Кресло - каталкамен тасымалдау 10 страница

1-ші кесте

Емханадағы хирургиялық бөлімшенің құрылымы мен

дәрігерлердің орын саны

Құрылымы Дәрігерлік орын саны

І

топ ІІ

топ ІІІ топ ІV топ V

топ

Хирургиялық бөлімше 6,0 4,5 3,0 2,3 1,5

Құрамы:

Жарақатқа жәрдем беру бөлмесі

1,5

1,0

0,5

Онкологиялық бөлме

1,0 0,5 - - -

Урологиялық бөлме 1,0 0,5 - - -

Кішігірім аудандық емханада хирургиялық бөлімше дәрігердің бөлмесінен және байлап-таңу бөлімшесінен тұрады. Үлкен көлемде жұмыс жасайтын емханаларда дәрігер бөлмесі мен таңу бөлмесінен басқа асептикалық операцияларға арналған бөлме болуы керек.

Қалалық, облыстық емханаларда операция жасайтын, операция алдындағы бөлмелер және залалсыздандыру бөлмесінен тұратын операциялық блок болады. Арнайы хирургиялық қабылдауды бірнеше дәрігерлер: травматолог – дәрігер, іріңді жараны емдейтін хирург, жалпы хирург, уролог өткізеді (2-ші кесте).

2-ші кесте

Емханадағы хирургиялық бөлмелер саны

№ Арнайы бөлмелер І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ V топ

1 Бөлім меңгерушісінің бөлмесі 1 1 1 1 1

2 Хирургтің бөлмесі 3 2 2 1 1

3 Урологтің бөлмесі 1 1 - - -

4 Урологиялық науқастарға емдеу шараларын өткізетін бөлме. 1 1 - - -

5 Операция алдындағы бөлме. 1 1 - - -

6 Операция жасайтын бөлме 1 1 1 - -

7 Таза байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1

8 Іріңді жараларды байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1

9 Травматолог дәрігердің бөлмесі 1 - - - -

10 Залалсыздандыру бөлмесі 1 1

1 1 1Құрылыс жобасы мен емдеу – профилактикалық мекемелердің ережелеріне байланысты дәрігер бөлмесінің ауданы оның жұмыс көлеміне байланысты 10-15 шаршы метрден кем болмауы керек. Таңып - байлау бөлмесінің ауданы бір операция жасалатын столға кем дегенде 15-16 шаршы метрді құрауы қажет. Сонымен қатар әр қосымша столға 8 шаршы метрден қосылады. Операциялық зал өлшемі операциялық блокты ұйымдастырғанда 3,2 м х 4 – 4,5 метрден аз болмайды

Емханадағы хирургиялық бөлімшенің жабдықталуы ауқымды болмауы керек. Дәрігер бөлмесінде стол, екі орындық, науқасты қарауға арналған қатты кереует (баланың киінуі мен шешінуіне қолайлы болуы үшін қатты кереуетті арнайы матамен бөліп қояды), рентгенограмманы қарау үшін неготоскоп болуы шарт. Үлкен көлемді жұмыс кезінде медициналық құжаттарды толтыру үшін медбикеге арналған қосымша стол мен орындық қоюға болады.

Таңып-байлау бөлмесінің жабдықталуы төмендегідей: залалсыздандырылған құрал-жабдықтарға арналған стол; науқасқа арналған арнайы стол; жұмыс барысында қолданатын дәрілер мен ерітінділерге арналған стол; емдік дәрі-дәрмектер мен таңуға арналған жабдықтарды сақтайтын шкаф; залалсызданған жаялықтарды және таңып - байлауға арналған жабдықтар салатын бикстерді қоятын темір аяқшалар, екі орындық.

Таңып-байлау бөлмесінде қолды жууға арналған керекті заттардың барлығы болуы шарт. Сонымен қатар гипсті дәкелерді сақтайтын және гипстік таңғыштарды шешуге арналған құрал – саймандарды қоятын кішігірім шкафтың болуы қажет.

