Тақырып: №1: Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер. Жұмсақ дәрілік түрлер - 3.
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаУ
Пәні: Фармакология - 1
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Тақырып №1: Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер. Жұмсақ дәрілік түрлер.
Сағат саны: 3
Курс: 2
Құрастырушы: С.К Терликпаева.
Астана, 2016 ж.
Тақырып: №1: Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер. Жұмсақ дәрілік түрлер - 3.
2. Мақсаты:білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру:
- медициналық рецепттердің жазылу негіздеріне;
- рецептте латын тіліндегі сөздер мен мағыналардың жазылуының негізгі грамматикалық ережелеріне;
- қатты және жұмсақ дәрілік түрлерге рецепт жазылуының негізгі ерекшеліктеріне;
- рецептте жиі кездесетін сөздер мен мағыналарды қатесіз қысқарту ережелеріне.
3. Оқыту мақсаты:
1. Жалпы рецептурабойынша студенттердің білімін жүйеге келтіру:
- рецепт жазуды құрастыру және оны хаттауының жалпы принциптерін;
- қарапайым рецептерге, күшті әсер ететін, наркотикалық және соған тектес дәрілік заттарға жазылатын рецепттерге қойылатын талаптарды;
- жұмсақ дәрілік түрлерге рецепт жазудың жалпы ережелері мен ерекшіліктерін;
2. Студенттерді үйрету:
- қатты және жұмсақ дәрілік түрлердің дайындалу және мөлшерлеу ерекшеліктеріне байланысты рецепт жазудың түрлі жолдарына;
- арнайы және магистральді препараттарға рецепт жазылуының ерекшеліктеріне.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Рецептура. Анықтамасы. Дәрілік зат, дәрілік түр және дәрілік препарат туралы түсінік.
2. Дәрілік түрлердің жіктелуі (консистенциясы, енгізу жолдарына байланысты).
Арнайы және магистральді дәрілік түрлер.
3. Рецепт: анықтамасы, дәрілік заттарды рецептте жазу ережелері, улы, күшті әсер ететін, наркотикалық заттардың жазылу ерекшеліктері.
4. Қатты дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері. Мөлшерлеу әдістері.
а) Ұнтақтар. Олардың түрлері. Рецептте жазылу ережелері;
б) Таблеткалар. Рецептте жазылу ерекшеліктері;
в) Драже. Рецептте жазылу ерекшеліктері.
г) Капсулалар. Рецептте жазылу ерекшеліктері.
5. Жұмсақ дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері.
а) Жақпа майлар: анықтамасы, құрамды компоненттері. Май негіздері: май негіздерінің түрлері, оларға қойылатын талаптар.
б) Пасталар: пасталардың майлардан айырмашылығы, рецептте жазылу ережесі.
в) Суппозиториялар: оларды дайындау үшін қолданылатын негіздер, суппозиториялардың қолданылуы, рецептте жазылу ережесі.
г) Линименттер: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі.
д) Пластырь: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі.
5. Бiлiм берудiң және окытудың әдiстерi: ауызша сұрау, рецепттер жазу, тесттік тапсырмаларды орындау, ақуалды есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.
2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.
3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.
4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.
5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...
6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.
7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.
Ағылшын :
Негізгі:
1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.
2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.
7.Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билеті (рецепт жазу және тақырып бойынша сұрақтар).
Рецепттер жазу:
1. 0,01 г Морфин гидрохлоридінің (Morphinum hydrochloridum) 5 ұнтағына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ұнтақтан 2 рет тағайындаңыз.
2. 20 дана «Citramonum П» таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан бас ауырғанда тағайындаңыз .
3. 0,25 г. Ацетилсалицил қышқылынан (Acidum acetylsalicylicum) және 0,05 г Кофеиннен (Coffeinum) тұратын, 20 дана таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындаңыз.
4. 500 ХБ-тен тұратын Эргокальциферолдың (Ergocalciferolum) 30 дражесіне рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 дражеден 1- 2 рет тағайындаңыз.
5. 100,0 г натрий пара-аминосалицилат (Natrii para-aminosalicylas) грануласына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 шай қасықтан 3 рет тағайындаңыз.
6. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г ланолиннен және вазелиннен тұратын жақпа майға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
7. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г вазелинді жақпа майға қысқартылған түрде рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
8. Құрамында 5% Анестезині бар 50,0 г. вазелинді (Vaselinum) пастаға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.
9. «Анестезол» («Anaesthesolum») 10 суппозиториіне рецепт жазыңыз. 1балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.
10. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 ректальді суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.
11. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 қынаптық суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз.