Тақырып: Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромдар

Нефрология пәні бойынша интерн-дәрігерлерге арналған 120 тесттік тапсырмалар (терапия) МЕ – соңғы нұсқа

Тақырып: Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромдар

1. «Ет жуындысы» тәрізді зәр түсінің өзгеруі төмендегі аталған аурулардың қайсысына тән?

а) Нефролитиазға

б) Қант диабетіне

в) +Гломерулонефритке

г) Механикалық сарғаюға

д) Жедел гемолитикалық анемияға

2. Нефротикалық синдром кезіндегі ісінудің дамуындағы патогенетикалық механизмі қандай?

а) Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

б) Нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

в) +Қан сарысуының онкотикалық қысымының төмендеуі

г) Антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

д) Жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

3. Бүйрек аурулары кезінде артериалық гипертония дамуындағы басты механизмді атаңыз?

а) Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

б) Простогландин жүйесінің белсенуі

в) Антидиуретикалық гормонның адекватты емес секрециясы

г) Жүрекшелік натрийуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

д) +Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

4. Төмендегі аталған келесі симптомокомплекстердің қайсысы нефротикалық синдромға тән?

а) Макрогематурия және протеинурия

б) Ісіну, гипертензия, гиперазотемия

в) Гипертония, протеинурия, гиперлипидемия

г) Диспротеинемия, гиперлипидемия, гематурия

д) +Гиперлипидемия, протеинурия, диспротеинемия, гипоальбуминемия

5. Төмендегі аталғандардың ішінде қайсысы нефритикалық ісінулерге тән?

а) Асцит

б) Қамыр тәрізді

в) Айқын, жылжымалы

г) +Тығыз, шамалы ғана

д) Жайылған, массивті

6. Нефритикалық синдром кезіндегі ісіну дамуының патогенетикалық механизмі қандай?

а) Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

б) Нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

в) Антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

г) +Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

д) Жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

7. Бүйрек аурулары кезінде тубулоинтенрстициалды синдромды ерте сипаттайтын белгілер:

а) Ісінулер

б) Артериалды гипертензия

в) Шумақтық фильтрацияның төмендеуі

г) Альбуминурия, гематурия

д) +Өзекшелік протеинурия, гипостенурия

8. Қандағы қант деңгейі қалыпты болған кезде глюкозурияның пайда болуының патогенезі қандай?

а) Қант фильтрациясының жоғарылауы

б) Қантреабсорбциясының жоғарылауы

в) Генле ілмегінде қант реабсорбциясының төмендеуі

г) +Проксимальді өзекшеде қант реабсорбциясының төмендеуі

д) Жинағыш түтікшеде қант реабсорбциясының төмендеуі

9. II типті қант диабетімен және АГ бар 75 жастағы науқаста протеинурия - 1,8г/тәу және гиперкреатининемия - 180мкм/л анықталды. Анықталған патологияның емдеу тактикасы қандай?

а) Цитостатиктер

б) Гемодиализ

в) Бүйрек трансплантациясы

г) Преднизолон

д) +ААФ ингибиторлары АПФ ШФЖ және АҚ бақылауымен

10. 30 жастағы науқас. Шағымдары: бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм с.б. Қан анализінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л. ЖЗА: белок 6,5 г/л, Лейк және Эр 0-1 к/а. Осы гипотензияның даму механизмі қандай?

а) Эндокриндік бұзылыстар

б) Жүрек лақтырысының бұзылысы

в) Нейрогендік белсенділіктің бұзылысы

г) +Тамыр ішілік көлемнің азаюы

д) Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі

11. 30 жастағы науқас. Бетінің ісіңкі болуына, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы, аяқтарындағы ісінулеріне шағымданады. Қараған кезде: ісінулер анасаркаға дейін. АҚҚ 85/40 мм сбб. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л. ЖЗА: белок 6,5 г/л, лейкоцит және эритроциттер - 0-1 в к/а. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?

а) Нефритикалық синдром

б) Жекеленген зәр синдромы

в) Пиелонефрит

г) +Нефротикалық синдром

д) Берже ауруы

12. Эсенциалды гипертония, қант диабеті, 2 жақты ҚНР бар науқастарда шамалы альбуминурия дамуының әмбебап механизмі қандай?