Операциялық блоктың жабдықталуы келесідей: операциялық стол, стационарлық стол және хирургиялық құрал жабдықтарды қоюға арналған жылжымалы стол, дәрі-дәрмектерге арналған стол, винтті табуреткалар (2-3 данасы), залалсыздандырылған жаялықтар мен таңып байлауға арналған жабдықтар салынған биксті қоюға арналған үстелше, кіші операциялық немесе жалпы хирургиялық құрал-саймандар жиынтықтары, залалсыздандыруға арналған құрғақ бу шкафы (1 – ші сурет).1 – ші сурет. Операция алдындағы медбикенің дайындығы

Емханада хирургиялық бөлімшенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде науқас балаларды қабылдау жылдамдатылады, диагностикалық шаралардың және емдеу жұмыстарының сапасы айтарлықтай жоғарылайды. Емханалық мекемедегі хирургиялық мамандығы бар дәрігердің 1 сағаттық жүктемесі төмендегідей: хирург үшін – 9 науқас, травматолог пен ортопед үшін – 7 науқас, уролог үшін – 5 науқас. Профилактикалық тексеруде хирург 14 баланы қабылдауы керек.

Хирургтың қабылдауында болатын балалардың 50 пайыздан артығы біріншілік келген науқастар. Олардың арасында түрлі жарақаттың зақымдануы бар науқастар көп кездеседі.

Хирург жұмысының негізгі міндеті ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастарды қабылдау, тексеру, аурудың диагнозын қою және емдеу болып табылады. Сонымен қатар ауруханадан шығарылған науқастар емдерін жалғастырады.

Науқастарды зерттеу үшін барлық қажетті тексеру әдістері өткізіледі. Оның құрамына жалпы физикалық (қарау, пальпация, аускультация), инструменталды (рентгенмен, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), зертханалық (қан, зәр, нәжіс анализдері, бактериологиялық, цитологиялық және серологиялық зерттеу, пунктаттар, шайылған сулар) тексеру тәсілдері кіреді. Науқасты зерттеу нәтижесінде аурудың диагнозы қойылып, емдік шаралар өткізіледі немесе кеселдің алдын-алу бағытында істер жүргізіледі.

Хирургиялық науқастарды емдеу консервативті, сонымен қатар оперативті тәсілдермен іске асырылады. Операциялар көлемі бойынша кіші, ал уақыты бойынша қысқа болуы шарт. Операциялар жедел және жоспарлы түрде жүргізіледі. Жоспарлы операцияларға арнайы күн, уақыт бөлінуі қажет.

Бала хирургінің жұмыс көлеміне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі іс-шаралар кіреді: амбулаторлық картаны толтыру, науқастарды диспансерлік есепке алу, рецептер жазу және ауруханаларға немесе жоғарғы дәрежелі маман дәрігерлердің кеңесіне бағыттау.

Қабыну белгілері айқын жедел іріңді процестерге жасалатын операциялар науқасты алғашқы рет қабылдаған кезде жедел түрде өткізіледі. Оны іріңді жараларды таңып байлау немесе арнайы бөлінген операция бөлмесінде орындайды. Жоспарлы операцияларды емхананың хирургия бөлімшесінің жұмысына қолайлы күндері, «таза» операция бөлмесінде жасалуы қажет. Сонымен қатар бұл операция бөлмесінде жедел жарақат алған науқастардың жарасына алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынады.

Хирург қайталап байлап-таңуды қажет ететін науқастарды қабылдауға келетін уақытты нақты, дәл сағатын белгілеуге тиісті.

Емхананың хирургиялық бөлімшесінде асептика ережелері қатаң сақталынады. Емдеу барысында мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу шаралары өткізіледі. Қазіргі заманда емханалардың құрылысында құрал-саймандарды, операциялық жаялықтарды және таңып байлауға арналған жабдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы орын қарастырылған.

Оперативті іс-әрекеттердің көлемін кеңейту қажеттілігін айрықша атап өткен жөн. Хирургиялық стационарларға аса ауыр науқастар жатқызылады, ал емхана жағдайында емдеуге болатын аурулар міндетті түрде емханада емделуі қажет. Сол арқылы ауруханадағы төсектер босатылып, төсектік қор тиімді пайдаланылады, қосымша резерв құрылады. Емханадағы хирургтердің дәрежесі артып, жұмысқа деген қызығушылығы жоғарлайды. Көрсетілетін хирургиялық жәрдем көлемін кеңейту керек. Бірақ бұл балаларға кері әсерін тигізбеу үшін, үлкен асқынуларды болдырмау мақсатында науқастар біртіндеп қабылданады, асептика ережелері қатаң сақталынады, жансыздандыру толық жүргізіледі.

ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ СЫРҚАТ КҮТІМІ

Медицинаның бұл саласы бүгінгі таңда бұдан 10-20 жыл бұрын ем қонбай шетінеп кететін нәрестелердің өмірін құтқараып ала алатындай дәрежеге жеттік. Сондықтан да қайта жандандыру мен қарқынды емдеудің негізгі принциптерін оқып - үйренуде жоғарғы оқу орындарында өте зор көңіл бөліп келеді.

Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі сырқаттар ауруханадағы емделіп жатқан балалардың ішіндегі ең ауыры, ең күрделісі. Бұл бөлімде емделуге тиіс сырқаттарға мыналар жатады:

1. Қарқынды емдеуді қажет ететін күрделі кеселді және тым ауыр операциялар жасалған сырқаттар;

2. Операциядан кейін өміріне қауіпті асқынуы бар сырқаттар.

3. Хал үстінде жатқан (предагональды) және жантәсілім үстіндегі (агональды) сырқаттар.

4. Жарақаты ауыр әл үстінде жатқан сырқаттар.

5. Операцияны жасамай тұрғанда ауыр кесел зардабынан зат алмасу мен метаболикалық құбылыстарды қалпына келтіру үшін қарқынды емдеуді қажет ететін сыртқаттар.

Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесінде арнайы бөлінген зал болады. Онда тынысы немесе жүрегі тоқтап қалған нәрестелерді қайта тірілту үшін тиісті көмек көрсетіледі. Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшелері қажет болып қалса жедел түрде диагноз қоюға және шұғыл емдеуге қажетті құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектердің бәрімен де қамтамасыз етілу керек.

Әр төсектің басында орталықтандырылған оттегін беретін аппарат, вакуум және жедел көрсетуге қажетті (дыбыс шығару немесе жарық арқылы) хабар беретін нүктелер орнатылуы тиіс.

Бөлімшеде сырқаттың жүрегі мен миының жұмысын бақылап, оларға диагноз қойып тұратын электрокардиограф, электроэнцефалограф деген және тыныс алуды зерттейтін спирометр, импедансты пневмограф плетизмограф, валюметр, қозғалғыш рентген аппараты тәрізді қажетті аппараттардың болуы міндетті. Әртүрлі биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін бөлімшенің лабораториясында мынандай приборлар болуы керек: РН–метр, жалынды фотометр, фотоэлектроколориметр, спектрофотометр.

Емдеу іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету үшін бөлімшеде ересек балалар үшін РО-3, РО-5, РО-6 және жас нәрестелерге арналған ВИТА – 1 жасанды тыныс алдырғыштары (респираторлары) болуы керек. Сол сияқты кенет тоқтап қалған жүрегін электр тоғымен ұру арқылы іске қосатын дефибрилляторлар, электр сорғыштар, жасанды жөтелтетін аппараттар, тыныс жолдарын қарап тазалайтын бронхоскоптар, кардиостимуляторлар, ингаляторлар және басқа да приборлар болады. Бөлімшеде артерия мен венасына (венесекция, артериосекция), кеңірдекке (тахеостомия), плевра қуысына (торокотомия), және жұлын миына пункция жасауға арналған зарарсызданған құрал-саймандар болуы шарт. Жоғарғы қысыммен берілетін оттегімен емдейтін (гипербариялық оксигенация), “жасанды бүйрек”, гнотобиологичлық камера тәрізді медицинаның осы заманғы үздік аппараттары болса өте пайдалы.

Мониторлардың бір қасиеті науқас жүрегінің жұмысын ЭКГ арқылы, оның тамыр соғысын, артерия және вена қан қысымдарын, тыныс алуын ми жұмысын электроэнцефалограф арқылы, дене қызуын және басқа толып жатқан көрсеткіштерін экраннан үнемі бақылап, қажет бола қалса тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік туғызады.

Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі іс-қағаздарын дұрыс толтыруға әсіресе сырқаттың жеке басына арналған бақылау парағын мұқият жазуға өте қатты көңіл бөледі. Мейірбике дәрігердің белгілеп берген емдерін мұқият орындап шыққан соң емнің жасалған уақытын дәл көрсетіп бақылау парағына да жазып қояды. Сырқаттың тамыр соғысы, тыныс алуы, дене қызуы, қан қысымы, бөлінген несебі, үлкен дәреті тәрізді физиологиялық көрсеткіштерін әр сағат сайын бақылау парағына белгілеп отырған дұрыс. Егер сырқат құсығында (қан, запыран, нәжіс араласып) өзгерістер болса немесе терісі қызарып, көгеріп, бозарып, ағарып, кенеттен ес-түсінен тану және сандырақтау сияқты ауытқулар мен асқынулар нышандары біліне бастаса, сол сәтті дәл көрсетіп жазу керек. Әр күнге жаңа бақылау парағын арнап, ескісін сырқаттың ауру тарихына желімдеп қояды.

7. НАУҚАСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ:аурудың есін,жатқан бітімін,тері сипатамасы,тыныс алуын.

Термометрия.

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С.

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.

Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн.

Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.

Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.

Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады

Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы

Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсенді қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін-еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы зілді мертігулерде, жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуын жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы, ортопноэ - қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяк көк тамырларында жиналады да өкпедегі кан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді.

Науқастың қалпы әрдайым оған тағайындалған қозғалу тәртібімен

сәйкес келе бермейді. Науқастың белсенділік тәртіптері:

1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас

шалқасынан жатады, тек майда буындарын қозғалтуға рұқсат етіледі, күтімді толығымен мейірбике

жүргізеді.

2. Төсектік (аурудың жеделдеу сатысында тағайындалады), науқас жатады, төсекте бұрылуға, ірі буындарын қозғалтуға болады, жартылай өзін өзі күтім жүргізуге рұқсат етілуі мумкін.

3. Палаталық, науқас уакытының көбін төсекте өткізеді, палатада жүруге болады, палатадан тыс шығуына болмайды, жекелей немесе топты ЕШК жаттығулары аздаған салмақ түсірумен палатада жүргізіледі, толығымен өзін- өзі күтеді.

4. Жалпы, уақытынын көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ тусірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін - өзі күтеді, далаға шығуға болмайды.

5. Аялағыш-жаттықтырғыш, күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды (тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады.

Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп колданылады. Науқас мекеменін барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.

Науқастың белсенділік тәртібі

Науқастың белсенділік тәртібі науқастың ауыр-жеңілдігіне байланысты бөлінеді:

    1. Жалпы
    2. Жартылай төсекті
    3. Төсекті
    4. Қатаң төсекті

1. Егер науқас адам өз бетінше жүріп-тұра алатын болса және өз аяғымен

дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге

шамасы келсе мұндай тәртіпті жалпы төсекте жату тәртібідеп атайды.

2. Егер дәрігер науқас адамға сырқатының ауырлығына байланысты көп

қозғалуға рұқсат етпесе, тек қажет болған жағдайда ғана қозғалуға

/дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен

кездесуге/ рұқсат етілсе мұндай тәртіпті жартылай төсекте жату

тәртібідеп атайды.

3. Егер науқас адамның тек өз төсегінде ғана қозғалуына рұқсат етіліп, басқа

артық қозғалыс жасауына рұқсат етілмесе мұндай тәртіпті төсекте жату

тәртібідеп атайды.

4. Егер науқас адамның өз төсегінде жатып қозғалуына рұқсат етілмесе

/етпетінен, бір қырынан, отыруына/ мұндай тәртіпті қатаң төсекте жату

тәртібі деп атайды.Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар.

Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:

  1. Белсенді
  2. Енжарлы
  3. Мәжбүр Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.

Енжарлық қалып– науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.

Мәжбүрлік қалып– ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:

Ортопное-өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.

Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады.

Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән.

Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән.

Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.

Науқастың төсектегі дене қалыптары:

1. Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады (сурет).

Наши рекомендации