бар қыздың анасы келді.Қыз түнгі уақытта жөтеледі, анасы ысқырықты сырыл естиді, дене температурасы қалыпты, қыз белсенді, жүгіргенде жөтелі ұстап тоқтайды, ысқырықты сырылдар пайда болады.Қыздың жиі мұрны бітеліп, температусыз мұрны ағады. Анасы поллинозбен ауырады.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. созылмалы бронхит

B. рецидивті бронхит

C. ауруханадан тыс пневмония

D. бронх демікпесі орташа ауырлық дәрежесі

E. созылмалы бронхит демікпелік компонентпен

35!28 жастағы әйел. Кеудедегі сырылмен қиындаған тыныс, ыстық шайдан кейін басылатын қайталамалы ұстамалы жөтел мазалайды, кейде жөтелу кезінде түссіз тұтқыр қақырық бөлінеді. Тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі ұстамалары аптасына 1 рет. Анамнезінен есекжем анықталды, көктемде ағаштар мен шөптер гүлденгенде ринит мазалайды. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін сырылдар, тыныс шығаруы қиындаған. ТЖ 22 рет минутына, перкуторлы өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультативті- алдынан және артынан жайылған құрғақ ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 90 рет минутына, ырғақты. АҚ 110/80 мм сын. бағ.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. бронх демікпеci орташа ауырлық ағымы

B. созылмалы бронхит демікпелік компонентпен

C. ауруханадан тыс пневмония

D. созылмалы бронхит

E. рецидивті бронхит

36!32 жасар науқас басылмайтын экспираторлы тұншығу ұстамасына байланысты түсті. Тұншығу ұстамалары 15 жылдан бері мазалайды, бета-стимуляторлар ингаляциясымен басылатын. Соңғы апта бойы тұншығу ұстамалы жиілеген. Күніне 3 рет эуфиллин және тәулігіне 6-8 рет салбутамол ингаляциясын қабылдаған. Обьективті: науқас мазасыз, қозғыш, қатты терлеу, цианоз. ТЖ: 30 рет минутына, беткей тыныс көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Кеуде торы бөшке тәрізді, тынысы әлсіз, сырылдар жоқ. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Пульсі 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ

мүмкін болатыны қайсысы?

A. жүректік астма

B. демікпелік статус

C. жедел өкпелік жүрек

D. спонтанды пневмоторакс

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

37! Бронх демікпеciмен ауыратын науқаста ауыр созылмалы тұншығу ұстамасы. Беротектің 4 реттік ингаляциясынан кейін жағдайы жақсармады. Жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар. Аускультацияда тынысы айқын әлсіреген, кейбір жерлерінде естілмейді, сырылдар жоқ. ТЖ 30 рет минутына. АҚ 110/60 мм сын.бағ. Пульсі 100 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. жүректік астма

B. демікпелік статус

C. жедел өкпелік жүрек

D. спонтанды пневмоторакс

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

38! Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит

B. демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі

C. жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2

D. созылмалы обструктивті бронхит өршуі

E. ауруханадан тыс пневмония

39! Науқас 24 жаста. Ауруы жедел басталған, қалтырау, бас ауруы, темп. 39 С дейін көтерілген. Таңға қарай жөтел мен тыныс алғанда пайда болатын ауру сезімі мазалаған, температура сақталған. Ауруы басталардан бұрын салқындап қалған. Объективті: ернінде герпестік бөртпе. Оң жақ беті қызарған. ТАЖ 25р/мин. Пульс 96р/мин.АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Қарап тексергенде оң жақ кеуде бөлігі тыныс алудан қалып қояды. Дауыс дірілі оң жақ жауырынасты аймағында кұшейген, перкуторлы дыбыс сол аймақта қысқарған. Тынысы оң жағында - бронхиальді, крепитация. Сол жағында –везикулярлы тыныс.,

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

  1. демікпелік статус
  2. жедел респираторлы вирусты инфекция
  3. созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы
  4. жедел бронхит, орташа ауырлықта
  5. бронхиальді астма, ауыр персистирлеуші ағымы
  6. ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы

