Еңбек үрдісі факторларымен байланысты қажудың және аурулардың алдын алу.
Кіріспе
Өндірістік үрдістер мен механизмдерді басқарумен байланысты еңбек түрлері. Еңбектің бұл түрлерінде адам басқару жүйесіне қажетті оперативті буын ретінде қосылады – үрдіс қаншалықты автоматталған болса, оның қатысы соншалықты көп болады. Өндірістік үрдісті басқарудың негізгі екі түрін ажыратады: бір жағдайларда басқару пульттері жиі адамның белсенді әрекетін қажет етеді, ал басқа жағдайларда - сирек қажет етеді. Бірінші жағдайда жұмысшының үзіліссіз назар салуы көптеген қозғалыстар кезінде немесе сөйлеу актілерінде бәсеңдейді, ал екіншісінде жұмысшы әрекет етуге дайын жағдайда тұрады, ал оның реакциялары аз болады. Еңбек үрдісі едәуір немесе толығымен автоматтандырылған болса, онда адам, автоматтар мен станоктарды үзіліссіз қадағалау және ақауларын дер кезінде жою жолымен, олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.Бұл жұмыс адамның ақыл ойының және сенсорлық күш салуын қажет етеді. Адам ағзасы үнемі «оперативті күту» жағдайында болады, жұмыстың бір сарындылығы қажудың дамуын жылдамдатады (станокшылардың, тоқымашылардың және басқалардың еңбегі).
Интелектуалды еңбек түрлері. Бұл еңбек түрі материалдық өндіріс саласына жататын (құрастырғыштар, инженерлер, техниктер, диспетчерлер, операторлар және т.б.), сондай ақ оған жатпайтын (дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, әртістер, суретшілер және т.с.с.) мамандық түрлерінен тұрады. Ой еңбегі әдетте есте сақтауды, зейін қоюды жұмылдыра отырып үлкен көлемдегі әр түрлі ақпараттарды өңдеу қажеттілігімен, стресс жағдайларының едәуір жиілігімен сипатталады. Бұлшықетке түсетін жүктеме онша көп емес – энергия шығыны тәулігіне 10-11,7 МДж (2400-2000 ккал). Еңбектің бұл түріне гипокинезия тән, ол ой еңбегімен айналысатын адамдарда жүрек-тамыр патологиясын қалыптастыратын жағдайлардың бірі болып табылады. Ой еңбегінің түрлері операторлық, басқарушылық, шығармашылық, медицина қызметкерлерінің, оқытушылардың, оқушылар мен студенттердің еңбегіне бөлінеді.
Операторлық еңбек жоғары жауапкершілікпен және шамадан артық жүйкелік-эмоционалдық күш салумен ерекшеленеді, мысалы телефонда жұмыс істеушілердің еңбегі.
Басқарушылық еңбек ақпараттардың көлемінің шамадан артық көбеюімен, оны өңдеу үшін уақыт тапшылығының өсуімен, қабылдаған шешіміне өз басының жоғары жауапкершілігімен, жиі - жиі шиеленіс тудыратын жағдайларының болып тұруымен сипатталады.
Шығармашылық еңбек (ғылыми жұмысшылар, жазушылар, композиторлар, әртістер, суретшілер, сәулетшілер, конструкторлар) – бұл едәуір есте сақтауды, зейін қоюды, күш салуды қажет ететін, жүйкелік-эмоционалдық зорлану дәрежесін жоғарлататын ең күрделі еңбек түрі.
Оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің еңбегі адамдармен үнемі қарым-қатынаста болумен, жоғары жауапкершілікпен, дұрыс шешім қабылдау үшін уақыт және ақпарат жеткіліксіздігімен сипатталады, бұлар жоғары дәрежеде жүйкелік-эмоционалдық зорлануға әкеп соғады. Оқушылар мен студенттердің еңбегінегізгі психикалық қызметтердің (есте сақтау, зейін қою, қабылдау, күйзеліс жағдайларының болуымен) зорлануымен сипатталады. Сонымен, кез-келген еңбек іс әрекеттерін орындау, айқындылық дәрежесі әр түрлі дене жұмысы (бұлшық ет) және жүйке жүйесіне түсетін жүктемелерінің әсер етуімен байланысты болады. Дене жұмысының екі түрін ажыратады: динамикалық және статикалық. Статикалық жұмыс кезінде бұлшықет күші жұмыс кезіндегі дене қалпын сақтауға және еңбек құралдары мен заттарын қозғалтпай бекітіп ұстап тұруға бағытталады. Бірінші жағдайда бұлшықеттердің тоникалық жиырылуымен, екіншісінде – олардың ұзындығы өзгермей, тетаникалық жиырылуымен қамтамасыз етіледі.