а) Бүйрек тамырларының тромбозы

б) Иммундыкешенді

в) Амилоидоз

г) +Гиперфильтрация

д) Аутоимунды

13. Науқаста гематурия, протеинурия және динамикада креатинин деңгейінің өсуі анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

а) Нефротикалық синдром

б) Нефритикалық синдром

в) Жекеленген зәр синдромы

г) Аралас (нефротикалық-нефритикалық) синдром

д) +Тез үдемелі гломерулонефрит

14. Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы бүйректің ауыр зақымдалуын көрсетеді?

а) Нефротикалық синдромы

б) Нефритикалық синдромы

в) Жекеленген зәр синдромы

г) +Нефро- нефритикалық синдром

д) Тубуло-интерстициальді

15. Төменде аталған белгілердің қайсысы минимальді өзгерістер ауруына ТӘН ЕМЕС?

а) Подоциттер аяқшаларының жоғалуы

б) +Шумақтық жасушалардың пролиферациясы

в) Гиперкоагуляция, тромбоздарға бейімділік

г) Гипоальбуминемияға байланыстыгиперхолестеринемия

д) Массивті протеинурия және гипоальбуминемияның салдарынан болатын ісінулер

16. Өзекшелік (тубулярлы) протеинурияда зәрмен көп экскрецияланады:

а) Альбумин 1 г/тәулігіне

б) Альбумин 3 г/ тәулігіне

в) Альбумин 30 мг/ тәулігіне

г) Парапротеиндер

д) +В2-микроглобулин

Гломерулонефриттер

1. 40 жастағы ер адам. Анасаркаға дейін массивті ісінулер анықталады, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 4 г/тәу, эр. 2 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

а) Пиелонефрит

б) Нефритикалық синдром

в) +Нефротикалық синдром

г) Жеклеген зәрлік синдром

д) Тез үдемелі гломерулонефрит

2. 30 жастағы әйел адам, суықтанғаннан кейін әлсіз ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Анализдерінде: ЭТЖ 55 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л. Зәрде: протеинурия 1.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин. Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

а) Пиелонефрит

б) +Нефритикалық синдром

в) Нефротикалық синдром

г) Жеклеген зәрлік синдром

д) Тез үдемелі гломерулонефрит

3. 18 жастағы науқас, әскерге комиссиядан өтіп жүрген кезінде аяқ-астынан анықталған гематурияға байланысты терапевтке қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары байқалмайды. АҚҚ 120/80мм.с.б. Сіздің тактикасыңыз?

а) Стероидтар тағайындау

б) Антибиотиктер тағайындау

в) Цистоскопия тағайындау

г) Бүйрек биопсиясына жіберу

д) +Эритроциттерді ажырату

4. 18 жастағы науқас, әскерге комиссиядан өтіп жүрген кезінде аяқ-астынан анықталған гематурияға байланысты терапевтке қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары байқалмайды. АҚҚ 120/80мм.с.б. Фазалы-контрасты микроскопта 15-20 эритроциттер анықталды, 50% -ы дисморфты. Ең бірінші кезекте не істеу керек?

а) Компьютерлік томография жасау

б) +Жанұялық гематурияны жоқққа шығару

в) Бүйрек туберкулезін жоққа шығару

г) Бүйрек ісігін жоққа шығару

д) ҚНР жоққа шығару

5. Науқаста гломерулярлы гематурия анықталды. Амбулаторлы жағдайда науқасты жүргізу тактикасы қандай?

а) Цистография және цистоскопия жасау

б) Уролог кеңесі

в) Бақылауды қажет етпейді

г) Экскреторлы урография өткізу

д) +АҚҚ бақылап отыру, протеинурияны, креатинин деңгейін қадағалап отыру

6. 36 жастағы науқас, нефротикалық синдром диагнозы қойылған. Сіздің тактикаңыз қандай?

а) +Бүйрек биопсиясы

б) Метилпреднизолонмен пульс-терапия

в) Преднизолон 1-2мг/кг салмағына тағайындау

г) Преднизолонмен қосып циклфосфанмен пульс-терапия

д) Циклоспоринді преднизолонмен қосып тағайындау

7. Ходжкин лимфомасымен 20 жастағы науқаста анасаркаға дейін массивті ісінулер пайда болды, АҚ 90/55 мм. С.б., қан сарысуындағы креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 12 г/тәу, эр. 2 к/а. Нефробиоптатты жарықтық микроскоппен қарағанда өзгерістер жоқ. Аталған диагноздарлдың ішінде ЕҢ мүмкін болатынын атаңыз:

а) +Минималды өзгерістер

б) Жедел постинфекциялық ГН

в) Мембранозды гломерулонефрит

г) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

д) Мембранозды-пролиферативты гломерулонефрит

8. Қандай морфологиялық өзгерістер тез үдемелі гломерулонефрит сәйкес келеді?

а) +Экстракапиллярлы ГН (шумақтың 50%-дан көбісінде – жарты ай)

б) Фибриллярлы ГН

в) Минимальды өзгерістер

г) Мембранозды нефропатия

д) Мембранопролиферативті гломерулонефрит

9. 33 жасар науқас әйел ауқымды ісінулерге шағымданып келді. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәу., гипопротеинемия 42 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚ 80/60 мм.с.б. Бүйрек биопсиясын жүргізу ұйғарылды. Қандай аурулардың арасында мақсатты түрде ажырату диагнозын жүргізу керек:

а) +Гломерулонефрит пен амилоидоздың

б) Зәр-тас ауруы мен амилоидоздың

в) Бүйректің тұқым қуалайтын аурулары мен амилоидоздың

г) ЗШЖИ мен гломерулонефриттің

д) Бүйректің туа біткен ақаулары мен гломерулонефриттің

10. 29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен терапия сәтсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижесі: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресцентті – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электроды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Қандай қосымша зерттеулер өткізу қажет?

а) АНЦА титрі

б) IgA, IgG, IgM деңгейі

в) Иммунограмма – CD4, CD8

г) +ЖҚЖ, инфекцияларға зерттеу

д) Айналымдағы иммундыкешендер

11. 32 жастағы науқаста ұзақ уақыт бойы нефротикалық синдром және персистирлеуші С3-гипокомплементемия байқалады, анти-ДНК антидене - теріс. Емдеу тактикасын таңдау үшін биопсия жасалды. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз?

а) Альпорт синдромы

б) Шенлейн-Генох нефриті

в) Постстрептококкты гломерулонефрит

г) Идиопатиялық нефротикалық синдром

д) +Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

12. Науқаста өкпеден қан кету және анти-ГБМ антиденемен тез үдемелі гломерулонефрит. Негізгі ем:

а) Преднизолон peros ұзақ мерзімге

б) Циклоспорин + плазмаферез

в) Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

г) Аминохинолин қатарындағы препараттар – емнің негізгі таңдауы

д) +Кортикостероидтар және пульс әдісімен цитостатиктер, плазмаферезбен бірге

13. 25 жастағы ер адам белдегі ауру сезіміне, макрогематурия көрінісіне шағымданды. Бұл белгілер жедел фарингиттен кейін 24 сағат ішінде байқала бастады. Анамнезінен белгілі болғандай, бұрындарда жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде зәр түсінің қызарғаны байқалыпты, алайда дұрыстап тексерілмеген. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. Зертханалық тексеруде: ж. белок 65 г/л, холестерин 4,1 ммоль/л, креатинин 84 мкмоль/л, мочевина 4,3 ммоль/л, ШФЖ 128 мл/мин. Несеп талдауларында: белок 0,5 г/л, эритроциттер 20-30 к/а. Науқасқа бүйрек биопсиясы жасалынды, биопсияда мезангий пролиферациясы, иммундық кешендердің жиналуы анықталды. Қандай емдеу тактикасы оптималды болып табылады?