40! Науқас Д., 48 жаста.Жағдайының нашарлығына байланысты шағымдарын атамАҚҚы. Объективті: бұлшық ет дірілі, төсектегі қалпы пассивті. Тері мен шырышты қабатының сұр түсті диффузды цианозы. Кеудесі эмфизематозды. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттері қатысАҚҚы.Тынысы сирек, беткей. Жіп тәрізді пульс. ЖСЖ 130 р/мин. АҚҚ 80/50 мм.с.б.б.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

  1. БА орта ауырлықтағы ұстамасы
  2. өкпенің обстуктивті ауруының асқынуы
  3. демікпелік статус 1 кезең
  4. демікпелік статус 2 кезең
  5. демікпелік статус 3 кезең

41! Қыз бала 13 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, төс артында кеудені басып, қысып тұрған тәрізді сезім. Дене температурасы 37,5°С. Ауруы суық тигеннен кейін басталып, 3 күнге созылған. Аускультацияда везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған. Құрғақ сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

  1. бронх демікпесі
  2. созылмалы бронхит
  3. жедел бронхит
  4. құпғақ плеврит
  5. пневмония

42! Науқас К., 24 жаста. Құрғақ, дөрекі, «ит үрігендей» жөтел мен тұншығуға шағымданАҚҚы. Соңғы бір аптАҚҚан бері өзін науқаспын деп санайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын лимфа тұйіндері екі жақта да ұлғайған, аздаған ауырсыну бар. Дауыстың үдемелі қырылы тұрақты афонияға ауысАҚҚы. Аңқаны қарағанда түсті ақшыл лай түстес , оңай алынбайтын, алғанда орны қанайтын қабыршақты көрдік. Тынысы шулы. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 90 р/мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. дифтериялық күл фонындағы көмейдің жеделдеу стенозы

B. созылмалы фарингиттің асқынуы

C. көмейдегі бөгде зат

D. демікпелік статус

E. жедел фарингит

43! Науқас 64 жаста. Соңғы 5 күннен бері тыныштықта кенеттен пайда болатын ентігу, жүрек соғуы, әлсіздік мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, диффузды цианоз. Аускультацияда: екі өкпесінің де төменгі бөлігінде аздаған майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ 24 р/мин. Жүрек тоны ритмсіз, әлсіз, жиі экстрасистолиялар. ЖСЖ 110-120 р/мин. АҚҚ 100/60 мм. Сол жақ аяғының тамырлары варикозды кеңейген. ЭКГ-да: оң жақ жүрекшеге түскен жүктеме белгілері, Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокАҚҚасы, оң қарыншалық экстрасистолиялар.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. жедел бронхит

B. жедел пневмония

C. оң жақ өкпе ісігі

D. өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы

E. СЖЖ. ҚБ2. Іркілулік пневмония.

44! Науқас Д., 55 жаста, жүргізуші. Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, әлсіздік. Шағымдары күндіз, суық тигеннен кейін пайда болған. 12-15 жылдан бері таңертең пайда болатын құрғақ жөтел мазалайды. 30 жылдан бері шылым шегеді. Қарап тексергенде мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы байқалады. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ 23 р/мин. Өкпе аускультацисында: қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуссияда қораптық дыбыс.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. пневмония

B. бронхоэктаздық ауру болезнь

C. созылмалы обструктивті бронхит

D. өкпе туберкулезі

E. жедел плеврит

! Спонтанды пневматораксы бар науқаста ЖҚЖ жеткіліксіздігі, кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа жылжуы, сау өкпе вентиляциясының төмендеуі пайда болды.

Науқаста қай асқыну болуы аса ықтимал?

  1. пневмония
  2. жедел бронхит
  3. теріастылық эмфизема
  4. тыныс жолындағы бөгде зат
  5. кернеулік пневмоторакстың дамуы

46! Кеуде жарақатын алған науқастың кенеттен беті істі, басы мен мойы көлемін ұлғайтты. Пальпацияда сықыр естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. ашық пневмоторакс

  1. жабық пневмоторакс
  2. кернеулік пневмоторакс
  3. гемоторакс
  4. көкірекаралықтың теріасты эмфиземасы

Наши рекомендации