Динамикалық жұмыс – жүкті тасуға, және де адамның өз денесін немесе оның бөліктерін кеңістікте қозғалуына әкелетін бұлшық еттердің жиырылу үрдісі. Динамикалық дене жұмысын жергілікті, аймақтық және жалпы (глобальды) деп бөледі. Жергілікті бұлшықет жұмысын орындау үшін, адам денесіндегі бұлшықеттердің ⅓- кем бөлігі (көбінесе екі қолдың бұлшықеттері) қатысады, аймақтықта- ⅓ - ден ⅔ - ге дейінгі бөлігі, (көпшілік кеуде еттері мен екі қолдың еттерінің қатысуымен, сонымен қатар, үлкен жүктерді тасымай жүру), жалпы бұлшықет жұмысында -⅔- артық бөлігі қатысады (тұлға бұлшықеттерінің және екі қол бір аяқ, немесе екі аяқ бір қол,немесе екі аяқ екі қол еттерінің қатысуымен). Статикалық жұмыс, динамикалық жұмысқа қарағанда, тез қажытады, себебі бұлшықеттерге күш түсуі демалыссыз, үзіліссіз жүреді. Оның үстіне, жұмыс істеп жатқан бұлшықеттердегі қан айналымының қиындауына байланысты, олардың энергиямен қамтамасыз етілуі, көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуымен жүретін анаэробты үрдістер есебінен іске асады. Қарқынды бұлшықет жұмысы үрдісінде пайдаланылатын оттегінің мөлшері едәуір өседі. Егер адам тыныштық күйінде минутына 150-300 мл оттегін қажет ететін болса, онда ауыр дене еңбегі кезінде оның қажеттілігі 10-15 есе көп болады. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде тыныштық күйіндегі деңгейімен салыстырғанда, ағзаның энергия шығыны да 10-15 есе өседі. Бұлшықет жұмысы, айналымдағы қанның мөлшерін көбейтеді, соған сәйкес гемодинамикалық көрсеткіштерге және жүрек – қан тамырлары жұмысының көрсеткіштеріне әсер етеді. Жүректің минуттық көлемі 3-5 л-ден 20-40 литрге дейін артады. Минуттық көлемнің көбеюі жүректің соғуы көлемінің өсуі есебінен де, жүректің жиырылу санының есебінен де жүреді. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 140-180 дейін жетуі мүмкін. Максимальды артериялық қан қысымы сн.б.б. 180-200 мм. дейін өседі.жетеді, бұл кезде минимальды қысымы аз ғана өседі, соның есебінен пульстік қысымның жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Дене еңбегінің қарқындылығы өсуіне қарай газ алмасу да жоғарылайды. Тыныштық күйінде өкпеде ауа алмасу көлемі минутына 5-8л құрайтын болса, жұмыс кезінде тыныс алу тереңдігі мен жиілігінің өсуі есебінен минутына 50л дейін және одан да артық көбейеді. Қанда эритроциттердің саны көбейеді және гемоглобин мөлшері өседі, нейтрофилдер санының күрт көбеюі есебінен миогендік лейкоцитоз дамиды. Жеңіл және ауырлығы орташа жұмыс кезінде глюкозаның мөлшері біршама төмендейді, ал ауыр жұмыс кезінде оның төмендеуі айқынырақ болады. Ауыр жұмыс кезінде қанда сүт қышқылының жиналуы қатар жүреді, ал жеңіл және ауырлығы орташа жұмыс кезінде ол тотығып үлгереді де, деңгейінің жоғарлауы байқалмайды. Адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың мөлшері жоғарлайды, ол ағзаның энергиялық ресурстарын жұмылдыруға ықпал етеді. Ұзақ уақыт істелетін бұлшықет жұмысы симпатикалық-адреналдық және гипофиздік-бүйрекүсті безі жүйелерінің белсенділігі, инсулиннің деңгейі төмендеуіне әкеп соғады. Инсулин мөлшерінің төмендеуі ағзаның майларын энергиялық материал ретінде пайдалануға жұмылдырады. Дене жұмысын орындау адамның дене қызуын 0,4-0,6º жоғарлауына, ал өте ауыр бұлшықет жұмысы кезінде 38º дейін, кейде 39º дейін жетуі мүмкін. Егер дене температурасының аз көтерілуі зат алмасуын ынталандыратын қолайлы фактоор болса,онда температураның едәуір жоғарлауы теріс әсер етеді. Жеңіл дене жұмысын орындау кезіндегі физиологиялық өзгерістердің қарқындылығы ауыр жұмыс кезіндегідей айқын болмайды. Бірақ оған, сондай-ақ, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпының сипаты, эмоционалды зорлану деңгейі әсерін тигізеді. Мысалы, жергілікті бұлшықет қатысуымен істелетін жұмыстарды орындау кезінде (мысалы, сағаттар жинауда) энергия шығыны мен жүрек - қан тамыр жүйесі жұмысының көрсеткіштеріндегі өзгерістер көп болмайды. Егер бұл жұмыстарды отырып атқарса, онда тамыр соғуы жиілігінің, пульстік қысымының және жүректің минуттық көлемінің тіпті төмендеуі мүмкін. Ой жұмысы кезінде жүктеме, бірінші кезекте, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына әсер етеді, себебі ой жұмысымен айналысатын қызметкерлерде бас миы тек реттеуші ғана емес, сонымен қатар ой жұмысы атқарушы мүше болып табылады. Қарқынды ой жұмысы кезінде бас миынаэнергия қажеттілігі жоғарлайды. Тәуліктік энергия шығыны әдетте 10,5-12,5 МДж құрайды. Энергия шығыны, ой жұмысының түрімен анықталатын, жүйкелік-эмоционалдық зорлану дәрежесіне байланысты болады. Мысалы, көпшілікке дәріс оқыған кездегі энергия шығынының көбеюі 94% жоғарласа, отырып дауыстап оқығын кезде тек 48% жоғарлайды. Бас миының оттегін пайдалануы жоғарлайды, ол массасы дәл сондай қаңқа бұлшықеттерінің оттегін пайдалануына қарағанда, 5-6 есе көп болады. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді. Жұмыстың басында қабылдау, есте сақтау, зейін қою күшейеді, кәсіптік еңбекке қабілеттілігі жоғарлайды. Ұзақ уақыттық ой жүктемесінде барлық осы қызметтерді атқаруы нашарлайды. Ой жұмысында, айтарлықтай жүйкелік-эмоционалдық жүктеме болмайды, мысалы, кітап оқу, дене еңбегіндегі сияқты жүрек-қан тамыр жүйесі мен сыртқы тыныс алу жағынан өзгерістер туғызбайды. Сонымен бірге, ой еңбегінің көп түрлерінде қатар жүретін, жиі стресс дәрежесінде болатын, жүйкелік-эмоционалдық зорлану осы жүйелерге едәуір әсер етеді. Мысалы, әуежай диспетчерлері, ұшқыштар, хирургия саласындағы дәрігерлер күрделі мәселелерді шешу кезінде, олардың жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 160-180 дейін өсуі мүмкін, артериалды қан қысымы күрт жоғарлауы және жүрек қыспасы құбылыстары да байқалуы мүмкін. Өкпеде ауа алмасуы және оттегін тұтынуы артады, дене қызуы жоғарлайды.Жүйкелік-эмоционалдық зорлануы қатар жүретін ой жұмысы кезінде, симпатикалық-адреналдық және гипаталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйелерінің белсенділігі жоғарлайды. Мұндай жағдайда, ой жұмысының көпшілік түрлеріне тән гиподинамия және артық дене массасы, гипертония ауруы, атеросклероз, жүректің ишемия ауруы, асқазан-ішек жолының қабынуы және ойық жара аурулары дамуының қауіп-қатер факторына айналады. Кез келген еңбек түрінің тиімділігі жүктеме дәрежесіне және жұмысқа қабілеттілікке байланысты. Жұмысқа қабілеттілік деп максимальды қарқынды күш салу кезінде, белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, жұмыстың санымен және сапасымен сипатталатын, адамның функционалдық мүмкіншіліктерінің деңгейі. Жұмыс күні бойына еңбекке қабілеттілік өзгеріп отырады. Оның бірнеше кезеңдерін ажыратады:
1. Жұмысқа төселу немесе жұмысқа қабілеттіліктің өсу кезеңі – еңбекке қабілеттілік деңгейі, бастапқаға қарағанда, біртіндеп жоғарлайды. Ол бірнеше минуттардан 1,5 сағатқа дейін созылады, ой еңбегінде ұзағырақ болуы мүмкін – 2-2,5 сағатқа дейін.
2. Тұрақты жоғары жұмыс қабілеттілік кезеңі, бұл кезеңіне физиологиялық қызметін атқаруының тұрақтылығы және жоғары жұмыс тиімділігі тән. Жұмыс ауырлығы мен қауіртілігіне, өндірістік ортасының жағдайларына байланысты, оның ұзақтығы 2-2,5 сағатты құрайды.
3. Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу немесе қажудың даму кезеңі.
Қажу – бұл шаршау сезімі, жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерінің нашарлауымен білінетін, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуі тән жағдай. Қажу демалғаннан кейін қалпына келетін және қорғаныстық тежелу түріндегі ағзаның қорғаныс реакциясы болып саналатын физиологиялық үрдіс (ІХ бөлімнің 6 тарауын қара). Қажу дамыған кезде және оны басуға мүмкіншілік болмаған жағдайда патологиялық үрдіс түрінде бағаланатын зорығудамиды. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы түскі үзілістен кейін де қайталанады, бірақ оның кезеңдерінің ұзақтығы аз болады.
Қажу дәрежесі мен оның даму жылдамдығы жұмыс түрлерінің ауырлығы мен қауірттілік дәрежесімен, сонымен қатар өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерімен байланысты болады.(ХІ бөлімнің 1.1 тарауын қара). Жұмыстың ауырлығы мен қауірттілігін бағалау үшін эргометриялық (орындалған жұмыстың мөлшерін өлшейтін) және физиологиялық критерийлер қолданылады. Динамикалық дене жұмысының жүктемесі және қолмен жылжытатын, көтеретін жүктің массасы, стереотипті жұмыс қозғалыстары, статикалық жүктеме, жұмыс кезіндегі дене қалпы, тұлғаның еңкеюі, кеңістікте орын ауыстыруы еңбек ауырлығының эргометриялық көрсеткіштері болып табылады. Еңбек қауірттілігінің эргометриялық көрсеткіштеріне ой жұмысының жүктемелері, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, еңбектің бір сарындылығы мен еңбек ету режимі жатады. Физиологиялық критерийлер ретінде ағзаның физиологиялық реакцияларының көрсеткіштері (жүректің жиырылу жиілігі, энергия шығынының мөлшері, тыныс алудың минуттық көлемі, статикалық төзімділіктің төмендеу пайызы) саналады. Еңбектің ауырлығы және қауірттілігі көрсеткіштерінің айқындылығына байланысты, ауырлығы мен қауірттілігі бойынша еңбек жағдайы келесі класстарға бөлінеді: Ауырлығы бойынша: қолайлы (дене жұмысының жүктемесі жеңіл), рұқсат етілген (дене жұмысының жүктемесі орташа), зиянды (ауыр) 1-ші және 2-ші дәрежелі
· Қауірттілігі бойынша қолайлы (қауірттілігі жеңіл дәрежеде ), рұқсат етілген (қауірттілігі орташа дәрежеде), зиянды (қауірт) 1-ші және 2-ші дәрежелі
Еңбек жағдайының әрбір класы еңбектің ауырлығы мен қауірттілігі көрсеткіштерінің белгілі бір мөлшерімен сипатталады. Жүктеме қаншалықты үлкен болса бұл мөлшерлер де соншалықты көп болады. Мысалы, ер адамдар үшін жеңіл дене еңбегінде бүкіл ауысым бойына үнемі қолмен көтеретін және жылжытатын жүктің салмағы 5 кг дейін, ал 2-ші дәрежелі зиянды еңбек түрінде 20 кг көп болады. Жеңіл дене жұмысын істеу кезіндегі дене қалпы еркін, ыңғайлы, ауыспалы, ал екінші дәрежелі зиянды еңбек түрінде жұмыс ауысымның 80% астам уақытын тұрып немесе 50% аса уақытын әлсін-әлсін ыңғайсыз, және /немесе бір жерде қозғалмай тұруымен сипатталады. Осы көрсеткіштердің мәніне қарай, нақты жұмысшының еңбегінің ауырлығы мен қауірттілігін анықтайды. Еңбек ауырлығы мен қауірттілігін және оларға себепші болған факторларды білу, дәрігерге пайда болған ауруды кәсіби фактордың әсерімен байланыстыруына, негізделген ем тағайындауына, сауықтыру шараларын, басқа жұмыс түріне ауысуын ұсынуына және басқаларына мүмкіндік береді.
Еңбек үрдісі факторларымен байланысты қажудың және аурулардың алдын алу.