а) +ААФ ингибиторы

б) Цитостатиктер

в) Антиагреганттар

г) Антикоагулянттар

д) Глюкокортикостероидтар

14. Нефрология бөлімшесіне 25 жастағы науқас әйел ісінулермен түсті, АҚҚ 150/100 мм.С.б. Зәрде белок 3,3 г/л, эритроциттер жаппай. Тез үдемелі гиперкреатининемия анықталды , бүйрек биопсиясы өткізілді. Болуы мүмкін өзгерістер:

а) Диффузды мезангиопролиферативті гломерулонефрит

б) Фокально-сегментарный гломерулосклероз

в) +Экстракапиллярлы гломерулонефрит

г) Эндокапиллярлы гломерулонефрит

д) Минимальды өзгерістер

15. Қандай аурулар кезінде бүйрек биопсиясын жасамай-ақ IgA-нефропатия диагнозын қоюға болады?

а) ЖҚЖ

б) Вегенер гранулоцитозы

в) +Шенлейн-Генох ауруы

г) Минимальды өзгерістер ауруы

д) Тромботикалық микроангиопатия

16. 25 жастағы науқас, өткерген респираторлы инфекциядан кейін рецидивтеуші макрогематурия байқалды (гломерулярлы эритроциттер). Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

а) Минимальді өзгерістер ауруы, нефротикалық синдром

б) +Ig A нефропатия

в) Мембранозды ГН

г) Мембрано-пролиферативті ГН

д) Эндокапиллярлы-пролиферативті ГН

17. Ер адам 32 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgAдепозиттері. Әңгіме қай ауру жайында?

а) Люпус-нефрит

б) +IgA-нефропатия

в) Мембранозды ГН

г) Минималды өзгерістер ауруы

д) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

18. Амбулаторлық тексеру кезінеде 25 жастағы жас адамда СБЖ белгілері, естудің төмендеуі, зәрде протеинурия, гематурия анықталды, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жастағы қарындасында микрогематурия анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

а) Жұқа мембрана ауруы

б) Фанкони нефронофтизі

в) Жанұялық гематурия

г) +Альпорт синдромы

д) Берже ауруы

19. 60 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 20 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қарағанда: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ МАҚСАТТЫҚ болып табылады?

а) Қабынуға қарсы стероидты препаратты алып тастау

б) Диализ өткізу

в) Циклофосфамид тағайындау

г) Циклоспорин тағайындау

д) +Бүйрек биопсиясын жасау

20. 40 жастағы ер адам. Беті мен балтырына дейін аздап ісінулер байқалады, АҚҚ 160/90 мм.сбб. Анализдерінде: креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 58 г/л, холестерин 4,3 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 2,5 г/тәул., эритроциттер 20 25 к/а. Аталғандардың ішінде қай диагноз ЕҢ мүмкін болатын көрсетіңіз?

а) Пиелонефрит

б) +Нефритикалық синдром

в) Нефротикалық синдром

г) Жекеленген зәр синдром

д) Тез үдемелі гломерулонефрит

21. 62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

а) ҚҚСЕП салдарынан нефропатия дамыған

б) Жедел тубулонекроз

в) Ревматоидты васкулит

г) Мембранозды нефропатия

д) +Екіншілік амилоидоз

22. Науқас 30 жаста. Бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарындағы ісінулеріне шағымданады. Қараған кезде: ісінулер анасаркаға дейін. АҚҚ 85/40 мм сбб. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л, креатинин 60 ммоль/л. ЖЗА белок 6,5 г/л, Лейк. және Эрит. - 0-1 к/а. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды атаңыз?

а) Жедел пиелонефрит

б) Нефритикалық синдром

в) Тез үдемелі нефрит

г) +Нефротикалық синдром

д) Жекеленген зәр синдромы

23. 49 жастағы ер адам қан аралас қақырықпен жөтелетініне шағымданды. Анамнезінде 3 жылдан бері мұрнының бітелуі және мұрын қуыстарының (синустарының( қабынуы анықталды. Соңғы 3-4 айда тез шаршағыштық, дене қызуының 37,80C-ға дейін жоғарылауы, қана аралас қақырықпен жөтел, ентігу және дене салмағының азаюы байқалды. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 130/80 мм с.б., аускультативті: өкпеде шашыранды сырылдар естіледі, терісінде бөртпелер жоқ. Зертханалық тексеруде: HCT 33, лейкоциттер 12 мың, креатинин 176 мкмоль/л, мочевина 10,7; ANCA оң. Несеп талдауында: еркін гемоглобин +, белок 2+, эритроциттер анықталмады. Қақырықты бак.себуде ешнәрсе анықталмады. Өкпе биопсиясында некротикалық гранулемалар анықталды. Ең дұрыс деген емдеу тактикасы қандай?

