Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
Залалсыздандырылған қолғапты кию. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. | Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға киіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз. | |
Қынапқа екі жаққа ашылмалы айнаны енгізу. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін және қынапты айнамен қарауды жүргізу. | Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарыменүлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. | |
Қынаптан екі жаққа ашылмалы айнаны шығарамыз. | Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. | |
Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. | Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз. | |
Қынапты бимануальды зерттеу жүргізу. | Қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарыменжыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. Ал жатыр қосалқыларын және қынап күмбездерін екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң қолдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын жамбастың ішкі қабырғасын пальпациялаңыз. | |
Қынаптан саусақтарды шығару және бөлінділер сипатын бағалау. | Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты). | |
Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салу. | Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.\
Кафедра мәжілісінде бекітілді 23.06.2015 ж. хаттама № 11
Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.
Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу