Терінінің облигатты рак алды аурулары
Пигментті ксеродерма –ДНҚ репарациясының ақауы нәтижесінде дамитын тұқымқуалаушылық фотодерматоз. Пигментті ксеродерма ерте балалық жаста пайда болып және күн сәулесінің алғашқы әсерінде көрініс береді. Бет терісі қызыл және ісіңкі болады. Біраз уақыттан соң эритема толығымен бетке және дененің ашық жерлеріне таралған дөңгелек пигментацияланған дақтарға ауысады. Осы уақытта тері құрғап, эластикалығын жоғалтады. Әрі қарай теріде ақшыл түсті атрофия ошақтары пайда болады. Біртіндеп нәзік, атрофияланған теріде жаралар, гиперкератоздар және сүйелдер туындайды. Пигментті ксеродерманың малигнизациясының профилактикасы: терінің ашық жерлеріне қамтитын, күннен сақтаушы жақпа майлар
Боуэн ауруы,сұрғылт-қанды қабықпен қапталған, көбінесе жекелеген, сирек топталған тегіс, дұрысы емес немесе дөңгелек пішінді зақымдалу ошақтарының баяу дамуымен сипатталады. Өзіне тән ерекешелігі –зақымдалу ошағының шеткеріден біркелкі емес өсуі, оның алуан түрлілігі эрозия аймақтарының алмасып келуімен, беткей атрофиямен, гиперкератоз ошақтары және аймақ шеттерінің сәл көтеріңкілуіне байланысты. Аурудың 2 формасы: біріншісі инсоляцияға ұшыраған ашық аймақтарда пайда болады, екіншісі – терінің жабық жерлерінде дамиды. Бір белігінің айқын басым болуына байланысты ауруды экзематәрізді, гиперкератозды және сүйелдік формаларын ажыратады. Ошақтар жиі денеде, қолдарда, шатаралық және сыртқы жыныс мүшелер аймағында орналасады. Емі: теріде кішкене ошақтарда –криодеструкция, проспидия хлорилпен (30%) жағынды апликациясы. Тері қатпарларындағы кшікене ошақтарды жиі хирургиялық жолмен немесе көмірқышқылды лазерь көмегімен жояды.
Педжет ауруыапокринді тер бездері бар кез-келген тері аймағында дамуы мүмкін (қолтықта, шап қатпарында, шатаралықта, вудьвада, ердің жыныс мүшелерінде және т.б.). Жиі сүт безінің емізік аймағында дамиды. Неғұрлым жиі егде және қарттық жаста. Педжет ауруының барлық формасында жалпақ клеткалы ракка айналуы мен инвазивті өсу қаупі жоғары. Зақымдалу ошағы негізінде қыртысты қабықпен мацерирленген бетімен, тегіс емес кескінге ие болып келеді. Жалпақ клеткалы ракқа айналуы. Емі жалпақ клеткалы ракқа сәйкес. Бәрінен жиі – комбинирленген терапия – цитостатикалық препараттар (блеомицин, проспидия хроиді) және сәулелік терапиямен кең хирургиялық тілу. Бастапқы сатыларда проспидия хориді және демеколцинмен жағынды апликация, сонымен қатар лазерлік терапия немесе криодеструкция.
Кейра эритроплазиясыжиі ер адамның жыныс мүшелерінің басында, сирек үрпіде орналасады. Негізінен піштірілмеген ер адамдар ауырады. Кейра ауруында зақымдалу ошақтарының шеттері айқын, ашық-қызыл немесе айқын қызғылт-күрең түсті, жылтыр немесе бархатты беткейлі болып келеді. Жалпақ клеткалы ракқа трансформациясы. Емі патологиялық процесстің орналасуына, оның көлеміне, инфильтрация айқындылығына және өрнектер болуына байланысты. Үрпінің зақымдалуында – піштіру. Жыныс мүшесінің басындағы кішкене көлемді ошақтарда – жергілікті анестезиямен криодеструкция. Күнделікті 3 апта бойы проспид хлориді жағындысымен апликация әсері береді.
Дюбрей меланозы(лентиго, ескі лентиго, Хатчинсон меланотикалық сепкілі) – орта және егде жастағы адамдар терісіндегі өзіндік пигментация аймақтары. Лентиго невус сияқты іштің төменгі бөлігінде, бөксе аймағында, табанда секілді дененің әр түріл аймағында емес, ол дененің ашық жерлерінде – бет, мойын, қол басында орналасады.Бас пен мойында пайда болатын лентиго үлкен ауданға ие (2-3 см диаметрде) және түсі айқын емес. Дене мен қол аяқта дамитын лентиго, кішілеу көлеммен (0,5-1,5см) және айқындау қаралау түспен ерекшеленеді. Лентигоның ерекеше белгілеріне түсінің біркелкі еместігі (пигментациясы) және шетінің тегіс болмауы (географиялық карта типі бойынша) жатады. Меланомаға айналуы.
Профилактика. Тері меланомасы және рақ даму қаупі жоғары тұлғаларды анықтау қажет. Қауіп тобына ұсынады: Күнде болуды шектеу, күннен қорғайтын жақпалар, пигментті дақтардың жарақатын болдырмау, зақымға бейім(киім қажауы, аяқ киім) невустар жою, тобық, табан және тырнақтағы невустарды мұқият бақылау, кәсіби қауіпті жою, рак алды ауруларды уақытында емдеу.