а) Азатиоприн

б) Преднизолон

в) +Циклоспорин + преднизолон

г) Триметропин-сульфаметоксазол

д) Туберкулездің 4 компонентті терапиясы

24. 22 жастағы қыз 6 апта бойы Шенлейн-Генох пурпурасына байланысты амбулаторлы жағдайда бақылануда. Қарағанда: жалпы жағдайы айтарлықтай жаман емес, АҚҚ 158/90 мм с.б., арқасында, жамбасында және аяқтарында аздаған макуло-папулезді бөртпелер. Зертханалық тексерулерде: альбумин 35 г/л, мочевина 8,0 ммоль/л, креатинин 118 мкмоль/л. ЖЗА – белок жоқ, эритроциттер+. Қандай емдеу тактикасы дұрыс?

а) Плазмаферез

б) Цитостатики

в) +ААФ ингибиторы

г) В/і иммуноглобулин

д) Стероидтардың үлкен дозасы

25. 61 жасар әйел 12 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Диспансерлік қарауға келді. Қазіргі кезде тізе және иық, қолдарының ұсақ буындарындағы ауыру сезімі мазалайды, таңертеңгілік құрысу 1,5 сағатқа дейін созылады, аяқтарында ісіну пайда болды. Науқас индометацин 150 мг/тәул., метатрексат 7,5 мг/тәул. алады. Қарағанда: қол басының ульнарлық девиациясы, тізе, шынтақ, иық буындарында қимыл шектелген. Қабақтары, балтырлары ісінген (басқаннан кейін шұңқыр қалады). Өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек үндері ырғақты, минутына 72 рет, АҚ 130/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв 100 г/л, Л. 7,8х10 9/л, ЭТЖ 42 мм/сағ. ЖЗА: менш.салм. 1010, белок 3,2 г/л, Лейк. – 4-5 к/а, эритр. жоқ. РФ 1:160. Қан сарысуының креатинині - 100 мкмоль/л. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?

а) Плазмаферез, циклофосфан+метилпреднизолон

б) Циклоспорин А + цитостостатиктер

в) + Цитостатиктер, метотрексат + колхицин, симптоматикалық ем

г) В/і иммуноглобулин

д) Стероидтардың жоғарғы дозасы

Жасар науқас П., басының төбе және шүйде аймақтарының ауыруына, денесін бұрғанда пайда болатын бел тұсындағы тұйық ауыру сезіміне шағымданады. Бұдан басқа, ол сирек зәр бөлетіндігін және әрбір зәр бөлген сайын аз көлемді зәр бөлінетіндігін байқаған. Суықтағаннан кейін 3 апта бұрын тамағы ауырған. Дәрігердің кеңесі бойынша сульфадиметоксин қабылдаған, тамағын фурацилин ерітіндісімен шайған. Хал-жағдайы жақсарған, жұмысқа шыққан. Халының нашарлауы кеше күндіз байқалған: қабақтары ісінген, басының төбе және шүйде аймақтары ауыр тартқан, әлсіздік пайда болған. Емханаға келген. Қан және зәр анализдері тапсырылды. Келесі күні жағдайы жақсармағаннан кейін тексеру және емдеу мақсатында ауруханаға жіберілді. Қарағанда: пульсі минутына 70 рет, ырғақты, толуы қанағаттанарлық, кернелген. АҚ 160/105 мм с.б. Жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, қолқа үстінде 2 тон күшейген. Ішкі мүшелер жағынан басқа өзгерістер табылған жоқ. ЖҚА: эр. 4,3х1012 /л, Нb 140 г/л, Л 7,9х109 /л, ЭТЖ 22 мм/сағ. ЖЗА: менш.салм. 1028, белок 1,65 г/л, Лейк. – 5-6 к/а, Эр. – 10-15 к/а, цилиндрлер гиалинді және түйіршікті 5-6 к/а. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?

а) +Антибиотиктер + гипотензивті ем, диуретиктер

б) Преднизолон+курантил

в) Антикоагулянттар+диуретиктер

г) Мофетил микофенолаты

д) Циклоспорин А

27. 31 жасар науқас ауруханаға келесі симптомдармен түсті: анурия, ентігу, қан түкіру. Ауруын суықтанумен байланыстырады, ауруханаға түсерден 5 күн бұрын дене қызуы 39С-ге дейін жоғарылап, қан аралас жөтел пайда болған, кейіннен зәрінде қан пайда болып зәрдің көлемі азайып, ол анурияға дейін жеткен. Өзін дені саумен деп есептейді. Түскенде: АҚ-210/100 мм с.б., ЖЖЖ минутына 102 рет, ТЖ – минутына 28 рет, өкпе аускультациясында – екі жақты сырылдар мен сықырлар. Балтыры іскен, асцит белгілері бар. ЖҚА: Нв-79 г/л, тромб-265 мың, лейк-11,4 мың, СРБ-210 мг/дл. ЖЗА: менш.салм.-1010, белок – 1,3 г/л, эритроциттер – к/а тұтас жауып жатыр. Қанның б/х анализі: креат-1120 мкмоль/л, мочев-40 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. Өкпе рентгенографиясы: өкпе ісінуі; КТ: альвеолярлық қан құйылу. Бүйрек УДЗ: бүйрек өлшемдері ұлғайған, зәр іркілісі жоқ. Бұл науқас үшін қандай емдеу тактикасы дұрыс?

а) Мофетил микофенолат+ингибитор АПФ

б) Цитостатики, метотрексат + колхицин, гипотензивно-нефропротективная терапия, диуретики.

в) +Плазмаферез, гемодиализ, циклофосфан+кортикостероидтармен пульс-терапия .

г) Преднизолон+ЦиклоспоринА

д) Преднизолон, нефропротективная терапия (ИАПФ/БРА), диуретики (Фуросемид, Гипотиазид, Верошпирон).

28. 37 жасар әйел адам, салмағы 70 кг, емханаға аяқтарының ісінуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. Анамнезден белгілі болғандай, ісінулер шамамен 3-4 ай бұрын пайда болған, бастапқыда болмашы ғана болған. Содан кейін ісінулердің ұлғаюына байланысты 1-2 таблеткадан фуросемид қабылдай бастаған. Алғашында ісінулер азайған, ал соңғы 2-3 аптада зәр айдағыштар еқандай әсер көрсетпеген. Өмір анамнезінен — бұрын ештеңемен ауырмаған, ешқашан тексерілмеген. Жүкті болмаған. Қарап тексергенде: балтыры мен табаны айқын ісінген. Тері жамылғысы таза, буындары өзгерісссіз. АҚ 155/95 мм с.б. Зәр түсі қалыпты. Зертханалық талдаулар: ЖҚА – гемоглобин 130 г/л, лейкоциттер 6,5х109/л, тромбоциттер 250х109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ. ЖЗА: түсі — ақшыл сары, меншікті салмағы 1021, қант – теріс, белок 2,65 г/л, эритроциттер 0-1 к/а, лейкоциттер 4-6 к/а. Тәуліктік протеинурия 6,5 г/тәул. Б/х қан анализі: жалпы белок 42 г/л, альбумин 21 г/л, креатинин 75 мкмоль/л, мочевина 6,2 ммоль/л, қант 4,3 ммоль/л, холестерин 9,6 ммоль/л, калий 3,8 ммоль/л, натрий 140 ммоль/л. Бүйрек УДЗ: оң бүйрек 11,7х4,8 см, сол бүйрек 11,5х4,9 см. Зәр іркілісі жоқ. Бұл науқасқа қандай емдеу шаралары жүргізіледі?

а) +Преднизолон, Циклоспорин А, симптоматикалық ем

б) Микофенолат Мофетил+цефалоспорин

в) Цитостатиктер

г) Плазмоферез, гемодиализ

д) Преднизолон, ААФи

Наши рекомендации