Еңбекті қорғау бойынша негізгі ережелер ҚР Конституциясында, «ҚР Еңбек Кодексінде» (15.05.2007ж.), «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заңында (04.12.2002ж.), ҚР ДМ № 243 «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі және кәсіп түріне жарамдылығын анықтау туралы» бұйрығында және басқаларында көрсетілген. Бұл құжаттармен жұмыс уақытының ұзақтығы, қосымша демалыстар, зейнеткерлікке ерте шығу, арнайы киіммен және жеке басты қорғайтын заттармен қамтамасыз ету, жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тізімі, зиянды жағдайлары бар жұмыстарға балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді жібермеу, емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтандыруды тегін беру және т.с.с. реттеледі. Еңбек гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге санитарлық ережелер, санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер жатады. Кәсіптік зияндылықтар үшін орнатылатын гигиеналық нормативтер алдын алу жұмысының негізі болып табылады, себебі адамның денсаулығына әсер ететін факторлардың қауіпсіз деңгейін білмей, өндірістік ортаның жағдайын ұдайы бақылау және қолайлы жұмыс жағдайларын жасау мүмкін емес.
Технологиялық шаралар барлық сауықтыру шараларының ішіндегі ең тиімдісі болып саналады. Өндіріс технологиясын өзгерте отырып, зиянды факторды толық жоюға немесе оның деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады. Технологиялық шараларға, мысалы, келесілер жатады: құрғақ бұрғылауды, шаңдануды едәуір төмендететін, ылғалды бұрғылаумен алмастыру; пневмобалғалармен шегелеуді нүктелік дәнекерлеумен алмастыру шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді; қалдықтарды қайталап қолдануды енгізу; технологиялық үрдістегі қауіпті және зиянды химиялық қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстармен ауыстыру және т.с.с. жатады. Техникалық және санитарлық-техникалық шараларға, өндіріс технологиясын өзгертпей,техникалық құралдардың көмегімен өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін азайтуға мүмкіндік беретін, шараларды жатқызады. Шаралардың бұл тобына өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, улы немесе шаңданатын материалдарды өңдейтін жабдықтарды саңылаусыз етіп бекіту (герметизация), дыбыс өткізбейтін қаптамаларды қолдану, шулы бөлмелерде акустикалық экрандар қолдану, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлері және т.с.с. жатады. Алдын алу шараларының ішінде жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Оларға теріні, тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі құралдар кіреді. Ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшылардың жұмыс орнын, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпын, қозғалыстарын, еңбек және демалу тәртіптерін оңтайландыруға, зиянды факторлармен қатынаста болу уақытының ұзақтығын шектеуге және т.б. бағытталған. Мысалы, рұқсат етілген шегінен аспайтын діріл деңгейінде жұмыс істеу кезінде, жұмысшының дірілмен байланыста болу уақыты жұмыс ауысымы уақытының ⅔ бөлігінен артық болмауы тиіс. Бұған демалу үшін қосымша регламенттелген үзілістерді енгізу, сонымен қатар, өзара алмасып жұмыс істей алатын мамандары бар кешенді бригадалар құру сияқты, ұйымдастыру шараларымен қол жеткізеді. Мұндай бригадаларда әрбір жұмысшы бірнеше мамандықты меңгереді, бұл оған бүкіл жұмыс ауысымы бойына, үнемі қауіпті діріл туғызатын жабдықтармен ғана жұмыс істемей, басқа жұмыс түрлерін де орындауға мүмкіндік береді. Емдеу-алдын-алу шараларын цех дәрігері және өнеркәсіп жұмысшыларына қызмет көрсететін медицина мекемелерінің басқа да мамандары атқарады. Бұл мекемелерге медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері сияқты,өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы жүйесі және де елді мекеннің аумақтық жүйесінің медициналық мекемелері: емханалар, ауруханалар, диспансерлер - жатады. Олардың жұмысы цехтік қағида (принцип) бойынша құрылады. Бұл дегеніміз, әрбір цехқа, емдеу-алдын алу жұмысына жауапты, дәрігер-терапевт (цехтік дәрігер) бекітіледі. Цех участкелеріне бөліп, қызмет көрсетудің артықшылығы аурудың алдын-алу мен емдеу шараларының бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Цехтік терапевттік учаске – жұмысшыларға өндірістік қағида бойынша жүргізілетін емдеу-алдын-алу көмегінің негізгі және бастапқы буыны: учаскеге еңбек жағдайы және өндіріс технологиясы ұқсас цехтар іріктеліп алынады. Медициналық-санитарлық бөлім (МСБ) өнеркәсіптік денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Ол құрылымында, жоғары мамандандырылған арнайы медициналық жәрдем көрсететін және клиникалық, биохимиялық, функционалдық зерттеулердің толық кешені жүргізілетін емханасы мен стационары бар кешенді медициналық бірлестік болып табылады. МСБ құрамына, сондай-ақ кәсіпорын цехтарында орналасқан дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері, профилакториялар, ингаляция жүргізетін орындар, фотарийлер кіреді. МСБ, жұмыс істеушілерінің саны 4000-нан асатын ірі кәсіпорындарда, ал химия, көмір және мұнай өңеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеушілер саны 2000 және одан да артық болғанда ұйымдастырылады. Медициналық-санитарлық бөлімдері жоқ шағын өнеркәсіп кәсіпорындарына аумақтық емханаларда қызмет көрсетіледі. Бұл кезде емхана дәрігерлерінің бірі цех дәрігері болып жұмыс істейді.
Медициналық-санитарлық бөлімнің және жұмысшыларға қызмет көрсететін басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі міндеттері: · жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс орнына максимальды жақындатылған мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету; · кәсіптік және жалпы аурушаңдық себептерін талдау; · кәсіпорынның әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарымен және СЭБ-пен бірлесіп еңбек және тұрмыс жағдайларын сауықтыру, жалпы және кәсіптік аурушаңдықтың, жарақаттанулардың, уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан аурушаңдықтың, мүгедектіктің алдын-алу жөнінде шаралар дайындау және жүргізу; · өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне алдын-алу мақсатында (алдын ала және кезеңдік) медициналық тексерулер жүргізу; диспансерлік есепке алу; · санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Бұл міндеттердің бәрі мамандығы, әдетте терапевт болып табылатын цехтің учаскелік дәрігерінің жұмысына кіреді. Цех учаскесінде бір цех терапевті 2000-ға жуық жұмысшыларға, ал таукен, химия және мұнайөңдеу кәсіпорындарында 1000-ға жуық жұмысшыларға қызмет көрсетеді Цех дәрігері цех медбикесімен бірге емдеу жұмысын да және аурудың алдын-алу жұмысын жүргізеді. Ол күнделікті емханада науқастарды қабылдайды, сонымен қатар белгілі бір сағаттарда цехтің денсаулық сақтау пунктінде жұмыс істейді.
