Балалар жасындағы нефрология синдромы
$$$001
Балаға 1,5 ай. Анасы баланың дене температурасы 37,8 С0 көтерілуіне, жиі, ауырсынуменен зәр бөлінуіне шағымданады. Зәрінде лейкоцитурия (10-15 көру аясында), эритроцитурия (7-9 к/а). Қандай қоздырғыш шақыруы мүмкін?
А) Стафилококк
В) Стрептококк
С) Ішек таяқшасы
D) Цитомегаловирус
Е) Саңырауқұлақтар
{Дұрыс жауабы} = С
{Күрделілігі} =
{Оқулық } = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА
$$$002
Ұл бала 12 жаста. Түскенде басының қатты ауырсынуына, көздің «қарауытуына» шағымданған. Ауруы баспамен ауырғаннан 8 күн өткеннен кейін басталған. Басы ауырып, құсқан, беті ісінген. Тексеріп қарағанда жағдайы ауыр, беті мен аяқ-қолының ісінуі байқалады. ҚҚ 150/85 мм сын/бағ. Зәрінде: белок- 10,0г/л, макрогематурия, цилиндурия. Қанында: креатинин 170 мкмоль/л, жалпы белок- 55 г/л, ЭТЖ- 42 мм/сағ. Диагноз қойыңыз.
А)Жедел гломерулонефрит нефритикалық синдром, бастапқы кезең
В) Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма
С) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром гипертензия және гематуриямен, бастапқы кезең
D) Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдром, бастапқы кезең
Е) Созылмалы екіншілік пиелонефрит, белсенді фаза
{Дұрыс жауабы} = С
{Күрделілігі} =
{Оқулық} = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS
$$$003
10 жастағы бала стационарға ауыр жағдайда жеткізілген. Басының қатты ауырсынуына, көздің «қарауытуына» шағымданады. Баспадан 9 күн өткеннен кейін қабағы ісініп, зәрінің түсі «ет жуындысы» тәріздес болған. Зәрі аз бөлінген. Анамнезінде экзема, қызылша, жел шешек, қызылша қызамығымен ауырған. Тексеріп қарағанда қабағы аздап ісінген. ҚҚ 135/85 мм рт/ст. Жүрек тондары күшейген, ырғақты, минутына 110 рет. ЭКГ –де Т тісшесі жоғары, үшкірленген. Стационарға түскеннен бірнеше минуттардан кейін көз көруі төмендеп, есінен танып, клоникалық-тоникалық тыртыспа пайда болған.
Осы өзгерістерді немен түсіндіруге болады?
А) Гипернатриемия
В) Гипокалиемия
С) Гиперкалиемия
D) Гиперазотемия
Е) Гипоальбуминемия
{Дұрыс жауабы} = С
{Күрделілігі} =
{Оқулық} = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS
Анемиялық синдром
$$$001
Бала 11 жаста. Стационарда В-12 тапшылық анемиямен жатыр. Жасына сай дозада цианокобаламинді көк етке және фолий қышқылын қабылдайды. Анемияның осы формасының дамуына қандай ауру себеп болды?
А) Созылмалы пиелонефрит
В) Созылмалы гломерулонефрит
С) Верльгоф ауруы
D) Асқазан жара ауруы
Е) Гипотиреоз
{Дұрыс жауабы} = D
{Күрделілігі} =
{Оқулық} = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА
$$$002
Ұл бала 1ж. 6 айда. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда жағдайы орташа ауырлықта. Бала әлсіз, тәбеті төмендеген, дәм сезінуі өзгерген. Тері түсі бозғылт, құрғақ, шашы түссіз. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. Қан анализінде Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысуы Ғе - 9 ммоль/л, ЖҚСТБ 108 мкмоль/л, қан сарысуының трансфферинмен қанығуы 12%. Жіктеме бойынша диагноз қойыңыз.
А) Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы
В) Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы
С) Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы
D) Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы
Е) Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы
{Дұрыс жауабы} = А
{Күрделілігі} =
{Оқулық } = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА
$$$003
Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз.
А) Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы
В) Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы
С) Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы
D) Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы
Е) Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы
{Дұрыс жауабы} = С
{Күрделілігі} =
{Оқулық} = (Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., СпБ, 2000)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS