БЖАЫҚ талдау және мониторинг жүргізу
29. Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету сапасына талдау және мониторинг жүргізу амбулаториялық деңгейде мынадай индикаторларға сәйкес жүзеге асырылады:
1) Қауіптіліктің жалпы белгілерін бағалау индикаторы мына формула бойынша анықталады: (%-ға шаққанда):
Х х 100
-------- , мұнда
У
Х - қауіптіліктің 3 жалпы белгісіне тексерілген балалар саны
У - бес жасқа дейінгі тексерілген балалар саны;
2) Формула көмегімен негізгі инфекцияларды бағалау индикаторы (жөтел, диарея, безгек) (%-ке шаққанда):
Х х 100,
-------- , мұнда
У
Х - жөтел, диарея, безгекке тексерілген балалар саны;
У - бес жасқа дейінгі тексерілген ауру балалар саны;
3) Антибиотиктер мен бронходилататорларды уақытылы және дұрыс тағайындауды бағалау индикаторы көмегімен бақыланады: (%-ға шаққанда):
Х х 100
---------, мұнда
У
Х - антибиотиктер мен бронходилататорларды пероральды қабылдауға мұқтаж дәрі-дәрмек дұрыс тағайындалған балалар саны;
У - антибиотиктерді және/немесе бронхолитиктерді ауыз арқылы қабылдауға мұқтаж 5 жасқа дейінгі бекітілген жіктемесі бар ауру балалар саны;
4) Ауырған кезде баланы емізу, қосымша тамақтандыру және тамақтандыру мәселелері бойынша консультациялар өткізу тиімділігі формула көмегімен анықталады (%-ға шаққанда):
Х х 100
--------- мұнда
У
Х - ауырған кезде баланы емізу, қосымша тамақтандыру және тамақтандыру мәселелері бойынша 2 жасқа дейінгі балаларды күтіп-бағатын сұралған адамдар саны;
У - екі жасқа дейінгі тексерілген балалар саны;
5) учаскелік дәрігердің жұмысындағы полипрагмазияны анықтауға тиісті индикаторды анықтауғы мына формула етеді ( %-ға шаққанда):
Х х 100,
---------- мұнда
У
Х-шұғыл емдеуге жатқызуды және антибиотиктер тағайындауды қажет етпейтін, бірақ дәрі-дәрмек жазылып берілген балалар саны;
У - антибиотиктерді және/немесе бронходилататорларды ауыз арқылы қабылдауды қажет етпейтін бекітілген жіктемедегі бес жасқа дейінгі ауру балалар саны.
31. Балалар стационарлары (бөлімшелері) деңгейінде 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету сапасының талдауы мен мониторингі мынадай индикаторларға сәйкес жүзеге асырылады:
1) негізді емдеуге жатқызу мына формуламен анықталады:
Х х 100,
---------- мұнда
У
Х - негізді емдеуге жатқызуға жіберілген бес жасқа дейінгі балалар саны;
У – емдеуге жатқызуға жіберілген 5 жасқа дейінгі науқас балалардың саны;
2) Стационарға жіберер алдында емдеуге жатқызуға дейінгі ем алған ауру балалар санының үлес салмағы мына формула бойынша бағаланады (%-ға шаққанда):
Х х 100
----------, мұнда
У
Х - емдеуге жатқызуға дейінгі тиісті ем алған бес жасқа дейінгі ауруханаға жатқызылған балалар саны;
У - бес жасқа дейінгі емдеуге жатқызылған науқас балалар саны;
3) Стационарға келгеннен кейін қауырт және басым белгілеріне қарай аурудың салмағы бойынша қауырт көмек көрсетілу үшін сұрыптау жүргізілетін бес жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы мына индикатор бойынша анықталады (%-ға шаққанда):
Х х 100
----------, мұнда
У
Х - дұрыс бағаланған және жүргізілген қауырт жағдайдағы (кешіктірілмей) балалар саны;
У - бес жасқа дейінгі госпитальға жатқызылған ауру балалар саны.
4) Өкпенің қабынуы диагнозымен ауырған балалардың жағдайын бағалау дұрыстығы (баға кеуде жасушасының ішке тартылуы, тыныс алу жиілігі, цианоздың болуы мен жалпы жағдайына негізделеді) мына формула бойынша анықталады (%-ға шаққанда):
Х х 100
----------, мұнда
У
Х - өкпе қабынуының ауырлығы дұрыс бағаланған аналар мен 5 жасқа дейінгі балалар саны;
У - өкпе қабынуымен емдеуге жатқызылған 5 жасқа дейінгі балалар саны;
5) эмоциялық қолдау көрсетілетін және ойнауға мүмкіндік берілетін аналар мен 5 жасқа дейінгі госпитальға жатқызылған балалар санының үлес салмағы (%-ға шаққанда):
Х х 100
----------, мұнда
У
Х - эмоциялық қолдау көрсетілетін және ойнауға мүмкіндік берілетін аналар мен 5 жасқа дейінгі емдеуге жатқызылған балалар саны;
У- аналар мен 5 жасқа дейінгі емдеуге жатқызылған балалар саны.
Аналар мен 5 жасқа дейінгі
балаға медициналық
көмек көрсету жөніндегі
нұсқаулық 1-қосымша
Дені сау бала кабинеті туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Дені сау бала кабинеті (бұдан әрі – ДСБК) балаға бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады.
2. ДСБК ерте жастағы бала денсаулығын сақтау, профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіруді жаңарту арқылы консультациялық және оқу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ баланы тікелей күтіп-бағумен айналысатын ата-аналар мен өзге адамдарды үйрету арқылы ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші орталықтың рөлін атқарады.
3. ДСБК штаты медициналық ұйымның жалақы қоры мен штаттық кестесі шегінде белгіленеді. ДСБК-ның негізгі штат бірлігі орта медициналық білімі бар қызметкер болып табылады - 10 000 балаға 1 лауазым. Бала саны 10 000-ға жетпейтін жағдайда ДСБК қызметі БМСК ұйымының орта медициналық білімді қызметкерінің біріне жүктеледі.
4. ДСБК қызметіне БМСК педиатрия бөлімшесінің бастығы немесе аға дәрігері басшылық етеді.
5. Саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымдары ДСБК-ге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.