Емдеу-алдын-алу шараларына келесілер жатады:
· өз учаскесінің терапевттік науқастарын емханада емдеу, оларға мамандардың кеңіс беруі, стационарлық және амбулаториялық арнайы емдеу түрлеріне жолдама беру;
· цехта кенеттен ауырған, жарақаттанған және кәсіби уланулар болған кезде алғашқы медициналық көмек ұйымдастыру;
· алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді ұйымдастыру және оған тікелей қатысу, бөлінген контингенттерді диспансерлік бақылау ;
· шипажайларда емдеуді, емдәмді және емдеу-алдын-алу жөніндегі тамақтануды, басқажұмысқа орналастыруды (уақытша немесе тұрақты), қажет ететін науқастарды іріктеп алу;
· кәсіптік аурулары анықталған кезде, 2 айға дейінгі мерзімге ауруды куәландыратын қағазын беріп, бір мезгілде аурухана жағдайында емдеп, науқасты еңбек жағдайы қолайлырақ жұмысқа уақытша ауыстыру;
· шипажайларға, профилакторияларға жолдама беру;
· жұмыстан ұзақ уақытқа босатып, басқа жұмысқа ауыстыру;
· емдеу-алдын-алу жөніндегі тамақтануды және басқа да сауықтыру емшараларды тағайындау;
· жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін қорғау жөнінде шаралар жүргізу;
· жалпы және кәсіптік аурушаңдықты үнемі есепке алу және оларды талдау.Аурушаңдықтың себептерін зерттеу негізінде емдеу-сауықтыру шараларын дайындау, олардың орындалуын бақылау . Цех дәрігерінің емдеу-алдын-алу жұмысында диспансерлеу маңызды орын алады. Диспансерлеу - бұл, дені сау, кәсіптік ауруға күдікті адамдарды, кәсіптік аурулары және кәсіптік емес созылмалы аурулары бар, әр түрлі топтағы жұмысшылардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде дәрігерлік бақылау әдісі болып табылады. Диспансерлеудің мақсаты жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сонымен қатар, әр түрлі аурулармен ауыратын науқастарды дер кезінде белсенді түрде анықтау және емдеу. Диспансерлеуді жүргізуде аурудын алдын алу жөніндегі алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер үлкен рөл атқарады. Аурудың алдын алу жөніндегі медициналық тексеруден өтетіндерге қауіпті, зиянды заттардың және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін адамдар жатады. Алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулердің мақсаты, өндірістің қолайсыз факторларының әсерінен күшеюі мүмкін, денсаулығында өзгерістері бар адамдарды жұмысқа жібермеу болып табылады. Бұдан басқа, алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулер, қолайсыз факторлардың әсерінен кейін денсаулық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайтын, бірақ, белгілі бір жұмыс түрлерін орындауға кедергі келтіруі мүмкін ауруларды анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, дальтонизм жүргізуші жұмысы кезінде және т.б. Алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулер, жұмысқа жаңадан түсетін, жұмысшының денсаулық жағдайын ескеріп, жұмысқа оңтайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Міндетті түрдегі алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер Қазақстан Республикасының Денсаулықсақтау Министрлігінің №243 «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден өткізу және мамандық түріне жарамдылығын анықтау тәртібі туралы» деген бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрықта келесілер келтірілген:
· жұмыс істеу кезінде аурудың алдын алу жөніндегі медициналық тексерулер міндетті түрде жүргізілуі тиіс қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімі;
· жұмыс істеу үшін алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден міндетті түрде өтуі тиіс, өндірістер мен мамандықтардың тізімі, олардан өту мерзімі;
· жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тізімі;
· алдын алу мақсатындағы медициналық тексерулерді жүргізуге қатысатын дәрігер-мамандардың тізімі;
· қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулердің тізімі;
· медициналық тексерулерді жүргізу бойынша жөніндегі нұсқау.
Комиссияның құрамы, қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулер, жұмысшыларға әсер ететін факторлармен анықталады. Медициналық тексерулердің кезеңділігі өндірістік факторлардың қауіптілік және зияндылық дәрежесіне байланысты белгіленеді. Медициналық тексерулерді цех дәрігері ұйымдастырады. Ол ҚР ДМ №243 бұйрығына сәйкес, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуі тиіс МСБ-нің салалық мамандарының тізімін анықтайды. Әйелдерді медициналық тексерулерден өткізу кезінде міндетті түрде дәрігер-гинеколог қатысады. Алдын алу жөніндегі медициналық тексерулерден өту кезінде әрбір жұмысшыға және қызметкерге диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы толтырылады, ал медицициналық тексеру жөнінде толық мәліметтер амбулаториялық науқастың медициналық картасында көрсетіледі. Тексеру нәтижелерін талдау алдындағы жүргізілген тексеруден алған мәліметтермен салыстырып жүргізілуі тиіс. Кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелеріне сүйеніп, цех дәрігері зиянды кәсіптік факторлардың әсерімен байланысы жоқ жұмысқа уақытша ауыстыра алады, шипажайлық-дауажайлық емдеуге, профилакторияларда емделуге жолдама бере алады, тиісті емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды және т.с.с. тағайындай алады. Медициналық тексерулер жүргізу кезінде кәсіптік аурудың белгілері анықталған жағдайда, диагнозын дәлелдеу, аурудың мамандығына байланысын анықтау мақсатында жұмысшылар кәсіптік патология орталықтарына жіберіледі. Жедел кәсіптік аурудың әрбір жағдайы еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің, цех ординаторының, кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысатын комиссияның тексеруіне жатады. Тексеру үрдісінде:
- кәсіптік аурудың пайда болу жағдайы мен себебі анықталады;
- еңбек жағдайы бағаланады;
- еңбек жағдайын қолайлы ету жөніндегі шаралар дайындалады.
Жедел кәсіптік ауру диагнозын – амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдар, созылмалы кәсіптік ауру диагнозын – кәсіптік патология орталықтары немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды. Аурудың мамандыққа байланысы туралы сұрақты шешуге негіз болатын құжаттардың біріне, жұмысшының жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы жатады. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы өнеркәсіп кәсіпорыны орналасқан қаланың немесе ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы ғана құрастырады және береді. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы , ауырған адам жұмыс істейтін кәсіпорынның медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері, сондай-ақ, диагнозын анықтау үшін ауруды жіберген кәсіптік патология орталықтарының мамандары сұрауға құқығы бар. Жұмысшыларға жүргізілетін сауықтыру шаралары, көбінесе, тікелей цехтардың жанында орналасқан денсаулық сақтау пункттерінде жүргізіледі. Олардың мақсаты әр түрлі факторлардың ағзаға қолайсыз әсерінің алдын-алу болып табылады. Мысалы, шаңды өндірістерде тыныс жолдарының шырышты қабықшаларынан шаңды жуып тазалайтын сілтілі инголяциялар мен ауыз қуысын шаюды қолданады. Фотарийлерде, ультракүлгін сәулеге түсіреді, ол өкпеде шаңның әсерінен склероз үрдістерінің дамуын тежейді. Дірілмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс арасындағы үзілістерде қолдарын уқалау, жылы процедуралар, гимнастикалық жаттығулар және т.с.с. қолданады. Өндірісте дәрігерлердің жұмысы тек жұмысшылардың еңбек жағдайын және зиянды өндірістік факторлар тудыратын кәсіптік патологияны білген кезде ғана тиімді болады. Цех дәрігері еңбек гигиенасы дәрігерімен, кәсіпорынның әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен бірге, өндірістің технологиялық және санитарлық-гигиеналық ерекшеліктерін зерттеу негізінде өндірістегі сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасауға және оның орындалуын бақылауға қатысады. Санитарлық-гигиеналық шараларға жататындар:
· Денсаулық сақтау пунктеріндегі медицина қызметкерлері мен цехтің, тұрмыстық бөлмелердің жалпы санитарлық жағдайын, сумен қамтамасыз етілуін, тазалартылуын және жылытылуын бақылайтын санитарлық активтердің жұмысына басшылық ету;
· Өндірістік жарақаттанулар мен уланулардың себептерін тексеруге қатысу;
· Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бақылау.
· Цехтағы өндіріс технологиясын және жеке кәсіби топтардағы еңбек жағдайының ерекшеліктерін зерттеу.
· Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайына, еңбектің оңтайлы болуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына бақылау жүргізу.
Бұқаралық-ұйымдастыру жұмысы деп келесілерді түсінеді:
· Учаске бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша сауықтыру
шараларының кешенді жоспарын жасауға және оны орындауға қатысуын.
· Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді.
Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге, дәрігерлер де, орта медициналық қызметкерлер де міндетті түрде қатысуы тиіс. Олардың міндеттеріне кіретіндері:
· Берілген кәсіпорында орын алатын зиянды өндірістік фактордың сипатымен және әсер ету жағдайларымен жұмысшыларды таныстыру.
· Берілген өндірістегі кәсіптік патология мен жарақаттанулардың алдын алу жөніндегі негізгі шаралармен таныстыру және оларды үнемі насихаттау.
· Жеке бас және қоғам гигиенасы туралы ағарту жұмыстарын үнемі жүргізу.
Еңбек гигиенасы өзінің ерекшеліктері және шешетін мәселелелерінің өзіндік мәні бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар бірқатар іргелі бөлімдерге бөлінеді. Оларға еңбек физиологиясы, өнеркәсіптік токсикология, еңбек психологиясы жатады. Еңбек физиологиясы еңбек іс әрекеттерінің әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы функционалдық өзгерістерді зерттейді, сондай-ақ, адам денсаулығын және жоғары деңгейде жұмыс қабілеттілігін сақтауға, қажудың алдын алуға мүмкіндік беретін физиологиялық тұрғыдан негізделген еңбек үрдісін қолайлы ететін әдістерді зерттеп дайындайды. Еңбектің барлық түрлерін дене және ой еңбегіне бөледі. Біріншісіне бұлшықет белсенділігінің басым болуы тән, ал екіншісіне –ой жұмысы мен шығармашылық іс әрекет тән . Белсенділіктің түрлеріне және айқындылығына байланысты келесі еңбек түрлерін ажыратады.
Жұмыс операцияларын орындау арасындағы уақыты аз, біркелкі жұмыстарды істеу, мұндай жұмысты өте бірсарынды етеді, уақытынан бұрын шаршатады және жүйкені тез әлсіретеді. Жұмыс операцияларын орындау үшін жұмсалатын дене күші жеңіл (мысалы, сағаттарды, микросхемаларды жинау) немесе біршама ауыр (конвейерде автокөліктерді жинау) болуы мүмкін. Жұмысшыларға, ұзақ уақыт тұру немесе отыру сияқты белгілі бір дене қалпында болуы да әсер етеді, бұл статикалық қажуды күшейтеді. Механикаландырылған еңбек түрлері. Бұлшықетке түсетін жүктеменің азаюы, станоктарды, механизмдерді, құрал-саймандарды басқару кезінде дәл және тез қимылдар жасауды қамтамасыз ететін аяқ-қолдың шеткі бөліктерінің майда еттерін жұмысқа қатыстыру механикаландырылған еңбек түрлерінің ерекшелігі болып табылады. Энергия шығыны тәулігіне 12,5-17 МДж (3000-4000ккал) құрайды. Бұл еңбек түрі арнайы білімді және қимыл-қозғалыс дағдыларын қажет етеді. Механикаландырылған еңбек түрлеріне, мысалы, токарьдің, фрезерлеушінің, слесарьдің жұмысы жатады. Орындалатын әрекеттердің біркелкі және қабылданатын ақпараттардың көлемінің аз болуы себебінен, механикаландырылған жұмыс кезіндегі еңбектің бірсарындылығы, еңбек үрдісінің басым факторы болып табылады. Жартылай автоматтандырылған өндіріспен байланысты еңбек түрі. Жартылай автоматты өндіріс кезінде адам жұмыс істейтін заттарды тікелей өңдеу үрдісіне қатыспайды, оның міндеті, материалды немесе бөлшекті беру, механизмді іске қосу және т.с.с. станоктарда жұмыс істеу жөніндегі қарапайым жұмыс түрлерін орындаумен шектеледі. Еңбектің бұл түрінің ерекшелігі – оның бір сарындылығы, жұмыстың ырғағы мен қарқынының жоғары болуы, шығармашылық (творчестволық) бастамасының болмауы. Еңбектің бұл түріне тегістеушілердің, қалыпқа салушылардың, тігінші мотористтердің еңбегі мысал бола алады. Еңбек үрдісі факторларының әсер етуі еңбектің ауырлығы мен қауірттілігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар, мамандығына байланысты аурулардың дамуына әкеп соғады. Мәселен, ауыр заттарды көтеру және тасымалдау, үлкен статикалық жүктеме, жұмыс істеу кезінде дененің мәжбүр жағдайда болуы, жекелеген мүшелер мен бұлшықет топтарына шамадан артық күш түсуі, жылдам қарқынмен орындалатын бірсарынды қозғалыстар, дененің жекелеген бөліктерінің қысылуы, байламдық аппараттың созылуы, психоэмоционалдық әсер ету және еңбек үрдісінің басқа да факторлары тірек қимыл аппаратының (омыртқаның, буындардың, бұлшықеттердің, сіңірлер мен байламдардың), жүрек-қан тамыр мен жүйке жүйелерінің, тыныс мүшелерінің және басқа да мүшелер мен жүйелердің әр түрлі аурулары дамуына алып келуі мүмкін. Жұмысы ауыр заттарды көтерумен немесе ұзақ уақыт аяғында тұруға мәжбүр болатын кәсіп түрлері, табан сүйектерінің сүйек тінінің деструкциясы салдарынан май табандыққа, сонымен қатар, омыртқа бағанасының қисаюына - кифозға алып келуі мүмкін. Бұлшықет жүктемесі, әсіресе жастық шағында, омыртқа аралық дисклердің зақымдалуына және шеміршектік жарық ауруына алып келуі мүмкін. Ауру сүйек анкилозымен аяқталады, омыртқаның пішіні қайтымсыз өзгереді. Бала жасында ауырған мешел ауруы және жалпы бұлшықет әлсіздігі бұл кезде итермелеуші фактор болып табылады. Еңбек үрдісі факторларының ішінде жұмыс істеу кезіндегі дене қалпының үлкен маңыз бар. Сонымен қатар жамбас қуысындағы мүшелерде қан іркілу құбылысы байқалады, қан айналымы мен тыныс алу қиындайды. Құрсақ қуысы көк тамырларында қан іркілу және құрсақ қуысы ішілік қысымының жоғарлауы тік ішектің қабынуы және созылмалы іш қату түріндегі бұзылыстарға, геморройдың дамуына және әйел адамдарда етеккір келу циклінің бұзылуына алып келеді. Буындарға ұзақ уақыт функционалдық салмақ түскен кезде буын шеміршегі жарақаттанады және шеміршек пен сүйек тінінің дегенаративті-пролиферативті өзгерістерінен туындайтын кәсіби буындардың пішінін өзгертетін остеоартроздар дамиды. Терушілердің, слесарьлардың, электромонтерлардың, сырлаушылардың, тас қалаушылардың, ағаш ұсталарының, сылақшылардың, кір жуатын адамдардың қол басы буындарына және білезік буынының маңайында ұзақ жұмыс істеуден күш түсуі нәтижесінде қол басының жарты ай және қайық тәрізді сүйектерінде асептикалық некроз пайда болуына алып келуі мүмкін. Жұмысы 2-ші және 3-ші табан сүйектерінің басына ұзақ уақыт қысым мен салмақ түсумен байланысты адамдарда (балериналар, бишілер, футболшылар, сатушылар, тоқымашылар және т.б. денесін алға еңкейте тұрып жұмыс істейтіндер) осы сүйектерінің басындаасептикалық некрозы байқалады. Алақан апоневрозының ұзақ жылдар бойына құрал-саймандармен жарақаттануы салдарынан Дюпюитрен контрактурасы деп аталатын патология, шынтақты немесе тізені тіреп тұрып жұмыс істеу кезінде шынтақ және тізе буындарының бурситтері (шахтерлар, паркет төсеушілер, сызба жасаушылар және т.б.) пайда болады. Жұмыс орнын жобалап келесідей зоналарға бөлу керек: дәл және жиі қимылдарды орындау үшін ең ыңғайлы зонаға, мұнда жиі қолданылатын басқару органдары орналасуы тиіс; жеңіл қол жетерлік зонаға - бұл зонада жеткілікті дәрежедегі дәл және жиі қимылдар орындалады және жиі қолданылатын басқару органдары орналасады; қол жетерлік зонаға - бұл зонадағы жұмыс үлкен қимыл амплитудасын қажет етеді, және мұнда сирек қолданылатын басқару механизмдерін орналастыру керек. Қолайлы зонада істелетін жұмыс, бұлшықеттің зорлануын және дамып келе жатқан қажуды едәуір азайтады. Жұмысшылардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, еңбек үрдістері мен жұмыс орындарын ұтымды етіп ұйымдастыру мәселелерін шешумен еңбек физиологиясының қолданбалы бөлімі – эргономика айналысады. Қажуды болдырмауға және жоғары жұмыс қабілеттілігіне, сондай-ақ өндірістік оқу үрдісінде тұрақты түрде жаттығу және машықтану арқылы дағдылар алып қол жеткізеді. Қажудың және кәсібіне байланысты патологияның алдын алуда ауысым ішілік жұмыс режимі мен демалу режимін дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Әдетте, түскі үзіліс, сонымен қатар регламенттелген қысқа мерзімдік үзілістер енгізіледі. Регламенттелген үзілістер аса қысқа (5 минуттан кем) болмауы керек, себебі еңбекке қабілеттілігінің қалпына келуіне жеткіліксіз болады. Олар ұзақ та болмауы керек, себебі динамикалық стереотип бұзылады. Еңбекке қабілеттіліктің қандай болса да бір кезеңінде ұйымдастырылған үзіліс, оны осы кезеңнің алдындағысына қайта алып келеді. Үлкен жүйке зорлануын және зейін қоюды, қолдың тез және дәл қимылдарын қажет ететін жұмыстарда жиі, бірақ қысқа - 5-10 минуттық үзілістер жасау орынды деп саналады. 10-12 минуттық ұзағырақ үзілістер көп күш салынатын және ірі бұлшықеттердің қатысуымен жүретін жұмыс түрлерін орындағанда берілуі керек. Регламенттелген үзілістерден басқа, жұмыста тағы қолайлы жұмыс қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік туғызатын, жұмыс операциялары мен әрекеттері арасында өздігінен пайда болатын микропаузалар – үзілістер де болады. Ауысым ішілік дем алу белсенді түрде, яғни гипокинезия және гиподинамиямен сипатталатын жұмыс кезінде дене қимылына жаттығулардың (өндірістік гимнастика) кешені орындалуы керек, дене жұмысының жүктемесі едәуір жұмыс түрлерінде - пассивті демалу жақсырақ деп саналады. Күніне бірнеше рет 5-10 минуттық физкультпаузалар және 2-3 минут бойына физкультураминуттары жүргізілуі керек, ол кезде мойын, арқа, қол, аяқтарға арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары жасалынады. Өндірістік ортаның қолайлы жағдайлары да: ортаның зиянды факторларының деңгейі рұқсат етілген шамасынан аспайтын қолайлы микроклиматтық жағдайлары жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гигиена труда. Н.Ф.Измерова, В.Ф.Кириллова, 2008г
2. основы медицины труда, учебное пособие, А.А.Мамырбаев, Актобе, 2010
3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда, В.Ф.Кириллова, 2008г
4. Ғаламтор мәліметтері: http://megapredmet.ru/1-33542.html
Бағалау критерийі
№ | Орындау шарттары | 0-0,1 | 0,2-0,3 | 0,4-0,5 |
Безендіру | ||||
Жоспар | ||||
Иллюстрациялық материал | ||||
Маңыздылығы | ||||
Мазмұны | ||||
Ұйғарым\қорытынды | ||||
Әдебиеттер | ||||
СӨЖ уақытына сәйкес мерзімінде тапсыру | ||||
Барлығы |
0-0,1 шарты орындалмаған
0,2-0,3 шарты ескертулермен орындалды
0,4-0,5 шарты орындалды
Операция поиска #1
[14:17:46] Не загружена страница из запроса №2-1 (30092 миллисек., превышен таймаут в 30000 миллисек.): http://www.cbs-atyrau.kz/uploads/2011/08/1.01.32-2005.pdf
[14:17:49] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №15-2 (30014 миллисек.): http://kaznmu.kz/rus/wp-content/uploads/2013/07/%D0%94__%D1%80%C2%A6%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80-4-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81.-%D0%BA%D0%B0%D0%B71.doc ( Время ожидания операции истекло )
[14:17:53] Ya Найдено 1% совпадений по адресу: http://www.analitika.kz/docs/%D0%98%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%9E%D0%9E%D0%A111.pdf
[14:18:09] Ra Найдено 1% совпадений по адресу: http://referat911.ru/Himiya/aylbek/102134-1906027-place1.html
[14:18:19] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №23-3 (6848 миллисек.): http://egov.kz/wps/wcm/connect/3bf39c00445b28709d7adfb4062c4d91/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%B7_23112004_%D0%9E%D0%B1+%D1%83%D1%82%D0%B2+%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB+%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE%D0%B7%D0%BE%D0%BA+%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BE%D0%B2+%D0%B6%D0%B4_%D0%BA%D0%B0%D0%B7.html?MOD=AJPERES&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0 ( Удаленный сервер возвратил ошибку: (404) Не найден. )
[14:18:31] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №15-2 (30030 миллисек.): http://kaznmu.kz/rus/wp-content/uploads/2013/07/%D0%94__%D1%80%C2%A6%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80-4-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81.-%D0%BA%D0%B0%D0%B71.doc(Сохраненная копия) ( Время ожидания операции истекло )
[14:18:32] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №24-1 (30030 миллисек.): http://www.korkyt.kz/Docs/kulsumakova.doc ( Время ожидания операции истекло )
[14:18:33] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №25-3 (30030 миллисек.): http://freepapers.ru/19/ydystaa-ojylatyn-talaptar/238617.1620157.list1.html ( Время ожидания операции истекло )
[14:18:36] Qi Найдено 1% совпадений по адресу: http://www.testent.ru/load/0-0-0-3020-20
[14:18:45] Ra Найдено 1% совпадений по адресу: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007364
[14:18:49] Не загружена страница из запроса №23-3 (30045 миллисек., превышен таймаут в 30000 миллисек.): http://egov.kz/wps/wcm/connect/3bf39c00445b28709d7adfb4062c4d91/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%B7_23112004_%D0%9E%D0%B1+%D1%83%D1%82%D0%B2+%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB+%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE%D0%B7%D0%BE%D0%BA+%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%BE%D0%B2+%D0%B6%D0%B4_%D0%BA%D0%B0%D0%B7.html?MOD=AJPERES&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0(Сохраненная копия)
[14:18:58] Qi Найдено 1% совпадений по адресу: http://ecokomitet.kz/kaz/othody/doc/1.pdf
[14:19:03] Уникальность текста 95% (Проигнорировано подстановок: 0%)